Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық, патриоттық тәрбие беру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық, патриоттық тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық, патриоттық тәрбие беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық, патриоттық тәрбие беру

Мектепке дейінгі балалардың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен балабақша шешуші рөл атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы,ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру ұйымы. Сондықтанда қазіргі қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға ұлттыұқ,патриоттық тәрбие бере отырып, еліміздің мәдениетін, бейібітшілігі мен егемендігін сақтауға,дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыру керек. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам болып қалыптасуының алғашқы сатысы болса,бүлдіршіндеріміздің бойына рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағытымен тәрбие беріп,ел болашағына өз үлестерін қоса білетіндей етіп тәрбиелеу керекпіз. Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек,ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізді ең алдымен өзіміз түсініп,сосын барып баланың бойына сіңіре білсек,болашақта ұлтжанды ұрпақ етіп тәрбиелесек-бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен еңбегіміз деп білеміз. 13 Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге,тілімізге деген үлкен құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені мектепке дейінгі жастағы балалардың бойына сіңіру ерекше орын алады. Қазағымыздың асыл мұраттары қайта гүлдеп,мәдениет дәрежесі - жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Баланың бойына мәдени ұлттық сана-сезімін қалыптастыру үшін,сонау ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенді бүгінгімен байланыстыра отырып,баға жетпес асыл қазынамыз -айта кететін болсақ, ұлттық ойындарымыз бен ұлтық аспаптарымызды,салт-дәстүрімізді үйретуіміз және дәріптеуіміз керек. Сол ұлттық әдептілік мәдени құндылығымыздың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге берер пайдасы орасан зор. Балаға ұлттық тәрбие беруде,қазақтың ұлттық музыкасы халқымыздың баға жетпес құндылығы. Ежелден бері атадан балаға мұра болып, сан ғасырлық тарих қойнауынан өтіп, бүгінде жоғалмай, өлмей осы күнге жеткен асыл қазынамызды, біз де ары қарай өсіп келе жатқан ұрпаққа мұра ғып жеткізуімізге болады және жеткізе білуіміз керек. Бұл біздің жер бетінде қазақтай елдің өмір сүретінінің айқын дәлелі. «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», - бұл Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі болатын. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері өте көп. Сондай аса мәнді мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар болып табылады. Балабақшада балаларға ұлттық ойындар ойната отырып, әр баланың кішкентай ғана жұдырықтай көкірегіне ұлттық,патриоттық сезімді оятуға болады. Ұлттық ойындар-сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойынбалалар өмірінің нәрі, яғни рухан и жетілуі мен халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда рөлі өте зор. Ұлттық музыка- бала өмірінде ерекше орын алады. Баланың өмірді тануы еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Мысалы: «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты» т.б. ойындары баланың қазақи сөздік қорын дамытып, батырлыққы, шапшағдыққа, епттілікке жетелейді. Ойынды тиімді пайдалана білсек, баланың қызығушылығын оята аламыз. Ойын барысында балалар өздерін еркін сезінеді, іздемпаздық, тапқырлық әрекетін байқатады. Баланың бойына мәдени ұлттық сана-сезімін қалыптастыру үшін,сонау ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенді бүгінгімен байланыстыра отырып,баға жетпес асыл қазынамыз -айта кететін болсақ, ұлттық ойындарымыз бен ұлтық аспаптарымызды, салт-дәстүрімізді үйретуіміз және дәріптеуіміз керек. Балабақшадағы музыкадан ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларға ұлттық аспаптарды таныстырып, олардың үнін, тыңдатып, дыбысына қарай аспапты ажыратуға үйретіледі. Сонымен қатар Ұлттық мерекелік іс-шараларда қазақтың ұлттық билері биленіп, ойындары ойнатылады. Балабақшада Наурыз мерекесі кең ауқымда ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, ұлттық салтдәстүрлер көрсетіледі. Осының бәрі кішкентай бүлдіршіндердің мәдени ұлттық сана-сезіміне әсері мол деп ойлаймын. Қазақ халқының ауыз әдебиеті біздің баға жетпес асыл қазынамыз.Балабақшада ауыз әдебиетінен тараған жұмбақ жасырып және оны шеше отырып баланың ой-өрісін дамытуға,жаңылытпаш жаттатқызып, баланың тілін сындыруға, ,дұрыс сөйлеуге үйретеміз. Мен өзім осы кішкентай балаларға бірнеше жылдан бері музыка іс әрекетінде балалардың бойына қазақ халқының ұлттық құндылығын сіңдіріп келемін. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу - тәрбиенің басты міндеттердің бірі. Бұл саладағы күш-жігер, алдымен, бүлдіршіндерді отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласы. Балаға «Отан», «туған жер» дегеніміз - тарихи қалыптасқан әлеуметтік, саяси және мәдени орта. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуді пайдаланған бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқоры», «Отан қораушысы», «Шаңырақ иесі», - деп жақсы сөзін қазақ халқы баласына арнаған. Отанды сүю халық ауыз әдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, халықтың тәрбие- 14 дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығырмалары, бейнелеу өнері, қол өнері туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан. Жас ұрпақты намысшылдыққа, ерлікке, отаншылыққа «Ер жігіт елі үшін туады» деп, кішіпейілдікке «Кішіпейіл болсаң, кішіреймейсің» деп, бауырмашылыққа, білімпаздылыққа, ақылдылыққа «Ақыл азбазды, бегім тозбайды» деген -дана халқымыз. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Ал, кеменгер ойшыл Абай атамыз: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады,бірінші ата-ана, екіншісі-ұстазы, үшіншісі-құрбысынан деген екен . Сондықтан да алдымыздағы бүлдіршіндерімізді балабақша кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіріп, елінің нағыз ұлтжанды, парасатты, патриоты болуына өз үлесімізді қосып,тәрбиелеп келеміз. Әдебиеттер. 1. Табылдиев Ә.Қазақ этнопедагогикасы - Алматы, Санат, 2001 ж. 2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті - Алматы, ҚМОП баспасы, 2010 ж. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу стандарты - Астана 2010 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2025
22
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі