жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектеп шеберханасына саяхат. Рр дыбысы мен әрпі 1 сынып
|
Күні: Сынып: 1 |
Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткі -зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 . Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.1.2.1. Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану |
||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: р дыбысын таниды, л дыбысынан келетін сөздерді атай алады; Оқушылардың көпшілігі: сөйлеу барысында дауыс ырғағын пайдалана алады. Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұнын қимыл, ишараның көмегімен жеткізе алады. |
||||||
|
Жетістік критерийлері |
Бағалау критерийі: Білім алушы Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды. Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді. |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , бейнематериал, таныстырылым, кеспе әріптер, суреттер |
||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Р дыбысы мен әрпі. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Хормен жостық туралы өлең шумаған айтады |
Шаттық шебері |
|||||
|
Сабақтың ортасы 20 минут |
(МК; Ө; Қ) «Р» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау. Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс. Оқушыларға «Күшік қандай дыбыс шығарды?», «Сен осы дыбысты айтып көр» тапсырмалары арқылы күшіктің шығарған дыбысын айтқызып, оның қандай дыбыс екенін балалардың өзіне іздетемін. Р дыбысы мен әрпін (баспа және жазба түрін, бас әріп және кіші әріп) танытыстыру. «Бұл қандай дыбыс?» сұрағына «дауыссыз дыбыс» деп жауап берген жағдайда, «Қандай белгілеріне сүйеніп дауыссыз дедің?» деген сұрақ қоямын. Ара сөзіне дыбыстық талдау жасатамын. (МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау. Оқулықтағы «Оқы» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтыру. «Ар, ара, арал, арала, нар, анар, Анар» сөздерін хормен, тізбектей, жеке оқу «Ара, ара, аралар!» және «Алан, ара арала» сөйлемдерін оқытып, олардағы «ара» сөздерінің мағынсын ажыратқызу. Бірінші сөйлемде «ара» – жәндік, екінші сөйлемде «құрал» екенін суреттердің көмегімен анықтату. (МК; Ө; Қ) Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалауды ұйымдасты ру. Оқушылардың Рр әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. |
Таныстыры лым, оқулықпен жұмыс |
|||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) |
Сергіту сәті |
|||||
|
Қызықты тапсырма 5 минут |
(Т; Қ) Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау. Ребусты шешудің жолын түсіндіру. «Ойлан, тап» ойынын ойыны. Суреттердің көмегімен «анар» сөзінің қалай шыққандығын оқушы лардың табуына мүмкіндік жасау. Суреттегі заттардың бірінші әріптерінен теңдіктен кейін берілген текшедегі жасырынған сөз шығады. Шаққан сөзге буындық-дыбыстық талдау жасайды және сөз мағынасы мен жұмыс ұйымдастырамын. |
Түрлі тапсырмалар |
|||||
|
Аяқталуы 5 минут |
Бағалау. Дескриптор: Білім алушы - мәтіннің не туралы екенін анықтайды; - мәтінге сәйкес суретті белгілейді. |
Оқулық, дәптерлер. |
|||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. |
Микрафон |
|||||
|
Дифференциация – оқушы ларға көбірек қолдау көрсету ді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қан дай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіп сіздік
техникасының сақталуы АКТ |
|||||
|
|
|
|
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мін деттері орындалды ма? Бүгін оқу шылар не үй ренді? Сабақ қалай өтті? Қандай кедергілер болды? Не сәтті өтті? Жоспарланған са ралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
|
||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген