жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің мәселелері
Балаларға
патриоттық тәрбие беру мәселесі
Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның
отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім
берудің мектепке дейінгі жүйесінен
жоғарғы оқу орындарына дейінгі
орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті
болып табылады. Балаларды Отанды, туған
жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу –
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да
қадірменді парызы" - деген еді.
Әр
дәуірдің тарихи кезеңдерінде
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен,
"ұлтжандылық", отансүйгіштік",
" патриотизм", ұғымдары сол заманның
ақиқаты – наным – сенімінен
туындайды.
«Ұлтын
сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай,
ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан
жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық
ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық
сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен
ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды
құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден
ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі - жас
ұрпақтың бойына сіңіретін
қағидаттар.
Қасиетті
сезім ананың сүтімен бірге өзінен –
өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп
қалыптасатын құдіретті сезім. Ол адамның
саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын
психологиялық, саяси – әлеуметтік
құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам
баласының еліне, жеріне, өз тілі мен
мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына
жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін,
қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім
көрсеткіші болып табылады. Осыған орай
Н. Ә. Назарбаев, – патриотизмді "әр
этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде
– бір ұлтпен қарама – қайшылық туғызбау"
– деп белгілеген. Одан, "ұлттық
патриотизм", "қазақстандық
патриотизм" – деген екі ұғымның
туындағаны белгілі.
Еліміз
егемендік алғаннан бері жас ұрпақ
тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық
патриотизм болды. "Қазақстандық
патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен
қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі
саяси – әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін
көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар
мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде.
Қазақстан олардың көпшілігінің туған
Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап
қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың
әрқайсысы Қазақстанды ата – жұртым деп
танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және
материалдық байлығын арттыруға еңбек
етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық
патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі
қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер
болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын
тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға
деген сүйіспеншілік пен азаматтық
ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім
мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне
жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ.
Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын,
салт – дәстүрін құрметтей білу де осы
қазақстандық патриотизм құрамына кірсе
керек.
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Мектеп
жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін
қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің
маңызы
«Баланы
өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның
тәрбиесімен тәрбиеле» / халық даналығы
/
Патриоттық
тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің
тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық
пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық
мәдениетті дамытатын, еліміздің
рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік
деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке
өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты
биік патриот, намысын қаһарман, қайсар,
жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің
болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде
бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі
болса, екінші бесік – білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие -
адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
болса, бүлдіршіндеріміздің бойында
рухани - патриоттық сана - сезімді
қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие
беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың
ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық
тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне
барлық жағдай жасалған.
Халқымызда
«баланы жастан» деген дана сөз бар.
Тәрбиенің бесіктен басталатынын
ескерсек, ата – бабадан келе жатқан
дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп,
балаларға оның нәрін сіңіре білсек,
болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек -
бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел
болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп
білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары
қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен
білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі
- нің басты өлшеміне айналып отырған
жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке
тәрбиелеудің маңызы артып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық
даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық
сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі
жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің
қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Біздің алдымызда тұрған басты міндет
– тәуелсіз Қазақстанның әр жас
жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне,
еліне деген ыстық сезім, шынайы
сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз
адамзаттық көзқарасы қалыптасқан,
әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл
ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл
бөлуіміз керек. «Әрбір қазақстандықты
өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды,
ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің
болашақ тағдыры үшін жауапты» деген
ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз
қажет.
