Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары толық түсіндірілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Оқытушы Зиябек Жібек Бағланқызы


Шығармашылық қабілеттер толық жүзеге асу үшін бәрінен бұрын мүмкіндіктер тек ойын үстінде ғана жасалатынын есте ұстау керек. Ойынның мектепке дейінгі педагогика жүйесінде теориялық жағынан да күрделі сала саналуының басты себебі, баланың ертеңіне, болашақ өміріне бағдар беретіндігінде. Дәлірек айтсақ «ұяда не көрсе, ұшқанда соны алатындығымен» іштей қабысып жатқандығында .

Сәби кезде бойға егілген тәлім – тәрбие нышандары есейгенде де өзінің өнегелік өрнектерін жоғалтпайтындығын ескеріп, ұлылығын бүкіл әлем халқы мойындаған заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов былай деп жазды: «...бала қандай оқысын, қандай үлгісі мол ортада жүрсін әуелі анадан алған өрнек ішкі сырының арқауы болады...». Ал қазақ мешел болып қалам демесең тағылымыңды, бесігіңді түзе». Өнеге тұтар даналық ойды жүзеге асыру отбасынан, балабақшадан басталса, адамгершілік мейірім әдептерін сәбидің бойына дарытудың тиімді құралы сюжетті – рольді ойын екенін ескеру парыз. Бала қаншалық ойынның қызығына түсіп кетті деген күннің өзінде де, өмір шындығынан мүлде қол үзіп кетпейді, сондықтан тәрбиеші баланың мінез – құлқы үшін қажетті тәртіпті ескере отыруы, әсіресе, мінезі тиянақсыз, тып шапшаң, ұшқалақ. Шыдамсыздарды басыңқырап, ұстамдылыққа шақырып, реттеп отыру тәлімгерлік парыз. Дәлірек айтқанда, тиісті тәлім – тәрбиені бала бойына дарытудың педогогикалық, психологиялық кілті. «Шыдамды еңбек, алғыр ой, анық осың, біліп қой» деген даналық сөзі бейне бір тәрбиешілер үшін айтылғандай. Өйткені балалларға шын мағынасында адамгершілік, мейірімділік әдептерін сіңіру ұстаздың өнегелі әрекеті мен еңбегіне, ақыл парасатына байланысты.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын іс - әрекеті маңызды болғандықтан, сол ойын арқылы олардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру қажет. Шығармашылық әрекеттеріне – олардың ойын үстінде бір заттан басқа бір зат жасап шығаруы, ойдан үй құрастырып, оны түрлі заттармен жасап шығаруы, бір біріне арнап жақсы сөздер айтуы немесе өлең - тақпақтар ойлап айтуы жатады. Бұл әрекеттер балалардың ойын кездерінде көрініс табады. Ал оларды жақсылап тәрбиелеу тәрбиешілердің басты міндеті. Ол үшін тәрбиешілер тәрбие әдістерін пайдаланады. Тәрбие әдістерін үш топқа жіктеп қарастырамыз:

а) Балалардың немесе жеке тұлғаның сана – сезімін қалыптастыру әдістері.

ә) Мінез – құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру әдістері.

б) Мінез – құлық пен іс - әрекетті ыталандыру әдістері.

Сана сезімді қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады:

  • Әңгіме, түсіндіру.

  • Әдепті әңгіме, насихаттау.

  • Иландыру, нұсқау беру.

  • Іс - әрекетті ұйымдастыру және мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады:

  • Жаттығу, педогогикалық талап қою.

  • Қоғамдық пікір.

  • Тапсырма беру

  • Тәрбиелеуші жағдай жасау.

  • Мінез – құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне мыналарды жатқызамыз:

  • Мадақтау.

  • Жазалау.

  • Жарыс.

Осы әдістерді қолдана отырып тәрбиеші балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра алады. Олардың мінез – құлықтарының, дағдыларының қалыптасуына ықпал жасайды. Және тәрбиеші балалар ойнаған кезде оларға дұрыс бағыт – бағдар беріп отыру қажет. Мәселен, оларға мына ойынды ойнаңдар деп тапсырма беріп, адамдарды рольдерге бөліп, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіруі.

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысының мазмұны мына негізгі бағыттарды қамтиды: ақыл – ой тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мінез–құлық рухани адамгершілік тәрбие, эстетикалық тәрбие, еңбек тәрбиесі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілерді экологиялық, экономикалық, отансүйгіштік, құқықтық, интеграционалдық т.б. бағыттарда тәрбиелеу жұмысы іске асырылады.Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысының мазмұны жоғарыда аталған негізгі бағыттардағы іс – шараларды қамтиды. Мысалы: ертеңгілік, ашық тәрбие сағаты, ертегілер әлеміне саяхат, сайыстар, спорттық сайыстар, кездесулер т.б формаларда ұйымдастырылатын тәрбиелік іс – шаралар тәрбие жұмысының мазмұнын құрайды. Ақыл – ой тәрбиесінің негізгі мақсаты – балалардың сана сезімін, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалар сюжеттік – рольді ойын барсында жекелеген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Өмір тәжірибесінің жоқтығы мен бәрін де тезірек білуге тырысушылық баланы ғажап максималист етеді. «Осылай болады», «бұлай болмайды», «бұл — жақсы», «бұл - жаман»-балалар бағалануының кең тараған формалары. Осыдан барып ережелерді ұнату туындайды. Мектепке дейінгі балалардың ойын мазмұнының ең бастысы — ережеге бағыну, өзін - өзі тежеу, қарым – қатынас тәртібі алдыңғы кезекке шығады. Ойын үстінде балалар өз әрекеттерін тез үйлестіріп, бір – бірінің айтқандарына көніп, бағынып отырады, өйткені бұл олардың өздері алған рольдердің мазмұнына енеді.Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, жабыстыру, конструкциялау тәрізді жемісті іс - әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже (сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады. Балалардан іс - әрекет процесі дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау, оны бірізді жүзеге асыру талап етіледі.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Ж. Сердалиева. «Сюжетті-рольді ойын» Үйелмен және балабақша. 2000. №1, 35-36

2. Ж. Сердалиева. «Ойыншықтар дүкені». Білім. 2004, №2, Б. 27-28

3. А.Сембетова. «Ойын» Отбасы және балабақша. 2006, №6, Б. 20-22

4. Қ.Қалтайқызы. «Алтын әтеш». Отбасы және балабақша. 2002, №5 2-3

5. Қ.Түменбаева. Рольдік ойын. Бастауыш мектеп. 2003, №4, Б. 5-6

6. Ж.Қалыбекова «Сабақтағы ойын элементтері» //Бастауыш мектеп 1987 жыл №9 –32-33б.

7. М.Тұрыскелдина «Кел ойнайық» Жалын Алматы: 1981 жыл.

8. П.М.Эрдиев Укругнение дидактических единиц как технология обучения Часть-1, М: 1992 – 47 бет.

9. С.Ахметова «Қуыр-қуыр қуырмаш» Өнер Алматы: 1993 жыл.

10. Е.Сағындықов «Ұлттық ойындарды оқыту тәрбиесі ісінде пайдалану» Рауан Алматы: 1993 жыл.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі