УДК 81’246.3
Шамгонова Раиса
Гарифуллиевна
М. Өтемісов атындағы БҚУ, аға оқытушы, магистр
Мақсотова Гулжамила
Саматқызы
М. Өтемісов атындағы БҚУ
студенті
Орал, Қазақстан
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУІНДЕГІ
ИНТЕРНЕТ-СЛЕНГТІҢ РӨЛІ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
ҚАУІПТЕР
Аннотация: Бұл мақалада мектеп оқушыларының ағылшын тілін меңгеру үдерісінде интернет-слэнгтің рөлі қарастырылады. Автор интернет-слэнгтің оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытудағы артықшылықтары мен оның ықтимал қауіптерін саралайды. Зерттеу барысында интернет-слэнгтің ағылшын тілін үйренуді жеңілдетуге, сөйлеу тілін жандандыруға және заманауи мәдени контексті түсінуге қалай ықпал ететіні талданды. Сонымен қатар, слэнгті шамадан тыс қолданудың грамматикалық және лексикалық қателерге, ресми тіл нормаларын бұзуға алып келуі мүмкін екендігі айқындалды. Мақала нәтижелері мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрету әдістемесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды қамтиды.
Кілт сөздер: интернет-слэнг, жастар слэнгі, ағылшын тілі, мектеп оқушылары, тіл мәдениеті, бейресми стиль, ағылшын тілін меңгеру, заманауи коммуникация.
Қазіргі заманда тіл үйренудің дәстүрлі әдістері жаңа технологиялармен ұштасып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Интернет пен әлеуметтік желілердің белсенді қолданылуы жас буынның тіл меңгеруіне өз әсерін тигізуде. Осы орайда мектеп оқушыларының ағылшын тілін үйренуінде интернет-слэнгтің рөлі ерекше назар аударуға тұрарлық. Себебі заманауи коммуникацияда кең тараған бұл құбылыс оқушылардың күнделікті тілдік тәжірибесіне енуде.

Интернет-слэнг тек бейресми қарым-қатынастың бөлігі ғана емес, сонымен қатар жастардың мәдениеті мен дүниетанымының айнасы болып отыр. Әсіресе ағылшын тілін меңгеру кезінде оқушылар бұл тілдік құбылысты жиі кездестіреді әрі қолдануға бейім тұрады. Мұндай жағдай оқушылардың лексикалық қорын байытып, сөйлеу тілін табиғи және заманауи етуі мүмкін. Алайда интернет-слэнгтің бақылаусыз пайдаланылуы тілдік нормалардан ауытқу қаупін тудырады, бұл әсіресе жазба және ресми сөйлеу мәдениетіне кері әсер етуі ықтимал.
Зерттеудің өзектілігі интернет-слэнгтің ағылшын тілін меңгеру барысындағы екі жақты ықпалына негізделген. Бір жағынан, бұл құбылыс оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, бейресми ортада тілдік дағдыларын жетілдіреді.
Екінші жағынан, оның орынсыз және шамадан тыс қолданылуы тілдік сауаттылыққа нұқсан келтіріп, оқушылардың ресми сөйлеу және жазу дағдыларының қалыптасуын қиындатуы мүмкін. Сол себепті интернет-слэнгтің ағылшын тілін меңгерудегі артықшылықтары мен қауіптерін жан-жақты зерттеу — бүгінгі білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Осы мақалада интернет-слэнгтің мектеп оқушылары үшін тілдік дамудағы мәні талданып, оны тіл үйрету процесінде тиімді қолдану бойынша ұсыныстар қарастырылады.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының тілдік тәжірибесінде слэнг сөздердің алатын орны айтарлықтай артып отыр. Сленг – белгілі бір әлеуметтік топтың, әсіресе жастар ортасының бейресми қарым-қатынасында жиі қолданылатын лексикалық бірліктер жиынтығы. Бұл құбылыс жаһандану, ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілердің қарқынды дамуымен тығыз байланысты. Жастар тілінде кездесетін слэнг сөздер оқушылардың тек өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, тілдік мәдениетіне де ықпал етеді. Зерттеушілер лингвист Лутвиана Р. және Мафулах С. (Lutviana R., Mafulah S.), өз еңбектерінде интернет-слэнгтің ағылшын тілін оқытуда оң әсерін атап өтеді. Ғалымдар интернет-слэнгтің оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, бейресми тілдік ортада ағылшын тілін белсенді қолдануына жағдай жасайтынын дәлелдеген [3].
Соңғы жылдары қазақтілді оқушылардың сөйлеуінде ағылшын және орыс тілінен енген слэнг сөздер белсенді түрде қолданылып жүр. Мысалы, оқушылар арасындағы қарым-қатынаста жиі ұшырасатын «го» (ағылш. go – бастайық, кеттік), «жиза» (орыс. жизненная ситуация – өмірлік жағдай), «имба» (ағылш. imbalance – артық күш немесе ерекше нәрсе), «краш» (ағылш. crush – ұнататын адам), «кринж» (ағылш. cringe – ыңғайсыз немесе ұятты жағдай), «орать» (орыс. – қатты күлу), «пруф» (ағылш. proof – дәлел), «рофл» (ағылш. roll on the floor laughing – қалжың, қатты күлу), «хайп» (ағылш. hype – шу, танымалдық), «чилл» (ағылш. chill – демалу, жайлы уақыт өткізу) сияқты сөздер кеңінен таралған. Бұдан бөлек, «лайк», «коммент», «репост», «мем», «сторис», «чат», «фейк» секілді ағылшын тектес сөздер де қазақтілді оқушылардың тілдік қорына орнығып үлгерді.
Бұл слэнг сөздердің қолданылуы оқушыларға бірқатар артықшылықтар береді. Біріншіден, олар жастардың өзара тіл табысуын жеңілдетіп, топтық бірлік пен ортақ түсінікті нығайтады. Белгілі бір слэнг сөздерді қолдану арқылы оқушылар өздерін бір әлеуметтік топтың мүшесі ретінде сезінеді. Екіншіден, ағылшын және орыс тілінен енген слэнг сөздер оқушылардың заманауи мәдениетке жақындауына, ағылшын тілін бейресми деңгейде меңгеруіне оң әсер етеді. Бұл олардың тілдік қорын кеңейтіп қана қоймай, ағылшын тіліне деген қызығушылығын да арттырады. Үшіншіден, слэнг сөздер эмоцияны қысқа әрі нақты түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Бұл видео полный кринж» немесе «Мына мем таза рофл» деген сөйлемдер жасөспірімдердің белгілі бір жағдайға қатысты эмоционалдық реакциясын қысқа әрі түсінікті түрде білдіреді.
Сонымен қатар, слэнг сөздердің кең таралуы белгілі бір қауіптерді де тудырады. Ең алдымен, бейресми лексиканың шектен тыс қолданылуы оқушылардың ресми тілдік нормаларды меңгеруіне кедергі келтіруі мүмкін. Қытайлық ғалым Линь З. (Lin Z.) интернет-слэнг пен мемдердің жасөспірімдердің тілдік мәдениетіне тигізетін ықпалын талдаған. Линь зерттеуінде слэнг сөздер тілдің икемділігін арттыратынын, бірақ ресми тіл нормаларына қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өткен. [7] Бірнеше тілдің слэнг элементтерін араластыра қолдану тілдің тазалығын бұзып, сөйлеу мәдениетін төмендетеді. Мысалы, «Го қазір, пруф жібер», «Крашым сторис салды, лайк тастадым» секілді сөйлемдерде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінің элементтері араласып кетеді. Мұндай сөйлеу үлгілері тілдік нормадан ауытқуға әкеліп соғады.
Мұндай мәселелердің алдын алу мақсатында мектеп бағдарламасында оқушыларға слэнг сөздерді қолданудың ерекшеліктерін және ресми тіл мен бейресми тілдің айырмашылықтарын түсіндіру маңызды. Тілдік мәдениетті қалыптастыру үшін оқушыларға «Сленг сөздерді әдеби тілмен алмастыр» немесе «Сөйлемді ресми стильде құра» сынды тапсырмалар берілуі тиімді. Бұл олардың тілдік сауаттылығын арттырып, академиялық жазу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Қорытынды. Қазіргі қазақтілді мектеп оқушыларының ағылшын тілін меңгеру процесінде интернет-слэнг пен жастар слэнгі елеулі орын алып отыр. Бұл құбылыс тілдің жаһандану жағдайындағы даму ерекшеліктерін және заманауи коммуникация құралдарының ықпалын көрсетеді. Сленг сөздер бейресми тілдік тәжірибені байытып, оқушылардың заманауи мәдениетпен байланысын арттырады, сонымен қатар тіл үйренуге деген қызығушылығын ынталандырады. Сонымен қатар, слэнгтің шектен тыс қолданылуы оқушылардың тілдік мәдениетіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай лексиканың бақылаусыз таралуы ресми тіл нормаларының бұзылуына, сөйлеу мен жазу стиліндегі қателіктердің көбеюіне алып келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың академиялық сауаттылығы мен тілдік құзыреттілігін төмендетеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мектептерде ресми және бейресми стильдердің айырмашылығын түсіндіру, оқушылардың тілдік мәдениетін арттыруға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізу қажеттігі туындайды. Бұл оқушылардың заманауи тілдік ортаны саналы түрде қабылдап, слэнгті орынды қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Нұржанов Б. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2017. – 264 б.
2. Қалиев Ғ., Салқынбай А. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 280 б.
3. Lutviana R., Mafulah S. The use of slang words in online learning context of EFL class // EnJourMe (English Journal of Merdeka): Culture, Language, and Teaching of English. 2021. № 6(1). С. 55-62. DOI:10.26905/enjourme.v6i1.6118
4. Kamalatdinova D. M., Kabulova L. T. Anglicisms in Youth Slang // Educational Research in Universal Sciences. 2023. № 2(4 SPECIAL). С. 756-762
5. Lin Z. How Do Internet Slang and Memes Affect Chinese Teenagers? // Communications in Humanities Research. 2023. № 21. С. 85-90. DOI:10.54254/2753-7064/21/20231422
Shamgonova Raissa
Garifullievna
Senior Lecturer, Master’s degree
West Kazakhstan University
named after Makhambet Utemisov
Maksotova Gulzhamila
Samatkyzy
Student
West Kazakhstan University
named after Makhambet Utemisov
THE ROLE OF INTERNET SLANG IN SCHOOL STUDENTS’ ENGLISH
LANGUAGE ACQUISITION: ADVANTAGES AND
RISKS
Abstract: This article examines the role of internet slang in the process of learning English by school students. The author analyzes both the advantages of internet slang in developing students’ language competence and its potential risks. The study explores how internet slang facilitates the learning of English, enlivens spoken language, and helps understand the modern cultural context. In addition, it is identified that excessive use of slang may lead to grammatical and lexical errors as well as violation of formal language norms. The findings of the article include recommendations aimed at improving teaching methods of English for school students.
Keywords: internet slang, youth slang, English language, school students, language culture, informal style, English language acquisition, modern communication
АНКЕТА АВТОРА
|
Анкета авторов |
Автор 1 |
Автор 2 |
Автор 3 |
|
Фамилия, имя, отчество автора (полностью) |
Шамгонова Раиса Гарифуллиевна |
Мақсотова Гулжамила Саматқызы |
|
|
Город |
Уральск, Казахстан |
Уральск, Казахстан |
|
|
Место работы или учебы (полностью) |
ЗКУ им. М. Утемисова |
ЗКУ им. М. Утемисова |
|
|
Должность или курс с указанием |
кафедра иностранных языков, старший преподаватель |
Студент, 4-й курс |
|
|
Ученая
степень, |
Магистр педагогических наук |
Студент |
|
|
|
raisa.shamgonova@mail.ru |
maksotovagulzhamilya@gmail.com |
|
|
Необходим ли сертификат |
да |
да |
|
|
Название статьи |
Мектеп оқушыларының ағылшын тілін үйренуіндегі интернет-сленгтің рөлі: артықшылықтары мен қауіптер |
||
|
Раздел (секция) публикации |
Филология |
||
|
Количество страниц |
5 страниц |
||
Анкета
автора подлежит обязательному заполнению и
направляется вместе со статьей по электронной почте. Направляя
анкету и материалы для публикации, Вы соглашаетесь с
Правилами публикации статей.
Дополнительная информация
|
Откуда Вы узнали о нашем издательстве? (отметьте нужное) |
1) от коллег, друзей, знакомых |
|
|
2) от научного руководителя |
|
|
|
3) из Интернета |
да |
|
|
Ваши замечания и пожелания |
Без замечаний и пожеланий |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-СЛЕНГТІҢ РӨЛІ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПТЕР

шағым қалдыра аласыз