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриотизм тәрбиесін қалыптастыру жүйесі»
Замануй жаңа қоғамдық өмірде өзгерістер болып жатқан кезде, бағытталған жұмыстың бірі - өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және жұмыс жүйесін дамыту. Қазіргі кезде өз халқымыздың жақсы дәстүрлеріне,оның ғасырлық түп тамырына, ру, туыстық, Отан деген ұғымдарға қайта оралуға қажеттілігі туындады. Патриотизм сезімі өзінің мазмұнына байланысты көпқырлы болып келеді: бұл өз туған жеріне деген сүйіспеншілік, өз халқына деген мақтаныш,өз елінің байлығын молайту, оны сақтай білу. Патриоттық тәрбие – бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершілік, патриоттық сезімдерін мақсатты түрде қалыптастыру үрдісі.Бүгінгі күні бұл жұмыс қиын да,өзекті,өйткені қазіргі жас отбастарында патриоттық тәрбиені қажет деп түсінбейді. Сондықтан біз бұл мәселеге бәріміз бірге жұмылуымыз қажет, сонда ғана айтарлықтай қорытындыға келеміз. Сөзсіз, патриоттық тәрбие жұмысын мектепке дейінгі шақтан бастау қажет. Осы жаста балалар үлкеннің айтқанын тыңдап қабылдайды, сондықтан тәрбие үрдісінде балалардың Отанға, өз қаласына, үйіне деген қамқорлықтарын нақты түрде қалыптастыру қажет.Сабақтардағы қолданылатын кейбір ұғымдар балаларға түсініксіз де болып келеді. Сондықтан тәрбиешінің негізгі мақсаты — балаларға әрбір адамның өз Отанына деген, үлкендерге, салт - дәстүрге деген сыйластық туралы өзі жақсы білуі керек, түсінікті деңгейде түсіндіре білу. Балабақша балаларының сұрақтары көп болып келеді: «Неге зейінді және сыйлы болу қажет?»; «Біздің Отанымыз қандай?»; «Неге елімізді қорғауымыз қажет?» — осы сияқты сұрақтарға олар сабақта жауап ала алады. Біздің балабақшада биылғы оқу жылында балаларға адамгершілік тәрбие сезімдерін қалыптастыру бойынша ерекше зейін қойылады, өйткені бұл сезімдерде патриотизм негіздері қалыптасқан. Мектепке дейінгі жастағы бала өзін қоршаған ортаның әсемдігіне, өзінің отбасына деген сыйластық сезімі туындаған жағдайда, оның өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі,яғни патриоттық тәрбие қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриотизм сезімін тәрбиелеу – күрделі және ұзақ үрдіс.Баланың тұлға ретінде дамуына жақындарына,балабақшаға, туған қаласына және еліне деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі мекемеде патриотизм сезімдерін тәрбиелеуде басымды бағыттың бірі,ол экологиялық білім беру болып табылады.Балаларды өз елімен, ұлттық, тарихи мәдениетімен,табиғатымен таныстырғанда, олардың өз Отанының,патриоты және азаматы болатындай мінездері қалыптаса бастайды. Адамның балалық шағында алған әдемі табиғаты, елінің тарихы туралы әсері,көбіне өмір бойы есінде қалады екен. Шындығында, біздің еліміз қандай болса да, адам өзінің туған,өсіп – өнген жеріне, көшесіне, алғаш рет ағаш еккен ауласына деген сүйіспеншілігін өз Отанына деген сезімімен байланыстырады. Балаларды өз туған қаласымен таныстыру біздің ойымызша өте қажетті жұмыс,өйткені ол танымдық, рухани – адамгершілік,табиғатты қорғау қызметін атқарады. Балабақша баласына «өзінің кішкентай Отаны» туралы көп қызықты мәлімет беруге болады (қаланың тарихи және қазіргі кейпі, сәулетті жерлері,ескерткіштер туралы). Тәрбиеші өзі өз қаласының,өз Отанының тарихын білетін болса ғана, мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу өз нәтижесін береді. Балаларды оқыту үшін, алдымен педагогтың өзі ақпарат материалын толық түсінікті тілде жеткізе білуі қажет. Педагогтың берілген ақпаратының қандай әдіс – тәсілдер арқылы жеткізе алуына байланысты балалар оны қабылдайды және жаңа нәрсе білгісі келетін қызығушылығы пайда болады. Біз, әдіскерлер балаларды қоршаған ортамен таныстырудың,яғни экологиялық тәрбиенің жүйелілігін ескере отырып, балаларды рухани – патриоттық тәрбиелеу сабағына тақырыптық жоспар өңдедік. Үй,балабақша, туған қаласы, сонымен қатар қоршаған табиғат «балабақшаның жасыл желегі» - табиғат бұрышы,экологиялық соқпақ сияқты тақырыптар кірді. Бұл жұмыс барлық топтарда жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Барлық топтардың тәрбиешілері өз жұмыстарында балаларды туған қаласымен,елімен таныстырудың әр түрлі формаларын қолдануы тиіс; мақсатты серуен,саяхат, әңгіме, бақылау,дидактикалық ойындар,әр түрлі көркем әдебиет оқу және т.б. Бұл жұмыстар үлкендер мен балалардың ұйымдасқан түрінде өтуі тиіс. Мектепке дейінгі жаста кіші топтағы балаларға қаланы көз алдарына елестету өте қиын. Сондықтан олармен жақын көшеге серуен жасау, өз үйлері,көшелері,үйлерінің нөмірлері туралы әңгіме жүргізу. Ортаңғы топ балаларымен бұл бағытта мынандай жұмыстар жүргіземіз: алдымен балабақшаның тұрған ауданымен таныстырамыз, балабақшаның айналасының қолымен жасалған әдемілігімен таныстырамыз. Қаланың ауылмен айырмашылығы туралы әңгімелеу. Ересек топта туған қаласы туралы білу мәліметі ұлғаяды. Балаларды өз туған қаламыз Көкшетаудағы өнеркәсіппен, тарихымен, оның көрікті жерлерімен таныстырамыз. Осылай таныстырғаннан балаларда өз туған қаласы бойынша мақтаныш сезімі туады. Балалардың өзінің туған қаласымен және Отанымен танысқаннан олардың көңіл – күйлері көтеріліп,көріп білгендерін сурет арқылы көрсеткілері де келеді. Сондықтан бұл жұмыс бейнелеу өнерінде де жалғасады. Балалардың салған суреттерінде өзінің туған қаласына деген сүйіспеншілігі және де серуен кезінде бақылаған табиғаты жөнінде бейнеленеді. Музыка сабақтарында өз халқының дәстүрін танып араласады. Балабақшада патриоттық тақырыпқа мерекелік ертеңгіліктер өткізу дәстүрлі болып кетті:Мысалы, “Сарбаздар күні”, “Қала күні”, “9 Мамыр – Жеңіс күні”, “Балаларды қорғау күні” және т.б. Балалармен өзінің туған өлкесі бойынша танысу кітап бұрышында,түрлі – түсті суреттер – дидактикалық материалдарды қарау бойынша,ұлттық салт – дәстүр өнері бойынша жүргізіледі. Жыл бойы балалармен жүргізілетін жұмыстың негізі, ол табиғатпен танысу, қорғау қызметі. Табиғатты танып – білу, қорғау – Отанды тану, қорғау болып табылады. Тәрбиешілер балалармен аракідік «экологиялық күзетке» өз ауласын тазалауға шығып тұрады. Осы арқылы балаларға олардың айналаны таза ұстап, үлкендерге көмектесіп, өздерінің осы қаланың тұрғыны ретінде қаланы таза сақтау керектігін түсінулеріне құлшындыру. Осы айтылғандарды есепке ала отырып, біртіндеп балабақшада рухани – адамгершілік – патриоттық тәрбие жұмысының жүйесі қалыптасады. Біздің жұмыстың жемісі – бұл ата-аналармен бірлесіп қызығушылықпен жасаған жұмыстар. Бүгін біз, педагогтар балаларға өзінің туған өлкесіне,салт – дәстүріне және осындай Қазақстан еліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелей аламыз, яғни балаларға рухани – патриоттық тәрбие бере аламыз деп сенімді түрде айта аламыз.
Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы - балабақшада
Тақырыбы:
«Отансүйгіштік және рухани адамгершілік
тәрбиенің бастауы - балабақшада».
Ата
- бабамыздан бізге жеткен, өткені мен
бүгінгісін байланыстыратын баға жетпес
байлығымыз асыл қазынамыз – ұлт тәрбиесі.
Заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде салт
- дәстүрді пайдаланудың пайдасы
зор.
Тәрбие үрдісі өте қиын да күрделі,
басып өтпеуге болмайтын жол. Қазақ үнемі
баласына болашақта елімнің арқа сүйер
азаматы, келешектің иесі өмірімнің
жалғасы деп қараған. Осы қағиданы берік
ұстаған ата - бабамыз қашанда келешек
ұрпақты отанын сүйетін және қарапайым
бала етіп тәрбиелеуді мақсат
тұтады.
Отансүйгіштік – тарихи,
әлеуметтік ұғым. Гректің – parties, «Отан»
деген сөзінен шыққан.
Бұл термин
Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген
сүйіспеншілікті білдіреді.
Отансүйгіштік
ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін
бірнеше алғы шарттар қажет:
• Төл
тарихымызды білу;
• Ата - тілді
ардақтап құрметтеу;
• Ұлттық салт -
дәстүрді, әдет - ғұрыпты қадірлеу.
•
Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
Отансүйгіштік
ұғымын қалыптастыру үшін жасалатын
алғы шарттар:
Төл тарихымызды білу
- халықтың ынтымақтастығы, елдегі,
ерлігін, мемлекеттің күш - қуатын,
беріктігін оқып үйрету, отансүйгіштік
рухта тәрбиелеу
Ана тілді ардақтап,
құрметтеу - Мемлекеттік тіл мәртебесін
көтеру, ана тілін сүюге, құрметтеуге
үйрету
Ұлттық салт - дәстүрді, әдет
- ғұрыпты қадірлеу - Бойында ізгілік,
қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары
бар рухани бай адам қалыптастыру
Отансүйгіштік
рухта тәрбиелеу - Азаматтық - патриоттық
тәрбие беру. Тұлғалық, азаматтық сана
- сезімін қалыптастыру
Бала - елін,
жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін
жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғаны
абзал. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек
тәрбие арқылы ғана сіңеді. Оның басты
құралы рухани тәрбие. Рухани сезім –
ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себепті
Елбасы өзінің халыққа Жолдауында
азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз
еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық
қауіпсіздікті сақтаудың негізгі
элементтерінің бірі ретінде таниды.
Кез - келген жасөспірімге білімді
меңгерту ғана емес, оның рухани -
адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі
жан - дүниесіне әсер ету арқылы жас
ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсете
аламыз. «Өзіңді - өзің танысаң, істің
басы»- деген екен Шәкәрім бабамыз. Өзін
- өзі тани білу дегеніміз – адамның өзін
- өзі тәрбиелеуі. Ал, өзін - өзі тәрбиелеу
дегеніміз – адамгершілік мінезді
қалыптастыруға бастайтын жол. Адамгершілік
бар жерде жақсылық үйлесім тауып
тұрады.
ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған
еліміз әлемнің дамыған елдерінің
қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан,
еліміздің туын биікке көтерер білімді,
білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ
тәрбиелеу біздің алдымыздағы басты
міндет. Балалардың өмірге қажетті білім,
білік дағдыларын тереңдете, молайта
отырып, ұлттық әдет - ғұрып пен салт -
дәстүрге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу,
оның ішінде: қазақ халқының қонақжай
екенін бала санасына жеткізу көркем
шығармалар арқылы жүзеге асып
отырады.
Мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған көркем шығармалар
баланы шынайы болмысты, нақты әрекеттерден
тысқары тұрған шалқар кеңістіктегі сан
алуан құбылыстар мен адамдар әрекетімен
таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап
баланың сөздік қорын байытады. Көркем
шығармалардың бала дамуындағы танымдық
- адамгершілік, эстетикалық қызметінің
маңызы жоғары. Оған бала қиялын дамыту,
көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсер
етуді, түрлі мазмұндағы өнер түрлерімен
таныстыру, ауызекі сөйлеу тілін, баланың
дербес сөздік шығармашылығын дамытуды
айтуға болады. Тәрбиешіден көркем
шығармаларды таңдауда бала ұғымына
жеңіл, дамуы мен танымдық жетілуіне
әсер ете алатындай мүмкіндіктерді
қарастыру талап етіледі. Бала - ұлт
болашағы. Бала тәрбиесінде ата - ана
балабақша, тәрбиеші болып бірігіп
белсене жұмыс жасауы қажет. Ынтымақ пен
бірлік, сүйіспеншілік бар жерде тәрбие
- береке тауып тұрары сөзсіз. Бала ақылды,
иманды, өнегелі істі, ар - ұятты барлығын
ата - анасынан қабылдайды. Ал, білім
ошағы сол алған тәлім - тәрбиесін әрі
қарай жетілдіреді. Сондықтан да, бала
жаңа еккен шыбық секілді, қалай исе,
солай өседі. Бала бойына ұлттық тәрбиені
ерте бастан сіңіру ата - анамен қоса
педогтардың басты міндеті. Әрбір
балабақша тәрбиешісі еліміздің дәстүрі
бойынша жалғасын тауып келе жатқан бала
тәрбиесінің аясын кеңейтуді мақсат
етуі керек. «Адамның адамшылығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады» - деген Абай
атамыз, ендеше ұрпақ тәрбиесінде аянбай
еңбек етіп, білгеніңді үйретіп,
жауапкершілік таныту арқылы біз өнегелі,
білімді, саналы ұл - қыздарымызды
тәрбиелейміз.
Жас ұрпақ тәрбиесі
деген міндетті шешуде мектепке дейінгі
қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар
өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар
денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің
дамуына, адамгершілік қасиеттер мен
эстетикалық талғамның қалыптасуына
жағдай жасайды. Мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеу мақсаты қоғам
талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын
сүйетін, білімді, моральдық бейнесі
жоғары, шығармашылық еңбекке бейім,
рухани дүниесі бай, жетілген ұрпақ
қажет. Біздің ата - аналарымыз қыз бен
ұл баланың тәрбиесіне күнделікті
өмірден, салт - дәстүрімізден, аңыз -
әңгімелерден мысал келтіре отырып,
өнегелі тәрбие бере білген
Рухани
- адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс
дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының
нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас
мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.
Жеке адамның адамгершілік санасының
дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс -
әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы
– ол баланың мектепке бармастан бұрын,
қоғам туралы алғашқы ұғымдарының
қалыптасуына, жақын адамдарының өзара
қатынасынан басталады.
Баланы жақсы
адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке
тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас
болудың әсері күшті екенін халқымыз
ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас
болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен
жолдас болсаң – қаларсың ұятқа...» «Жаман
дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген
мақалдардан көруге болады. Мақал -
мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер
адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді
сыйлау адамгершіліктің бір негізі.
Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс
- әрекеттер барысында, әр түрлі ойындар,
хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы
беріледі. Адамгершілік – адамның рухани
байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне
бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам
болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің
нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерінің
салалары, қарым - қатынастарында
қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық
сананың ең басты белгілерінің бірі
болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы,
і - әрекеті, қарым қатынасы, көзқарасымен
сипатталады. Олар адамды құрметтеу,
оған сену, әдептілік, кішіпейілдік,
қайырымдылық т. б Адамгершілік – ең
жоғары құндылық деп қарайтын жеке
адамның қасиеті, адамгершілік және
психологиялық қасиеттерінің
жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы –
мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.
Адамгершіліктің қайнар бұлағы –
халқында, отбасында, олардың өнерлерінде,
әдет - ғұрпында. Егер бала бойында
адамгершілік құндылықтарын жастайынан
көргіміз келсе, оның қалыптасуына тек
көмектесуіміз, қолдау жасауымыз керек.
Сонда ғана ертеңгі қоғамда бәсекелестікке
түсе алатын өзінің біліктілігін жан -
жақты көрсете алатын болашақ ұрпақ
бойынан адамгершіліктің жоғары
құндылықтарын көре аламыз
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МАҢЫЗЫ
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды патриоттық сезімде тәрбиелеу, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Сондай-ақ, тәрбиешілер балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Сонымен қатар, отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, ата-аналар жиналыстары жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз. Соның ішінде атап айтсақ:«Менің елім - Қазақстан!», «Отан –отбасынан басталады», «Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік» т.б.
Патриотизм – тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте – бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.
Бір жағынан, ол жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.
Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан –байтақ жерінің біртұтастығында.
Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар қажет:
- төл тарихымызды білу;
- ана тілді ардақтап, құрметтеу;
- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу.
Адамзат отансүйгіш және қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат тұтады. Қазақ халқы өз баласының ізгі ниетті, адал жүректі, өр әрі намысшыл болғанын қалайды. Қазақтың атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты құралы- патриоттық тәрбие. Патриоттық сезім- ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себептен Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да жетерлік. Қоғамдық жерлерде қазақтың қара көз балалары өзара орысша сөйлеп, Еуропа мәдениетіне еліктейді. Мұның себебі неде? Жастардың арасында патриоттық сезімді қалай дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жан толқынтарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы» деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру - баршамыздың алдымызда тұрған міндетіміз.
Адам махаббаты қандай мәңгілік болса, оның патриотизмі де сондай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз, мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш нәтиже де, жеміс те бермейді. Олай болса, қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа керек.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ.
Адамгершілік патриоттық тәрбие (балабақшадағы тәрбие сағат)
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді. — -ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау. –Табиғатқа қамқорлықпен қарау. –Еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу. –Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау. –Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу.
.
Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы
патриоттық тәрбиенің маңызы
«Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
/халық даналығы/
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің
болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші
бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса,
екінші бесік –білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие —
адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
болса, бүлдіршіндеріміздің бойында
рухани-патриоттық сана-сезімді
қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие
беріп, ел болашағына өз үлесін
қосуда.
Мектепке дейінгі мекемеде
балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани
патриоттық тұрғыдан білім алуына
тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек — бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
«Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру»тұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:
Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу;
Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:
-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;
-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;
-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;
-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;
Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін
біл, Өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,
ең аяулысы-анасына балайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты да, осы бастан Отанына,атамекеніне шын берілгендіктен рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Соңғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу идеялары мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары –рәміздері бар. Олардың түрі және ресми қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленген.
Қ.Р-ның азаматтары Мемлекеттік туды, елтаңба ,әнұранды біліп , құрметтеуге тиіс.
Көптеген қазіргі кездегі вариативтік бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын қамтыған.Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін Қазақстан-ның елтаңбасын, туын танып,әнұран әуенін тану керек.
Балалармен жұмыста елтаңба,ту,суреттер бар бояу кітапшаларын қолданбаған дұрыс, бұл жастағы балалар мемлекеттік рәміздердің түстерін , реңдерін анық бере алмайды. Сонымен қатар , рәміздер бейнеленген суреттері қиып алу дұрыс емес . Бейненің тұтас-тығын бұзу заңды бұзумен бірдей болып келеді
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.
-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
–Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
–Еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
–Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.
–Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезім, адамгершілік – жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп-, бекер айтпаған. «Достық» балабақшасының «Балдырған » тобында балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін,ана тілін сүйетін қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар , «Менің қалам осындай» атты сурет көрмелері,туып өскен жеріміздегі өлкетану мұражайына саяхаттар ұйымдастырылып,отырады.
Сонымен бірге «Менің Отаным-Қазақстан», «Отаным-бақыт ордасы», «Біз Отаншыл баламыз» атты стенд жасақталып, үнемі толықтырылып отырады.Сонымен қатар ,ұлттық тәрбие беру- ұрпақ санасына ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өз ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау барысында ұлттық бұрыштар мен орталықтар жасақталды. Тұлғаның елжандылық сезімін қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан жеке тұлғаның елжандылық сезімін қалыптастыру мәселесі –мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асырылуы керек. Біздің тәрбиеміз ұрпағымызды әдепті, қайырымды, елгезек, еңбексүйгіш, адал және шыншыл,ұлтшыл, намысшыл,ел қорғаны болатын, халқына адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –әрбір азаматтың міндеті. Жеке тұлғаны тәрбиелеу,бала бойына өз елінің ажырамас бір бөлігі ретінде саналылықты қалыптастыру,адамгершілікті, руханилықты,патриотизмді және ұлттық мәдинетті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу .
Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі –тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.
Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты-
дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Балалардың бойына рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру.
Еліміздің
болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші
бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса,
екінші бесік –білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие -
адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.
Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына
ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей
із қалдырады. Заман талабына лайық
тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді
ұйымдастыру жаңа технологияларды,
идеялар мен шығармашылық, инновациялық
жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа
білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз
күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге
жүрері анық. Балабақшада берілетін
тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы,
әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің
түпкі негізін қалайтын орын. Бала
бойындағы жақсы қасиеттер мен
мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі,
тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының
тигізер әсерінің маңызы зорХалқымызда
«баланы жастан» деген дана сөз бар.
Тәрбиенің бесіктен басталатынын
ескерсек, ата – бабадан келе жатқан
дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп,
балаларға оның нәрін сіңіре білсек,
болашақ патриот тәрбиелесек бұл
еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен
үлесіміз.
Еліміз өзінің тәуелсіздігін
алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие болып қанат жайып келе
жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің
қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге
тікелей байланысты болса, мемлекеттік
тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді
ардақтай білуіміз де ерекше рөл
атқарады.
Егемен ел атанып, өз
алдымызға дербес мемлекет болғаннан
кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие
беру, олардың патриоттық сезімін ояту,
елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін
нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру
біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан
тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына
дейінгі бүлдір¬шіндерге қазақ тілін
үйретудегі талап, міндеттер бала¬бақшамызда
жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы
бала қазақ тілін меңгеру барысында
тілдік қатынастың аса маңызды түрі –
ауызша сөйлеп үйренеді. Ол сөздерді
байланыстырып айту арқасында жүзеге
асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың
тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас
жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала
тілі икемді келеді, сол себепті де
сәбилермен жүр¬гізілетін жаттығу
түрлері де әр алуан. Балалардың жас
ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген
сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге
арналған жұмыс түрлері біртіндеп
күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін
тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа
байланысты жаттығу түрлері де кешенді
түрде іске асырылады. Дыбыстардың
ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға
жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында
ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру
сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде
балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар,
көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі.
Қазақ тілін үйретуде көркем және халық
ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор.
Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс
сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік
қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын
жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше
дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ,
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді
рольдермен орындауға, қазақ халқының
дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне,
туған жеріне деген сүйіспеншілік
сезімдерін арттыру, балаларды тіл
үйренуге, халық мәде¬ниетін зерттеуге,
адамгершілікке баулиды. Ана тілің –
арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің
бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, – деп
ақын жыр¬лағандай, өз ана тілімізді
жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге
үйрету, халқымызда ға-сырлар бойы
қалыптасып, сақталып келе жатқан
наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын
өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына
сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже
береді. Халық байлығының асыл қазынасы
– рухани тіл. Оны меңгеру бесік
тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап,
балабақшада ары қарай жүзеге аспақ.
Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді»
деген мақал бар. Демек, біз балабақша
табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына
қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре
білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген
сөз.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы ментәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен бірте қайнасып жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.
Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі.
Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек.
Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәтібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді.
Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзіолардың ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген