Мектеп жасына дейінгі балалармен сурет
салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту
Балалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Олар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған. Сондықтан, сұлулықты сезіну, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру, өнер туындысын, туған табиғаттың сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру қажет.
Әртүрлі авторлардың (Г.Б.Кибишова «Вдохновение» бағдарламасы, И.А.Лыкова «Методическое пособие для специалистов дошкольных образовательных учреждении», Т.Н.Доронова «Природа, искусство и изобразительная деятельность детей», Р.Г.Казакова «Изобразительная деятельность в детском саду» еңбектерімен таныса отырып,біз көптеген қызықты идеялар кездестірдік және алдымызға мынадай мақсат қойдық.
-
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.
-
Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.
-
Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету.
Дұрыс техникалық дағды бала бойында сабақ сайын дамып, қалыптасып отырады. Балалар сурет салу тәсілдерін құрғақ түсіндіргеннен емес, өздері тәжірибе жасаудан үйренеді. Балалар бақшасында сурет салу үшін көптеген құралдар беруге болады: түрлі-түсті және қара қарындаштар, акварель және гуашь бояулар, балауыз борлар, фломастерлер, акварель борлар, пастель, көмір, сангина, тушь, пластилин т.б. Балаларды үйрету барысында оларға ұсынылған түрлі заттар қызығушылықты арттырады.
Олар тіпті, қара қарындаштың өзін заттың мазмұнын беру үшін әртүрлі басу арқылы ғажап суреттер сала алады. Балалар сурет салу құралдарын игергеннен кейін, оларды саналы түрде материал таңдауға әкелеміз. Бұл жердегі маңыздысы баланың өзіне қажет құралды дербес таңдап алу қабілеті. Сабақ соңында бала өз еңбегін көргенде бейнені шешудің алуан тәсілдерін көреді. Сонда ғана оның келесі жолы бояу таңдауда шешімі өзгеруі мүмкін. Бұл оның шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді. Техникалық дағды мен тәсілдерді меңгеруі дүниені өз сұлулығымен бейнелеуге әсерін тигізсе, ең маңыздысы сол.
Қазіргі таңда балалар бақшасындағы балаларды көркем өнерге баулуда дәстүрден тыс тәдіс-тәсілдермен бірге бейнелеу құралдарының да көптеген түрлері пайдаланылады. Солардың біразына тоқтала кетейік:
«палитра - саусақтар» саусақпен сурет салу.
Қол астында қылқалам жоқ па? Ештеңе етпейді. Бір саусағымызды көк бояуға батырамыз, келесісін сары бояуға, үшіншісін қызыл бояуға маламыз. Палитрадан несі кем!... Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Саусақпен сурет салу бірнеше кезеңнен тұрады. Балалар әуелі бір саусақпен, сосын бірнеше саусақпен сурет салып үйренеді. Біз көбелектерді, балықтарды, көгалды нүктелер, ирек сызықтармен безендіріп үйренеміз. Келесі кезеңде балалар бояуларды араластыруды үйренеді.
Әр саусағын әртүрлі бояуға батырып бір түстің үстіне келесі түсті жағады. Түстерді араластыру нәтижесінде балалар өздеріне қажет түсті табады. Естиярлар тобында қарапайым бейнелерді бояудан бастап, мектепке дайындық тобында «саусақпен бояу» техникасын жете меңгерген балалар сурет тақырыбын өздері таңдап, оны нұқу, жағу, бояуларды араластыру әдістерімен ұтымды безендіре алады. Ертегілерге салынған сюжеттерді де балалар өте сәтті бояды.
Келесі техника - «Алақанмен» сурет салу. Бұл әдіс кішкентайлар тобындағы балаларға өте ұнайды. Себебі балалар бояуды көріп қана қоймайды, оны сезінеді.
Балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланылатын келесі әдіс – сызықтармен (штрихтармен) сурет салу. Сызықтардың көмегімен заттың сапасы, оның қасиеті, туралы біліп, суреттегі бейнені, оның қоршаған ортаға қатысын ашуға болады. Сонымен бірге сызықтармен сурет салу, саусақтардың бұлшық еттерін дамытып, қолды жазуға жаттықтырады.
Ересектер топтарындағы балалар «балапан», «кірпі»тақырыптарына сурет сала алады. Бұл суреттер қарапайым да мәнерлі, бейненің ерекшелігін әртүрлі сызықтар және сызықтарды әртүрлі қалыпта жүргізу арқылы беріледі. Сызықпен сурет салу үшін балаа\лар бос уақыттарында көп жаттығулары керек. Бейненің мазмұнын ашу сызықты пайдалана білуді қажет етеді.
Сонымен бірге дымқыл қағазға сурет салу әдісі де өте қызық. Бұл әдіс ересектер тобындағы балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланылады. Гуашьпен бояғаннан гөрі акварельмен бояу күрделірек, бірақ қызық. Акварельмен тек ақ параққа сурет салуға болады. Бояуға су көбірек араластырылса бояу түсі тұнықтана түседі. Әсіресе балаларға тымық және желді күнгі теңізді салу өте ұнайды.
Балауыз бор, май шам және акварельмен сурет салу халық шеберлерінің пайдалануымен ертеден келе жатқан әдіс. Балаларға жаңа талпыныс әкелетіні, олардың қызығушылықтарынан белгілі.
Жаңа техника граттажды пайдаланып балалар «Қысқы орман», «Түнгі ертегілер», «Саябаққа серуен» тақырыптарына суреттер салды.
Майлау арқылы бояу балаларға өте ұнайды. Балалардың жағу әдісін игеруі әртүрлі болғандықтан бұл әдіс те бос уақытта көп жаттығуды, әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет етеді. Себебі балаға жағу мен нұқуды айыра білудің өзі күрделі. Қазіргі таңда сәнге айналған монотипия және диотипия (баспа техникасы) әдістері де өте қызықты. Бұл әдіс қиялды, елестетуді, түс пен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі. «Су жағасындағы талдарды» салуда жарты суреттен тұтас суреттің жасалуы балаларға өте ұнады. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің бірі шашыраты арқылы сурет салу да үйретілді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет.
Пластилинмен сурет салу баладан төзімділікті, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін табандылықты талап етеді. Бұл әдісті біз мектепалды тобында пайдаландық.
Сол сияқты балаларды бейнелеу өнеріне баулуда біз бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістері көптеп пайдаланамыз. Мысалы:
-
Бормен сурет салу,
-
Көмір және сангинамен сурет салу,
-
Табиғи заттарды пайдаланып сурет салу,
-
Жіптің көмегімен сурет салу,
-
манка жармасын пайдалану арқылы сурет салу,
-
құммен сурет салу т.б.
Алуан түрлі әдістердің балалардың жұмыстарының мазмұнын ашуға өз септігін тигізетінін атап айтпай болмайды. Олардың орындалу барысының өзі балаларға үлкен қанағаттанғандық әкеледі. Әр қимыл сәтті шыққан сайын бала өз жеңісінің жемісін өзгелерге көрсету үшін оны сан рет қайталап көрсетуден жалықпайды.
Шеберлер қаласы
Бағдарламалық мазмұны:
-
Шеберлік және халық қолданбалы өнерінің туындылары туралы түсінік қалыптастыру.
-
Балалар зердесінде қазақ халқы тұрмыстық заттарының атауларын, ою-өрнек аттарын, еңбек туралы мақал мәтелдерді бекіту.
-
Көркем шығармашылық, және біліктілік қабілеттерін дамыту.
Туған елге сүйіспеншілік, еңбекқорлық, қонақжайлылық, қайырымдылық, тәрбиелеу; тамаша бұйымдарды дүниеге әкелген қазақ қолөнер шеберлерінің еңбегіне деген құрмет сезім қалыптастыру.
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасы ЖШС-нің
тәрбиешісі Елова Лайло Амонгельдыевна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектеп жасына дейінгі балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту

шағым қалдыра аласыз