400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед дефектологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Логопед кеңесі





ЛОГОПЕД ДЕГЕН КІМ?

Логопед маманы кім? Олар не істейді? деген сұрақ әрбір адамның көзінде тұрары хақ.Бұл сұраққа маман ретінде жауап берер болсақ...

Логопедия –дегеніміз сөйлеу тілінің мүкістеніп бұзылуын жан –жақты тексеріп зерттейтін және оны оқытыпүйрету жаттықтырып машықтандыру арқылы болдырмауды алдын ала ескертетін және оны педагогиқалық әдіс тәсілдерді қолданып түзетумен айналысатын арнайы дефектологиялық ғылым.

Тіл адамның психикалық қызметінің ең маңызды құралы болып саналады.Сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе бұзылуы баланың психикалық өмірінің бір қалыпты дұрыс дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы мұндай балалар әдетте айналасындағылармен қарым қатынаста өздерін емін еркін ұстап ашық сөйлесе алмайды,әсіресе қатарларының арасындағы айтыс тартысты дискуссиялық сөз сайысына белсеніп қатысуға қаймығып тартыншақтай беретін болады. Сонымен қатар сөйлеу тілінің мүкістігіолардың танымдық процестерінің дұрыс қалыптасуына да жүгірте оқып ,көсілте жазуына да кедергі жасайды Мұндай кемістіктердің кейбір ауыр түрлері баланың ой өрісінің дамуына да кері ықпалын тигізуі мүмкін .Оның мінез құлқында ешқандай негізсіз,дәлелсіз себептерді сылтауратып тартыншақтай беретін әдет пен қаймығып қорғалақтайтын томаға тұйық қасиет пайда болады.

Логопед маманы сөйлеу тіліндегі кемістіктердің симптоматикасын, олардың пайда болу себептерін және механизмдерін ,сондай –ақ кемістіктердіңқұрылымындағы тікелей тілге қатысты симптомдардың араларындағы байланыстарды тексеріп зерттеуіқажет .Тіл кемістігіне шалдыққан балаларды логопедиялық жүйемен оқытуда қолданатын әдіс тәсілдердің түрлері көп.Тіл тузету барысында артикуляциялық жаттығулардың дыбысты дұрыс, бірақ түсініксіз дыбыстайтынбалаларға да өте пайдалы.

Артикуляциялық жаттығулар алдымен баяу ,айнаның алдында орындалады, себебі бала өз іс әрекетін көріп бақылауы қажет.Бала үйренгеннен кейін айнаны алып қоюға болады.Кейін жаттығулардың қатарын көбейтіп отыру керек оларды санап орындауға да болады .Баланың жасына және шыдамдылығына байланысты артикуляциялық жаттығуларды 5-7 минут көлемінде күніне 2 рет жасаған абзал.Сабақ барысында баланың тілі дірілдесе,тіл арты тырысып тұрса,бір жанына қарай ауытқып кетсе, және бала тілін қысқа уақытқа да қажетті қалыпта ұстап тұра алмаса,міндетті түрде логопедтің көмегіне жүгініңіз. Логопед арнайы массаж уқалаудың көмегімен емдеп жаза алады тіл мүкістігіне арнайы зонд арқылы да массаж жасап емдейді бұл тәсіл дыбыстарды қоюда бірнеше жылдар бойы қолдануда . Массажды зондтардың негізгі артикуляциялық мүшелердің зақымданған жақтарына бет ,самай бөлігі,жұмсақ қатты таңдай , ерін ,тілге жасалады.Массажды зонд турлерін қолдану арқылыбұлшық ет тонусын белсендетуге,тамаққадеген тәбетін жоғарлатуға және қан айналымын белсендіруге болады.

Логопедиялық тузету бағдарламалары мен бірге зондпен массажды қолдану тұтықпасы және дизартриясы бар балаларға дыбыс қою мен машықтандыруда көмегін жақсы тигізед.і Зондтардын 8 түрі бар Олардың түрлері әр турлі болганымен мақсаты бір болып табылады.

Логопед маманы балаға зондпен массаж жасамас бұрын,баланың денсаулық кітапшасына қарап ШПДПК қорытындысына қарап, ауыз қуысында жұқпалы вирустың жоқ екендігіне көз жеткізу керек. Осы аталған жағдайларға сенімді болғанда ғана зондпен массажды бастауға болады.Зондтардыңкөмегімен ызың дыбыстарды қоюға болады С, Ш ,Ж , З,Р, Л дыбыстарын балалар қате айтканда ,Мысалы «Сабын »дегенде «Шабын» деуі, де Р дыбысын мулде айтпауы ,сөзінде« Рахмет »дер болса « Лақымет »деу .Фонематикалық бұзылыстарға ұшырағандар болап табылыды . Логопед маманы осы бұзылыстардын алдын алуы қажет.Сонымен тілі мүкіс балаларды тузету барысында балаларға Логопед маманы Артикуляциялық жаттығу, және массаж бен зонд қою арқылы кемшіліктерді тузетуге болатынын айтады .

Қазіргі таңда № 3Талапкер орта мектебінде логопед маманы жұмыс істеуде.Мектепте тіл түзету қатарына алынған балалардың тілдері тузеліп, еркін сөйлеп мерекелерде іші нара іс шараларда, тақылдап тақпақ айтып тұрғанда, логопед еңбегінің еленіп ықпалы тигеніне қуанып тұрамын. Ата аналарға айтарым балаларыңыздың тілінде ақау бар екеніне көзіңіз жетсе, Логопед маманына жүгініңіз.Келе тузеліп кетер деп салғыртық танытпаныз « Бала –тілі бал » екенін ұмыт қалдырмаңыз. Сөзімді аяқтарда айтарым.

Күн сайын биіктеген әр сатымыз

Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.

Әр дайым ашық болсын аспанымыз,

Еңбекпен шыға берсін жақсы атымыз!



3 Талапкер орта мектебінің логопед маманы Сапарова Ақбота Абдіразаққызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.04.2019
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12