400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы Шаханов Мұхтар «Өркениеттің адасуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» атты жобаны жүзеге асыруды қолға алып келе жатқанымызға бірнеше жылға аяқ басты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Бүгінгі таңда Білім беру бағдарламалары орталығы 100 кітап тізімін әзірледі. Аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 - ағылшын, 20 - орыс әдебиеті қамтылған. Жалпы, әр туынды өзінің түпнұсқа тілінде оқытылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы Шаханов Мұхтар «Өркениеттің адасуы»

Оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» атты жобаны жүзеге асыруды қолға алып келе жатқанымызға бірнеше жылға аяқ басты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Бүгінгі таңда Білім беру бағдарламалары орталығы 100 кітап тізімін әзірледі. Аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 - ағылшын, 20 - орыс әдебиеті қамтылған. Жалпы, әр туынды өзінің түпнұсқа тілінде оқытылады.

Атап айтқанда, таңдалған шығармалар желісімен оқушылар оқып шыққан кітабы бойынша өздері салған суреттерден электронды кітапқа иллюстрация жасайды, шығармалардың аудио нұсқаларын дайындайды. Оқушылар кітап оқу барысында «Көркем әдебиетті оқу» күнделігін жүргізеді. Кейбір шағын шығармаларды оқушылардың өз дауысымен жазып, электронды және аудио кітаптарды www.iKitap.kz арқылы тегін тарату ұсынылады. Жоба аясында оқушылар «iBooks Author» бағдарламасын игеріп, өзі электронды кітап жасап үйренеді. Аталған жоба аясында мектептерде «Кітап кейіпкерінің күні» өткізіледі. Бұл шараны 2018 жылдың 23 сәуірінде Халықаралық кітап және авторлар күніне орайластырып, ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Зияткер тұлғаны тәрбиелеп, баланың бойында рухани, патриоттық, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды сіңіру – мектептің басты қағидаларының бірі. 















«100 кітап» Шаханов Мұхтар «Өркениеттің адасуы»

Жүргізуші:

Даласындай дархан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы - Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,
Кім Мұқаңша бағындырар бағытты
Қазақ халқы – Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы - Мұхтарымен бақытты.

Құрметті оқырман қауым! Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтарының арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» кітабына арналған «Қайсар рухты ақын» атты кешке қош келдіңіздер!

«Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани – адамгершілік құндылықтар» шолу оқитын кітапхана меңгеріушісі Гүлнар Сләмбекқызы.
Жүргізуші:

Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!
Сан алапат тасыпдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттам,

Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан
Бұл күндері саналы ұрпақ тараған
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.

Жүргізуші: Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкем: «Жоқ түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жая алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері» - дейді ақын.
«Өмір өзен» өлеңі, әні Шәмші Қалдаяқовтікі орындайтын Қабылбек Ақерке
Жүргізуші:

Бақыт деген – сенің бала күндерің
Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз - ақ ойнағаның – күлгенің - деп Мұқағали атамыз айтқандай осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе? - Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен тыңдап көрелік.
«Бақыт геометриясы» өлеңі. Оқитын: Серланқызы Бұлбұл

Жүргізуші:

Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.

«Төрт ана» оқитын Ришатұлы Елшат
Жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсаң деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өрені халқымның
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

«Желтоқсан тағылымы» өлеңі.
Оқитын: Архат Епбаев ( видео қосулы болады)

Жүргізуші: Тамыры жаһандағы бар қазақтың
Соғады Отаным деп бір жүректің
Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым
Не деген қасиетті ең, құдіретті ең?


«Компьютер басты жарты адамдар» өлеңі. Оқитын: Бисерік Элина

Мұхтар Шахановтың өлеңдеріне жазылған әндер халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. Жүректен шыққан ән мен әуен үйлесімін тауып халықтың көңілінен шықты. «Отырар қамалы», «Баба Түркістан», «Жұбайлар жыры», «Желтоқсан тағылымы», «Арал қасіреті», «Эр Манастың элинде», «Туған жерге оралу», «Гүлдәурен», «Туған күн кешінде» тағы да басқа көптеген өлеңдерін әнімен өзі жазған. Яғни Мұхтар ағамыз композитор.

Әні Байкөзовтікі «Ғашықтар мұңы» Орындайтын: ауылымыздың ардагер әншілері Бақтикамал апай мен Ғалия апай

«Алтын, күміс және қалайы» өлеңі. Оқитын: Қауанова Дильназ

«Жігерлендіру» өлеңін оқитын Маратов Мағжан

«Мұрын жайлы әзіл» оқитын Төлеуғажинова Алмира


«Кешікпей келем деп ең», Әні Шәмші Қалдаяқовтікі Орындайтын: мәдениет қызметкері Елжасов Бақыт

Жүргізуші: Бүгін бізде қонақта ауылымызды «ас атасы –нанмен» қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер, желтоқсан оқиғасының куәгері, Мұхтар өлеңін сүйіп оқитын ағамыз - Ораз Тәшкенұлын сахна төріне құрметпен шақырамыз.

Жүргізуші: Ораз аға, өзініздің кітап оқуға деген көзқарасыңыз, келер ұрпаққа қандай ұсыныс айтар едіңіз?

Жүргізуші: Ендеше, Ораз ағаның орындауындағы Мұхтар өлеңдерін тыңдайық.

Жүргізуші: Сағынумен күн кешем мен ертеңді
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді - Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде талай – талай мақтала берері хақ! Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой - санамызға табиғи түрде сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын құбылыс, ұлы сезім!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі