Материалдар / Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі.

Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Теориялық және эмпирикалық ұғымдар 2.Ұғымдарды дамыту теориясы 3.Ұғымдарды дамыту әдістемесі. Ұғым – білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
1244
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4. Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі.

 

1.Теориялық және эмпирикалық ұғымдар

2.Ұғымдарды дамыту теориясы

3.Ұғымдарды дамыту әдістемесі.

 

Ұғым – білімнің  жинақталған  түрі  және  сонымен қатар  биологияны меңгеру  үрдісінде  оқушылардың   ойлау  формасы.    

Жекеленген  деректерді,  сыртқы   белгілерді және   қасиеттерді  жазып  алу,  оларды   қорту  және   жіктеу   эмпирикалық  ұғымдарға  әкеледі,  оның   жай  түсініктен    айырмашылығы     шамалы.  Бұл   деректі   жазып   алатын  білім,   ол  тек   құбылыстардың  сипаттауын  ғана  береді,   олардың  мәнін ашпайды.  Таным   тарихында  бұл  білімдері  мен   практика  бірте-бірте  теориалық  ұғым  (білім)  құралатын  қор  болды.

Мектептегі   биологиялық   білім беруде   әдетте  барлық  білім    эмпирикалық  ұғым  қатарына   шығарылады.  Ұғымдарды   дамыту   әдіснамасы   принциптері: 

Табиғи  нысандардың   немесе   олардың  көріністерін  қабылдаудан→олар  жөніндегі  түсінікке дейін, түсініктен→ұғымға дейін  қарапайым  ұғымдардан→күрделі   бірнеше элементтерден  тұратын   : арнай ұғымдардан→ жалпы биологиялық ұғымдарға дейін. Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.

Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда, теориялық білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми  дүниетанымға, әлем бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады.

Эмпирикалық танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге, элементтерінің   байланысын,олардың қызметі  мен  дамуын   түсінеуге  себеп болады.Теориялық  білімді   қалыптастыру  жолы-абстрактылықтан  нақтылыққа    өрлеу   (шыңына шығу).Абстраклық-айқын  емес,  анық көрінбейтін,  бірақ   әйткенімен   де   таным   нысанын   толық   анықтайтын, оның  жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі .

Танымның негізгі кезеңі –сезім (түйсік),қабылдау және елестету.

Сезім –ол шындық дүниені бейнелейтін түйсіну формасы ,ол барлық таным үрдесінің алғашқы баспалдағы.Олардың негізінде нысанның тұтас кейіпін беретін ,оның сыртқы ерекшіліктерінің жиынтығын көрсететін (яғни жалпы алғанда зат)қабылдау болады.Қабылдау ол  ұғыну сезімі үрдісінің бастауы . Қабылдау негізінде елестету пайда болады .Елестету –заттармен құбылыстарды адам санасында тікелей қабылдау барысында еске түсіру (жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады деуге болады.             

Ұғымның күрделілік дәрежесі заттар   мен құбылыстардың  толық көрінуімен анықталады. Ұғым күрделі болған сайын ,оның мазмұнында көптеген заңдар болады. Осы жағдайдың оқушыларды  оқытуда маңызы зор, өйткені ұғым неғұрлым күрделі болған сайын (яғни, оның көлемі толығырақ), соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ болуы тиіс. Бұл – эволюциялық, эклогиялық, цитологиялық және т.с.с. көптеген  биологиялық ұғымдарға тән.

«Күрделірек ұғым» деген сөз  ол ұғымда көп белгілер,  көп ақпараттар бар деген сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық  әртүрлілігімен, мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе жалпыбиологиялық ұғымдарға тән. Сондықтан мектептегі білім беру үрдісіне тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы  болып табылады.

Биологиялық теориялық ұғымдар.  Биология пән ретінде  логикалық ретпен  дамитын және өзара  байланыста  болатын  ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық ұғымдарды  қалыптастастыру  кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық  абстракцияның құрылуы («жасушаның») – оның  байланыстарын үзбей бақылау—оларды абстрактылық  анықтамаларда көрсету – анықтамалар синтезі. 

Сондықтан оның дамуы  теориялардың алмасуы барысында  жүзеге асады,  өйткені оның оның мәнін  теория ашады. Мысалы, ген ұғымы  әуелі абстракция ( тұқым қуалау бірлігі) сияқты қалыптасады, онан соң хромосомалық  теория деңгейінде  нақтыланып  содан әрі  генлік деңгейге дейін дамиды.

Теориялық білімді түсінуге  ықпал  ететін  не екенін де ескерген  орынды. Ол ақпараттың  нақты  логикалық  құрылымы, абстракциялар мен  ұғымдардың  пайда  болуы  үрдістістерінің  ойша айтылуы  және абстракциялардың  әлем бейнесімен  және эмпирикалық  материалдармен ара қатынастарын  белгілейтін бейнелер (нобайлар). Әрбір ұғым бірте-бірте  дамытылады , күрделенеді. Мысалы, «жапырақ» ұғымы  тақырып  бойынша  бірінші сабақта  әлі қарапайым , алғашқы,  тек бір ғана  білім  элементі бар ұғым . Оқушылар  жапырақтың  жасыл тақтасы  мен сағағы барын , яғни , сыртқы формасы  жайлы ғана қарапайым  ұғым алады.

Осы тақырыпты оқу соңына қарай «жапырақ»  ұғымы күрделеніп  оқушылар олардың суды  буландыруын, әртүрлі өсімдіктер  жапырақтарының  бейімделу белгілерін (түк басу жапырақ  тақтасының кішіреюі, инеге  айналу т.б.) біледі.  «Жапырақ»  деген  күрделі  ұғым морфология , анатомия, физиология  және  жапырақ  экологиясы сияқты  ұғымдарды  жинақтап қорытады.

Ұғымдарды  дамыту теориясы.

Ұғымдарды дамыту дегеніміз – шын мәнінде  білімді бірте – бірте  толықтыру мәселесі береді ,  олай  болса  оқытудың  қандай да бір кезеңінде  оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді. Биологиялық  ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарай немесе  нақтыдан  талданып  қорытылғанға  абстрактылыққа  қарай  жүруі мүмкін.

Жалпы биологиялық  заңдылықтар жөніндегі  ұғымдар: ағзалардың жасушалық  құрылысы,  мүшелердің  формасымен функциясымен байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі , өзін-өзі тудыруы, көбею, органикалық  дүниенің дамуы т.б.

Оқыту міндеттері –ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың  көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама  мазмұнына,тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сияқты. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар  бар. Мысалы ,балалар 6-шы сынып курсы соңында өсімдіктер мен  жануарлаға тән ерекше белгілерді олардың қызметін байланыстыра алмайды. Оқушылар  біліміндегі осындай олқылықтар  мен  білімді меңгерудің әлсіздігі олардың білімінің қабылдау  деңгейінде немесе алғашқы  қарапайым түсінік деңгейінде қалуынан болады . Бір сабақта немесе бір тақырыпта  қалыптастырылған ұғым басқа  ұғымдармен байланыстырып әрі қарай дамытылмайды . Ал «әрбір оқу пәнін оқыту дегеніміз білім жүйесінің үздіксіз үрдісі » екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту үшін ұстаз шеберлік танытып,көп күш жұмсап үнемі мқсатты бағытталған түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шығармашылқпен еңбек ету керек.                                                  

Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру  мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен  «Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы» жасалды (1956). Бұл еңбек  биологияны оқыту әдістемесіне  маңызды оқиға болды.  Теория мектеп  курстарында  және жалпы алғанда биология  пәнінде оқу  материалын   таңдауды анықтауда  және орналастыруда ғылыми  қор (база) жасады,  оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу  теориясы арнайы зерттеулер  аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың  арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық  физиологиялық, систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың  тиімді әдістемесін  жасауда,  оқушылардың өз беттерімен  ойлай алуын дамытуда, орта мектепте  биологияны  оқыту  әдістерін  дамытуда  біраз бағыттарды  белгіледі.

Мұғалім  ұғымды жетілдірудің  барлық  жолдарын, оның бір-біріне  араласуы,  қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық  басты ұғымдарды ажыратып,  олардың тақырыптан тақырыпқа ,  курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.

Жасуша жөніндегі  тақырыптарда оқушылар  жапырақтың қарапайым  құрылысымен танысып, жекелеген ұлалар жөнінде  мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен,  құрылыстармен танысып  қарапайым  түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен  суды сору  қызметі жөнінде мағлұмат  алады,  «Жапырақ» тақырыбында  оның ішкі  және сыртқы  құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суды буландыруды» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу  ұғымы  жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілік әрекеттерімен  және тіршілік жағдайларымен  байланысты болғандықтан ерекше көңіл  аударуды  қажет етеді.  Осы жердегі  ұстаздың  міндеті ұғымдардарды  дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және олардың  байланысының қандай  жағдайларын түсіндіру.

Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін мәселелерді  қою:  анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру:  ескі білімді жаңамен байланыстыратын  қайталау жүйесі, шығармашылық  сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.

Биологиялық ұғым тек  сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс  не зат жөнінде  анық түсінік  болса, яғни тікелей  қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік- оқылатын затты қарау және зерттеу.

Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды  болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі дамытуда тірі нысандардан  басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, кинолар жақсы көмек болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