МЕКТЕПІШІЛІК ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛ
№1, ЖЕЛТОҚСАН,2023 ЖЫЛ

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі

МАЗМҰНЫ

1.«Мектепішілік бақылау- жетістікке бастар жол»
Мектеп директоры: Кеулімжай Ә – 3-4 бет
2. «Мониторинг жұмыстары арқылы оқушы мен мұғалімнің құзыреттілігін арттыру және оқу мен тәрбие үрдісін тиімді басқару» Аханова Бағымкүл Құттыбайқызы 4-5 бет
3. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Кәрібай Самалхан – 6-7 бет
4. Мектеп іс – щараларынан фотогалерия – 8-9 бет
3. «Психология менің өмірімде және кәсібімде»
Мектеп психологы: Ургенишбаева Перизат – 9-10 бет
4. «Үйірменің үйретері көп»
Қосымша білім беру маманы: Сүйеубаева Айжан –10-11 бет
5. «Әлеуметтік педагог және оның ауыл мектептеріндегі қызметіне сипаттама»
Әлеуметтік педагог: Аханов Ақылбек – 12-13 бет
6. «Дефектология-педагогикалық ғылым саласы»
Дефектолог: Исатаева Бағжан -14-15 бет
7. «Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары»
Бастауыш сынып мұғалімі: Биманова Жанар - 16-17 бет
Бас директор: Кеулімжай Әлия
Талғатбекқызы
Бас редактор: Аханова Бағымкүл
Редактор орынбасары: Кәрібай
Самалхан
Әрлеуші: Косбанбетова
Гулжазира
Тоқсанына бір шығатын журнал
Басылым: №1
Байланыс арналары:
87243834796
Мекен – жайы: Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Тасарық ауылы
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,
өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
![]()

Қызылорда облысы Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
«№238 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Мектепішілік бақылау- жетістікке бастар жол.
«Мазмұндама» қоғамдық қорының танымдық маңызы зор «Оқуға тиіс 10 кітап» сериясымен шыққан «Көшбасшылық» кітабында Уоррен Беннис ХХІ ғасыр өткелдерінен сүріндірмей өткізетін басшылар ескеруге тиіс он қағиданы атап көрсеткен.(«Көшбасшы болу хақында» Уоррен Беннис. 13-бет) Білім саласында әрбір мектепте үздіксіз, тұрақты түрде жүргізілетін мектепішілік бақылау барысында басшы ретінде көшбасшыларға арналған жетістік жолына түсірер осы қағидалармен үдеріс барысында күнбе-күн бетпе-бет кездесеміз. Мектептегі әрбір педагог, қызметкерді мұқият тыңдай отырып, өз кезегінде өзімнің ойымды да жеткізіп отырамын. Олардың қызметін мадақтап, бағалап, сондай-ақ білімін жетілдіруге атсалысып, қажеттілікке сәйкес жұмыс барысын қайта құрылымдаймын.Яғни бірінші қағида-арманның басшысы болу.
Әрбір қызметкерге, педагогке тәуекел ете алатындай атмосфера қалыптастырып, қанаттандырып, түк жасамай, қорқып отырудың, қателіктен қорқудың өзі қателік екенін ұғындырамын. Сонымен,қателіктен қашпау-екінші қағида.
Үшінші кезекте менің болмысыммен үндесетін байыпты сынды бағалау қағидасы. Сирек болса да шындықты бетке айтатын байсалды жандар ұжымда бар. Бұл қызметкерлердің қадірін білуге мен барынша мүдделімін. Қателеспейтін жан, жаңылыспайтын жақ жоқ. Сондай жағдайда орын алған сыни пікірді дер кезінде, дұрыс қабылдау бізді тығырықтан тезірек алып шығады.Сын айтқан адамның ізіне шам алып түспей, қайта айналамызға топтастырсақ ұтарымыз көп болмақ. Француз авиациясының атасы Антуан де Сент-Экзюпери былай деген-ді: «Мен адам беделін түсіріп, абыройын аяққа таптарлықтай іске ешқашан бармаймын. Кез келген адам үшін ол жайлы менің не ойлайтыным емес, оның өзі жайлы не ойлайтыны маңызды. Адамның абыройына нұқсан келтіру-нағыз қылмыс».
Мектепішілік бақылау үдерісінде делегирлеу стратегиясын да қолдануға болады деп ойлаймын. Делегирлеу стратегиясы-мектеп әкімшілігі бақылау мен басшылық барысында өкілеттігін жауапты адамдарға беру, «Белсенді топ» құру мағынасында айтылады. Яғни осы стратегия арқылы ұжым мүшелерінің көшбасшылық касиеттерін қалыптастыруға, жетілдіруге болады. Және осы топқа арман мен ақиқаттың аражігін ажыратып, қорықпай бетке айта алатын жандарды
топтастырсақ қателесудің алдын аламыз. Төртінші қағида-пікірі қайшы адамды қолдау.
Басшыға ең керек қасиет әрі бесінші қағида –оптимист болу. Айналаға сенім мен үміттің шуағын шашып жүрсеңіз бұл «жұқпалы» қасиеттерді ұжымдағылар «қағып алып», ұқсап бағуға тырысады.Сондықтан ұжымдағы әрбір педагог пен қызметкерге, олардың мінез-құлқына, қызығушылықтарына, отбасылық жағдайына, өзіне тән ерекшелігін ескеруге барынша ұмтыламын. Жиі сұхбаттасуға, еркін әңгімелесуге бірінші болып өзім қадам жасаймын. «Қандай да бір ерекше қасиеті үшін»,-депті Болдуин локомотив зауытының бір кездегі президенті Сэмюэл Воклейн,- «Адамды сыйлайтыныңызды оған көрсете білсеңіз, оны басқару еш қиындық туғызбайды». («Дос таба білу және адамдарға ықпал ету өнері» Дейл Карнеги 248-бет.Халықаралық бестселлер) Қысқаша айтқанда, адамның қандай да бір қасиетін дамытқыңыз келсе, сол қасиетті адамның бойынан іздеңіз, сол қасиеттің өз бойында бар екеніне сендіріңіз. Шекспир айтқандай: «Адамгершілігі жоқ адамның өзін адамгершілігі жоғары адамдай көрсете біліңіз». Бұл ойыңызды ашық айтыңыз. Сонда ғана ол адам сіздің үмітіңізді ақтауға тырысып, сол бағаға сай болу үшін барын салады. Бұл үздік ойлар біздің күнделікті жұмысымызда елеусіз ғана кездесіп жатқанымен, жетістікке жетуде, ұжым жұмысының алға басуында айтарлықтай ықпал етері сөзсіз.
Қағидалардың қай-қайсысы да аса қажет-ақ. Десек те, өз адамдарымыздан үздік нәтиже күту деп аталатын алтыншы қағида бізді көбіне тәуекелдерге жетелейді. Педагогтар мен қызметкерлерге сенім білдіргенде ғана олар өздерінің өрісі мен жасанды шектеулер шекарасынан шығып бәріміз таңғалатындай табыстарға қол жеткізеді.
Мектептің болашақтағы бағытын, шығар биігін болжап, өркендеу жолындағы өзгеру қажеттілігін аңғаратындай мықты стратег болу үшін көрегендік қабілетімізді жетілдіру, жетінші қағидадағы сезім түйсігін дамыту қажет. Әрине бұл бойымыздағы ақыл,парасатқа да тікелей қатысты екені даусыз.Осы мағынамен үндес сегізінші қағида алысқа көз тастау. Бір сәттік нәтижені ғана көздейтін ойлау жүйесінің құрсауында қалмай, тиянақты білім, сапалы тәрбиеге мән беруіміз керек. Осы орайда Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының мына сөзі ойға оралады: «Балаларға көп үйретем деп асығып,шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап, нық үйрету абзал».
Жетістікке, нәтижеге ұмтылу барысында өзара бәсекелестік туындайтыны заңдылық. Мекемеде өзіндік мүддесі бар ішкі-сыртқы бәсекелес таптардың арасында тепе-теңдікті сақтау үшін басшыға өзіндік айла-тәсіл, әдіс, педагогикалық шеберлік молынан керек. Тоғызыншы қағида- мүдделі тараптарды тең ұстау.Осы оймен келісерде мен жиырма бес ғасыр бұрын Қытай ғұламасы Лао-цзынның айтып кеткен дана сөзінің бүгін де құнын жоймағанын мойындаймын: «Тау суының өзендер мен теңіздерге құлайтынының негізгі себебі-өзендер мен теңіздер таудан төмен орналасады. Төмен орналасқан соң ғана олар тау суына билік жүргізе алады. Олай болса, ақылды адам ешқашан өзін басқалардан жоғары қоймайды. Басқалардың алдына шығу үшін ол

адамдардың артқы жағынан орын алады». Мектепішілік бақылау үнемі, тұрақты, жан-жақты, барлық мүмкіншілікпен жүргізілетіндіктен процесс барысында түрлі адамдармен ынтымақтастықта, ауызбіршілікпен жұмыс жасау мықты ұжымды қалыптастыратыны анық.
Қағидалардың соңғысы- стратегиялық одақтастар мен серіктестіктер қалыптастыру. Алдағы уақытта мекемемен бірлесе жұмыс жасайды-ау деген ұйымдармен байланыс орнатудың құндылығы мен артықшылығын ескеру де басшының міндеті деп білемін.Мектепішілік бақылау барысында кездескен кемшіліктер мен сараптаулардан кейінгі түйіндерді шешу мақсатында түрлі ұйымдармен, оқу орындарымен келісімшарттар, меморандумдар жасалып, жүзеге асуда.
Су ағуын тоқтатқан кезде, тоқтау су болып тазалығы мен балғындығын жоғалтады. Бүкіл өмірін туған ұясында өткізсе жұлдызқұрт ешқашан көбелек бола алмайды. Өмір-бұл үздіксіз ӨЗГЕРІС процесі. Үйлесімді түрде алға жылжып, өзгеріс сізді өзгертуіне мүмкіндік беріңіз. Жылдамдық емес, бағыт маңызды. Басты мақсатыңыздан айрылмаңыз, болашағыңызға сеніп, толқындарыңызды күн сайын реттеңіз. Өзгерістерді қуана қабылдаңыз, сіз бір орында мәңгі қалуға тиіс емессіз. Өзгеріс дегеніміз -өмір.Өмір дегеніміз - өзгеріс!
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Оқуға тиіс 10 кітап» сериясымен шыққан «Көшбасшылық» кітабы. Уоррен Беннис. (13-бет)
-
«Дос таба білу және адамдарға ықпал ету өнері» Дейл Карнеги
248-бет.Халықаралық бестселлер
-
Facebook желісіндегі Ұлша Расулованың парақшасынан. Амантай Тойшыбайұлы.
Оқу процесінің сапасын бақылау.

Мониторинг жұмыстары арқылы оқушы мен мұғалімнің құзыреттілігін арттыру және оқу мен тәрбие үрдісін тиімді басқару
Аханова Бағымкүл Құттыбайқызы
№ 238 орта мектеп КММ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сапалы білім беруді тиянақты басқару - мектеп үшін, әрбір мұғалім мен мектеп басшысы үшін өзекті сұрақтардың бірі болып табылады . Білім беруді тиянақты басқару, мектеп директорының басқару іскерлігіне, оқу ісі орынбасарының ұйымдастыру біліктілігіне, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігіне, олардың оқыту ісін тиімді ұйымдастыру тәжірибесіне байланысты деп білемін .
Сапалы білім беруді тиянақты басқару жолында, бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Құзыретті тұлға дегеніміз - танымдық белсенділігі жоғары , өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін (құзырлы) азамат.
Оқу мен тәрбие егіз дүние... Бұл екеуін ұштастыру, қатар ұстап жүру білімді ұрпақтың міндеті. Осыдан тәрбие мен оқудың сапасы шығады.
Тәрбиенің нәтижесінде ғана сапалы білімге қол жеткізуге болады. Ол жайлы: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі », - дейді ұлы ғұлама әл- Фараби.Оқу мен тәрбиені қатар алып жүрген әр мұғалімнің құзыреттілігі (компетенттілігі) біліміне, практикалық іс-тәжіриибесіне, жеке басының қасиетіне, оқу- тәрбие үрдісі мен шығармашылықтағы ізгі іс- әрекеттеріне байланысты. Менің ойымша, оқушының құзыреттілігін ( компетенттілігін ) жеткізетін- мұғалім, сол себепті мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі ( компетенттілігі ) бірінші орында болуы керек, яғни кәсіби құзыреттілігі ( компетенттілігі ) жоғары мұғалім.
Кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім:
-Педагогика психологиялық білімі терең болуы;
- Әр түрлі педагогикалық жағдайларды (ситуацияларды ) шеше алу;
-Мемлекет тарапынан келген нормативтік құжаттарды білуі шарт.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі ( компетенттілігі ) жоғарылағанда ғана мектептегі тәрбие мен білім беру сапасының жоғарылауына жол ашылады. Мектепте тәрбие мен білім беру сапасын жақсарту үшін не істеу керек? Жалпы алғанда, тәрбие мен білім беру сапасын жақсарту, жоғарылату – бір тұтас жүйе.
Біріншіден, осы жүйенің әрбір кезеңінде арнайы мақсаты бар нақты істер атқарылуы тиіс;
Екіншіден, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындауда кездесетін қиыншылықтардың алдын алу үшін арнайы курстардан уақытымен өтіп, мұғалім өзін- өзі дамытып отыруы қажет;
Үшіншіден, педагог- мамандардың кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында әрбір мұғалімге дербестік беріліп, жеке бастамалардың дамуына жағдай жасалғаны жөн;
Төртіншіден, сыртқы бақылау ( мектеп әкімшілігі тарапынан, аудандық, облыстық, республикалық ) мен ішкі бақылау ( мұғалімдердің, оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы, өзін- өзі бағалауы, өзін- өзі бақылауы ) үрдісінің жүйелілігінің, бірізділігін жүзеге асырған абзал;
Бесіншіден, сабақтан тыс уақытта өтетін кеңестердің, шығармашылық топтардың, үйірмелердің, айлық,апталық жоспарлардың сапалы құрылғаны дұрыс;
Алтыншыдан, ғылыми -әдістемелік- тәжірибе алмастыру, озық іс -тәжірибенің таратылуы, яғни педагогикалық шығармашылық іс -тәжірибенің таратылуы керек.
Осындай бағытта жұмыс жасағанда ғана мектептегі білім беру сапасын жақсартып, жоғарылатуға болады.
Мұғалім мен оқушы құзыреттілігін (компетенттілігін) арттыруда мектеп пен әдістемелік қызметті диагностикалық негізде құрудың маңызы зор. Диагностика жасағанда мұғалімнің барлық жасаған жұмыстары, оқушы деңгейі айқын көрініп тұрады.
Ал білім сапасын зерттейтін ғылым – мониторинг. Ағылшын тілінен аударғанда- бағдарлау, бақылау. Мониторинг мақсаты – оқыту сапасын жақсарту .
Мұғалімнің бала өмірі үшін алар орны ерекше. Енді осы мұғалімнің кәсіби шеберлігін, жетістіктерін, кемшін тұстарын мониторинг арқылы анықтауға болады. Мониторинг мұғалімге ақпараттық, қозғаушы, ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады. Мониторинг жүргізудің өзіндік реттілігі болады. Алғашқы кезде мониторингтің міндеттері мен мақсаттары, келесі кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критерийлері анықталады. Мониторингтің екінші талдау- диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, сандық және сапалық өңдеуден өтеді, Соңғы қорытынды кезеңінде мониторингтік нысан жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады.
Мектепте мониторингті мынадай бағыттарда жүргізіледі:
-Оқушылардың сабаққа қатысуы;
-Оқушылардың білім сапасы, үлгерім көрсеткіштері;
-Оқушы жетістіктері;
-Мұғалім жетістіктері;
-Мұғалімдердің жаңа технологияны игеру деңгейі;
-Мұғалімдердің білім жетілдіру курстарынан өту деңгейі; т.б.
Соңғы уақытта, өз тәжірибемде білім стандартының талабымен оқыту үрдісін басқаруды дамытуда, нәтижелі бағалауда, оқушылардың үлгерімін, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін талдауда жасалған мониторинг өзіндік нәтижесін беріп келеді. Жасаған мониторинг арқылы мұғалімнің оқушы білімін жетілдірудегі шығармашылық деңгейі, ынта қабілетінің артуы көрініп тұр.Сонымен қатар мұғалім еңбегін тиімді бағалау оның шығармашылық деңгейін арттырып, өзін бәсекеге қабілетті құзыретті тұлға ретінде көрсете білді. Мониторинг көрсеткішінен кейін шығармашыл жетістігі мол мүғалім шеберлігін одан әрі арттыра білсе, ал жетістігі төмен дәрежедегі ұстаз шығармашыл тұлға болуға ұмтылыс жасады.
Бағалау арқылы мұғалімдердің көрсеткіші анықталды. Сараптама нәтижесі бойынша мектепте « Жетістік- еңбек жемісі » атты семинар өткізіліп, мұғалімдердің соңғы 5 жыл ішіндегі білім сапасын арттырудағы және кәсіби шеберліктерін көрсетудегі еңбектері мониторинг бағалау деңгейі арқылы көрсетілді. Семинар барысында мектеп ұстаздары « Бүгінгі күннің ұстазы» айдарымен 3 жылғы сараптама көрсеткіші бойынша ең жоғары ұпай жинаған тарих пәні мұғалімі- Бөлебаева Бақыткүл іс-тәжірибесімен бөлісті. Бұл семинар өзге әріптестерге қозғау салып, бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасауға септігін тигізді. Соның нәтижесінде төменгі көрсеткіштегі ұстаздар соңғы бір жыл ішінде өз мүмкіндіктерімен шеберліктерін арттыру арқылы біршама жоғарғы деңгейге көтерілді. Төмендегі кестеде сараптама бойынша жоғары және төмен деңгейдегі ұстаздардың көрсеткіш деңгейі салыстырмалы түрде көрсетілді.
Білім берудің негізгі тетігі- ұстаз, оның обьектісі- оқушы. Сондықтан да, оқу- тәрбие үрдісіне диагностиканы қолдану білім беру мекемелерінің сапасын көтеруге бірден- бір ықпалын тигізуші құрал болып табылады. Мониторингілеудің нәтижесінде алынған мәліметтер бүгінгі білім берудің даму бағытын айқындап, болашақта атқарылатын іс- шараға теориялық және практикалық негіз болып, білім беру сапасының артуына қажетті жағдайлар жасайды.
Мағжан Жұмабаевтың: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді» деген сөзі – білім беру үрдісіндегі мұғалім алдына қойылған талапқа байланысты қағида іспеттес.
Ойымды қорыта отырып, «білім беру сапасын жоғарылату үшін әр мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігін (компетенттілігін) арттыру керек» деген ұсыныс жасағым келеді.
Сөзді әрбір адамның ақылына қарай сөйле.
Мұхаммед Пайғамбар
Тәрбие процесінің сапасын, іс- шараларды өткізуді бақылау

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектеп журналы

шағым қалдыра аласыз