Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасындағы оқушылардың агрессиялық мінез-құлқын алдын-алу және түзету жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың агрессивті мінез-құлқын түзету жəне алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуы қажет, оқушылармен ғана жұмыс жасаумен шектелмей, оның қоршаған ортасымен: отбасымен, педагогтармен, құрдастарымен жұмыс жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы





Авторлық бағдарлама


Мектеп жасындағы оқушылардың агрессиялық мінез-құлқын алдын-алу және түзету жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар.









Дайындаған: Атырау қаласы, Ақсай ауылы

25 Б.Момышұлы атындағы

орта мектеп КММ

Жумагалиева Гулшат Тулеужановна









Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Агрессивтілік деңгейін диагностикалау бойынша әдістемелік нұсқаулар

  3. «КАКТУС» графикалық əдістемесі

  4. «Әлемде жоқ жануардың суреті» əдістемесі

  5. Э. Вагнердің «Қол тесті» əдістемесі

  6. А.М. Прихожанның мектеп қобалжуын диагносткалау əдістемесі

  7. Балалардың агрессивті мінез- құлығын түзету және алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

  8. Агрессивті балалармен жұмыс жасау әдістері

  9. Жанжал жағдайларын шешу әдістері

  10. Ата- аналарға психологиялық нұсқаулықтар

  11. Агрессивті балалармен қарым- қатынас құру

  12. Балалардағы агрессивті мінез- құлықты түзетуге ұсыныстар

  13. Бала агрессиясының алдын алу нұсқаулықтары

  14. Ата-аналарға арналған тесттер

  15. Агрессиялы балалармен түзету-дамыту сабақтары

  16. Қолданылған әдебиеттер тізімі







Кіріспе


Ғасырлар бойы адам агрессивтілігінің табиғатын түсіну көптеген ой елегінен өткен, агрессия əр түрлі позициядан – пəлсапа, поэзия, діни көзқарастан қарастырылған. Агрессивтілік болжап болмайтындығымен жəне өзгешелігімен ерекшеленеді, сондықтан ол өз заңдылығына бағынады. Бұл заңдылықтар əрбір адамның мінез-құлқына əсер етеді. Агрессия жайлы мəліметтердің көптігі соншалықты біздің әдістемелік құралымызда оның бəрін қамту мүмкін емес. Бала агрессивтілігі мəселесін оның ішінде тұлғалық ерекшеліктері жəне қатынас көріністерін талдау барысында балалардың жəне жасөспірімдердің агрессивтілігінің себептерін түсінуде əр түрлі теориялық бағыттарды көрсетті, осы себептен бала агрессивтілігін алдын алу жəне түзетудегі əдістерді құрау үшін əр түрлі бағыттардың барлығын көрсетті. Тиімді бағыт ретінде, агрессивтілік көріністердің орын алуы тұлғалық ерекшеліктер мен балалардың мінез-құлқындағы əлеуметтік-психологиялық себеп байланысы қарастырылған.

Оқушылардың агрессивті мінез-құлқын түзету жəне алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуы қажет, оқушылармен ғана жұмыс жасаумен шектелмей, оның қоршаған ортасымен: отбасымен, педагогтармен, құрдастарымен жұмыс жасау


қамтылуы керек. Оқушылардың агрессивті көріністерін түзету қоршаған ортамен конструктивті өзара əрекеттесу тəсілін, мінез-құлықтағы өзіндік реттеу дағдысын қалыптастыру, ызаны басқаруды жəне бақылауды үйрету, баладағы эмпатияны дамыту бойынша жұмыс жасау. Сонымен қатар педагогтармен оқушылардың агрессивтік көріністерінің алдын алу жəне түзету жұмысы жүргізілуі керек, оның ішінде диагностика жолдарын білу, бала агрессивтілігінің алдын алу жəне түзету амалдарын білу, агрессивті оқушылармен қарым-қатынасқа түсу дағдысын дамыту, теріс эмоционалдық жағдайларды өзіндік шешу техникасына үйрету қажет.


Агрессивтілік деңгейін диагностикалау бойынша әдістемелік нұсқаулар


Бала агрессивтілігімен байланысты мектептерде нəтижелі жұмыс атқару үшін міндетті түрде психология жəне психологиялық диагностика, бала тұлғасын түзету салалары бойынша терең білімді қажет етеді. Бұл мəселемен айналысатын маман психологиялық əдістермен тəжірибеде жұмыс істей білуі жəне баланың агрессивтілігін түзету жəне алдын алу мақсатында əртүрлі тренингтерді жүргізу жəне ұйымдастыра білу дағдысы болуы керек.

Негізгі психологиялық əдістер ретінде анықтау əдістері:

1. Бақылау

2. Əңгімелесу

2. Сараптамалық бағалау

3. Сауалнама (анкеталау)

4. Психологиялық тестілеу


1. Бақылау әдісі.

Бақылау əдісі баланың агрессивті мінез-құлығын зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл əдістің мақсаты оқу жəне басқа да іс-əрекет барысында жасөспірімнің педагогтар мен құрбыларымен өзара қарым- қатынас жасау үдерісіндегі жағымды жəне жағымсыз факторлар ерекшеліктерін анықтау болып келеді. Психологтың сұрауы бойынша ата-аналар, мұғалімдер, сынып жетекшілері бақылау мəліметтерін тіркеп отырады. Сабақ барысындағы немесе сабақан тыс уақыттардағы психолог пен педагогтың бақылаулары бала тұлғасы туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Баланың мінез-құлығын бақылау барысында америкалық психологтар М. Алворд мен П. Бейкер өңдеген критерийлерді қолдануға болады. Егер баланың 6 ай ішіндегі мінез-құлығынан төменде берілген 8 белгінің 4-еуі байқалса, онда оны агрессивті деуге болады.

Балада агрессиясының болу белгілері:

- Өзін-өзі жиі басқара алмайды.

- Үлкендермен жиі сөз таластырады, ұрысады.

- Ережелерді орындаудан жиі бас тартады.

- Адамдарды əдейі жиі ашуландырады.

- Өз қателіктеріне басқаларды жиі кінəлайды.

- Жиі ашуланады жəне белгілі бір нəрселерді орындаудан бас тартады.

- Кекшіл, қызғаншақ.

- Сезімтал, оны ашуландыратын оны қоршаған адамдардың (балалар мен ересектер) əртүрлі əрекеттеріне жылдам жауап береді.

2. Әңгімелесу әдісі

Жасөспірімдердің ата-аналарымен жəне де отбасының басқа да мүшелерімен, педагогтармен, мектептегі жəне мектептен тыс жерлердегі достарымен қарым-қатынасын анықтау үшін əңгімелесу əдісі қолданылады. Ата-аналармен, педагогтармен əңгімелесу отбасындағы тұрақты жағдайды, адамгершілік хал-ахуалды білу үшін, ата-

анасымен жəне де отбасының басқа мүшелерімен өзара қарым- қатынас сипатын анықтау үшін, баланың отбасындағы жəне мектептегі, көшедегі жəне достарының арасындағы мінез- құлығын білуге мүмкіндік береді. Əңгімелесу барысында жасөспірімнің өзінің агрессивті мінез- құлығының себептерін қалай түсіндіретіндігін, оған қандай адамгершілік баға беретіндігін біле аламыз.




3. Сараптамалық бақылау әдісі

Бұл əдіс бірнеше сарапшылардың бақылау үдерісінде баланың агрессия деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сарапшы ретінде баламен тығыз жұмыс жасайтын жəне

онымен жақын қарым-қатынас жасайтын жəне əртүрлі жағдайларда оның мінез-құлығын бақылай алатын адамдар бола алады. Бұл пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі, спорттық секцияның жаттықтырушысы, ата-аналар, үлкен аға, апайлары болуы мүмкін. Сарапшыларға «Бақылау картасы» (Стоттың картасы тəрізді) беріледі, баланың агрессивті мінез-құлығын сипаттайтын баланың бірнеше мінез-құлық белгілері беріледі,

сонымен қоса оларды бағалайтын бағалау шəкім беріледі:

- əрқашан – 3 балл

- жағдайға байланысты – 2 балл

- кейде – 1 балл

- ешқашан – 0 балл

Əр сарапшы агрессияның көріну жиілігін балл арқылы бағалайды. Соңынан əр бақылаушы үшін орта көрсеткіш есептеледі. Оқушының агрессивтілік деңгейін анықтау үшін біз Г.П. Лаврентьева жəне Т.М. Титаренко құрастырған анкетаны ұсынамыз.

Баланың агрессивтілігінің критерийлері (Г.П. Лаврентьева жəне Т.М. Титаренко)

1. Кейбір жағдайларда оған жаман рух қонған тəрізді болып көрінеді.

2. Ол бірнəрсеге көңілі толмаса үндемей тұра алмайды.

3. Егер оған біреу жамандық жасаса, ол оған соны қайтаруға тырысады.

4. Кейде ол ешқандай себепсіз ашуланады.

5. Оның лəззаттанып ойыншықтарды сындыратын кездері де болады.

6. Кейде ол айтқанынан қайтпайтыны соншалық айналасын дағылардың шыдамы таусылады.

7. Жануарларды ашуландырғаннан бас тартпайды.

8. Оны сөзбен жеңу мүмкін емес.

9. Егер оған біреу əзілдесе өте қатты ашуланады.

10. Кейде оның айналасындағыларын есінен тандыратындай бір жаман нəрсе жасағысы келіп тұрады.

11. Əдеттегі айтқан нəрселерді керісінше жасауға тырысады.

12. Жасына сəйкес емес күйбелектік тəн.

13. Өзін тəуелсіз жəне шешім қабылдаушы ретінде қабылдайды.

14. Бірінші болғанды, бұйрық бергенді, өзіне басқаларды бағындырғанды жақсы көреді.

15. Сəтсіздіктер болса ол өте қатты ашуланып, кінəлі адамды тапқысы келіп тұрады.

16. Тез ұрысып, төбелесіп кетеді.

17. Əдетте өзінен кіші жəне əлсіздермен қарым-қатынас жасағанды қалайды.

18. Көңілсіз ашуланшақтық белгілері жиі кезедеседі.

19. Құрбыларымен санаспайды, айтқанынан қайтпайды, бөліспейді.

20. Кез келген тапсырманы өте жақсы орындап шығатындығына сенімді.


Кілті:

Əр жауапқа берілген оң жауап 1 баллға тең.

Жоғары агрессивтілік – 15-20 балл

Орта агрессивтілік – 7-14 балл

Төменгі агрессивтілік – 1- 6 балл

4. Сауалнамалық әдістер

Агрессивтілікті зерттеу əдістерінің бірі – сауалнама. Сауалнамалық əдістер анкеталарды, тұлғалық сауалнамаларды, тесттерді қолданады.

Анкеталау əдісінің ерекшелігі жылдам жүргізілуі, көп адам қатысуы, алынған мəліметтердің сандық нəтижесі болып келеді. Кемшілігі əлеуметтік жақсы көрінуге тырысу мақсатында балалар анкета сұрақтарына жалған жауап беруінде.

Агрессивті мінез-құлықты психологиялық диагностика- лаудағы ең қолайлы əдіс Басса-Даркидің сауалнамасы болып есептеледі, ол жасөспірімдердің агрессивтілігін зерттеуде кеңінен қолданылады. А. Басс жəне А. Даркидің агрессия түрлерін жəне көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі (А.К. Осницкийдің бейімдеуімен) Бұл əдістеме бойынша алынған мəліметтерді өңдеу қарапайым жəне оқушылардың агрессивті мінез-құлығын диагностикалауға арналған психологиялық əдістемелер ішіндегі ақпараттық əдістеме болып келеді. Агрессия түрлерін жəне көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі бірнеше шəкілдерден тұрады:

- дене агрессиясы – төбелестерде, дене зақымдарымен жəне де адамға басқа да денесіне əсер етулермен байланысты агрессивті мінез-құлық,

- вербальды агрессия – сөздік түрде көрінетін агрессия: айқай, өсек жəне т.б.,

- жанама агрессия – ренжіткен адамға емес, керісінше басқа адамдарға (жануарларға немесе заттарға) бағытталған агрессивті мінез-құлық,

- негативизм – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен ережелеріне деген қарама-қайшылық,

- ашуланшақтық

- секемшілдік

- өкпелеу

- кінəлілік сезімі (аутоагрессия).



5. Проективті әдістемелер

Балалардың суреттері біз ойлағаннан да көп нəрсе айтуы мүмкін. Балалар бояулар мен қарындаш арқылы мұғалімдер, ата- аналардан жасырғандарын жеткізеді. Балалар кейде өз мəселелерін, күйзелістерін, қорқыныштарын сөзбен жеткізе алмайды, бірақ қағаз бетінде өз агрессивтілігін сурет арқылы жеткізе алады. 60-80% оқушыларға жүргізген зерттеулер бойынша балаларда агрессивтіліктің қандай да бір түрі кездеседі, бірақ балалар агрессивті көріністерді шынайы мінез-құлығында көрсетпеуі де мүмкін. Яғни, агрессивтілікті тек агрессияның алғышарты ретінде қарастыру керек. Бірақ оның шынайы мінез- құлықта көрінуі баланың нақты əлеуметтік жағдайынан тəуелді. Мектеп жасындағы балалардың агрессивтілік деңгейін анықтау үшін біз келесі проективті əдістемелерді ұсынамыз. Балаларды зерттейтін проективті психологиялық əдістерге бала əрекетінің нəтижесін талдауды жатқызамыз – бұл суреттер, батпақтан, ермексаздан, əртүрлі аппликациялардан жасалған мүсіндер. Сурет тесттерін орындай отырып, балалар əдетте үлкендердің суретке деген қызығушылқтарына қуанып, қағазда

не салынғаны туралы əңгімелегенді ұнатады. Бала сурет арқылы өзінің мəселесін көрсетуге тырысады.


«КАКТУС» графикалық əдістеме (бастауыш мектеп жасына арналған)

Нұсқау:

Балаға үлкен ақ қағаз бен қара қалам беріңіз. Балаға өз білгенінше кактус салуын сұрайсыз. Қосымша ретінде, бала сурет салып болған соң оған талдауға көмектесетін сұрақтарды қоюға болады:

1. Бұл кактус үйде өседі ме, əлде жабайы ма?

2. Бұл кактустың тікені көп пе? Оны ұстауға бола ма?

3. Кактусқа оған су құйған, тыңайту ұнай ма?

4. Кактус жалғыз өсе ме əлде бір өсімдікпен бірге ме? Егер бір өсімдікпен бірге өссе, ол қандай өсімдік?

5. Егер кактус өссе, онда ол өзгере ме (тікенектер, көлемі, өсінділері)?

Сурет бойынша алынған мəліметтерді өңдеу нəтижелері бойынша бала тұлғасының қасиеттерін диагностикалауға болады:

Агрессивтілік – инелерінің болуы, əсересе олардың өте көп болуы. Қатты шығып тұрған, ұзын, бір-біріне жақын орналасқан инелері агрессивтіліктің жоғарғы дəрежесін көрсетеді.

Импульсивтілік – үздік түзулердің болуы, қатты басып салу.

Менмендік, жетекшілікке ұмтылу – қағаздың ортасында орналасқан үлкен сурет.

Өзіне деген сенімсіздік, тəуелділік – қағаздың астыңғы

жағында орналасқан кішкентай сурет.

Демонстративтілік, ашықтық – кактустағы шығып тұрған өсінділер, формалардың астарлы болуы.

Тұйықтық, сақтық – жиектеріндегі немесе кактустың ішіндегі иректердің болуы.

Оптимизм – кактустарды "көңілді" салынуы, түрлі түсті қарындаштармен ашық түстерді қолдану. түрлі түсті қарындаштардың ішінен қара түстерді қолдану.

Нəзіктік – жұмсақ түзулер мен формалардың, гүлдердің, əшекейлердің болуы.

Экстраверттілік – суретте басқа да кактустар мен гүлдердің болуы.

Интроверттілік – суретте тек бір ғана кактус салынған.

Үйіндегілердің қорғауына ұмтылу, отбасылық қауымдастық сезімі – суретте гүл құмыраларының болуы, үй

кактусының суретінің болуы. Үйіндегілердің қорғауының жоқ болуы, жалғыздық сезімі жабайы өсетін, шөлдегі кактустардың суретінің болуы.



«Әлемде жоқ жануардың суреті» əдістемесі


Сипаттамасы: Əдістеме проективті болып есептеледі. Тұлғаның ерекшеліктері туралы болжамды ұсынуға көмектесетін балалармен үлкендерді зерттеуде қолданатын бағдарлау əдістемесі. Барлық белгілер символдық түрде талданады.

Мақсаты: тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалау: жағымды, теріс.

Нəтижесінде келесі реакциялар қарастырылады:

вербальды;

вербальды емес;

өшіру жəне ол нені білдіреді;

объектілерді салу реті, үзілістердің болуы.

Нұсқау:

«Әлемде жоқ, кинолар мен мультфильмдерде, ертегілерде, компьютерлік ойындарда жоқ жануардың суретін салып, оған ат қою керек»

А4 форматты қағаз, жуандығы орта, қара қалам, 6 түс, өшіргіш, ұштағыш керек.

Зерттелуші сұрақтарға жауап беруі керек (суретті нақтылау, əңгімелесу: қайда тұрады, кіммен тұрады, немен қоректенеді, оның мінезі қандай, көңіл-күйі қалай, ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, достары бар ма, қастары ше, олармен қалай күреседі, неден қорқады).

Тесттің талдануы:

Сурет орналасқан кеңістік

Оң жағын, кеңістік алдыңғы жағында жəне жоғарғы жағында орналасса ол болашақпен, осы шақпен байланысты. Қағаздың сол жағында жəне қағаздың төменгі жағында болса, жағымсыз жəне депрессивті эмоциялармен, сенімсіздікпен жəне енжарлықпен байланысты. Суреттің қағазда орналасуы.

Нормадағы жағдайда сурет тік орналасқан қағаз ортасында орналасуы керек. Сурет салу үшін жылтыр емес ақ қағазды алу керек. Қарындаштың жұмсақтығы орташа болуы керек; қалам мен фломастерді қолдануға болмайды. Егер суреттің орналасуы қағаздың жоғарғы жағына орналасса (қаншалықты жақын болса, соншалықты айқын көрініс береді) өзіндік бағалаудың жоғары болуын, өзінің əлеуметтік ортадағы алатын орнына көңілі толмауын, қоршаған адамдардың мойындауының жеткіліксіздігін, өзін-өзі көрсетуге ұмтылу үрдісін көрсетеді.

