жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектепалды даярлық сыныбы Циклограмма Қазан айы 2024-2025 оқу жылы
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің №8 ОМ МДШО КММ
Мектепалды 0 «Ә» сыныбы
Балалардың жасы: 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 14.10.2024-18.10.2024
Күн тәртібінің үлгісі |
Дүйсенбі 14.10.2024 |
Сейсенбі 15.10.2024 |
Сәрсенбі 16.10.2024 |
Бейсенбі 17.10.2024 |
Жұма 18.10.2024 |
«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1. «Тәуелсіздік және Отаншылдық» айы «Апта дәйексөздері» -«Отанды сую-отбасынан басталады!» |
|||||
|
Сөйлеуді дамыту Дене шынықтыру Қазақ тілі Математика негіздері |
Көркем әдебиет Сауат ашу негіздері Математика негіздері Қоршаған орта |
Сөйлеуді дамыту Дене шынықтыру Музыка Сауат ашу негіздері |
Көркем әдебиет Сауат ашу негіздері Математика негіздері Қоршаған орта |
Дене шынықтыру Қазақ тілі Музыка Шығармашылық |
Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Мектеп туралы әңгімелесу, көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Баланың көңіл – күйіне мән беру. Мектептен тыс кезде немен айналысқанын сұрау |
|||||
Балаларды қабылдау |
Балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. |
||||
|
|
|
|
|
|
Ата-аналармен сөйлесу, кеңес беру |
Ата-аналармен әңгіме: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру |
Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту. |
Ата-аналармен әңгіме: Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз. |
Ата-аналармен әңгіме: Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту. |
Ата-аналармен әңгіме: Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін Ескерту
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындар,бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
«Менің Отаным Қазақстан» Әнұран орындау Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, оның тарихы мен мәдениетін бағалауға тәрбиелеу «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» «Арқан тарту» ойыны «Бір тұтас тәрбие жоспары» |
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Ұлттық құндылықты қалыптастыру «Ақсүйек» ойыны «Бір тұтас тәрбие жоспары» |
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Ұлттық құндылықты қалыптастыру « Бес тас» ойыны «Бір тұтас тәрбие жоспары» |
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Ұлттық құндылықты қалыптастыру «Қыз қуу» ойыны «Бір тұтас тәрбие жоспары» |
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Ұлттық құндылықты қалыптастыру «Асық ату» ойыны «Бір тұтас тәрбие жоспары» |
Ұйымдастырылған іс- әрекетке дайындық |
Сабаққа біз даярмыз Жалқаулықты қоямыз, Үздік оқып әрқашан, Кілең бестік аламыз! |
Кел,балалар,күлейік! Күлк іменен түлейік! Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік! |
Кел,балалар,күлейік! Күлк іменен түлейік! Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік! |
Сәлем ,достар,Білімдар, Кәне,түзу тұрыңдар! Мәнді қимыл жасаймыз, Маған назар бұрыңдар! |
Бізқандаймыз,қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз, Жарқырағанкүндейміз, Ренжісуді білмейміз! |
|
1-Ұйымдастырылған іс-әрекет |
||||
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
1.Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Отбасының күзгі еңбегі Мақсаты: Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану Сабақ барысы: Күз мезгілінің суретіне қарап, әңгіме құрайды: «Күз мезгілі, бақшаның іші сары алтындай жарқырап тұр. Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр». Жапырақтардың түстері қандай? Бақшада кімдер жүр? Бақшадағы балаларға ат қойыңдаршы? Бақшада балалар не істеп жүр? Әкесі мен анасы не жинап жүр? Балалар суретке қарап, әңгіме құрайдыКүтілетін нәтиже: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.Қимыл қозғалыспен көрсетілген әрекетті түсінеді. Әдіс тәсіл:түсіндіру Дидактикалық ойын: Педагог жетекшілігімен (Ұ) «Қарлығаш» қимыл ойыны «Мүсін сомдаймыз» жұппен массаж ойыныМақсаты: жылдамдыққа, шапшаң қимылдауға үйрету. Бақылау: жанама, жалпылама Қайталай алады: Сапта қайшылай адымдап жүруді Түсінеді: 30 см биіктіктен секіруді Қайталайды: Гимнастикалық орындықта жалпы даму жаттығуларын орындауды, фигура ортасына секіруді |
.1. Көркем әдебиет Тақырыбы: Арыстан мен тышқан Мақсаты: Сахналық қойылымдарға қатысу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, рөл мен сюжет таңдауда бастамашылық пен дербестікті көрсетуге ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасап, оны түрлендіруге мүмкіндік беру. Бүгін біз «Арыстан мен тышқан» атты қазақ халық ертегісімен танысамыз. Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Ертегінің әңгімеденайырмашылығы ертегіні ойдан, қиялдан шығарады. Балаларға ертегіні оқып береді. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар: – Ертегі қалай аталады? – Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? – Тышқанды арыстан қалай ұстап алды? – Тышқан арыстанға не деді? – Арыстан тышқанның уәдесіненеге күлді? – Арыстан тұзаққа қалай түсті? – Арыстанның даусын естіген тышқан қандай көмек жасады? – Арыстан тышқанның көмегіне неге ұялды? Қалай ойлайсың? – Сергіту сәті Орманға біз барамыз, Ағаштарды аралап, Арыстан болып ақырып, Тышқанша біз жүреміз. Дәптермен жұмыс: 1. Суреттерді қара. Арыстан тышқанға не айтты? Тышқан арыстанға қалай көмектесті? Тышқанның тапқырлығы туралы өз ойыңды айт. Досыңмен диалог құр. 2. Суретте қандай аң жасырынып тұрғанын тап. Жұмбақ ойын: «Айна». Педагог бір кейіпкердің қимылын, көңіл күйін көрсетеді. Балалар педагог салған кейіпкердің көңіл күйін қайталайды. Қандай кейіпкер екенін табады.
|
1.Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Отбасының күзгі еңбегі Мақсаты: Мәтіннің негізгі идеясын дұрыс жеткізу, өз ойыңды байланыстырып айту, әңгімені бірізділікпен баяндау және қысқа, логикалық тұрғыда реттелген, ақпараттық сипаттағы мәтіндерді құрастыру. Сабақтың құрылымы
Оқушылармен амандасу Сабақтың тақырыбын хабарлау Күз туралы қысқаша әңгіме: табиғаттың өзгерістері
Сұрақтар: Күзде не болады? (жапырақтардың түсуі, өнімдердің пісуі) Күзде не істейміз? (жеміс, көкөніс жинау) Күзгі жұмыстарды көрсету: суреттер, карточкалар Отбасының рөлі Әр отбасы мүшесінің міндеттері: Ата-ана: жоспарлау, бағыт беру Балалар: көмектесу, үйрену Мысалдар келтіру Жеке жұмыс Әр оқушыға күзгі еңбек туралы шағын әңгіме ойлап айту Оқушылардың өз жұмыстарын таныстыруы
Сұрақ-жауап: Күзде не істедіңдер? Отбасы мүшелерімен бірге жұмыс істегенде қандай көңіл-күйде болдыңдар?
Суретте күзгі жұмыстарды көрсету Сабақтың ресурстары: Суреттер мен карточкалар (күзгі жұмыстар) Бояу құралдары (үй тапсырмасы үшін) |
.1. Көркем әдебиет Тақырыбы: Арыстан мен тышқан Мақсаты:Сахналық қойылымдарға қатысу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, рөл мен сюжет таңдауда бастамашылық пен дербестікті көрсетуге ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасап, оны түрлендіруге мүмкіндік беру. Дидактикалық ойын: «Ненің даусы?» Мақсаты: Балалар әр түрлі аңдардың дауыстарын тыңдап, қандай жануар екенін табады. Жұмбақ айту. Айбарлы түсі бар, Қанжардай сұсы бар. Күжірейген жалды Білсең айт бұл аңды? Дұрыс балалар: Арыстан- азулы аң патшасы .Ол орманда өмір сүреді. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады. Біз бүгін Арыстан туралы қызықты ертегі, «Арыстанмен тышқан»-деген ертегсімен танысамыз. Ендеше мұқият тыңдаймыз. Арыстан мен тышқан https://www.youtube.com/watch?v= 4QLhlw3ZSBA ертегісінің видеосын көрсету. Сергіту сәті Орманға біз барамыз Ағаштарды аралап Арыстан болып ақырып, Тышқанша біз жүреміз. Арыстан қандай екен? Тышқан қандай? Қорытынды: Балалар ертегі сендерге ұнадыма? қандай ертегімен таныстық? сендер тышқанның орнында болғанда не істер едіңдер? |
1.Дене шынықтыру Педагог жоспары бойынша |
Үзіліс : Жабық және ашық кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар |
|||||
Саусақтарға арналған гимнастикалық жаттығулар: Қысқыштармен ойналатын ойын Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл- ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. «Жаңғақтармен ойын » Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды. |
|
|
|||
2-ұйымдастырылған әрекет |
|||||
|
2.Дене шынықтыру Педагог жоспары бойынша |
2.Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Буынға бөлейік Мақсаты: Жазу процесін көзбен бақылай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс әрі еркін ұстап, оны қатты қыспай, саусақтармен біркелкі түрде жоғарыдан төмен, солдан оңға бағытта қозғалыстар жасап, сызықтарды үзбей сызу «Буынға буын қос» дидак тикалық жаттығуы. Басталған буынға буын қосып, сөз құрап , айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Көрнекілік: ұсақ жалаушалар,ойыншықтар. Ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Сөздің басқы буынын айту, балалар сөзді тез аяқтайды. Ау- (ла). Ал- (ма). Са- (ра). Сә- (біз). Қа- (уын). Мысалы: үй-рек, бүр-кіт , қар- ға , тыр-на, тор-ғай, та-бақ , ә- теш, же-лім, қа-ғаз, қайшы, қа- лам, кі-тап. Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады. Шаттық шеңбері Қайырлы күн достым, Қайырлы күн болсын Бүгінгі күн бізге Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз. Кілең бестік босын. Балабақшаға сегізде келеміз. Ешқашанда қалмаймыз дегенбіз. Сауат ашуды 5 - ке оқып Білімді бала боламыз дегенбіз. Ойын: Артығын тап Шарты: сурет ішінен артық затты табу.
Сурет ішінен бір буынды сөздерді тап.
Ойын: Ойлап тап Шарты: Өздері ойлана отырып бір буынды сөздерді атау. Кері байланыс жасау: смайликтер арқылы
|
2.Дене шынықтыру Педагог жоспары бойынша |
2.Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Ойнай отырып оқимыз Мақсаты: Сөздерді дыбыстық талдау кезінде, сөздегі дыбыстардың орналасуын, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы қайталау. Дыбыс деген не? Дыбыстар біздің айналамызда, біз оларды көрмейміз бірақ естиміз, айтамыз.Дыбыстар қандай болып бөлінеді.Дауысты, дауыссыз.Дауысты дыбысты, дауыссыз дыбыстан қалай ажыратамыз?Дауысты дыбыстар әндетіп, созылып айтылады, ал дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады.Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз.Дауыссыз дыбыстарды ше? Сөзді буынға қалай бөлеміз?Буынды қалай белгілейміз? Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын айт»Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суреттегі заттың атын атап, бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Тәрбиеші балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен соданкейін екінші командамен ойнайды.Мысалы: апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), əткеншек(ə), өрмекші(ө),ешк(е)і,элеватор (э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), əтеш(ə),өшіргіш (ө), етік(е), экскаватор (э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б.Қатаң дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетк (щ), күре к(к), трактор (т),сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ ) т.б.Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар.
|
2.Қазақ тілі Тақырыбы: Ғажайып алаң Мақсаты: Отбасы мүшелерінің атауларын қазақ тілінде дұрыс айтуға, сөз тіркестерін қолдануды үйретуге, сондай-ақ диалогқа қатысуға дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп, күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Шаттық шеңбері Атамнанбасталар Әжемнен қосталар, Отбасы осылар, Ең жақын адамдар. (Балаларға отбасы туралы суретті көрсетіп әңгімелетеді) Балаларға үлкендерді, ата - анасын тыңдап, кішкентайларды құрметтеу керектіген айту және олардың ең жақын адамдар екендігін түсіндіру. Сұрақтар қояды:
Балалардың жауаптары. Сергіту сәті Д/қ ойын «Отбасы мүшелерін киіндір» «Сөзді жалғастыр» сөздік ойын Қ. Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, балалар жалғастырады. Жүрегім кім менің, Тірегім кім менің Жаным кім менің, Сәнім кім менің. Ботақаным Бағлан қозым менің не деген тәтті баласын өзің. Балалар сендерді үйде ата - әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме? Балалардың жауаптары.
|
Үлкен үзіліс Ойын: Баланың тілін дамытуға арналған ойындар |
|||||
Ойын: «Мысықтар мен балалар» Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу. Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. Ойын 2-3 рет қайталанады. |
|
БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР Дауыстарын қайтала.Аң біткенмен алысқан Ақырады арыстан:А-а-а-а-а-а Нәзік дауысы қозының.Естіледі алыстан: Мә-ә-ә-ә-ә.Дөңгелетіп аузыңды, Жіңішкертіп даусыңды,Бұзаумын деп ойла да, Дауысын оның қайтала:Мө—ө-ө-ө (Балақай, жан жануарлардың дауыстарые сала отырып, кей дыбыстардың жуан кей дыбыстардың жіңішке айтылатынына зер сал ) Майлыаяқ. Жайлау толы малды аяп,Күзетіп жүр Майлыаяқ. Жолатпайтын ешкімді,Дауысы алыстан естілді: (ақырын дауыспен) –р-р-р-р-р-р «Тамақ жеймін ашпын д»,-деп, «Қорқып иттер қашсын», -еп, Күжірейтіп желкесін Ырылдады қасқыр кеп: (орташа дауыспен)-р-р-р-р-р-р «Қорықпаймын сенен»,-деп, «Сазайыңдыберем»,-деп,ДірілдетіпқасқырдыАйбатн ит асырды: (қатты дауыспен) –р-р-р-р-р «Мынау бәле екен» деп, «Түбіме бұл жетер» деп, Қорқып қасқыр жөнелді, Қайтып келмес ол енді. (Балақай, қасқырдан да қорықпайтын төбет иттердің болатынын сен білесің бе? Өзара екі топқа бөлініңдер де, қасқыр мен иттер болып алдымен ақырын, сосын орташа, ең соңында қатты дауыспен «р» дыбысын созып айтыңдар.) |
|||
3-ұйымдастырылған әрекет |
|||||
|
3.Қазақ тілі Тақырыбы: Ғажайып алаң Мақсаты:Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп, күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Санамақтарды жаттап, тура және кері санау дағдыларын дамыту. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрауды меңгерту. Балаларға «Ғажайып алаң» ойынын ойнауға шақырады. Балалар барабанды айналдыра отырып, ұпай жинайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырма: Санамақты еске түсіру, отбасы мүшелерін атау.Атам, әжем, Әкем, шешем. Әпкем, сіңілім,Ағам, інім және мен. Бір үйде біз нешеуміз?Кел, санайық екеуміз. 2-тапсырма: Отбасы туралы қандай мақал білесіңлер?Балалар мақалдарды естеріне түсіреді. Отан отбасынан басталады. Баланың бас ұстазы – ата- ана.Інісі бардың – тынысы бар, Ағасы бардың – жағасы бар..Аға әдепті болса, іні әдепті,Апа әдепті болса, сіңлі әдепті. 3- тапсырма: Отбасымен түскен суреттер, фотоальбоммен жұмыс. Балалар өздеріне таныс сөздерді атайды және сөздерден сөйлем құрайды.Мынау – менің отбасым. Мынау – ата. Атамның атыАтам теледидар көреді. Мынау – менің әжем. Әжемнің аты.Әжем ән айтады.Мынау – менің әкем. Әкемнің аты.Әкем ойыншық берді.Мынау – менің анам. Анамның аты.Анам тамақ пісіреді. Біз тату тұрамыз. 4-тапсырма: Диалог құру. Сұрақтарға жауап беру.Балалар бір-біріне сұрақтар қояды.
|
3. Математика негіздері Тақырыбы: Қай уақытта болады? Мақсаты: Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін түсінуге қызығушылық пен эмоциялық көзқарасты дамыту, ойлау мәдениетін жетілдіру, танымдық процестерді ерікті түрде реттеуге үйрету, шыдамдылық пен ұқыптылықты, сондай-ақ өзіне сенімділікті қалыптастыру. Уақытты бағдарлау Тәулік бөліктері: Таң, күн, кеш, түн. Оқушыларға әр бөлшекті таныстыру. Апта күндері: Аптадағы күндерді атап, олардың ретін түсіндіру. Айлар мен жыл мезгілдері: Айларды, жыл мезгілдерін атап, ретін көрсету (суреттер арқылы). Заттар мен құбылыстарды математикалық мәнінде қарастыру Уақытқа байланысты қарапайым математикалық есептер: Мысалы, "Егер бүгін дүйсенбі болса, 3 күннен кейін қай күн?" Оқушылармен бірге уақытты қосу мен азайту жаттығуларын орындау. Эмоциялық көзқарас пен қызығушылықты дамыту (10 минут) Ойын: "Уақытты табу" — уақытқа байланысты суреттер көрсету, оларды атау. Оқушыларды қызықтыру: "Уақытты дұрыс пайдалану неге маңызды?" Ойлау мәдениетін жетілдіру Сұрақ-жауап сессиясы: Сендердің сүйікті уақытыңыз қандай?" Уақытты жоспарлауда не маңызды?" Уақытты жоспарлау бойынша практикалық тапсырмалар:"Бүгінгі жоспар" (жазу немесе сурет салу). Таным процесін реттеу Оқушыларға уақытты тиімді басқаруға арналған жаттығулар: "Мен уақытты қалай жоспарлаймын?" Шыдамдылық пен ұқыптылықты дамытуға бағытталған ойындар. Қорытынды Оқушылардың уақыт туралы білімдерін бағалау. Өздеріне деген сенімділікті арттыру: "Сендер уақытты дұрыс пайдаланатындарыңды қалай білесіңдер?" Үй тапсырмасы Оқушыларға "Уақыт" тақырыбында сурет салу |
3. Музыка Педагог жоспары бойынша |
3. Математика негіздері Тақырыбы: Дөңгелек және сопақша Мақсаты: Шеңбер мен тіктөртбұрышты салыстыра отырып, сопақша пішінімен таныстыру. Оқушыларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) және денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атауға, сондай-ақ оларды ажырата білуге үйрету. Дәптермен жұмыс.1-2-3 тапсырмаларды орындау. «Көліктерді гаражға кіргізу» дид-қ ойыны.Ойын-тапсырма «Бейнеле»«Не өзгерді?» дид-қ ойын.«Домалайды- домаламайды»ойыны.«Санау» дид- ойыны. Математикалық жазулар дәптерімен жұмыс. Шаршы мырза мен болам. Енім, ұзындығым, биіктігім Қабырғаларым да теңменің. Радиусыммен мені өлшейді, Мен шеңбермін, не керек. Жер шарындай шеңбермін Күн де, ай да дөңгелек. Балалар, мына пішінді шаршы деп атаймыз. Қане, қайталаңдаршы ?
Доп, терезе, алма, күн және ай сияқты пішіндер өте көп.Үшбұрыш Үшбұрышпын мен балалар, Бұрыштарымды қане, санаңдар. Бүйірімдегі қос қабырғам Жалғыз табан менде бар.
Сергіту сәті «Паравоз» Дидактикалық ойын: Үйшікті құрастыру. Ойын мақсаты: Пішіндерді дұрыс орналастару арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Бала бойына ептілікті қалыптастыра білу. Кері байланыс жасау.
|
3. Музыка Педагог жоспары бойынша |
Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Сылдырмақпен сылдырлат» |
|||||
Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары «Жасыру» саусақ ойыны. Ойын шарты: Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады. Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз. Ал енді, келесі қолға жасырамыз. Қарандашты қыса отырып, Алақанды ауыстырамыз. Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады. «Салат» саусақ ойыны. Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды) Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді) Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді) Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді) |
|
Ойын: «Сылдырмақпен сылдырлат » Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. Ойынның шарты: 5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар /бал-ң санына сай/ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады. Ұсыныс: Ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, ш еңберден өту, т.б./ |
|||
4-ұйымдастырылған әрекет |
|||||
|
4. Математика негіздері Тақырыбы: Қай уақытта болады? Мақсаты: Уақытты бағдарлау. Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің және тәулік бөліктерінің ретін меңгеруге көмектесу. Айлар мен жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру және олардың тәртібін білу. .Ойын сәті.Әлия мен Сырым.Тәулік бөліктері бейнеленген сурет. Деменстрациялық материал.Жұмбақ. Қабырғадан қарап тұр, Уақытты санап тұр. Ағайынды екеуі. Шеңбер бойы жүгірген. Аласа бойлы ағасы.Бір айналып өтеді.Ұзын тұра інісі Сағат сайын өтеді. Тәулік бөліктері туралы сұхбат жүргізу. Демонстрациялық материалмен жұмыс. Сағатпен танысу Сағаттың моделдерімен жұмыс.Таңертең тұрамын. Бетімді жуамын.Шашымды тараймын. Тәулік бөліктерін атау және сәйкес суреттерді тауып жапсыру. Сағатпен уақытты анықтайды.Сағаттағы уақытты атайды:таңертеңгі 7,күндізгі 2,кешкі 8,түнгі 10 1.Күн мен түн ойыны
Математикалық жазулар дәптерімен жұмыс. |
4. Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: Барлық ағаштардың жапырағы түсе ме? Мақсаты: Заттарды, олардың ерекшеліктерін нақтылай отырып, бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну. Заттардың жасалған материалдарын өзбетінше анықтап, талдау, сондай-ақ олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ағаштар мен жапырақтар туралы әңгіме Ағаштардың жапырақтары не үшін керек? Жапырақтардың түсуі: күзде, қыста, жазда. Жапырақтардың табиғаттағы рөлі: фотосинтез, ауа тазалау Жапырақтардың түрлері Түрлі жапырақтардың суреттерін көрсету (жасыл, сары, қызыл) Жапырақтардың пішіндері мен мөлшерлерін салыстыру Оқушылардан өздері көрген жапырақтарды сипаттап беруді сұрау Практикалық жұмыс Оқушыларға түрлі жапырақтарды жинау (мектеп ауласынан немесе суреттерден) Жиналған жапырақтарды топтарға бөліп, оларды салыстыру: Жасыл жапырақтар (жаздық) Сары/қызыл жапырақтар (күздік) Сұрақ-жауап сессиясы "Барлық ағаштардың жапырағы түсеме?" сұрағына жауап беру Оқушылардың өз ойларын тыңдау Қорытынды Оқушылардың сабақтан алған білімдерін талқылау Жапырақтардың табиғаттағы маңызы мен рөлі туралы қорытынды жасау Үй тапсырмасы Оқушыларға табиғаттан жапырақтар жинап, оларды суреттеп немесе жапырақтардың суретін салу тапсырмасын беру
|
4.Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Ойнай отырып оқимыз Мақсаты: Жазу барысында көзіңізбен қадағалап, қаламды немесе қарындашты дұрыс әрі еркін ұстап, оны қатты қыспай, саусақтарыңызбен бірқалыпты жоғарыдан төмен, солдан оңға қозғалыстар жасап, сызықтарды үзбей сызу. «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны Шарты: бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құраса болады. те - (геш), те -(рек), те -(мір), те -(сік),те -(тік). ор -(та), ор -(ман), ор (ақ). өр -(мек), өр -(кеш), өр -(ле), өр -(мек-ші) «Буынды қос» дидактикалық ойыны – Балалар шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, буынды қосып, сөзді жалғастырады. Мысалы: ( ас+паз, кі+тап, ба+лық,ба+ла) Ойынды өзгертуге болады. Дидактикалық ойын. «Болады, болмайды» Күйші болуға,Жаман болуға Биші болуға,Салақ болуға Ерке болуға,ақын болуға Пысық болуға,тәртіпсіз болуға үйрету «Сиқырлы сандық» Мақсаты: балалардың сөздік қорын, фонетика - фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету. Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір - біріне байлау. Қорытындылау. |
4. Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: Менің елімнің салт-дәстүрі Мақсаты: Заттарды және олардың ерекшеліктерін нақтылай отырып, бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтап, талдап, олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Салт-дәстүрлерді таныстыру Еліміздің танымал салт-дәстүрлерін атап шығу: Тұсаукесер Той (некелесу) Наурыз мерекесі Әр салт-дәстүрдің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіру Салт-дәстүрлердің маңызы Салт-дәстүрлердің қоғамдағы рөлі: Ұлттық бірлік Отбасы құндылықтары Жас ұрпаққа тәрбиелік мәні Оқушылармен сұрақ-жауап: "Сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіздер?" Топтық жұмыс Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа бір салт-дәстүрді зерттеу тапсырмасын беру Топтар өздері зерттеген дәстүр туралы қысқаша ақпарат дайындап, таныстыру Практикалық жұмыс Оқушыларға салт-дәстүрлер бойынша сурет салу немесе коллаж жасау тапсырмасын беру Дайын жұмыстарын топтастыру Қорытынды Оқушылардың сабақтан алған білімдерін талқылау Салт-дәстүрлердің маңызы мен рөлі туралы қорытынды жасау Үй тапсырмасы Оқушыларға өз отбасының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу немесе жаза отырып, шағын сурет салу тапсырмасын беру
|
Шығармашылық бейнелеу әрекеті Жапсыру: Саз балшықтан жасалған табақ Мақсаты: Геометриялық пішіндерді үйлестіре отырып, үйдің бөліктерін жапсыруды үйрету. Ойлау, есте сақтау және қағазбен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылықты ынталандыру. Геометриялық пішіндермен танысу Геометриялық пішіндерді еске түсіру: дөңгелек, квадрат, тіктөртбұрыш Пішіндердің ерекшеліктерін атап өту Пішіндерден үйдің бөліктерін (шатыр, қабырға, терезе) қалай жасауға болатынын түсіндіру Жапсыру техникасын көрсету Саз балшықтан пішіндерді жасап, оларды қалай жапсыру керектігін көрсету Оқушыларға өз бетімен пішіндерді жасауға мүмкіндік беру Практикалық жұмыс Оқушыларға саз балшықтан табақ жасап, оған үйдің бөліктерін жапсыруды тапсыру Мұғалім әр оқушыға жеке көмек көрсету, сұрақтарға жауап беру Топтық жұмыс Оқушылар өздерінің жасаған табақтарын көрсетіп, бір-біріне пікір білдіру Топта талқылау жүргізу: "Не ұнады?", "Нені өзгерткіңіз келеді? Қорытынды Оқушылардың сабақтан алған білімдері мен тәжірибелерін талқылау Жасалған жұмыстың маңызын атап өт Үй тапсырмасы Оқушыларға үйде саз балшықтан өздерін қызықтыратын зат жасау тапсырмасын беру
|
Үзіліс: Қозғалмалы зерек ойындар «Жер, су, ауа» ойыны |
|||||
Үзіліске дайындық |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру |
Үзіліс |
Картотека №31 |
Картотека №32 |
Картотека №33 |
Картотека № 34 |
Картотека № 35 |
Балалармен жұмыс |
Жансая мен Ахметке құстарды танып,атын атауға үйрету. |
Рауан мен Айназға түстерді ажыратуға үйрету. |
Мейіржан мен Асылайға карандашты дұрыс ұстауға үйрету. |
Аяулым мен Әлиге ермексазбен жұмыс жасауға үйрету. |
Аһмад пен Ләйләға түстерді ажыратуға үйрету. |
Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап- тарды қарау және басқалар) |
«Кім жылдам?» ойынның Мақсаты:шапшандыққа, жылдамдыққа үйенеді . Шашылып жатқан көкністер мен жемістерді екі себетке жинайды |
«Қолшатыр» Мақсаты: балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал балалар жаңбыр жауды деген кезде балалар қолшатырдың астына тығылады |
«Танып ал да, атын ата» Мақсаты:Жапырақтардың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. |
«Ажырат» ойыны Мақсаты:киімдерді ажырата білуді үйренеді.Күзгі киімді көк, жазғы киімді сары сөмкеге салу керек. |
«Түрлі түсті жапырақтарды тізу» Мақсаты: Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету |
Балаларды үйге қайтару |
«Өнегелі 15 минут» Ата –аналарға кеңес Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз- жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. |
«Өнегелі 15 минут» Ата –аналарға кеңес Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өзжақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. |
«Өнегелі 15 минут» Ата –аналарға кеңес - үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз. |
«Өнегелі 15 минут» Ата –аналарға кеңес Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз- жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. |
«Өнегелі 15 минут» Ата –аналарға кеңес - баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз. |

