жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп жасына дейынгі балардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы
Мектеп жасына дейынгі балардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы
Қазақ ауыз әдебиеті жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын меңгерту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1.Денсаулық
2.Еңбек пен мамандық
3.Өнер
4.Имандылық пен адамгершілік
5.Патриоттық
6.Эстетикалық
7.Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1.Ертегілер
2.Жұмбақтар
3.Жаңылтпаштар
4.Айтыс өнері
5.Мақал-мәтелдер
6.Тыйым сөздер
Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз. Халықтық ертегілер — халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Ертегігің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана — сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балар сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Халық ертегілерінің ішінде балалар арасына кең тарағаны- хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла тәсілдері балаларға ой салады.
Жұмбақ балалардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі. Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.
Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Мақал-мәтел, нақыл сөздер-халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздер. Бұлар баланың тілін дамыту арқылы ақылды, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Экология негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: «Денсаулық-зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға қажет екендігін, сөздің мағанасын балаға түсіндірсе, баланың сөздік қорын көбейтіп, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.
Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстурі есебінде жетілетіні белгілі.Қазақ халқы- сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді қастерлеп, аузынын тастамай, өнеге ретінде өлең жолдарымен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық.
Мақал-мәтелдерді оқыту, насихат ету- егеменді елдің ертеңі үшін керекті шарт. Халықтың ойлаған арманына, алға қойған мақсатына жету үшін білім, еңбек, қатан тәртіп керек екенін мақал-мәтелдерден байқаймыз. Өнерпаздық дәстүрін қыз блаларға іс, өнер үйрету, ер балаларды еңбекке баулу әрекетімен жалғастырып тәрбиелеп отырған. Жастарға үлгілі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, ойлау жүйесін дамытып, ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Мақал-мәтелдерде тілдің адам өміріндегі маңызы туралы көп айтылған. Шешендік өнерге құрмет ертеден басталған. Ой шындығының сөз арқылы бейнелеуі, сөз арқылы көрініс табуы мақал-мәтелдерде мол дүние
Жаңылтпаш - халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі, шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- жаңылтпаш.
Жаңылтпаш тіл дамыту, экология негіздері оқу іс-әрекеттерінде, оқу іс-әрекеттен тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре, дұрыс, тез, анық, шебер айта білу мақсатында қолданылады, тіпті қарапайым математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сандар жайлы түсініктерін толықтыруда жаңылтпаш өте тиімді.
Ал, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға жаңылтпаштар өте тиімді, серуен кездерінде бірнеше қайталап айтсақ табысы мол. Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен шолжан балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған.
Қазақ халқы баланың тілін ұстарту жаттығуларын жиі оқу іс- әрекетінде жиі пайдалану арқылы балалардың тілін дамытуға, анық таза сөйлеуге үретеді. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады.
Баланы рухани-адамгершілік және сөзбайлығын дамыту үшін және анық сөйлеуі үшін тәрбиесің түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады.
Тәрбие жұмысында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да пайдалану тиімді.Сонымен қатар балалардың ішкі жан дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарын да қарастыру абзал.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орны ерекше. Ойында тапқырлық, шапшаңдық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына, сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте зор.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады.
Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері — атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады. Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –балабақша. Тәрбиеленушілерді жан-жақты білімді, өзіндік пікірі бар, елін, ата-анасын, туған жерін құрметтейтін азамат болуына ықпал ету – біздің басты міндетіміз. Жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын балалар – еліміздің жарқын болашағы.Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді, сараптауды үйрене бастайды. Баланың қабілетін толық ашу тек бала үшін ғана емес, ең алдымен қоғам үшін маңызды. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіндік көзқарасы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде түрлі инновациялық технологиялардың алатын орны айрықша маңызды.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Баланы мектепалды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Қазақ ауыз әдебиеті-талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас байлық, асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік, тарихын көреміз. Халық әдебиетімен суысындағын баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, тіл байлығы мол болады.
Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы, өтілетін оқу-іс әрекеттері мен оқу іс-әрекетінен тыс жүргізелетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді.
Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету, естіге ертегіні қайта айту, ролге бөліп ойнату арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген