жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"мектеп, қоғам, отбасы ынтымақтастығы"
Бала тəрбиесінің дұрыс жолға қойылуы, қоршаған ортаға, мектептен тыс жастардың əсеріне, ата-анаға, құрбысына, əсіресе ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Осы пікірді растап Абай атамыз да: «Баланың жақсы болмағы бірінші – ата-анасынан, екінші- ұстазынан, үшінші- құрбысынан»дейді. Ежелден дана халқымыз балалар – бауыр етім, деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты, жаны пəк, таза болғанын армандайтын. Атаның қанымен ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дамытатын орта болады. Ол ең біріншіден отбасы, екіншіден мектеп, негзінде жалпы қоғам. Бала тəрбиесінде ізгілендіру ықпал жасайтын ортаны құру біздің парызымыз, біздің міндетіміз. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірдегі, дəстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бала тəрбиесі бүгінгі күні бір ғана жанұяның немесе мектептің жеке ісі емес, ол бүкіл қоғам шұғылданатын істің тұтас бір бөлігіне айналып отыр. Мектеп те, ата-ана да, баланың ортасы да – тəрбие тұтқасы. Осыны ескере отырып, біз білімі сапалы, рухани бай, өнерге бейім, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, жауапкершілігі жоғары, шығармашыл, болашағы жарқын Қазақстанның патриотын тəрбиелеуде қоғам талабын ескере, ғылыми-əдістемелік жұмысты жетілдере отырып жеке тұлғаны қалыптастырамыз деген миссия бекіттік. Осы миссияны орындау үшін мектеп, отбасы, қоғамның алатын орны зор. Сондықтан ата-анамен əрдайым тығыз қарым-қатынаста болу керек. Біздің мектебіміздің төсбелгісіндегі көгілдір түске боялған үшбұрыш ол мектеп, отбасы, қоғам арасындағы үздіксіз байланысты, бірлікті, ынтымақтастықты білдіреді. Отбасылық тəрбие құндылықтарын ескеріп, қоғамдық тəрбие жүйесінде ұлттық педагогика элементтерін шеберлікпен пайдалануымыз оқушылардың оқуда табыстарға жетуіне оң ықпалын тигізуде. Біздің қоғам үшін əр кезеңде, əр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл- қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі-ең жоғарға тілек, ең биік мақсат. Оның қуаты алатын қайнар бастауы- отбасы. Ал бала отбасының жемісі, алтын тіреу – діңгегі. Ата-ана бала тəрбиесіндегі негізгі тұлға. Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын дəстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Мектеп тарапынан отбасы тəрбиесін жетілдірудің бірден-бір жолы ата-аналар жиналысында дəрістер оқу, ондағы тақырыптар сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін туындайтын мəселелер мен оның алдын- алудың жолдарымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, 5-9 сыныптар арасындағы оқушылардың ата-аналары өз балаларының өтпелі кезеңде екендіктерін жəне ол кездегі тəрбие жұмысының қиындығын білу керек. Егер ата-аналар жиналысындағы əр бір тақырыптар бала дамуымен байланысты таңдалып отырса, бала тəрбиесінде ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеруге мүмкіндік алу тиімді болады. Мұндай жұмыстар ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығын арттыра түседі. Мектеп-өскелең ұрпақты тəрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тəрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес, сондықтан оның іс- əрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тəрбиелік функциясы осында. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» деп бекер айтпаған. Баланы ерте жастан тəрбиелеп, өмірге бағыт-бағдар беріп отыру біздің міндетіміз. Халқымыздың «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы сөз тегін айтылмаса керек. Сондықтан бала тəрбиесінде мектеп, отбасы, қоғам серіктестігінің де алар орны ерекше дегім келеді. Осы үшеуінің арасында əрқашан мықты көпір, үзілмес байланыс болса, білімнің сапасы да артып нұр үстіне нұр болмақ.
Əдебиет:
1. Жұмабаева Ə. Ата-аналар жауапкершілігі . – Алма –Ата,1977.
2. Шəрелхан Əленұлы. Халықтық тəрбие тағылымдары. - Алматы, 1998.
3. Жəйшібаева К., Ахметұлы Қ., Ата-ана мен бала жəне ұстаз ынтымақтастығы. - Алматы,
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген