Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес.«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» - деп ірі ғалымдардың бірі А.Линкольн айтқандай, шынымен де, адамның адамшылдығын көрсететін, өміріне жол сілтейтін, кез-келген жағдайда оған тіреу бола алатын қазына – қарым-қатынас болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Орал қаласы

19 ЖББОМ педагог психолог



Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадыға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, дамуына мектеп жасына дейінгі кездің ықпалы аса зор екені белгілі.

Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балалардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин /1/, Л.И.Божович /2/ және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» - деп ірі ғалымдардың бірі А.Линкольн айтқандай, шынымен де, адамның адамшылдығын көрсететін, өміріне жол сілтейтін, кез-келген жағдайда оған тіреу бола алатын қазына – қарым-қатынас болып табылады. Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді.Тұлғааралық қарым-қатынас барысында, адамдар ақпарат алмасып қана қоймай, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын анықтайды.

Ұрпақ өміріміздің жалғасы болашақтағы әр мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер тірегі. Тәуелсіз еліміз жастарға ең сапалы білім берумен қатар, олардың жағымды мінез-құлқын дамытып: адамгершілікке, мейірімділікке, қоғамның лайықты азаматтары ретінде тәрбиеге көп көңіл бөлуде.

Адам жасы ұлғайған сайын оның басқа адамдармен қарым-қатынасы күшейіп, оның әлеуметтік ортасы кеңейе түседі. Мысалы, балалық шақтағы қарым-қатынасқа қарағанда жасөспірімдердің қарым-қатынасы әлдеқайда мәнді, әрі ауқымды болып келеді. Қазіргі таңда тұлғаның ролі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының үйлесімділікте дамуы өте маңызды.

Жас өспірімдік кезең – бұл жеке тұлғаның әлеуметтенуінің белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің жауапты да, дербес іс-әрекетіне көшу кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде балалардың физиологиялық дамуында біркелкі өзіндік өзгерістер болады. Олардың денелік күшінің дамуымен қатар, өзіндік санасының қалыптасуы, жыныстық толысуы мен оның қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Бұл кезеңнің бірінші шегі физиологиялық болса, ал екіншісі әлеуметтік болып саналады, яғни олардың физиологиялық дамуымен бірге дамудың әлеуметтік жағдайы да елеулі өзгерістерге ие болады. Өйткені, оларға қойылатын талаптар да, міндеттер де күшейе түседі, өздерін «үлкен» санап, әке-шешесімен, айналасындағы басқа адамдармен тепе- теңдік қатынас құруға ұмтылады. Жасөспірімдер үшін бұл кезеңде қарым-қатынастың маңызы ерекше болып, оған олар көп көңіл бөле бастайды. Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатынас, ұжымдық және топтық өмір, достық, жолдастық қарым-қатынас сезімі – жасөспірімдік кезеңдегі тұлғааралық қарым-қатынастың айқын көріністері болып табылады.

Сандық сипатына қарай үлкен және кіші топтар болып келеді. Кіші әлеуметтік топ – бұл құрамы бойынша аз адамдар санын қамтитын топ. Бұл топтың мүшелері өз әрекеттерінің бірдей мақсаттылығымен біріккен және тікелей жеке контактте (қарым-қатынаста) болады, бұл топтың біртұтас ретінде дамуына негіз болып табылады. Үлкен топ – бұл ірі әлеуметтік бірлестік, мұнда жүзге дейін және одан да көп адамдар болады.

Жасөспірімдік кезеңде балалардың құрдастарымен және ересектермен өзара қатынасының бөлек, тәуелсіз дамуы жалғасады. Құрбыларымен қарым-қатынасөз алдына жолдастық және достық болып, ал ересектермен қарым-қатынас – жеке және іскерлік болып бөлінеді.

Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың жалпы тұтас жүйесі жеткіншектік кезеңдегіге қарағанда күрделірек қалыптасады, мұнда жоғары сынып оқушылары көптеген әртүрлі әлеуметтік рольдерде ойнай бастайды. Барлық мүмкін қатынастар тікелей және өзіндік балалық сипатын жойып, ересек адамдар арасында болатын қарым-қатынасқа ішкі және сыртқы түрі ұқсайтын қатынастарға айналады. Олардың негізі өзара сыйластық пен тең құқылық болады.

Тұлғааралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі – психологиялық үйлесімділік болып саналады. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қарым- қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай жағдай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік байланыс болғанымен, уақыт өте келе арақатынастағы жеке психологиялық үйлесімсіздік олардың ресми байланыстарының кедергесіне айналады.

Жасөспірімдік кезеңдегі тұлғааралық қарым-қатынастың дамуына әсер етуші факторлардың бірі - әлеуметтік белсенділіктің артуы. Олар мектептегі әртүрлі іс-шаралармен қатар, мектептен тыс әртүрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерге қоюмен қатар өздері болып жатқан түрлі құрылыстарға қатысқысы келеді. Өзіндік сананың дамуына байланысты оларда неше түрлі сұрақтар пайда болып, өз өмірлерін толықтыру мақсатында оқу істері көп болса да, оған қанағаттанбай, қоғамдық пайдалы еңбекке ұмтылады. Бұл әлеуметтік байланыс барысында ол айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсіп, өз ортасын кеңейте түседі.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. 2-е изд. – М., Воронеж, 1997. – 352 с.

  2. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М., Педагогика, 1997.- 350 с.

  3. Бодалев А.А: Личность и общение. М., Педагогика, 1983- 271с.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12