Мектепалды даярлық тобындағы музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін оқыту жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепалды даярлық тобындағы музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада мектепалды даярлық тобындағы балаларға музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі негізгі бөлімдер және оқыту жолдары туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бозанова Ардак Амангалиевна

Ақтөбе қаласы №50 «Алтын бесік» балабақшасы

Эссе

Мектепалды тобындағы музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін оқыту жолдары

Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық сезімді танып қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық эстетикалық тәрбиенің басты құралының бірі – музыка мен ән.

Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, сұлулық заңымен өмір сүруге тәрбиелейді.

«Дені саудың – жаны сау» дегендей, тәні де, жаны да сау, рухани бай эстетикалық жағынан сезімтал азаматты тәрбиелеп өсіру – ата-ананың басты парызы, сонымен бірге балабақшалар мен оқу орындарының міндеті. Осы міндетті іске асыру балабақшада мектепалды даярлық тобынан басталмақ. Негізі отбасынан басталған тәлім-тәрбие білім беру мекемелерінде жалғасын тауып, белгілі бір жүйеде өрістеледі. Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең – мектепалды даярлық тобы. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары баланы жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.

Мектепалды даярлық тобында бағдарлама бойынша ән-күй сабағы негізгі 4 бөлімнен тұрады:

1. Ән үйрену.

2. Музыка тыңдау.

3. Ырғақтық билер.

4. Музыкалық – дидактикалық ойындар.

Ән үйрену бөлімінде балаларды ырғағына келтіре әдемі ән салуға тәрбиелейміз. Ән салу арқылы шығарманың мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершіліккке, ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай білуге тәрбиелейміз.

Музыка тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Дыбыстардың биіктігін, ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу қабілетін дамытамыз. Сонымен бірге тыңдау арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдері, талғамдары дамып, эмоциялық сезімдері оянып ләззат алады. Музыкаға деген қызығушылықтары артып, тыңдау қабілеттері дамиды. Музыка тыңдату барысында балалар дамуының бірдей дәрежеде еместігін түсіну маңызын музыка жетекшісі білу керек.

Ырғақтық би бөлімінде музыканың әуен ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып, мүсін сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз.

Музыкалық-дидактикалық ойындар бөлімінде айтылған әннің сөздеріне , әуеніне зер салып, ұқыпты орындауға, әннің сөздеріне сәйкестіре қимыл-қозғалыстар жасауға баулимыз. Балалардың музыканың екпіні мен ырғағына икемделуіне, дыбыс күшінің бірде, қатты, бірде ақырын естілуін аңғара білулеріне мүмкіндік береміз. Музыка ырғағына ілесіп жүруге, әр жанрдағы (марш, вальс, полька) ырғақтың өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге үйретеміз. Дыбыс биіктігін, дыбыс бояуын , музыканың басталуын және аяқталуын аңғартуға жаттықтырамыз. Ойын арқылы музыкалық қабілеттерін дамытамыз. Сап түзеп жүруге, дене бұлшық еттерінің ширауына да әсерін тигіземіз. Қазақ халқының ұлттық ойындарының ойналу тәртібі мен өзіндік ерекшеліктері жөнінде қысқаша түсінік береміз. Музыкаға және биге деген шығармашылықтарын дамыта отырып, музыкалық білімдерін арттырамыз.

Оқу жылы басында осы мақсаттарға жету үшін перспективалық жоспар жас ерекшеліктеріне қарай жүйелі түрде құрылуы тиіс. Мектепалды тобына келген балалардың жас ерекшеліктері бірдей болғанымен, бірі балабақшада тәрбиеленіп келгендер, бірі ешқандай білім мекемелерінде болмай үйден келгендер болуы мүмкін. Олардың музыкалық қабілеттері да әртүрлі болады. Балабақшадан келген балалар өздерін еркін сезініп, би қимылдарын жасқанбай жасап, өз ойларын ашық айта біледі. Музыкалық дидақтикалық ойындар ойнау барысында белсенділік танытады. Музыка жетекшісі балабақшада болмаған балалармен көбірек қарым-қатынас жасау керек. Сонымен бірге балабақшадан келген балаларды жалықтырып алмау жағын қарастыру керек. Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыканы ұнататындарын білуге көңіл бөлемін.

Мектепалды тобындағы балалар көбінесе ойнақы әндерді және марш екпініндегі музыканы ұнатады. Сол әуендерге қимыл жасауды ұнатады. Әрине, адам туа сала білімді болып келмейтіні сияқты барлық балалардың музыка тыңдау және қабылдау қабілеттері де туа бітпейді. Ол жүйелі түрде істелетін жұмыстардың нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын процесс.

Бірінші жартыжылдықта балалардың барлығы қамтылатындай топпен жұмыс жүргізу керек. Музыка іс-әрекеті айтуға ғана оңай, ал орындауда керісінше, қиыншылығы мол іс. Әлі мектеп партасына отыруға қалыптаспаған, сөздік қоры аз бүлдіршіндерді бірден әнге үйрету қиын тиеді. Олар сөзін білмеген әнге қызықпайды. Алдымен балаларды қадағалай отырып әнге және оның ырғағына қызықтыруға тырысу керек. Сол әннің мазмұнын ашатындай көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар қолданған жөн. Осыдан кейін балалардың қызығушылығы артқанда сөзін жаттатқан дұрыс. Оларға үй тапсырмасы берілмейді, жаттау сабақ барысында жүргізіледі. Өз тәжірибемде өлеңнің әр жолын жеке-жеке тақпақтап, балаларға хормен қайталатамын. Осы кезде қол шапалақтатып отырған дұрыс. Қол шапалақтау кезінде әннің ырғағы анықталып, әуеніне қосылып айтуда қиындық туғызбайды. Мәтінмен жұмыс кезеңінде балалардың музыкалық ырғақты сезіну қабілеті де анықтала бастайды. Бірі орынсыз қол шапалақтаса, енді бірі ырғаққа ілесе алмай жатады. Мұның бәрі жүйелі жұмыстың нәтижесінде бірте-бірте жаттығады. І-жартыжылдық бойы әндерді хормен орындатып, ойындарды топпен ойнатқан дұрыс. Сонда балалардығ бір-бірімен қарым-қатынасы да жақсарып, өздерін еркін сезіне бастайды. Ал әнді сабақ сайын өзгерту дұрыс емес. Керісінше балаларға таныс әндерді үнемі қайталап айтқызып отыру керек. Бұл балалардың эмоциялық көңіл-күйін көтереді, есте сақтауқабілетін дамытады және әнді хормен бірге бастап, бірге аяқтауға дағдыландырады.

І-жартыжылдықта балалардың музыкалық дамуы әртүрлі екендігі толықтай байқалады. Бір бала өте жақсы өлең айтқанымен, әуенін дұрыс қабылдамай, би қимылдарын қате орындайды. Ал екінші бала болса, керісінше, жақсы билейді, бірақ әнді таза интонациямен орындай алмайды. Оқу іс-әрекет барысында музыка жетекшісі балалардың музыкалық қабәлетән зерттеп, әр баламен жеке-жеке жұмыс істеуді қолға алуы тиіс. Балаларды дыбыстарды таза айтуға үйрету үшін дауыс жаттығуларын жасатудың пайдасы зор. Дауыс жаттығуларын шағын әуендер айтқызу арқылы жүзуге асыруға болады. Бұл балалардың қабылдау деңгейіне қарай педагогтан үлкен шығармашылық іскерлікті қажет етеді.

ІІ-жартыжылдықта балалар музыкалық дағдыларды меңгере бастайды, есту, есте сақтау, әуен ырғағына түсіну, дыбыс биіктігін ажырату сияқты музыкалық қабілеті дами түседі. Музыкалық жанрларды (ән, би, марш), қатты немесе ақырын дыбыстарды, екпіндердің жай немесе тез екенін ажырата бастайды. Әр баланың өздері жақсы көретін әндері, билері, ойындары бар. Балалар берілген шығармашылық тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, тыңдаған музыканың екпінін ажырату керек болса, екпін, ырғағына қарай түрлі қимылдар ойластырады. Мысалы, баяу екпінде – орнында тұрып теңселеді, жылдам екпінде – орнында тұрып жүгіреді, марш екпінінде – аяқты нық басып жүреді, бейнелік қимылдар – аттың шабысы, түрлі аңдардың қимыл ерекшеліктері т.б.

ІІ-жартыжылдықтың аяғында сауықтыру кезеңі болады. Көктем айларында іс-әрекет түрін өзгертуге болады. Мысалы, таза ауада сырнай аспабының сүйемелдеуімен мектеп ауласында ойын түрінде өткізген өте қызықты. Ойын түрінде өткен материалдарды бекіту жұмыстары да, үйренген музыкалық шығармалары да қайталанады.

Ойынның тәрбиелік мәні зор. Бала ойын арқылы дамиды. Ойын белместі – білгірге, орашолақты – іскерге айналдырады. Музыкалық – дидактикалық ойындар арқылы балалардың музыкаға, биге, ән әлеміне деген ынта-ықыласын жас кезінен арттырып қана қоймай, олардың сезімталдығын, кішіпейілдігін, ұйымшылдығын, эстетикалық талғамын дамытуға қызмет етеді. Нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады.Өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей еліміздің болашақ дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу өз міндетім деп есептеймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі