400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін жинақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жастағы бала зейінінің ерекшелігі, жас ерекшелігіне байланысты зейін ерекшелігі және зейін аудартудың әдіс - тәсілдері және баланың ойын жинақтау үшін ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиешіге қойылар талаптар баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін жинақтау
Шангишбаева Гульмира
Слямовна
ШҚО Өскемен қаласы
Мектепке дейінгі мекеме
«Азамат» балабақша-бөбекжайы
Зейін - баланың әлемді тануда және нақты бір іске бағытталуы мен
мұқияттылығына міндетті түрде әсер етуші психикалық үрдіс. Сабақтың
тиімділігіне қол жеткізу үшін бал зейінділігін дамытудың маңыздылығы жоғары.
Баланың зейіні тек қабылдау арқылы жүзеге асады: есту, көру, сипап сезу
арқылы. Ұйымдастырылған оқу қызметін баланың меңгеруы тек қана балаларға
ғана емес, сонымен қатар, педагог-тәрбиешілерге де тікелей байланысты. Яғни,
мектепке дейінгі жаста баламен дұрыс қарым-қатынасқа түсе білу. «Бірінші тыңдап
алыңдар, ал енді қараңдар, енді ұстап (иіскеп) көрулеріңе болады. Ал енді қайта
тыңдап көрейік» деген сияқты сөз тіркестерін қолданудың маңыздылығы да
жоғары.
Зейіннің негізгі үш түрі болады:
- Ырықты – мақсат бағдардың бар болуымен сипатталады.
- Ырықсыз – мақсатбағдарлы әрекетті қажет етпейді.
- Ырықсыздан кейінгі – бақсат бағдар бар, бірақта ерік жігер болмайды.
Ырықсыз зейін 3-4 жастағы балада – 3-4 минут, мектепке барар уақытта – 1012 минут, ересектерде – 20 минутқа дейін созылады.
Мәліметтер бойынша, адам естігенінің 90%-н, көргенінің 60%-н, өзі
жасағанның 10%-н ұмытып қалады. Сондықтан да, балаға әр затты, істәжірибелерді өзі жасап көруіне мүмкіндік беріңіз.
Біз баланың зейінін ұйымдастырылған оқу қызметіне аударту үшін бірнеше
тәсілдерді қолданамыз. Ең алдымен, танымдық белсенділікті арттыру тәсілдері.
Бұл тәсілге талдау, салыстыру, сұрақ қою, қайталау, іс-тәжірибеде көрсету ісәрекеттері жатады. Келесі тәсіл - танымдық қызығушылықтарын арттыру. Бұл жаңа
материалды қабылдауға даярлығын дамыту, дидактикалық ойын материалдарын
сюжеті бойынша дұрыс орналастыру, таныс заттар арқылы стимуляция беру,
шығармашылық ізденіс жағдайларын тудыру арқылы жүзеге асады.
Бала айналасындағы жағайды толық түсіну үшін оның эмоционалды
деңгейінің жоғарлығы әсер етеді. Біз балада эмоционалды белсенділіктерін
арттыру үшін ойын және қиялға негізделген ситуациялар, ертегі, әңгімелер
құрастыру, драмалық ойындар, ғажайып сәт, қалжың, әзілдерді қолданамыз.
Эмоционалды бағдар – егер балада жағымды эмоционалды бағдар тудыра білсе,
баланың зейінділігін ұзақ уақыт бойы сақтауға болады. Бала тек өзіне қызықты
іспен ғана айналысады.
Сондай-ақ, бала зейінін белсендіруде тітіргендіргіштерді қолдана аламыз:
дыбыстық және эмоционалды модуляция, сөздің темпінің модуляциясы,
педагогтың сырт келбеті, мимика, пантомимика. Және балалардың
қызығушылықтарына негізделген тәсілдерді қолдана аламыз: арнайы құралдар,

сабақ мазмұнының қызықты болуы, жаңа ақпарат құралдарын қолдану, 5-6мин
сайын іс-әрекет түрінің өзгеріп отыруы.
Баланың еңбекқорлығын, шығармашылығын бағалау арқылы да біз бала
зейінін ұзақ уақыт қажетті бағытқа бұра аламыз. Мақтауды тек сөзбен ғана емес
арнайы мадақтау тәсілдері арқылы білдіруге болады. Және тапсырманы орындау
барысында оның мақсаты мен қорытындысын қайталап айтып отырған дұрыс.
Мысалы, бұл суретті әдемілеп салып бітірсек, мамаларың көргенде қуанып қалады.
Бұл тәсілдерді дұрыс қолдану үшін ең алдымен сабақ өткізудің әдістемесін
жақсы меңгеру керек, сонымен қатар, баланың көңіл-күйін, қалауын,
қажеттіліктерін де ескерген жөн.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша қысымды төмендету, көңіл-күйді реттеу
үшін физикалық күш жақсы тәсіл болып табылады. Егер үлкендер баланың
шаршағанын байқаса дереу сергіту сәттерін, релаксациялық жаттығулар жасату
керек.
Күлкі – жаман көңіл күйден арылудың бірден бір жолы. Күлкі жылау мен
агрессиядан да күшті позитивті энергия. Күлкі – бұл жалғыз антидепрессант, біз
күлген кезде физикалық және жан ауруын жеңілдететін эндорфиндар бөлінеді.
Бала зейінін аудартудың вербалды емес тәсілдерін қолдану мектеп жасына
дейінгі балалармен жұмыста тиімді болып табылады. Вербалды емес тәсілдерге:
- Ым-ишаралар қолдану: тыныш деген сөздің орнына қолды жоғары көтеріп
көрсету және т.с.с. ондай ым-ишараға балалар бірден үйрене қоймайды, бірақта,
біраз уақыттан соң өте тиімді тәсілге айналуы мүмкін.
- Сабақ бастамас бұрын барлық баланың тынышталғанын тосудың қажеті
жоқ, себебі, әр топта бірден тыныштала алмайтын 2-3 бала болады. Сондықтан да,
бастапқы кезеңде даусыңызды қатты шығарып сөйлеп кейін балалардың зейіні
өзіңізге ауғанда дауысты бәсеңдетуге болады.
- Тынышсыз баларды алшақ отырғызуга тырысыңыз, бірақта әр сабақта
өзгерте бермеңіз. Бастапқы орнын өзіңіз белгіліп қойыңыз, сол орынға бала үйрену
керек.
- Сабақ барысында бала сіздің сөзіңізді себепсіз бөле берсе, мән бермеуге
тырысыңыз. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанса, сабақтан тыс уақытта баланың
өзімен жеке сөйлесіңіз.
- Жиі кедергі жасап, тілазарлық танытатын балалармен ойын түрінде жұмыс
жасауға болады: баланың өзін тәрбиешінің орнына сабақ жүргіуге мүмкіндік беру
және т.б.
Баланың ойын жинақтау үшін ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиешіге
қойылар талаптар:
- Педагог, тәрбиешілер өздері алаңсыз сабақ жүргізулері қажет
- Тәрбиеші бір істі бастаса, соңына дейін аяқтағаннан соң ғана екінші іске
көшу керек
- Баланың іс-әрекет жылдамдығын, жеке ерекшеліктерін, көңіл күйін ескеру
- Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру
- Күн тәртібін сақтау, сабақ арасында сергіту сәттерін, саусақ ойындарын
тиімді пайдалану
- Тапсырмаларды баланың мүмкіндігіне қарай жасау

- Баланы мадақтаудың түрлі тәсілдерін қолдану
Оқу қызметі тиімді өту үшін педагогтың өзін-өзі ұстауы, сабаққа даярлығы
өте маңызды. Педагог-тәрбиешілерге төмендегілерден аулақ болғаны дұрыс:
- Дауыс көтеріп айқайламаңыз, өзіңізді дұрыс ұстай білмесеңіз баламен
қарым-қатынасыңызды бұзып алуыңыз мүмкін
- Баламен бірге ойнап, көңіл көтеріңіз, бірақта барлығы үшін сіз жауапты
екеніңізді ұмытпаңыз
- Нақты мәліметтер мен ойындарды қолданыңыз, балаларға тек ақпаратты
оқып бермей, анық жеткізе біліңіз
- Маңызды сөздерді айтқанда даусыңызды өзгертіп, ерекшелеп отыруға
тырысыңыз.
- Бала тапсырманы өзі орындағаны дұрыс, бірақта тапсырма баланың жеке
мүмкіндігіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
- Ойын барысында «кім жеңеді» деп қарсыластар тудырмай, кім жылдам,
шапшаң және т.б. талаптар қойыңыз.
Ең бастысы, балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру үшін
әрдайым жаңа әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Мектеп жасына дейінгі кезеңде
негізгі қызметтердің бірі ойын болғандықтан, ойнай отырып қажет мәліметті, білім
мен тәрбиені бала бойына сіңіріп, кіші жастан бастап оның зейінділігін дамыта
білгеніміз дұрыс.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі