Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка сабағының түрлерін үйрету

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка сабағының түрлерін үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка сабағының әр түрлі кезеңдерімен таныстыру. Ән айту, ән тыңдау, аспаппен ойнау дағдыларын қалай дамыту туралы ақпарат берілген. Әр баланың жас ерекшелігіне, топтарына қарап сабақ өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка сабағының түрлерін үйрету

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға музыканың дұрыс қабылдауын, ән салуында дұрыс тыныс алуын,есту, ырғақ сезімдерін жетілдіріп, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын қалыптастыру.


«Туғанда дүние есігін ашады өлең» - деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап – ақ музыка әсер етеді.

Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй – тәй қадам басқаннан – ақ балабақша есігін ашады. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие беріп, жан – жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады.

Музыка дегеніміз біздің жан тәніміз үшін қажет. Музыка адамның мінез құлқымен байланысты, адамның көңіл күйін көрсетеді. Әр бір музыка адамның көңіл күйіне, мінез құлқына сай болып келеді. Сонымен қатар музыка – вокалды және аспаптық дыбыстарды араластыратын өнер түрі. Ырғақты, әуенді және үйлесімділікті біріктіретін таңғажайып сала. Классикалық музыканы тыңдап, адам өзінің психологиялық ақауын, көңіл күйін қалыптастыра алады.

Ән сабағы – ән тыңдау, ән айту, музыкалық – ырғақтық қозғалыс, және балалар музыкалық аспабында ойнау бөлімерінен тұрады.

Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде адамды көңілдендіріп, сергітіп, еңбекке жұмылдыратын ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе бар. Міне, сол себептен де балабақшада әнді енгізу керектігі де сондықтан. Ол сезімді күшейтеді, жүректің қан тамырларына жақсы әсер етеді, сезімді тәрбиелейді. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уақытын толтырып шығармашылық ойына көмектеседі, - дейді К.Д. Ушинский.

Ән айту музыкада іс – әрекеттің бір түрі болып саналады. Балаларды ән салуға үйреткен кезде, балалардың қабылдау дағдысы дамып, аса маңызды рөл атқарады. Ән үйрету кезеңінде балалардың көңіл күйні, ой – сезімдерін, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырып, көз қарастарын, сонымен қатар әнді мәнерлеп айтуын ескерген жөн. Сол себептен балаларға әр жас ерекшелігіне сай етіп ән таңдалып алынады. Ән айту балалардың сөйлеу қабілетін жетілдіріп, терең тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруға көмектеседі.

Баланы ән айтуға қысылмай, өзіне деген сезімін ояту, өзін еркін ұстауы үшін алдымен көпшілікпен айтқызып үйрету, оны хормен ән айту деп айтады. Содан соң ғана жеке орындауға дайындауға болады. Баланың орындаушылық шеберлігін асыру үшін, ән репертуарына көп көңіл бөлу керек. Егер бала репертуарға қатты қызықса ғана, әнді жақсы, мәнерлі айту ынтасы артады.

Баланы ән салу шеберлігіне, репертуар таңдауға үйретуші тұлға – тәрбиеші және музыка маманы. Бұл мамандар балалардың даму жас ерекшеліктерін ескеріп, соған сай репертуар таңдаулары керек. Баланың дауыстары жоғары болғанымен, диапазондары шектеулі. Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген, олар: Н.Д. Орлова, Е.И. Алмазов, Н.А. Ветлугина, Д.Б. Кабалевский. Көптеген балалардың бірінші және екінші до 1 — до 2 шамасынан биігірек дыбыстарды айта алатынына қарамастан, дәл осы шамада балалар дауысының еркін, табиғи шығатынын айтқан.
Балаларға ән айтқызу барысында, олардың дауыстарының әлсіздігін, дауыс аппаратының жетілмегендігін, тез шаршап қалуын үнемі қадағалаған жөн. Балалар ән сөздерін дұрыс жетік айтып, таза жаттау үшін, алдымен жаңылтпаштар айтып үйрету керек. Жаңылтпаштар сөздерді нақты айтуға көп көмегін тигізеді.

Мысалы: Көп көкек, көкектеп,

Көптеп келді, көкек кеп

Көктен көк, көктем келді.

Ас аспай бас аспазшы, Ас асты жас аспазшы!

Балалардың тым айқайлап ән айтуға еліктемей, қатты сөйлемей, суық ауада ән айтпауын, ән айту кезеңінде дұрыс тыныс алуын ескерту керек.

Әнді үйретпес бұрын мұғалім әнге толық талдау жасап алу керек. Күйсандықты ойнап, әнді жанды дауысымен айтып балаларға тыңдату, сөзі, мағынасын, мазмұнымен таныстыру. Ән туралы әңгіме құру. Мысалы: Аңдардың айтысы әні, бұл әнде түлкінің әнін, сөзін үйретіп, оның жүрісіне, қимылдарын көрсету.

Бала тез жаттау үшін: дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға қалыптастырып, суреттер бойынша әндерді талдау, мазмұнына тоқталу керек.

Келесі тоқталатынымыз музыка тыңдау. Балабақшадағы балаларға музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін музыкалық шығарманы орындап қана қоймай оны терең сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп тыңдауға үйрету керек. Музыка сыншысы А. Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балабақшадағы балалардың ой-өрісін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.

Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлау үшін ең алдымен оны тыңдай білу өте қажет.

Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінігі, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады. Музыка тыңдауды балаға жас кезінен үйреткен жөн. Жас балаға қазақ әндерін, күйлерін, классикалық әуендер тыңдату музыкалық талғамын қалыптастырады.

Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының әлдиі «Бесік» жырларынан, өз ұлтының әуенін ана сүтімен дамытудан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Балаларды өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын, ерекшелігін сезіну, өайырымды, мейірімді, адал болу үшін – жалпы айтқанда балалардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.

Балабақшада балаларға музыка тыңдатып шығармалардың аспаптық және вокалдық түрлерімен таныстыру. Музыканы тыңдап қабылдау үшін тынышқтық керек. Музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыптылықпен, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен – саз көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылытатаын әсер береді.

Балабақша бүлдіршіндеріне музыка тыңдау процессінде мұғалім балаларды дұрыс ұйымдастыра біліп, олардың музыкаға деген қызығушылығын, құштарлығын арттырып, психологиялық әсері мен тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Тыңдау процесінде бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу керек. Алдымен жеңіл шағын музыканы тыңдатып, ырғақ, тембріне, музыкалық шығарманың мазмұнын түсіндіру керек.

Тәжірибе түрінде мысал келтіре кетсек: көздерімізді жауып, музыка қоямыз. Музыканы тыңдап отырып, көз алдымызға елестетіп ересек балаларға сурет салғызамыз, салған суреттерін ауызша мазмұндауын сұраймыз.

Балаларға тыңдататын музыканың мазмұны, музыкалық тәрбиенің мақсатына балалардың жас ерекшеліктеріне сай болу керек.

Тыңдатылатын музыка жеңіл және күрделі болып екіге бөлінеді. Жеңіл музыка көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады. Ондай музыка жеңіл қабылданады, сондықтан жеңіл әсіресе кішкентай балаларға беріледі.

Ал салт – дәстүрге, әдет ғұрыпқа, тұрмыс тарихқа байланысты шыққан ән - жыр, терме, күй күрделі музыкаға жатады.

Музыканы тыңдау кезінде көрнекі – құралдар, суреттерді, кішкентай аспаптарды қолданса, балалар музыканы тыңдап түсінбей қалған жерлерін, көру арқылы қабылдайды.

Ересек балаларға музыка тыңдатып, шығу тарихын талдауға үйрету.

Балабақшадағы музыкалық-ырғақтық қозғалыс – балалардың музыкалық дамуы мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды. Бұл сабақтар балалардың дене қозғалыстарын музыканың ырғағына сәйкестендіруге, сондай-ақ музыкалық сезімталдықты арттыруға бағытталған. Музыкалық ырғақты сабақтар әсемдік пен бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізетін ықпалы мол.

Негізгі аспектілеріне тоқталып кетсек:

1. Ритмді тану: Балалар ритмді сезініп, соған сәйкес қимылдар жасауды үйренеді. Балаларға ырғақты сезінуді, әуенді қабылдауды және музыкалық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Дене қимылы арқылы ритмді сезіну: шапалақтау, аяқпен басу, секіру арқылы қарапайым ритмдерді қайталау. Ритмді тану балалардың музыкалық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың зейіні мен үйлестіру қабілетін де жақсартады. Балалар ойын арқылы үйренгенде, олар ритмді тез әрі қызығушылықпен қабылдайды. Музыка ырғағына сай жүру, жүгіру немесе билеу.

2. Координация: Музыкалық ырғаққа сай қол, аяқ, дене қозғалыстарын үйлестіру. Гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс координациясының дамуына көмектеседі

3. Шығармашылық қозғалыс: Балалар өз қиялдарына сай би қимылдарын жасауға ынталанады. Бір топтың немесе бірнеше топтың ортақ мақсатқа келуімен бірігеді.

4. Топтық жұмыс: Балалар бірге ырғақты қозғалыстар жасау арқылы, бірге хор болып ән салу командалық дағдыларын дамытады. Бір бірімен қарым қатынас жасап, ынтымақтастық пен тәртіпке үйренеді.

5. Тыңдау қабілеті: Музыканы тыңдай отырып, балалардың зейінін және музыкалық есту қабілетін арттырады. Музыкалық ырғақ пен әуенді ажыратуға үйретеді.

Музыкалық ырғақты сабақтар балалардың, бүлдіршіндердің, физикалық дамуларын қолдайды, эмоционалдық көңіл күйлерін қалыптастырады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Музыкалық-ырғақтық қозғалыс сабақтары балаларға өзін-өзі көрсету, қозғалыс координациясын жетілдіру және музыканы сезіну дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Балаларға тәрбие беруде музыкалық ойыншықтар және балалар аспаптары үлкен рөл атқарады. Аспапқа деген қызығушылығын арттырады. Балабақшада балалардың музыкалық аспабында ойнауы – олардың музыкалық сауаттылығын, ритмді сезінуін және шығармашылық қабілеттерін дамытуына көп ықпалын тигізеді.

Музыкалық аспаптардың түрлері: дыбысталуының тәсіліне және дыбыстық сипатталуына байланысты балалардың музыкалық аспаптарымен және музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады. Ойыншық аспаптар және кәдімгі ансамбль оркестріне арналған аспаптар болады. Балаларға әртүрлі музыкалық аспаптарды (ксилофон, барабан, гитара) таныстырып, олардың ерекшеліктері мен дыбыс шығару тәсілдерін үйрету керек. Мысалы: Мұғалім бір әуенді домбыра аспабында орындайды, немесе музыкасын қосады, ал балалар шылдырмақ, барабан т.б жеңіл аспаптармен ырғағын соғып тұрады. Музыкалық аспаптарды пайдалану арқылы балалардың практикалық дағдыларын дамытамыз. Мысалы, қарапайым мелодияларды ойнау.

Балалар өздігінен қарапайым композициялар жасау. Музыка арқылы эмоцияларды білдіру, әр аспаптың шығаратын дыбысын, үндестілігін түсінуі қажет. Әр түрлі әуен тыңдатып, дыбыс үйлесімділігін ажыратып, аспаппен соқтыру сонымен бірге баланың моторика дағдыларын жақсартады.

Музыкалық аспапта ойнау балалардың музыкалық білімдерін тереңдетіп, олардың жалпы дамуына ықпал етеді.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі