400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың таным қабілетін дамытатын ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың таным қабілетін дамытатын ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын: «Не өзгерді?»

Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.

Маман балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетеді.Балалар олардың атын атайды.Содан соң маман балалардан көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.

Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет қайталанады.

Ойын: «Суреттерді құрастыр»

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Логопед маман балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады.



Ойын: «Кім тығылды?»

Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту.

Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.

Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.

Ойын : «Не артық?»

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.

Ойын: «Не жетіспейді?»

Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.

Ойын: «Жұбын тап»

Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.

Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.

Ойын: «Есіңде сақта»

Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.

Ойын: «Бір сөзбен ата»

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.

Ойын жаттығулар: «Суретті аяқта» - педагог суретті бастап салады, оны балалар аяқтап, бір сурет салып шығу керек. Бұл не? Немесе кім бұл?



Ойын: «Заттың атауларын ата»

Мақсаты:таным қабілетін дамыту.

Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (2-сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез-келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз. Мысалы, сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «с» әрпінен басталады.







Ойын: «Біреу және көп»

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді



Ойын:«Шаршы құрастыр»

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды. 2-нұсқа:шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?). 3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру



Ойын: «Зат неге ұқсайды?»

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді. 2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.



Ойын: «Айырмашылығын тап»

Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.







Ойын: «Біреуі артық»

Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. Мазмұны. 1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады



Ойын: «Сипап сезу арқылы санау»

Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.



Ойын: «Ненің баласы?»

Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.



Ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.





Ойын: «Сөзді керісінше ата»

Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.



Ойын:«Мал қалай  дыбыстайды? »

Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау. Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.

               



Ойын: «Төлін тап»

Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.

   









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.10.2023
145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі