«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдыларын дамыту»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдыларын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдыларын дамыту» туралы әдісіл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала


«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдыларын дамыту»


Тіл мәдениетің қайнар көзі. Әр ұлттың салт дәстүрін, әдеп ғұрпын, тіл мәдениетін, тіл арқылы айрықша белгілері тіл арқылы белгіленеді. Тіл өнерінің құнын өте айрықша бағалап, «Ана тілін, алпыс тілге татиды» деген. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгертіп қана қоймай, балаларға тілдік құндылықтаға тәрбиелер ұстаздардың еншісінде.

Мектепке дейінгі балалардың тілдік дағдысын ойын арқылы даму әлде қайда қызығырақ және өте тиімді әдіс.

Ойын барысында педагог баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;

2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.

Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;

2. Балаларды сөйлеуге үйрету;

3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру.

Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.

Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез-құлқы айқындала түседі. Тәрбиешіге бала психолгиясының өзіндік ерешеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиеттермен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Мінезінің ұнамсыз жақтары байқалатын тұс та осы. Ұстазға бұл ретте істейтін жұмыс түрлері көп-ақ.

Осылардың ішіндегі дидактикалық ойындардың маңыздылығы жоғары. Бірақ, ескеретін бір нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерінен аулақ болған жөн. Әр ойынның өз реті бар. Әрбір тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс әрекеті үдерісінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын ұоі мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.

Тәрбиеші балалар игере алатындай ойынның программалық мазмұнын жоспарлайды.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда , «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалып алынған ойын түрлерінің балаларға үйретері мол және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі.

Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі айқындалып, тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсы бір ролді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты түсініктері дәйексіз болады, тәрбиеші еңбек туралы ұғымдарын кеңейту үшін мазмұнды, тәрбиелік сипаты мол түрлерін таңдап алған жөн. Балалар бәрін білуге құштар, сұрақ көп қояды. Ұстаздың бала меселін қайтармай сол сұрақтарға толық жауап қайтаруы, ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге әдептіліке үйретуі, өзара түсінісулеріне, келісуіне көмектесуі керек.

Демек ойын балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану тәрбиеші ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін тәрбиеші ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс қөзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Заман талабына сай жыл сайын білім беру саласында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Оқыту бағдарламасы дамыта оқыту қағидасын ұстанғандықтан , көп мәселе оқулықтың басынан аяғына дейін сәл күрделене түсіп, қайталанып отырады. Оқулық мазмұны баланы дамыту және оқыта отырып тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтанда шәкірттерге тиянақты білім беру тәрбиешінің шығармашылық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді.

Жас ұрпаққа саналы білім беруге оқу материалдарын толық меңгерту мақсатында оқытудың жаңа технологиясының бірі балаларға оқу материалдарын ойын арқылы оқыту технологиясын пайдаланған жөн.

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдаланғанда арнайы мақсат көздеп, нақты міндеттерді шешу. Ойнатылатын ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалана отырып, олардың балаға тигізетін мынадай маңыздылықтары бар.

  1. Ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтеді. Оны бекітіп, нақтылай түседі.

  2. Әрбір дидактикалық ойын баланы ойлай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

  3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балаларды ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Баланы қызықтыру, ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өтілген тақырыпты қорыту мақсатында «Алтын қақпа» ойынын ойнау. Өткен тақырыпты қалай меңгергенімізді тексеру үшін «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Алтын қақпаға жету үшін балалар алдымызда балалар алдымызда көптеген кедергілер бар. Солардан сүрінбей өту үшін бірінші қола қақпа бар, соны ашумыз керек. Ол үшін мына сөздердің мағынасын түсіндіріп бересіңдер,- деп тапсырманы орындату. Екінші кедергі күміс қақпа. Ол қақпаның тасырмасы сәл күрделене түседі. Бұл тапсырмада тірек схемасын пайдаланады. Олар ойларын жинақтағанда көптеген пікірлер шығады. Сөйтіп күміс қақпаның есігін ашамыз. Алтын қақпаның тапсырмасын орындау үшін Венн диограммасын пайдалану. Онда балалар тапсырманың ортақ пікірін қорытып, алтын қақпаның есігін ашады.

«№184 ЖББМ КММ» мектепалды ұстазы Ауелова Ақбота Даниярқызы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі