МКҚК
«Мирас» бөбекжай-бақшасының
қазақ
тілі пәні мұғалімі
Ернұрқызы
Ақмарал
«Мектеп
жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін
дамыту»
Балабақшадағы
оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың
тілін дамыту, сөздік қорларын молайту,
ауызша сқйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін
қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет
кезіндегі тідік қарым-қатынаста қолдана
білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі
балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері
болып есептелінеді. Біз балалармен
сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды
айналасындағы заттармен таныстырып,
атын атай білуге, өмірдегі, қоршаған
ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы
ұғым, түсініктерін дамыта отырып,
бесленді түрде тілдік қарым-қатынас
жасай білуге үйретеміз. Ойын арқылы
бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден
еш жалықпайды. Ойын бала тілін дамуына
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің
дамуына жол ашады. Қай бала болмасын
ойынмен өседі. Бала табиғатының өзі тек
ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала
еш нәрсе тәуелсіз, ол өзін еркін ұстайды.
Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысымен
құлшынысы. Баланы дамытатын, өсіретін
әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын.
Ойын-баланың алдынан өмірдің есігін
ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып,
танымдық қасиеттерін дамытады.
Ойын-баланың өмір танымының алғашқы
қадамы.
Ойын
дегеміз-ұшқын білімге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар аты. Ойын-сабақ
ойын жаттығу, сергіту ойындары,
дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік
ойындар баланы жан-жақты дамытады.
Ойындар баланың зейінін, есте сақтау
қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін
дамытады. Ойын арқылы баланың болашаққа
көз қарасы қалыптасады. Қандай ойын
түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық
па, сюжеттік пе, әлде драмалық болсын
баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын
молайтады, адамгершілік қасиеттерін
жетілдіреді. Баланы нәресте шағынан
бастап адалдыққа, мейірімділікке, еңбек
етуге тәрбиелеудің негізгі құралы-ойын.
Ойын тәрбиенің бастауы. Ойын тәрбие
берудегі ең тиімді тәсілдің бірі.
Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында
баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы
бар.
Дидактикалық
ойын. Ойын ретінде оқытуда әр түрлі
сипаттағы дидактикалық ойындар т.б.
олардың білуін қалыптастыруда Ұлттық
киімді ажырат, қандай пішін жетіспейді?,
өз үйіңді тап т.б. ойындар балалардың
ойлау қабілетін жетілдіреді. Дидактикалық
ойынның ішіндегі ең негізгі дамытушылық
ойындар: есте сақтау, логикалық ойлау
қабілетіне байланысты не артық? Жануарлар
қалай дыбыстайды?, Төлін тап деген
ойындар алқылы есте сақтау қабілетін
дамыту.
Ұрпақтан
ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі
үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ
ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып,
балалар қоршаған ортадағы заттармен
құбылыстарды жанжануарларды, құстарды,
ағаштарды көп деген бейнелерді бейнелей
алады. «Бес саусақ», «Қуырмаш», «Санамақ»
ойындарын ойната отырып, саусақпен
қоянның, иттің құстың, аңның бейнелерін
көрсетуге болады. Ұсақ ойындарының
нәтижесінде танымдық деңгейі артады.
Баланың сөйлеу тілі жетіледі. Икемділігі
артады. Қимыл- қозғалысы артады. Логикалық
ойлауы дамиды.
Саусақ
ойындар арқылы баланың сөйлеуге деген
талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады
және шығармашылық әрекетіне жол ашады.
Саусақ арқылы өлең-тақпақ шумағын да
айтуға болады. Мысалы: «Аю, аю тұршы»,
«Оң қолымда бес саусақ».
Ойын
арқылы балалардың сөздік қоры дамып,
ауызша сөйлеу машығын иегереді, таным
белсенділіктері қалыптаса түсіп,
ақыл-ойын өсіп жетіледі, әрі адамгершілік
қасиеттер бойына сіңіреді. Міне сондықтан
да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар
арқылы баланы жан-жақты дамтыу ісіне
ерекше көңіл бөлемін.