Суреттің төменгі жақта орналасуы – өзіне деген сенімсіздік, өзіндік бағалаудың төмен болуы, жабырқаулық, батылсыздық, өзінің əлеуметтік ортадағы алатын орнына қызықпау, өзін өзі көрсетуге ұмтылмау. Фигураның орталық бөлігі (басы немесе оны ауыстыратын бөлік). Басы оңға қарап тұрса – іс-əрекетке деген тұрақты үрдістің болуы. Барлық ойдағы, жоспардағы немесе жүзеге асырып жатқан əрекеттер (аяқталмаған болса да). Зерттелуші өзінің жоспарлары мен ойларын орындауға, жүзеге асыруға бірден ауысады.Басы солға қарап тұрса – рефлексияға, ойлануға деген үрдіс. Бұл əрекет адамы емес: ойлаған, жоспарлаған шаруалардың жартысы ғана жүзеге асады немесе басталады. Кейде белсенді əрекет алдындағы қорқақтық немесе батылсыздық байқалады. Суреттің турасынан тұруы («анфас»), яғни сурет салып отырған адамға қарап тұруы (өзіне), менмендік ретінде талқыланады.Басында сезім мүшелерінесəйкес келетін бөлшектердің болуы – құлақ, ауыз, көз.

«Құлақ» бөлшегінің мағынасы: ақпаратқа қызығу, өзі үшін қоршаған адамдардың пікірінің маңыздылығы. Аузы ашық жəне тілі көрініп тұрса бұл сөйлеу белсенділігі (сөз құмарлық),еріні қоса салынған болса сезімталдық; кейде екеуі де бірге болуы мүмкін. Егер тілі менеріні салынбай тек ашық тұрған ауызы салынса, əсіресе, асты қатты басылып тұрса – күдік пен қорқыныштар, сенбеушілікті көрсетеді. Тісі мен ауызы – вербальды агрессия, көп жағдайларда – қорғаныс ретінде көрінеді (арпылдасу, соқтығу, оған сөйлеген адамдарға дөрекі жауап береді, айыптаушылық, жазғыру). Балалар мен жасөспірімдерге ауызын доғал сызықтармен салу тəн (қорқақтық, қобалжу).

Көзіне ерекше мəн береді. Бұладамның бойында қорқыныштың болуын сипаттайды: кірпігінің салыну немесе салынбауына ерекше назар аудару керек. Кірпік – бұл истероидты-демонстративті мінез-құлық мəнері. Кірпік сонымен қатар басқалардың оның сыртқы əдемілігіне, киіну мəнеріне таңданыспен қарауына ерекше мəн береді. Басының үлкен болуы (фигураға қатысты) бұл зерттелушінің басқалардың жəне өзінің бойындағы ақыл-ой бастауын бағалайтындығын білдіреді. Кейде басында қосымша бөлшектер болуы мүмкін: мүйіз-қорғаныс, агрессия. Қосымша басқа да белгілермен бірге болуы мүмкін – тырнақтармен, қылтаңдармен, инелермен – агрессияның сипаты: кездейсоқ немесе қорғаныс-жауап беру.

Қанаттары – өзін-өзі əдемілеуге жəне ақтауға тырысу. Жал, жүн, сəнді шаш – сезгіштік, өз жынысын көрсету.

Құйрықтары. Өз əрекеттеріне, шешімдерге, қорытындыларға, вербальды нəтижелеріне деген қатынасын көрсетеді. Жəне де құйрықтың (қағазда) қайда бағытталып тұрғандығы да маңызды. Құйрық оңға қарап тұрса, өзінің əрекеттеріне жəне мінез- құлқына деген қатынас. Солға – өз ойларына, шешімдеріне деген қатынас; жіберілген мүмкіндіктеріне, өзінің шешімсіздігіне деген қатынас. Бұл қатынас құйрықтың жоғары (сенімді, жағымды, ширақ) немесе төмен (өзіне көңілінің толмауы, өзінің əділдігіне сенбеу, жасаған əрекеттеріне, сөздеріне өкіну жəне т.б. ).

Фигураның пішіні. Қосымша шығыңқы нəрселердің, пішіндердің, сызықтардың\ болуы немесе болмауы (қалқандардың, сауыттардың, инелердің болуы).

Егер ол:

- үшкір бұрыштармен са- лынған болса – бұл қоршағандардан қорғаныс, агрессивтілік; - қоюлап бояса, шеттерін тбасыңқы сызса – бұл қорқыныш пен үрейді көрсетеді;

- қалқандары болса, сызықтар екі қатар етіп салынса, байқампаздықпен, күдіктенгіштікпен байланысты. Қорғаныстың бағыттылығы – кеңістікте орналасуына байланысты:

- фигураның жоғарғы сұлбасы – жоғарыда тұрған адамдарға, тыйым салатын, мүмкіндігін шектейтін, мəжбүрбастықтарға, басшыларға деген қарсылық;

- төменгі сұлба – мысқалға, мойындамауға деген қарсылық, төмендегі бағыныштылардың алдында беделдің жоқ болуы, сөзге қалудан қорқу; жанындағы сұбалар – шектен тыс күдікшілдік жəне өзін-өзін қорғауға деген дайындық; пішіні бойынша емес, жауардың ішіне немесе үстіне салынған «қорғаныстар». Оң жағында – шынайы іс-əрекеттің болуы, сол жағында – өз пікірін, сенімдерін, талғамдарын қорғау.

Жалпы күші. Құрамды бөліктері неғұрлым көп болса, (нақты қажеттерден басқа), соғұрлым күш те көп болады. Керісінше болса – күшті сақтау, ағзаның астениялығы, созылмалы соматикалық ауру (түзу сипатымен дəлелдене түседі – өрмекші тəріздес əлсіз түзу). Түзулердің керісінше болуы – қалың жəне қатты басылған болса – қобалжу. Қағаздың артқы жағынан көрініп тұратын басылған түзулер– (сурет салып жатқан адамның қолының дірілдеуі) қатты қобалжу.

Жануарлардың түрлері.

Тақырыптық жағынан жануарлар қауіпті, қорқытатын жəне бейтарап (арыстан, бегемот, қасқыр немесе құстар, ұлу, құмырсқа немесе тиын, ит, мысық тəрізді) деп бөлінеді. Бұл

өзіне, «Менге» деген қатынас, өзінің өмірдегі алатын орны туралы көзқарасы, өзін маңыздылығы жағынан сəйкестендіруі (қоянмен, шыбын-шіркеймен, пілмен, итпен жəне т.б). Бұл жағдайда салынған жануар – сурет салып отырған адамның өзі.

Агрессивтілік.

Агрессивтілік деңгейі суретте орналасқан бір-бірімен байланысы бар немесе жоқ бұрыштардың санына, сипатына байланысты. Əсіресе агрессияның негізгі символдарына назар аудару керек – тырнақтар, тістер, тұмсықтар. Сонымен қатар айта кететін жағдай, жыныстық белгілерге мəн берген жөн – емшектерге, емізік, адам тəріздес фигура жəне т.б. Бұл жынысқа деген, тіпті жыныстық қатынасқа деген көзқарасы. Дөңгелек фигурасы (əсіресе ештеңемен толықтырылмаған) тұйықтыққа деген үрдіс, ішкі əлемнің жабықтығы, басқаларға өзі туралы ақпарат бергісі келмеуін білдіреді. Жануар денесіне əртүрлі механикалық бөліктерді салуға да мəн беру керек – жануарды тракторға немесе танкіге қою, үшаяқ, постаментке қою; басына зырылдауық, бұранда қою; көзіне электролампа салу, денесіне жəне аяқтарына – ұстағыш, антенна, пернелер салу.

Атауы.

Мағыналы бөліктерді рационалды біріктірумен байланысты («ұшатын қоян», «жүгіретін мысық», «шыбын жегіш» жəне т.б.). Басқа нұсқасы – кітаби-ғылыми сөз құрастыру, кейде латындық жұрнақ немесе жалғаулардың болуы («ратолетиус» жəне т.б.). Бірінші – ақылдылық, нақты ұстаным жəне бейімделу; екінші – өзінің ақыл ойын, білімдарлығын, білімін көрсетуге бағытталған демонстративтілік. Ешқандай мағынасы жоқ үстіртін дыбыстық атаулар да кездеседі («лялие», «лиошана», «гратекер» жəне т.б.). Бұл қоршағандарға деген жеңіл қарым- қатынас, қауіптілік белгісін бағалай алмауды білдіреді.

Суреттегі агрессия белгілері:

- Үшкір импульсивті түзулер, қатты басу;

- Жалпы сипаты агрессивті, шабуылдаушы;

- Агрессивті бөлшектердің болуы (тырнақ, қалқан, ине, тілімдер жəне т.б.);

- Вербальды агрессия (шанышқы, ара, тіс, азуы, от шығаруы).

Кейде жануарлар агрессивті бөлшектерге толы болады, бірақ оларды қолдану сипаты агрессияны емес агрессиядан қорқуды көрсетуі мүмкін. Мұны анықтауға əңгімелесу көмектеседі. Егер зерттелуші бұлар қорғануға қажет десе, онда агрессиядан қорқуды сипаттайды. Əңгімелеудегі агрессияның белгілері:

- Ашулы мінез;

- Жануарлармен, адамдармен қоректену;

- Агрессияға деген анық көрсетулер (бұзу, сындыру, өлтіру, жеу), егер агрессияның белгілері оның мінез-құлығынан көрініс бермей, суретінде, əңгімесінде көрініс берсе – бұл ығыстырылған агрессия;

- Тұрғылықты жерінің алыс болуы;

- Жануардың жалғыздығы;

Агрессивтілік деңгейін бағалау шкаласы

1. Суреттегі сызықтардың қатты, сенімді болуы – 1 балл

2. Суреттің ұқыпсыздығы – 1балл

3. Үшкір бұрыштардың көп болуы – 1 балл

4. Бұрыштардың жоғары орналасуы – 1 балл

5. Суреттің үлкендігі – 1 балл

6. Басы оңға немесе анфас тұруы – 1 балл

7. Құйрығы жоғары қарауы, үлпілдек болуы – 1 балл

8. Қорқытатын көзқарас – 1 балл

9. Қорқынышты кейіп – 1 балл

10. Шабуылдау құралдарының болуы (тістер, мүйіз, тырнақтар) – 1 балл

11. Жыртқыштар – 1 балл

12. Басшы немесе жалғыз — 1 балл

13. Шабуылдағанда дəстүрлі тəсілдермен əрекет етеді – 1 балл

14. Түнгі жануар – 1 балл

15. Басқа белгілер – 1 балл

Суретті талдау нəтижесінде қорытынды баға есептеліп, баланың агрессивтілік деңгейі туралы қорытынды жасалады (неғұрлым қорытынды сома көп болса, соғұрлым баланың

агрессивтілік деңгейі жоғары болады).

Агрессивтіліктің өте жоғары деңгейі – 11-15 балл.

Агрессивтіліктің жоғары деңгейі – 7-10 балл.

Агрессивтіліктің орта деңгейі – 4-6 балл.

Агрессивтіліктің əлсіз деңгейі – 0-3 балл.


Э. Вагнердің «Қол тесті» əдістемесі


Бұл əдістеменің авторы Э. Вагнер қол қызметінің дамуы бас миының дамуымен байланысты дейді. Яғни, зеттелушілерге көрнекі материал ретінде əртүрлі əрекет жасап тұрған қолдың суреттерін көрсетіп, тұлғаның агрессивтілігі туралы қорытынды жасауға болады.

Əртүрлі əрекет жасап тұрған қолдың суретін көрсетіп, зерттелушіден оны талдап беруін сұрайды. Суретте көрсетілген əрекет түрін таңдау проекция механизмі арқылы жүзеге асады жəне зерттелушідегі белгілі бір жағдайлармен байланысты болып келеді.

Стимулдық материал – қолдың суреті салынған стандартты

9 карточка жəне бір суреті жоқ карточка беріледі. Суреттегі қол не істеп тұрғанын айтып беруі керек.

Суреттер белгілі тəртіпте жəне орналасуда көрсетіледі.

Нақты емес жəне екі жақты жауап берілсе, оны анықтап айтуын өтінеді: «Жақсы, тағы да не?» деп сұрайды, тек ешқандай жауапты міндеттемейді. Егер Сіз өзіңіздің əрекеттеріңізден қарама-қайшылық кездестірсеңіз, келесі суретке ауысуыңызға болады.

Сурет-карточкаларды кез келген жағдайда ұстауы мүмкін.

Карточка бойынша жауаптар нұсқасы шектелмеген жəне зерттелушілерден қарсыласудың пайда болуына алып келетін стимулдар болмауы керек. Əдетте жауаптың төрт нұсқасын алған жөн. Егер жауаптар саны аз болса, анықтап аласыз, басқа ештеңе айтқысы келе ма жоқ па сұрап аласыз, ал хаттамада тек бір ғана жауап нұсқасы айтылған жағдайда *4 белгісі қойылады, яғни бұл жалғыз баламасыз жауап болады жəне 4 баллға тең.

Барлық жағдайларда анық емес жауаптарды болғызбауға

тырысу керек.

Барлық жауаптар хаттамада тіркеледі. Жауаптардан басқа зерттелушінің карточканы қалай ұстағандығы, сонымен қатар суретті көрсеткен уақыттан жауап беру уақыты да тіркеледі.

Нұсқау: Баланың алдына № 1 карточканы көрсетіп: «Қара, мына жерде қолдың суреті салынған. Оған мұқият қарап – бұл суретте қол не істеп тұрғанын айт? Егер саған бір нəрсе түсініксіз болса, суретті қолыңа ұстап қарауыңа болады»

Əдетте, балаға қысым көрсетпей, толық талдау алу үшін əр

сурет бойынша 2-3 жауап алу керек. Ары қарай №2 суретті балаға көрсетіп нұсқауды келесі түрде қайталау керек: «Қол не істеп тұр?». Балада көбіне барлық суреттерде бір қолдың суреті салынған ба деген сұрақ туындайды. Бұл жағдайда балаға психологтың оны білмейтіндігі туралы түсінікті түрде айтуы керек, ал бала оған сурет қалай көрініп тұрғанын айтуы керек.

Осылайша, балаға реті бойынша 9 суретті көрсетеді. Əр сурет балаға бастапқыда стандартты түрде көрсетіледі (тест нөмірі берілген түрінде). Балаға тура суреттегі əрекеттерді өз қолымен қайталауына тыйым салуға болмайды, бірақ хаттамада

бұл жəйттерді тіркеу керек («Нəтижелерді тіркеу» бөлімінде). Егер бала жауап беру барысында қиналса, оған келесі түрде нұсқау беруі керек: «Тырысып көр, басқадай айналдырып қара, тағы бір рет қарап көр», «Бұл қиын емес» жəне т.б.

Жауаптар нақты болмаса жəне өте қысқа болса баладан

анықтап сұрап алу керек (мəселен, кімнің қолын алып тұр, кімді

ұрғысы келіп тұр, бірінші болып ұра ма, əлде екінші болып па, нені сипалағысы келіп тұр жəне т.б.).

10 суретті көрсеткенде (бос карточка) балаға төмендегідей нұсқау беріледі: «Сенің алдыңда бос қағаз тұр. Бұл жерде ештеңенің суреті салынбаған. Көз алдыңа қолды елестетіп, оның не істеп тұрғанын айтып бер». Нəтижелерді тіркеу. Баланың барлық жауаптары тіркеледі, суретті көрсеткен

кезден жауап берген кезге дейінгі уақыт, анықтауыш сұрақтар, суретті ұстау жағдайы (стандартты немесе ауыстырылған) жəне

əр сурет бойынша қосымша түсіндірулер тіркеледі.

1. Агрессия (А). Қол зақым келтіріп жатқан, белгілі бір

нəрсені белсенді түрде ұстап тұрған, агрессивті əрекет жасап

жатқан қол (шымшып, шапалақпен ұру, өсімдікті өлтіру, ұрайын

деп тұрған жəне т.б.) ретінде қабылданады.

2. Нұсқау (У). Қол бір əрекет үдіреске қатысады: бағыттап, кедергі жасап, басқаларға жол көрсету (оркестрге дирижер болу, нұсқау көрсету, дəріс оқу, мұғалімнің оқушыға: «шық мына жерден» деуі, милиционердің машинаны тоқтатуы жəне басқалар).

3. Қорқыныш (С). Қол басқа адамдардың агрессивті əрекеттерінің құрбаны немесе өзін қандай да бір дене əсерден қорғаушы ретінде қабылдануы; өзіне зиян келтіріп жатқан ретінде. Бұл санатқа агрессияны терістеу үрдісі да жатады (ашулы қол, жұдырықты түю, бірақ ұру үшін емес; қорқыныштан қолды көтеру; соққыны тоқтатқан қол жəне т.б.).

4. Эмоционалдылық (Э). Қол басқа адамдарға деген махаббатты бейнелеп тұрған қол; біреуге деген бауыр басушылықты, жақсы қатынасты, мейірімділікті бейнелеп тұрған (достық қол алысу; иықтан қағу; жануарды сипалау, гүл беріп тұрған қол; құшақтап тұрған қол жəне т.б.).

5. Қарым-қатынас (К). Қолдың қарым-қатынас əрекеттерін бейнелейді: біреуге қарап сөйлеу, қарым-қатынас орнатуға тырысу. Қарым-қатынас жасап тұрған серіктестер теңдігі (əңгімедегі ым-ишара, ым-ишара тілі, жолды көрсету)

6. Тəуелділік (З). Қол басқа адамға бағыныштылықты көрсетеді: екінші жақтың жақсы қарым-қатынасына негізделген «жоғарыдан төменге» позициясындағы қарым-қатынасқа қатысу

(өтініш; солдаттың офицерге құрмет көрсетуі; оқушы сұрақ қою

үшін қолын көтерді; садақа сұрап тұрған қол; адам жолда машина тоқтатып тұр жəне т.б.).

7. Демонстративтілік (Д). Қол əртүрлі тəсілдермен өзін көрсетуге тырысады, қолдың демонстративті əрекетке қатысуы

(сақинаны көрсету, маникюрын көрсету, қабырғада көрсету, билеу, музыкалық аспапта ойнау жəне т.б.).

8. Жарымжандық (УВ). Қол зақымдалған, ауру қол, белгілі бір əрекеттерге деген қабілетсіздік (зақымданған қол, ауру адамның немесе өлейін деп жатқан адамның қолы, сынған саусақ)

9. Белсенді өзіндік қасиетінің жоқ болуы (АБ). Қол қарым-қатынаспен байланысты емес əрекетке араласу; бірақ қол өзінің физикалық орналасуын ауыстыруы мүмкін (инеге жіпті сабақтау, жазу, тігу, машина жүргізу, жүзу жəне т.б.).

10. Енжар өзіндік қасиетінің жоқ болуы (ПБ). Əрекетсіз

қол немесе əрекет жасайын деп тұрған қол немесе əрекет етуі үшін басқа адамның қатысуын қажет ететін қол, бірақ қол өзінің

денелік орналасуын өзгертпейді (демалып жатыр; қозғалмай жатыр; адам үстелге сүйеніп отыр; ұйқы барысында салбырап тұруы)

11. Сипаттау (О). Бұл санатқа қандай əрекет жасап тұрғаны белгісіз қол жатады (томпақ қол, əдемі қол, баланың қолы, ауру адамның қолы).

Тестің нəтижелерін өңдеу жəне талдау:

Зерттелушінің əр жауабын 11 санаттың біріне жатқызамыз. «Агрессия» жəне «Нұсқау» санаттарына жататын жауаптар зерттелушілердің агрессияның жоғары түрлерімен, қоршағандарға бейімделгісі келмеуімен байланысты жауаптар. «Қорқыныш», «Эмоционалдылық», «Қарым-қатынас» жəне «Тəуелділік» санаттарының жауаптары əлеуметтік ортаға бейімделумен байланысты əрекеттер үрдіин көрсетеді; бірақ агрессивті мінез-құлықпен байланысты емес. Агрессивтіліктің қосынды баллы келесі формула бойынша

есептеледі:

А = (Агрессия + Нұсқау) – (Қорқыныш +

Эмоционалдылық + Қарым-қатынас + Тəуелділік)

Яғни, ашық агрессивті мінез-құлық көрсеткіші алғашқы екі санат бойынша жауаптардың қосындысынан «бейімдегіш» жауаптардың қосындысын шегеру. Формуланың бірінші мүшесі агрессивті үрдісті сипаттайды, екінші – ұстамды агрессивті мінез-құлық үрдістерін.

Тест нəтижелерінің қысқаша талдауы қосынды көрсеткішті тест нормаларымен сəйкестендіріп зерттелушінің қазіргі жағдайы туралы агрессивтілік деңгейі туралы шешім қабылданады. Осылайша, жағымды тұлға аралық қатынасқа негізделген жауап санының көп болуына қарамастан, əлеуметтік

кооперацияны сипаттайтын жауаптардың толық болмауының өзінде 2-3 агрессивті жауап қастандық деңгейінің жоғары болуын сипаттайды. Əр санатқа сəйкестендіргеннен кейін əр санат бойынша пікірлер саны есептеледі. Əр санат бойынша жауаптар пайызы есептеледі.

Балалардың агрессивті мінез- құлығын түзету және алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Агрессивті балалар – бұл көмекке мұқтаж жəне үлкендердің қабылдамауына ұшараған балалар тобы. Түсінбестік пен агрессивті мінез-құлық себептерін білместік агрессивті балалардың үлкендерден де, өздерінің құрбыларынан да ашық түрде жақтырмауы мен қабылдамауына алып келеді. Сондықтан да мəселелік санаттағы балаларды анықтау мақсатында тек агрессивтіліктің деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен бірге агрессивті мінез-құлықтың алдын алу жəне түзету жұмыстарын жүргізу керек. Бала агрессивтілігінің алдын алу – бұл балалар мінез- құлығындағы агрессияны туындататын негізгі себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, əлеуметтік-дəрігерлік жəне ұйымдастыру-тəрбиелік іс-шаралардың əсер ету үдерісі. Алдын алу бұл тəуекел факторларын жою немесе қандай да бір құбылыстар туралы ескертуге бағытталған əр түрлі іс-шаралар жиынтығы. Білім берудегі психологиялық қызметтің негізі туралы көзқарастарға сүйене отырып, мектептерде жүргізілетін алдын алу жұмыстары туралы төмендегідей анықтама беруге болады. Алдын алу – бұл оқушылардың оқу іс-əрекеті барысындағы қиындықтарға алып келуі мүмкін ерекшеліктерін уақытында анықтау болып келеді. Алдын алу жұмыстарының мақсаты психолог өзінің білімі мен тəжірибесі негізінде баланың дамуы мен өмірлік танымына əсер ететін, балалардың психикалық жəне тұлғалық дамуындағы болуы мүмкін сəтсіздіктерді ескерту. Бала агрессивтілігінің алдын алу дегеніміз бұл баланың агрессивті мінез-құлқын туындататын əлеуметтік-психологиялық факторларға жол бермеуге бағытталған іс-шараларды жүргізу.

Тұлғаны түзету оның ауытқыған мінез-құлығындағы жағымды тұлғалық өзгерістерге жағдай жасау. Баланың агрессивті мінез-құлығын түзету баланың тұлғасының толыққанды дамуы жəне қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында агрессивті əрекеттерді анықтауға бағытталған психологиялық əсер ету. Психологиялық түзету – мектеп психологтың психоло- гиялық əсер етудің арнайы құралдарының көмегі арқылы баланың агрессивті мінез-құлығын түзетуге бағытталған қызметінің бір түрі. Жеке жəне топтық психологиялық түзетуді бөліп көрсетуге болады. Жеке психологиялық түзетумен айналысатын психолог баламен бөтен адамдардың қатысуынсыз жұмыс жасайды. Топтық психологиялық түзету жұмысы кезінде оқушылар тобымен өзара əрекеттестік болады, агрессивтілік деңгейінің төмендеуі балалардың бір-біріне өзара əсер ету жəне өзара қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асады. Агрессивті мінез-құлықты түзету үшін бірқатар жаттығулар өңделген, оларды дұрыс орындайтын болса жағымды нəтиже береді. Бұл құралда мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлығын түзету бойынша жаттығулардың бірнеше нұсқалары қарастырылды. Мектепте агрессивтілік жəне күш көрсету деңгейінің алдын алу жəне түзетумен тікелей психологтар айналысады. Мектептегі психологтың жұмысының өзіндік ерекшелігі бар жəне оқушылылардың психологиялық жағдайын қадағалаумен, психологиялық кеңес берумен, тренингтер жүргізумен ерекшеленеді.

Агрессивті балалармен жұмыс жасау әдістері

Балалар неге мектепте төбелеседі, бір-бірін тістейді, итереді? Көп жағдайда балалар өздерін осылай ұстауының себебі басқаша жасай алмағандықтан, сондықтан психологтар мен педагогтардың міндеті – балаларды қоршаған ортамен тиімді, жанжалсыз қарым-қатынасқа түсуге үйрету.

Агрессивті балалармен жұмыс үш бағытта жүруі керек:

1. – агрессивті балаларды ашуды дұрыс шығара білуге үйрету;

2.- жанжал жағдайларында балаларды өзін-өзі ұстау, бақылау дағдыларына үйрету.

3.- басқаларды түсінуге, сезінуге, олар үшін уайымдауға, басқаларға сенуге үйрету.

Агрессия жақтырмау, қаламау сезімінен басталады, бұл өзін-өзі бақылаудың жоғалуына алып келеді. Өкінішке орай – ашуды сыртқа шығару бұл ұят деген пікір қалыптасқан. Мамандардың айтуынша жағымсыз эмоцияларды ішінде ұстап, жинай беруге болмайды.Ашуын ішіне сақтаған адам оны бір кезде сыртқа шығаруға дайын болады. Ашуын іште сақтаған адамның психосоматикалық ауруларға көп шалдығатыны туралы теория бар. Іште сақталған ашу-ызаның ревматизмдік артрит, есекжем, псориаз, асқазан жарасы, бас ауруы, қан қысымының жоғарылауы тəрізді ауруларға алып келетіні белгілі. Ызадан арылу керек. Ол үшін балаларды ызаны мақұлданған, ешкімге зиян əкелмейтін жолмен шығаруға үйрету керек.


Ызаны тиімді жолмен шығаруға үйрету.

Көбінесе ыза сезімі еркіндікті шектеу кезінде пайда болатындықтан, осындай «қатты ашу» кезінде балаға əдетте сіз рұқ-сат бермейтін əрекеттердің бірін жасауға мүмкіндік беру керек. Бұл жерде бала өзінің ашуын вербальды немесе вербальды емес түрде шығаруына да байланысты. Мысалы, бала өзінің бір досына ашуланып қалған кезде арттерапия техникасын қолдануға болады: балаға ренжіткен адамның суретін қалай, қандай түрде салғысы келетініне рұқсат беру керек. Мұндай жұмыстан кейін төменгі жəне орта мектеп жасындағы бала жеңілдеп қалады. Ермексазбен өзін ренжіткен адамның фигурасын жасап, оны бұзып тастауға болады, қалаған жағдайда қайта жасап қоюға болады. Балалардың өздері жасаған дүниелерін бұзып қайта жасай алуы өздеріне қатты ұнайды. Тəжірибе көрсеткендей, осылайша өз агрессияларын шығара алған балаларда агрессияға баруға деген ниет төмендей бастайды.



Жанжал жағдайларында балаларды өзін-өзі ұстау, бақылау дағдыларына үйрету.

Агрессивті бала өз ашу ын жеткілікті формада шығаруы үшін психогимнастика жаттығулары бар қарым-қатынас тренингтерін өткізу керек. Бұл сабақтарда нысанаға доптар лақтыра алады, жұмсақ жастықтарды теуіп ұра алады. Ашумен жұмыс істеу үшін резеңке балғамен балалар қабырғаны, еденді ұра алады; газеттерді жыртып, умаждай алады – бұлардың барлығы эмоциялық жəне бұлшық еттік ширығуларды азайтуға көмектеседі. Көптеген ересектер балаларының түрлі ойыншық қару- жарақтармен ойнауына қарсы. Көптеген ата-аналардың ойынша қарумен ойнау баланың агрессиясын күшейте түседі, қаталдық, зұлымдыққа алып келеді деп санайды. Бірақ, тəжірибе көрсеткендей, ұл балаларда ойыншық қарулар болмаса да олар түрлі заттарды қару сияқты алып ойнай беретіні белгілі. Оларға тыйым сала отырып, осындай ойынға деген қызығушылықтарын күшейте түсеміз. Ашу барлық уақытта агрессияға əкеле бермейді, бірақ бала немесе ересек ашу сезімін жиі басынан кешіретін болса, агрессияның түрлі формасының пайда болуына алып келеді.

рефлексиялау қабілетін арттыруға, өзін-өзі тану механизмдерін, өз қылықтарына жауапкершілікті сезінуді дамытуға бағытталған жаттығуларды енгізу керек.


Агрессивті балалармен қарым- қатынас құру.


1. Шектен тыс белсенді-агрессивті бала

Тынымсыз балалардың тəртіпке бағынуы қиынырақ болады. Мұндай балаларға үйінде барлығы рұқсат етілгендіктен, басқа ортаға түскенде олардың қалаулары орындалмағандықтан агрессия көрсетеді. Сонымен қатар, ойын жағдайларында ережелерді қолдана отырып, шектеу жүйесін құру керек. Балалар өз қателігін мойындаған кезде оны ынталандыра біліңіз. Оларға өз қателігін басқаға аудармауды үйретіңіз. Құрдастарын, ересектерді жəне жалпы өмірді түсіну дағдысын үйретіңіз.

2. Агрессивті-өкпелегіш жəне тез шаршайтын бала Баланың өкпелегіштігі тəрбиелеудің жетіспеушілігі немесе үйренудегі қиындығынан ғана емес, сонымен қатар жүйке жүйесінің даму ерекшеліктерімен жəне ағзаның дұрыс өспеуімен байланысты. Шектен тыс сезімталдық, ашуланшақтық, əлсіздік агрессивті мінез-құлықты тудырады. Баладағы психикалық қысымды төмендету үшін онымен бірігіп, шуылы көп ойындарды ойнаңыз. Жəне балаңыз үнемі агрессивті болса онда жағдайды шиеленістірмеңіз.

3. Оппозициялы мінез-құлықты көрсететін агрессивті бала

Егер де, бала елдің барлығына ғана емес, тек қана ата- анасына, өзіне таныс адамдарға ғана дөрекілік көрсететін болса,

онда о сіздің өзара қатынасыңыз дұрыс емес: сіз балаңызбен сирек араласасыз, бұрынғыдай балаңыз үшін үлгілі емессіз;

балаңызға қызықсыз, немен айналысатынын білмейді, сондықтан да ол өзінің көңіл-күйін жəне мəселелерін сізге аударады, өз жауапкершілігін сіздің мойныңызға жүктейді. Осындай мəселелерді балаңыздың орнына шешпей, баламен бірлесіп шешуге тырысыңыз.

4. Агрессивті-қорқақ бала

Өштесушілік, күмəнданушылық баланың келе жатқан қауіптен қорғану құралы болуы мүмкін. Қорқыныштармен жұмыс жасаңыз, яғни, қауіпті жағдайлар тудырып, баламен бірігіп сол қауіпті жеңіңіз, сонымен қатар, жағдайлар жағымды,

жағымсыз болып ауысып отыру керек.

5. Агрессивті-сезімі жоқ бала.

Кейбір балаларда өзгелерді эмоционалды түсіну, сезіну қабілеті бұзылған. Мұның себебі, отбасылық тəрбие жағдайының дұрыс болмауынан, баланың интеллектуалды дамуының бұзылуынан, сонымен қатар, эмоционалды суықтық, қаталдық, жоғары эмоционалды қозушылықтан болуы мүмкін. Мұндай балалар жиі ашуланады немесе керісінше немқұрайлы, төбелеседі, жаман сөздер айтады, жануарларды қинайды, сонымен қатар, оның басқалардың жағдайын, яғни олар ренжіп тұр ма, жаны ауырып тұр ма, осындай жағдайларды түсінуі қиын. Мұндай балалардағы адамгершілікті ояту керек: мысықты жəне иттерді сипалаңыз, жануарларға күтім жасаңыз; баланың назарын басқа адамның қайғысына, төмен көңіл-күйіне аудартыңыз жəне көмектесуге тырысыңыз. Егер де бұл көмектеспесе, балаға жауапкершілік алуды үйретіңіз – өзінің агрессивті мінез- құлқын «қайталап көрсетіңіз» («Ал енді бар да кешірім сұра»).


Балалардағы агрессивті мінез- құлықты түзетуге ұсыныстар


1. Балалардағы агрессивті жүріс-тұрысті түзетуді ең алдымен ата-ана, Сізден бастау керек. Есіңізде болсын, отбасында қажетті өзгеріс болмай, балаңыздың бойындағы агрессияны түзету мүмкін емес.

2. Бала əрбір сəтте өзін ата-анасының сүйетінін, бағалайтынын, қажет екендігін, қабылдайтынын сезінуі қажет. Оны сүюден жəне аяудан ұялмаңыз.

3. Басқа адамдар туралы жаман сөздер айтпаңыз, ашуға бой алдырмаңыз, тиімді мінез-құлық ерекшелігін көрсетіңіз.

4. Дауыс көтеру жəне тыйым салу агрессивтілікті жеңуде тиімді нəтиже бермейді. Осындай мінез-құлықтың себебін түсінгеннен кейін ғана, жақсы нəтижеге қол жеткіземіз.

5. Эмпатияны дағды ретінде қалыптастырыңыз.

6. Балаңызға өз агрессиясын шығаруға мүмкіндік беріп, басқа нəрсеге көңіл аудартыңыз (мысалы, жастықты ұру).

7. Баланың өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын басуға тырыспаңыз, түсінушілікпен қарап, ортақ бір шешімге келіңіз.

Жасөспірімдердің агрессивті реакциясы екі түрде көрініс алады: ішкі жəне сыртқы. Үндемейтін жасөспірімнің ызасы ішкі түрде байқалады. Оның агрессиясы ішінде жиналады, онымен ешкім жұмыс істемейді. Сондықтан баланы агрессия іштей жеп жатады. Іште жинақталған ыза пассивті-агрессивті мінез-құлыққа əкеледі. Пассивті- агрессивті мінез-құлық салдарынан баланың спортқа, мектепке деген қызығушылығы жоғалады. Басқа жағынан, көптеген жасөспірімдер де сыртқа бағытталған эмоционалды жарылыс байқалады. Жасөспірімдер дұрыс емес деп есептейтін нəрсені ата-аналары айтатын болса, олар оған өте дөрекі, жаман сөздермен жауап қайтарады. Кейбіреулері қолында тұрған нəрсені лақтырып, жан-жағын жайпап сындырады. Ата-аналары жасөспірімнің неге ызаланғанын анықтауы қажет: оның ойынша ата-анасы нені дұрыс емес жасады; қандай жаманшылық жасады? Егер де ата-анасы жасөспірімді тыңдамаса жəне осы мəселені шешуге көмектеспесе ол өзіндегі ызаны күшейтеді. Егер де ата-ана жасөспірімді тыңдаса, мəселенің негізгі себебін білсе, онда олар ақылға қонымды реакцияға жетеді. Ата-аналар жасөспірімнің дауыс көтергендігіне шыдай алмай, жауап ретінде олар да айқай көтереді. Мысалы, «Аузыңды жап та, бөлмеңе бар. Сенің менімен бұлай дауыс көтеріп сөйлеуге ешқандай құқығың жоқ!». Ата-ана баласының сөйлеу мəнеріне емес мазмұнына көңіл аударуы қажет. Бұл сəтте ызаның себептерін анықтау маңызды. Егер де ол сізге айқайласа, онда ол сізге бір нəрсені айтпақ. Сіз ата- ана ретінде мұны естуіңіз керек.




Жанжал жағдайын шешу нұсқаулықтары


1. Болмашы агрессия барысында өзіңізді бір қалыпты ұстаңыз

- Балаңыздың еркелігіне көңіл аудармаңыз;

- балаңыздың сезімін түсінуге тырысыңыз;

- көңілін басқаға аударыңыз, қандай да бір тапсырма ұсыныңыз;

2. Тұлғаның өзіне емес, мінез-құлыққа назар аударыңыз

Бала тынышталғаннан кейін, агрессия кезінде өзін қалай ұстағанын, не сөйлегенін, осы себептен өзара оның мінез-құлқын талқылаңыз.

3. Сынамаңыз жəне кеңес бермеңіз

Ешқандай сыни көзқарастар болмауы керек. Оларға мінез- құлқының жағымсыз салдарын көрсету қажет. Жасөспірімге агрессияның бəрінен де бұрын өзіне зиян келтіретіндігін сендіру керек.

4. Өзіңіздің эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз

Агрессивті балалармен қарым-қатынас жағдайында өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызды бақылауды үйреніңіз. Бала немесе жасөспірім өзінің агрессивті мінез-құлқын көрсеткенде, ол жағымсыз эмоцияны – ашулануды, ызалануды, қорқуды не-месе дəрменсіздікті тудырады. Үлкендер бұл жағымсыз мазасызданулардың орынды екенін, балаларда осы сəтте сезімдердің басым болып тұрғанын сезінуі қажет.

5. Жағдайдың шиеленісуін төмендетіңіз

Сіздің негізгі мақсатыңыз – жағдайдың шиеленісуін төмендету.

6. Оның агрессивті мінез-құлқын бірігіп талдаңыз

Жағдай шешіліп, барлығы сабасына түскеннен кейін, агрессивті мінез-құлықты талдауға өтіңіз. Əңгімелесу барысында байсалдылықты жəне объективтілікті сақтау өте маңызды. Агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз салдарын жəне деструктивтілігін мұқият түсіндіру керек.

7. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін көрсетіңіз

Балалар кішкентай кезінде олардың агрессивті реакциясына ата-аналардың мінез-құлқы агрессивті емес жайдарлы болуы қажет. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін балалар жылдам қабылдайды. Басты шарт – бұл ата-аналардың шынайылығы.


Бала агрессиясының алдын алу нұсқаулықтары


1. Отбасында ашық жəне сенімділік ахуалын сақтауға тырысыңыз.

2. Баланы үміттендіріп, орындалмайтын уəдені бермеңіз.

3. Балаңызға шарт қоймаңыз.

4. Балаға əсер етуде ұқыпты болыңыз.

5.Өзіңізге рұқсат ететін нəрселерді бала жасаса, оны жазаламаңыз.

6.Баламен қарым-қатнас барысында өз пайдаңыз үшін талаптарыңызды өзгерте бермеңіз.

7. Əрекетіңізбен балаңызды бопсаламаңыз.

8. Əлсіздігіңіз бен сезіміңізді балаңызбен бөлісуге қорықпаңыз.

9.Қарым-қатынасыңызды оқу үлгерімінің жетістіктеріне қарай орнатпаңыз.

10. Баларыңызды шарт қоймай жақсы көріңіз.

11. Баламен қарым-қатынаста «Мен – өкіл» ретінде қолданыңыз.


Ата-аналарға арналған тесттер

Сіздің балаңызда бəрі дұрыс па?

«Менің баламмен бəрі дұрыс па?» сұрағына жауап беру үшін қарапайым тестті толтырыңыз.

Менің балам

1. Өзін ұстай алмай қалады ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

2. Үлкендермен сөз таластырады ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

3.Үлкендердің орнатқан ережелері мен талаптарын қабылдамайды немесе орындаудан бас тартады ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

4. Əдейілеп үлкендерді ызаландырады ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

5. Өзінің жіберген қателіктеріне немесе теріс қылықтарына басқаларды кінəлайды mешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

6. Өкпелегіш жəне басқалардың əрекеттеріне жылдам ашуланады ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

7. Сынағанға шыдамайды жəне ашулануға бейім ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

8. Қастық ойлаушы жəне кекшіл ешқашан немесе сирек | кейде | жиі | өте жиі

Егер де сіз «жиі» немесе «өте жиі» жауабын минимум 4 рет қолдансаңыз, онда ойлану керек. Балаңыздың мінез-құлқы үлкен мəселенің белгісі болуы мүмкін.

Агрессиялы балалармен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтары


1 сабақ

1. Тақырыбы: "Танысу".

Мақсаты: Зейінін тұрақтандыру, ойлауын, есте сақтауын дамыту.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Бірінші бала көршісіне қарап өзінің атын және атының бас әрпінен келетін сүйікті көкөніс немесе жеміс-жидекті айтады. Көршісі "өте жақсы" деп жауап беріп, ол бірінші баланың атын, ұнататын көкөнісін (жемісін) қайталап барып, өзін таныстырады. Осылай әр ойыншы өзін таныстырмас бұрын – бірінші, екінші, т.т. осылай алдындағы балалардың атын, ұнататын жемісін қайталап барып, өзін таныстырады.

Ескерту: Әр ойыншы өзін таныстырып жатқанда, басқа ойыншылар зейін салып тыңдап, өзінен алдыңғылардың бәрін қайталап барып, өзін таныстыру қажет.

2. Тақырыбы: "Жемістермен ұрысамыз".

Мақсаты: Вербальды агрессияны шығару.

Барысы: Балаларға жаман сөзбен емес, жемістермен ұрысуды ұсынамыз: "Сен – қиярсың", "Ал сен - сәбіз", "Сен – алма", "Ал сен –асқабақсың", т.с.с.

Ескерту: Жаттығуды бастамас бұрын бұл ойын екенін ескерту. Ал соңында осы айтылған жеміс-көкөністердің жақсы жақтарын айтып өтеміз (балаға кері әсер бермеуі үшін). Мысалы: асқабақ – бұл өте дәмді, тәтті, құрамында өте көп витаминдер бар, бізге пайдалы т.с.с.

3. Тақырыбы: "Екі тайпаның төбелесі".

Мақсаты: Тікелей дене агрессиясын қимыл арқылы шығару.

Барысы: Ойынға кішкене жастықтар керек. Балалар екі топқа бөлінеді. Бұлар екі бір-біріне қарсы ежелгі тайпалар. Әр топ өз тайпасының атын ойлап табады.

Әр ойыншының қолында бір-бір жастықтан. Осы жастықтармен бір-бірінің денесінің әр жеріне жеңіл ұрып, төбелеседі. Ойынның соңында екі тайпанын ойыншыларын бір-бірімен қол алысып, достасуға шақырады.

Ескерту: Жүргізуші балалар төбелесіп ойнап жатқанда бір-бірін қатты немесе оқыс ұрып қоймауын қадағалап тұрады.

4. Тақырыбы: "Үшінші көз, оян!".

Мақсаты: Кері әсерлерден арылып, өзіне сенімділігін арттыру.

Барысы: Жүргізуші: Адам тек көзімен ғана көріп қоймайды. Оның данышпандылығы мен ақылы, ұстамдылығы мен байсалдылығы – үшінші көзінде оянуы мүмкін. Өзіңнің "сұқ саусағыңды" созып, мұрныңның үстіңгі, екі қастың ортасына қой. Бұл жерде сенің үшінші көзің, данышпан көзің. Сағат тілінің бағытымен 6-10 рет уқалаймыз. Уқалай отырып: "Оян, үшінші көзім, оян, үшінші көзім,......" деп бірге айтамыз.

- Енді сендер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ақылды, ұстамды, данышпан болыңдар.

5. Тақырыбы: "Бірге ойласып жасалған қимыл" этюді.

Мақсаты: Ептілікке үйрету.

Барысы: Балалар жұп-жүп болып бөлінеді. Әр жұп бірлескен қимылды көрсетулері қажет.

Тапсырма:

- қайықтың ескегі;

- жіпті жинап орау;

- арқан керу;

- шыны ыдысты (стакан) бір-біріне беру;

- ағашты аралау;

- жұбымен билеу, т.с.с.

Релаксация.

2 сабақ

1. Тақырыбы: "Тілек шоғы".

Мақсаты: Жасалған (айтқан) жақсылық өзіңе оралатынын сезіндіру.

Барысы: Балалар дәңгелене түрады, әрқайсысының қолдарында гүл. Жүргізуші өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жүргізушіні өзіне бір құшақ гүл - "Тілектердің шоғы" болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады деп, жүргізуші қорытынды жасайды.

2. тақырыбы: "Жорықтағы жоллбарыс".

Мақсаты: Өзгенің қимылын жасай білуге, ептілікке үйрету.

Барысы: Жүргізуші: "Біз бәріміз орманда жүрген жолбарыстармыз". Жүргізуші – жолбарыс. Оның артынан жолбарыстың күшіктері тұрады. Жолбарыс күшіктерін жорықта аң аулауға үйретеді. Ал күшіктер жолбарыстың жасаған қимылдарының бәрін бұлжытпай жасап отыруы қажет, оларға анасының алдына шығып кетуге болмайды. Жолбарыс ақырын еппен, жайлап артқы аяғының ұшымен алдыға қояды, тырнақтары ұзын алдыңғы бір аяғын алдына қарай созып, артқы екінші аяғын орнықтырады, басын төмен ұстап, белі мен кеудесін төмен түсіріп, абайлап өзінің көздеген жемтігіне жақындайды. Осылай 5-6 рет қайталанған шабуылдан кейін, денесінің бәрін, аяғын жиырып отырып, ең соңғы, шешуші шабуылға дайындалады, "Ха!" дыбыс шығара отырып, жылдам секіреді. Ал күшіктері осы қимылдың бәрін жолбырыспен бірге қалыспай қайталап отырулары қажет.

3. Тақырыбы: "Сен арыстансың!".

Мақсаты: Бойындағы кері әсерлерден арылтып, сенімін арттыру.

Барысы: Жай әуен ырғағымен көзімізді жұмып – аңдардың патшасы күшті, өзіне-өзі сенімді, қайсар, ақылды да данышпан арыстанды көз алдымызға елестетеміз. Ол өте әдемі, ұстамды, әділетті. Бұл арыстанның аты – сенің атың сияқты, күшті аяқтары – сенің қолдарың сияқты, өткір көздері, сұлу келбеті мен шымыр денесі – сенікі сияқты. Өзімізді осы арыстандай сезінейік.

4. Тақырыбы: "Ырылда арыстан, ырылда, тарсылда поезд, тарсылда".

Мақсаты: Вербальды және дене агрессиясын шығару.

Барысы: Жүргізуші: "Біз бәріміз арыстандармыз, арыстанның үлкен отбасымыз!".

Кәне, жарыс ұйымдастырайық, кім қатты "ырылдай" алады екен. "Мен - ыр-ылда арыстан, ыр-ылда" дегенде жоғары дауыспен бастайсыңдар.

Кәне, тағы да кім қаттырақ ыр-ылдай алады? Өте жақсы ырылдайсыңдар. Балалардан арыстанның өзіне сенімді, айбатты тұрысын көрсетіп, қаттырақ ырылдауын талап етеміз.

Сосын балалар бірінің артына бірі түрып, қолдарын алдыңғы баланың иығына қояды. Бұл паравоз. Оның дөңгелектері пышылдап, ысқырып жұмыс істей бастайды, әрқайсысы бір-бірін тыңдап, көршісінің иығына туралана бастайды. Паравоз бөлменің ішінде әр түрлі бағытта жүре бастайды: біресе -тез, біресе жай, біресе - бұрылып, біресе - айналып жоғары дауыспен ысқыра жүреді. Машинистер аялдамада ауысады.

Ойынның соңында "жарылыстың" әсерінен бөлініп, еденге бәрі құлайды.

Релаксация: Балаларға құлаған бойда барлығы кілемшенің үстіне көздерін жұмып, денелерін босаңсытып жатуды ұсынады. Өздерін орманда көгалдың үстінде жатқандай сезіндіреді. Жүргізуші балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны салқын желдің лебі деп сезінеді.


3 сабақ

1. Тақырыбы: "Амандасу - сәлемдесу".

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.

Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.

Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу).

Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды).

Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады).

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).

2. Тақырыбы: "Балалар футболы".

Мақсаты: Жанама дене агрессиясын ойын арқылы шығару.

Барлығы: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Доптың орнына жастық (подушка). Жүргізуші - әділқазы. Ойынның шарты - жастықты қолымен лақтыруға, аяқпен тебуге, тартып алуға болады. Негізгі мақсат - қақпаға гол салу.

Ескерту: Жүргізуші ойын шартының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Жастықсыз аяқ, қолын бос сермеуге болмайды. Ережені бұзғандар ойын алаңынан шығарылады.

3. Тақырыбы: "Кет, жамандық (қастандық), кет".

Мақсаты: Ішкі кері әсерлерінен арылу.

Барысы: Ойыншылар кілемнің үстінде дөңгелене жатады. Ортада үйілген жастықтар. Көздерін жұмып бар күштерімен, қолдарымен жастықты, аяқтарымен еденді ұрады. Олар қатты дауыстап: "Кет жамандық, кет!" деп айғайлайды. Жаттығу 3 минутқа дейін созылады. Сосын қатысушылар жүргізушінің нұсқауыменен аяқ, қолдарын алшақ ұстап "Жұлдызға" ұқсап. тыныш әуен ырғанын тыңдап 3 минут жатады.

Сақтандыру: Балалар қолдарымен жастықты ұрып жатқанда, бір-бірінің қолына тиіп кетпеуін қадағалау.

4. Тақырыбы: "Бес түрлі қимылды би". (Габриэла Рот).

Жаттығуды орындау үшін ұзақтығы 1 минуттан тұратын әр түрлі темптағы әуендер қажет.

1. "Судың ағысы" – ырғақты әуен, дөңгелене, жүмсақ ырғақты, тіке ағып жатқандай, бір-біріне үйлесетін.

2. "Арнадан өтіп жатқан" – қатаң әуен - жылдам, күшті, анық, қатаң қимыл, дауылпаздың әуені.

1 минут

3. "Сынған қуыршақ" - негізсіз әуен - әр түрлі дыбыстар жинағы, сілкінткендей, аяқталмаған қимыл ("сынған қуыршақ" сияқты)

1 минут

4. "Көбелектің ұшуы" - лирикалы, ырғақты әуен - жұқа, нәзік, жағымды қимыл.

1 минут

4. "Тыныштық" - тыныш, бірқалыпты әуендер жинағы - (судың дыбысы, теңіз шуылы, ормандағы құстың әуені, т.б.) дыбыстар, - еш қимылсыз, өз денеңді "тыңдап" жатқан жағдай.

Ескерту: Жаттығудың соңында балалардан қандай қимылдың ұнағаны, оның қайсысы жылдам, оңай орындалатыны, қайсысы қиын болғаны жайында әңгімелесеміз.


4 сабақ

1. Тақырыбы: "Мен бәрінен де әдемімін".

Мақсаты: Баланың өзін- өзі бағалауын арттыру.

Барысы: Төмендегі сөздерді сеніммен қайтала:

Мен ауылдамын.

Қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Мен ұзақ өмір сүремін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.

Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.

2. Тақырыбы: "Бұзылатын мұнара".

Мақсаты: Балаларды ептілікке тәрбиелеу.

Барысы: Жастықтардан үлкен мұнара тұрғызамыз.

Негізгі тапсырма: Қатысушылардың әрқайсысы осы мұнараның үстіне секіреді, секіре отырып қуанышты "жеңімпаз" дауыспен "А-а-а", "Ура", т.с.с деп айқайлайды.

Осы мұнараның қабырғаларын бұзбай секірген қатысушы жеңіске жетеді.

Ескерту: Әр қатысушы өзіне ұнаған биіктікте мұнара тұрғызуына болады.

Әр секіргеннен кейін "демеушілер" жоғары дауыспен: "жарайсың", "өте жақсы!". "Жеңіске жеттің!", т.с.с. сөздермен демеп отырады.

3. Тақырыбы: "Өз биіңді ойлап тап".

Барысы: Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Музыканың әуенімен (жылдам немесе жай) әр түрлі қимылда билейді, қатысушылар дәл осы биді қайталайды. Сосын ол қатысушының біреуін ортаға шақырады. Ол ортаға шығып өзінің биін ұсынады, осылай шеңбер бойы кезекпен ортаға шығады.

4. Тақырыбы: "Демал да, тамаша ойлан".

Мақсаты: Өзін-өзі ұстау, бойын босаңсытып, кері әсерлерден арылу.

Барысы: Көзіңді жұмып терең дем ал:

- ойша ойлан - "Мен арыстанмын" - терең тыныс алып, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен құспын" - тыныс ал, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен таспын" - тыныс ал, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен гүлмін" - тыныс ал, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен бірқалыпты тыныш жағдайдамын" - тыныс ал, демінді шығар.

5. Тақырыбы: "Әуеннің суретін саламыз".

Максаты: Әуенді сезініп, қабылдап, қағаз бетіне түсіре білуге үйрету.

Қажетті заттар: суланған ақ қағаздар, түрлі-түсті бояу.

Барысы: Жүргізуші: Балалар, сендер қандай түстерді (сары, қызыл, ашық көк), қайырымды, қайғылы түстер (жасыл, қою көк), қатыгез түстер (қоңыр, қара) деп ойлайсыңдар? Енді түстерді топтастырып еске түсіріп болғаннан кейін, бірқалыпты лирикалық әуенді тыңдай отырып, осы әуеннің суретін түстер арқылы көрсетуін балалардан талап етеміз. Әуеннің ырғағына қарай балаларға бояуларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береміз. Баланың қасына отырып, қандай эмоциялық сезімде жұмыс істегенін бақылаймыз.

Релаксация.








5 сабақ


1. Тақырыбы: "Күлкі".

Мақсаты: Балаларды бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлауға үйрету.

Барысы: Балалар бір-біріне қарап, ыңғайланып отырады. Бір-бірінің жүздеріне тура қарап, жымиып күледі. Мұндай әрекет күн ұзаққа көңіл-күйлерінің жақсы болуына әсер етеді.

2. Тақырыбы: "Жоқ! Ия!".

Мақсаты: Вербальды агрессияны шығару.

Барысы: Балалар бөлменің ішінде еркін жүгіріп жүріп "Жоқ! жоқ!" деп дауыстайды. Жүргізушінің белгісі бойынша жүгіруді жалғастырады, бірақ кездескенде бір-бірінің көзіне қарап "Ия! Ия!" деп дауыстайды.

3. Тақырыбы: "Актерлер".

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл, мимика, жест арқылы байланыс.

Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы - актерлер, жүргізуші — көрермен. Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

- Күзгі бұлт.

- Ренжіген адам.

- Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.

- Күнге қараған мысық.

- Күн.

- Айлакер түлкі.

- Қуанышты бала.







































Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» (14 желтоқсан 2012 жыл)

2. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында № 1386 (ХIV) қарауымен қабылданған Бала құқықтары

Декларациясы

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» № 319-III Заңы, 2007 жыл 27 шілде.

4. Чепмен Г. Пять путей к сердцу подростка. СПб., 2009.

5. Шевандрин Н.И. Основы психодиагностики. М., 2003.

6. Тренинги с подростками. Волгоград, 2009

7. Чуднова А., Дьяченко С., Азарова Ю. Ключ к тайным плас-там подсознания человека. Карточки Люшера. М., 2010

8. Старшенбаум Г.В. Наши дети. Ростов-на-Дону, 2012

9. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. СПб., 1998

10. Гребенкин В. Профилактика агрессии и насилия в школе. Ростов-на-Дону, 2006

11. Паренс Г. Агрессия наших детей. М., 1997

12. Иванова Л.Ю. Агрессивность, жестокость и отношения старшеклассников к их проявлениям. / сб. Проблемы лич- ности, профилактика отклонений в ее развитии. М., 1993

13. Степанов В.Г. Психология трудного школьника. Москва, 1998

14. Личко А.Е., Попов Ю.В. Делинквентное поведение, алко- голизм и токсикомании у подростков. М., 1988

15. Андреева Т.В. Семейная психология. СПб., 2004

16. Юнг К. Конфликты детской души. М., 1991

17. Щербинина Ю.В. Вербальная агрессия. М., 2006.

18. Дольто Ф. На стороне ребенка. М., 2013.

19. Дольто Ф. На стороне подростка. М., 2013.

20. Воробьева К.А. Агрессия и насилие в подростковой среде. М., 2011.

21. Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. СПб., 2003. 310-327 б.

22. Фурманов И.А. Психология детей с нарушениями пове- дения. М., Владос, 2009.

23. Семенюк Л.М. Психологические особенности агрессивного поведения подростков и условия его коррекции. М., 1996.

24. Чепмен Г., Кэмпбелл Р. Пять путей к сердцу ребенка. СПб., 2008.

25. Чепмен Г. Пять языков любви. М., 2009.

26. Чепмен Г. Пять признаков любящей семьи. СПб., 2008.

27. Кон И.С. Что такое буллинг и как с ним бороться? / Журнал «Семья и школа». 2006, № 11, 15-18б.

Ред. жəне құраст. Дерманова И.Б. СПб., 2002. 47-60 б.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11