жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы тілі мен сөздік қорын дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы
тілі мен сөздік қорын дамыту
Зулкарнаева Лариса
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшадағы оқу - тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы балаларда тілдік грамматикалық құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез - құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Өз жұмысымда алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балалардың тілдік грамматикалық құрылымын қалыптастыру дағдыларын жетілдіру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.
Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.
Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде ерте жастағы балалардың толыққанды дамуын, жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету медицина, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының басты назардағы мәселесі болып отыр. Себебі дәл осы ерте жастағы кезеңде баланың физиологиялық, психологиялық тұрғыдан және тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарттары қаланады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастағы көмек көрсетудің маңызын келесі факторлармен түсіндіруге болады: баланың дамуы белсенді динамикалық үдеріс, яғни дамуында кездесетін ауытқулар мен тежелістер арнайы жағдай жасау арқылы баланың орын толтыру мүмкіндігін жүзеге асырады; баланың орталық жүйке жүйесі өте бейімделгіш болғандықтан, олар жаңа ақпарат пен дағдыларды бойларына жылдам сіңіреді; өмірінің алғашқы жылдары бала ағзасының психикалық және моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Осы факторлардың барлығы ерте жастағы кезеңнің дамыту мен түзетудегі маңызы зор екендігін дәлелдейді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып
- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
- жаңа сөздерді меңгертеміз;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.
Осы аталған міндеттерді педагог үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Сол әдістердің бірі:
Түсіндіру
әдісі - жаңа
сөз, сөз
тіркесі,
сөйлемдерді түсіндіруде
қолданады. Оқу іс - әрекетінде үйретілетін жаңа сөздер бойынша,
яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік
әдісі – күнделікті жүргізілетін
әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады.
Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы
сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды
яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек
.
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады
ҰОІӘ тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
Жұптық. Топтық. Ұжымдық.
Жұптық оқыту.
Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат - екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір - бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі ; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Оқу іс - әрекетінде балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мәселе:
- балалардың сөздік қоры аз
болуында
- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы
- Қойған сұрақты түсінбеу, дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастыра алмауы
- Байланыстырып сөйлеуге, (4-5
сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауды
- ертегілерді, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды
тыңдап түсінуге, жаттап алмауы
- Өз ойыншықтары, отбасы,
киімдері т.б. туралы бір - біріне сұрақ қойып, жауап бере
білмеуі.
Мнемокесте – есте сақтау
қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте
сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің
жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады. Тәрбиеші сабақта сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы да баланың тілін дамытады. Серуен кезінде айналадағы табиғат құбылыстарын бақылау, балабақша ауласында қандай өзгерістер болғандығын сұрау кезінде баладан жауап ала отырып, тілін, ойын дамытумен қоса сөздік қорын молайтады. Сондай-ақ, тілді дамытуда рөлдік ойындар мен мнемотехника тәсілін қолдану өте тиімді. Тәрбиеші көркемдік шығармалар мен ертегілерді айтып қана қоймай, рөлдік ойындар арқылы ойнатса, ол баланың ойында қалады. Сахнада кейіпкер ретінде ойнап тұрған бүлдіршіннің тілі, ой-өрісі дамиды, оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық артады. Рөлдік ойын ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Рөлдік ойындарды ойнау негізінде балалардың ойынға деген қызығушылығы артады. Сондықтан олар лайықты рөлді өздері таңдап алғаны жөн. Сонда ғана ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілін тиімді құрал ретінде қолдану арқылы жеткіншектің есте сақтау қабілеті артып, өмірлік құбылыстар мен оқиғаларды ажырата айтып, айырмашылығын жетік әңгімелей алуға дағдыланады.
Мнемотехника дегеніміз – көру образдары амалының құрылымы. Ол хабарды миға жүйелі жазып алуға мүмкіндік беретін ішкі хат жүйесі. Мұндай тәсілдер арқылы материалды балалар тез игереді. Балабақшадағы мнемикалық кестелерді қолдану балалардың көру арқылы ақпаратты тиімді қабылдауына және қайта өңдеуге, әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуға, есте сақтауға және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл технологияны қолданғанда сызба-кестені пайдаланған жөн. Кестелер сурет арқылы берілуі керек. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырcақ» ертегілері балаларға таныс. Оның мазмұнын балалар жақсы біледі. Сондықтан оны айту кезінде сурет кестесін қолданамыз. Ертегі желісін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Ал балалар суретке қарап, ертегіні айтып береді. Заттарды суреттеу немесе кез келген тақырыпта әңгіме құрастырар кезде де сызбалар қолдануға болады. Бала сызбаға қарап, әңгіме құрастырып үйренеді. Нәтижесінде тәрбиеші бірқатар жетістікке жетеді. Демек, бала мен тәрбиеші арасында ынтымақтастық қалыптасады, тіл дамыту сабақтарындағы ойындар баланы қызықтыратындай тартымды өтеді, жеткіншектің сөздік қоры толығып, байланыстыра сөйлеуге үйренеді, тілі дамиды, қарым-қатынас мәдениеті бүлдіршіннің өз пікірін жеткізе білуіне жетелейді.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Ойын-балалардың өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын, төзімділікті,алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, көп білуді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын тек баланың, дене күшін, қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа , дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.Ойын- бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды, бала отбасымен және қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарас қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдарымен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.
Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, саусақ ойыны ма, сюжеттіме, драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.
Осы орайда тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
1.Тәрбиеші мен баланың арасындағы педагогикалық әдіс пен ынтымақтастықтың сақталуы.
2.Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, ойын бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы.
3.Балаларға берілетін тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.
4.Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компененттерін құру.
Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз» «Қоянның көңіл-күйі» т.б. 19 мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып көрсетуге үйрету. Ойынды әрбір бала ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған баланың дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сабақта әртүрлі дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатқа жетуге болады. Сонда ой-өрісі кең, тілі дамыған, өз ойын толық жеткізе алатын, мектепке баруға дайын ұрпақ тәрбиелеуге болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген