400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектеп тынысы» - оқушы жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тынысы , мектептің жаңалықтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектеп тынысы» - оқушы жұмысы

Атақты француз философы Альберт Камю өзінің бір даналығында «Мектеп бізді дүниеде жоқ өмірге даярлайды» деген екен. Расымен, мектеп табалдырығын аттаған бала оқумен қатар коммуникация құрып, шығармашылығын шыңдап, топтасып жұмыс істеу дағдыларын үйренеді. Сондықтан ұстазға жүктелетін жауапкершіліктің салмағы зор.

Осыны ескере отырып, Шу аудандық білім бөліміне қарасты Төле би атындағы орта мектепте білім мен тәрбие ісіне ерекше ден қоюда. Оның ішінде шәкірттердің жұртшылық алдында өз ойын еркін білдіру, журналистикаға баулу, қоғаммен байланыс орнату бағыты қолға алынуда. Бұл өз кезегінде оқушыларды болашақ мамандығына бейімдеу, базалық білімді қалыптастыру ісіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Мәселен, ұстаздардың ұйымдастыруымен әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдалана отырып мектеп ішіндегі жаңалықты жұртшылыққа жеткізу жұмысы жолға қойылған. Болмасаң да ұқсап бақ деген Абай хакімнің нақылын ту еткен оқушылар экран алдында өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырып, тіл тазалығы мен дауыс қою машықтарын игеруде. Тележүргізуші болуға талабы бар оқушалар үшін мектепішілік «Мектеп тынысы» топтама жаңалықтары таптырмас тәрбие құралына айналды.

Мектеп әкімшілігінің мұндай қадамы мектеп түлектерін келешекте шығармышылық емтихандарынан мүдірмей өтуге мүмкіндік жасап, құлшыныстарын бекіте түсуге талпындырады. Себебі журналистика сынды мамандық таңдаған түлек ең алдымен шығармашылық емтихан тапсырып, жазған мақалалар жинағы мен бейнематериалдарын ұсынады. Осы сәтте оқушының мектепте жинаған дағдысы көмекке келеді.

Жасыратыны жоқ. Бүгінгі таңда жас буын өз ойын таза, тұнық жеткізе алмайды. Оған әлеуметтік желі үйреткен тіл «өз үлесін» тигізуде. Сонымен қатар бояуы қанық шетел фильмдері де ықпал етіп жатқанын жасыра алмаймыз. Сондықтан «Мектеп тынысы» сынды жаңалықтар топтамасы осы кемшіліктерді жоюға тікелей қатыса алады. Себебі болашақтың сауатты адамын даярлауда ұстаздардың рөлі маңызды.

Тіл тазалығы – ой тазалығын қалыптастырады. Бір ғана М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақтың қайталанбайтын 17 мыңға жуық сөз бар. Осыған қарап-ақ тіліміздің қаншалықты бай, қаншалықты шұрайлы екенін аңғаруға болады. Біз осыны жадымызда тоқып, жас ұрпақ тәрбиесіне сіңдіруіміз қажет.

Сондықтан, бұлақтың көзін ашуға баулитын «Мектеп тынысы» жаңалықтар топтамасының ұстаздарға да, оқушыларға да, ата-аналарға да берері мол. Келешекте бұл бағыттағы жұмыстар жанданып, жалғаса беретініне сіздерді сендіреміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 маусым
125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі