жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп жасына дейінгі балаларға сан ұғымын түсіндіру
Мектеп жасына дейінгі балаларға сан ұғымын түсіндіру.
Мақсаты:Математикалық ойлау дағдыларын,танымдық қызығушылықтарын,білімдерін қалыптастыру. Балаларға әр түрлі пішіннен,өлшемнен заттардың жиынтығы тұратындығы туралы ұғымдарды беру.Осы заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде теңдігін немесе теңсіздігін анықтауға үйрету.
Сан
және есептеу.
-балаларды 3,4,5-ке дейін санауға үйрету,заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санауға,сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету.
Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету.
-Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды беру.Салыстырылатын топтар:бір-көп,бір және екі,екі және үш,үш және төрт,төрт және бес.
-Беске дейін тура және кері санап жаттығу.
-Әр түрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту(көру,есту,иіс сезу).
Көлем.
-Беске дейінгі заттарды шамасы,ұзындығы,биіктігі ,ені,жуандығы бойынша салыстыруын бекіту.Көбею және азаю тәсілдерін пайдалану,заттардың сөздермен орналасу тәртібін белгілеуге үйрету.
-Екі белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыруды жалғастыру. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда ұзынырақ(қысқарақ),жоғары(төмен),кең(тар),жуан(жіңішке)заттарды табу білігін дамыту.Балалардың көз өлшемін дамыту.
-Екі затты үшінші-шартты өлшем көмегімен салыстыруға жаттықтыру.
Геометриялық
пішіндер.
-Шеңбер,шаршы және төртбұрыш,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атауын бекіту.
-Геометриялық пішіндерді сипау және көружолымен қарастыру.
-Геометриялық пішіндер әр түрлі өлшемде және әр түрлі түсте болатындығы туралы ұғымдарды қалыптастыру.
-Геометриялық денелер,текше,шар,цилиндр жөніндегі білімдерін бекіту,оларды ажырату және атауды үйрету.
-Заттарды геометриялық фигуралардың пішінімен ара қатынасын белгілеу,мәселен,доп-шар,бокал-цилиндр және т.б.
Кеңістікті
бағдарлау.
Алға,артқа,сол жақтан,оң жақтан,жоғары,төмен бағыттарды анықтай алуын жетілдіру.
-Алға,артқа,солға,оңға берілген бағыттарда қозғалуын дамыту.
Уақытты бағдарлау.
Тәулік бөліктері туралы ұғымдарын кеңейтуді,оларды атау кезіндегі дұрыс жүйелілікті сақтауға үйрету.
Кеше,бүгін,ертең ұғымдарымен таныстыру.Таяу күндердегі атаулардың жүйелілігін атауға үйрету: «Кеше аптаның қай күні болды?», «Бүгін қандай күн?», «Ертең қандай күн болады?»,әр түрлі оқиғалар негізінде:біз кеше не істедік;бүгін не істейміз,ертең не істейміз.
-Нақты мысалдарда «жылдам», «баяу ұғымдарын ашу.
Күтілетін
нәтижелер:
-5-ке
дейінгі сандарды ретімен және керісінше
санайды;
-заттардың екі тобын салыстырады,екі тәсілмен,яғни кем топқа үстемелей отырып немесе көлемді топтан бір затты алып тастай отырып теңдікті орнатады, «Қанша еді?», «Қанша қалды?» сұрақтарына жауап береді;
-әр түрлі шамадағы 5 затты кему және арту тәртібімен орналастыра отырып салыстырады;
-геометриялық пішіндер мен денені бағдарламаға сәйкес таниды және атайды;
-өзіне қатысты белгілі бір заттың орналасуын анықтайды және сөзбен белгілейді;
-тәулік бөлігін дұрыс жүйелілікте атайды және ажырата біледі;
-өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың:жоғары-төмен,алдында-артында орналасуын анықтайды;
-заттарды салыстырады,екі затты шамасы бойынша бір-бірінің үстіне қою немесе қатар қою негізінде салыстырады;
Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарының қалыптастырылуы дамиды.
Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыруда ҰОӘ алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді.
Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары:
Мөлшер және санау. (аз-көп)
Салыстыру (үлкен-кіші, биік-аласа, жуан-жіңішке)
Түстерді ажырату
Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.
2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі.
3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі.
4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі.
Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес
бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір
алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда
қалмақ неше алма? (4 алма)
Мектеп жасына дейінгі ұғымдарды қалыптастырудың дамуында жас ерекшеліктеріне байланысты құзіреттілігне тоқтайтын болсақ:
І кіші топта -бірлескен ойын процесінде заттың түр-түсін, көлемін ажырата білуге үйрету.Түрлі-түсті пирамидалар құрастыруға, 2-3 белгілері бойынша заттарды топтастыруға үйрету.
ІІ кіші топта- түрлі жиындар құрастыруды, олардың санын анықтауды, көлемін тануды, салыстыруды, топтастыруды үйрету.Заттардың 2 тобын қатар қою, бірінің үстіне бірін қою тәсілін қолдану арқылы ажыратуды және салыстыруды үйрету. Мөлшері әртүрлі заттардың көлемін, олардың пішінін анықтай білуді дамыту.Кеңістікте және уақытта бағдарлануға үйрету.
Ортаңғы топта- Балаларда санау және заттардың сандық топтарын жасау дағдыларын қалыптастыру. Заттарды азаю және көбею ретімен салыстыруға, геометриялық пішіндегі заттарды ажырата және атай білуге үйрету. Балалардың кеңістікте және уақытта бағдарлана білу жайлы түсініктерін тереңдету.
Ересек топта- Сандық қатар, сан құрамы, сандық және реттік санау, санның зат мөлшеріне, ара қашықтығына, санау бағытына байланыстылығы жөніндегі білімдерін жетілдіру. Бөлуге және заттың бүтіні мен бөлігін салыстыруға үйрету. Бір заттың көлемі мен пішінін басқа затпен салыстыруға, шартты өлшемді қолдануға үйрету. Бір заттың қатысын өзіне және басқа затқа қатысы бойынша анықтауға үйрету. Уақытта бағдарлану дағдыларын тереңдету.
Нәтижесінде біз балаларға әр түрлі тапсырмаларды береміз, тапсырмаларды орындау барысында ой-өрісі дамиды және мыналарды үйренеді :
- заттардың белгілерін сипаттау ;
- берілген белгілері бойынша заттарды тану ;
- заттардың бірдей және әр түрлі қасиеттерін анықтау:
- заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру;
- іс -әрекеттердің бірізділігін анықтау;
- қарама -қарсы құбылыстар туралы мінеу;
- өз қызметінде уақытша жақтауларды көру;
- кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау ;
- жалпылау, зейінді болу ;
- есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту;
- әр түрлі түсініктерге анықтама беру :
- тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.
Қорытындылай келе әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, тәрбиешілердің парызы. Ендеше осы парызымызды жүйелі орындай білейік әріптестер. Тәрбиелік жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген