жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамытудағы ұсақ моториканың маңызы.
Темирбаева Г.Т логопед
№145 «Балапан» балабақшасы КМҚК
Қарағанды қаласы
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамытудағы ұсақ моториканың маңызы.
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезендегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Саусақ ойының балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойының алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдын сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Балалар осындай саусақ ойының ойнай отырып, өлен шұмағын қызыға айтады. Мысалы: «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдын бас бармағын сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбекпен қатарға тізе бастайды. Қимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді.
Сонымен қатар қол саусақтары қимылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістердін дәндерінен, түймелерден әр түрлі бейнелерді тізбектеп жасап балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады.
«Кел санайық екеуміз»
Кел санайық екеуміз
Бір үйде біз нешеуміз?
Бас бармағым –әкем,
Балан үйрек- апам,
Ортаң терек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен
Кішкентай бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!
«Ойыншықтар»
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы ,құлыншақ.
Ойыншықтар «тыңдайды»,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Кей қуыршақ ұйықтайды,
Айытқаныңнан шықпайды.
Айытқаныңнан шықпайды.
«Әтеш»
Әдемі әтеш,
Таңатпай тұрыпты.
Ойқастап жүріпті,
Жаң –жақа қарапты.
Айдарын тарапты.
«Қайық»
Қайық суда жүзеді,
Сақинасын тізеді.
«Құлып»
Орманда бір үй тұр,
Есігінде құлып тұр.
Айтындаршы, балалар,
Құлыпты кім ашады?
Наверх
«Бақшада»
Бау-бақшада мен болдым (Саусақтарымен үстелдің үстінде жүргізеді)
Көкөністерді таптым (Қолды жаяды )
Міні қиярмен, сәбіз (Екі қолдың саусақтарымен сопақшаны келтіреді)
Қызылша мен қызанақ (Домалақты келтіреді)
Жаман емес бұл егін. (Шапалақтайды)
«Аю»
Қорбандаған аю жүр, (Саусақтармен үстелдің үстінде жүргізеді.)
Маймақ болар, ол үлкен. (Қолдарымен жарты шеңбер жасайды.)
Апанда ол тұрады,
Балды жақсы көреді. (Тілімен үстіңгі ернін жалайды.)
Қоян құлағын көрсетті (Екі саусақты көрсетеді.)
Құйрығыда бір кесек (Жұдырықты көрсетеді.)
Бірде сұр ол, бірде ақ (Алақандарын көтереді, түсіреді)
Ұзын құлақ сескеншек (Екі саусақты көрсетеді.)
Кеміреді сәбізді. (Жымиып тістің барлығын көрсетеді).
«Өрмекші»
Өрмекші, өрмекші торын торлады. (Екі қолдың саусақтарын бір бірден тигізеді.)
Жаңбыр жауып кетті, торынды жуды. (Қолдарын астына үстіне қимылдату барысында алақандарын бір біріне соғады.)
Күннің көзі шықты, дала жылынды. (Қолдарын көтеріп жан жаққа сілтейді.)
Өрмекші, өрмекші жұмысқа кірісті. (Екі қолдың саусақтарын бір бірден бір біріне тигізеді )
Бір,екі, үш, төрт, бес. (Саусақтарын бір бірден бүгеді)
Аулаға шықтық (Сұқ және ортаңғы саусақпен үстел үстінде жүргізеді)
Аққаланы жасадық (Алақандарымен дөңгелек жасағандай болады)
Жем шәштік біз құстарға (Қолымен жем шашқандай болады)
Сырғанақ
тептік (Алақанның
үстінен сүк саусақпен жүргізеді.)
Қарда
аунадық (Үстөл
үстінде кезек-кезек алақандарын ашады,
жабады)
Үсті-басы қар болды ( Қолдарын сілкейді)
Кешкі асты біз іштік (Тамақ ішкендей болады)
Үйқыға жаттық (алақандарын біріктіріп басқа жақындатады).
Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: түймелерін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканың дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миыңда саусақ қимылына және сөйлеуе жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты - ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру қажет. Алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мұнаймауға үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін бағалап, мадақтап қоюды ұмытпау керек.
Ұсақ моториканың кимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымың даму деңгейін көрсетеді. Сондықтан, қол қимылдарын дұрыс басқара білу қажет. Баланы ешқашан мәжбүрлеуге болмайды.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап саусақтарға массаж жасауға болады. Пассивті жаттығу -ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады.
Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай, саусақтарға ат қойған осыған байланысты ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулардың пайдасы өте зор. Олар өте қызықты, шығармашылық қызметін және тілдерін дамытады осы ойындар айналадағы ақиқатқа жататын заттарды, жануарларды адамдарды, олардың іс әрекеттерін және табиғаттағы құбылыстары (жел, жаңбыр, күн, ағаштардан түсіп жатқан жапырақтар) бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар үлкендердің қимылдарын қайталап, өз қолдарының моторикасын белсенді дамытады.
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
баланың сөйлеу тілі жетіледі
қимыл қозғалысы артады
икемділігі артады
логикалық ойлауы дамиды
танымдық деңгейі артады
Қолданған әдебиеттер:
Прищепа С. Н. Попкова, Т.Коняхина «Мелкая моторика в психофизическом развитии дошкольников» /Дошкольное воспитание 2002-№ 1/
Л.С. Волкова, Р.И.Лалаева, Е.М. Мастюкова «Логопедия» - М: Просвещение, 1989
Қ. Қ. Өмірбекова Қ. Серкебаев . Логопедия. Оқу құрал.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген