400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың алатын өзіндік рөлі бар. Әрбір халықтың дұрыс тәрбиесі - өсіп келе жатқан ұрпақта өз туған жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту және елі мен жерін құрметтеуінен тұрады. Ұлттық құндылықтар негізінде патриоттық тәрбие беру мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту барысындағы маңызды міндеттерінің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ

Ұлттық құндылықтар және мектепке дейінгі білім беру

Бейсембетова Ж.Е, Данияр С.Н

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

e-mail: symbatdaniyar3@gmail.com, juldyzbeisembetova@gmail.com



Қай кезеңде болмасын ұлт алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең ,жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек. «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде ,ата –баба салт санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді.

Педагог М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі, бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті»,- деп ұлттық тәрбиенің, халықтық педагогиканың ұлағаттылығын дөп басып айтқан.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде оқушылардың бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі