Материалдар / мектепалды даярлық тобының мектепке дайындығы туралы қорытынды диагностика.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мектепалды даярлық тобының мектепке дайындығы туралы қорытынды диагностика.

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2019
11897
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің

мектепалды даярлық тобының мектепке

дайындығы туралы қорытынды диагностика.

2012-2013 оқу жылы.

Мектепалды даярлық тобында жылдың басында 15 оқушы 6 ұл, 9 қыз бала. Жылдың аяғында 11 оқушы 5 қыз, 6 ұл бала қалды. Сынып жетекшісі: Хамзина Гулмира Кабденовна.

Мектепалды даярлық тобында балалар бойындағы жетістіктерді дамыта отырып, кедергілерді жою жолдарын қарастыру.


Біздің қоғамымызда әлеуметтік – экономикалық саяси құрлымының түпкілікті жаңаруындағы бірінші міндет – халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдау. Мектептегі нақты міндеттердің бірі – білім беру кезеңінде балалардың психикалық деңгейінің дамуын олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада біліктерін жетілдіру негізінде толық қызмет жасауын қамтамасыз ету болып табылады. Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын, даму деңгейін дұрыс айқындау қажет.


Мектепке бару – бала өміріндегі бетбұрысты сәт. Ол мектепке дейінгі балалық шақ ойындарымен қош айтысып, жаңа өмір есігін ашады.


Мектеп баспалдағын аттаған бала жаңа әлеуметтік ортаға түседі де, әрі қарай басқаша тірлік үрдісін жалғастырады, сондықтан да бала ортаның ерекшеліктеріне дайын болу керек. Егерде осы дайындық болмаса оның мектеп қабырғасындағы даму-жетілу кезеңі тежіліп, қатарынан кеш қалады. Баланың оқуға дайын еместігін мынадай жайлардан:

сабақ үлгерімінің төмен,

жаңа ортаны өгейсінуі,

сабақ үстінде тынышсыздануынан аңғаруға болады.

Демек, баланың психологиялық дайындығы назардан тыс қалмауы керек; үлгерімі нашар балаға көмек беру, олармен коррекциялық – теңестіру жұмыстарын жүргізу, мектеп бағдарламасынан қалыс қалмауына, мектеп тәртібіне бейімделуіне ықпал етеді.


Осыған, орай баланы мектепке дайындауда – бірінші кезекте олардың психологиялық дайындығын анықтау керек.


Мектеп психологі әрі баламен жұмыс істеудің жеке – дара әдістемелік тәсілдерін пайдаланады, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, баланың жан – жақты дамуына жағдай жасап, оқыту – тәрбиелеу процесінде тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана алады. Әрбір жас бүлдіршінді оқуға дайындауда психологиялық дайындықтың құрамына мына 3 компоненттерді басшылыққа аламыз:


1.Интеллектуалдық дайындық баланың ой – өрісін, нақты білім қорын қарастырады.


2.Жеке- тұлғалық дайындық баланың мектепте оқу әрекетіне, ұстазына, өзіне қатынасын көрсету.


3.Әлеуметтік – психологиялық дайындық баланың құрбыларымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасын, соның ішінде баланың коммуникативтік ерекшелігін көрсетеді.


Ол Керн – Йерасектің 4 субтестен тұратын баланы мектепке дайындау тестігі: «Төртінші артық», «Графикалық диктант», «Қол бұлшық еттерінің даму деңгейін анықтау», «Үй» диагностикаларын жүргізіп, балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықталады. Нәтижесінде топтағы қабылданып алынған 11 баланың психологиялық дайындықтарын зерттеу нәтижесінде мынадай пайыз көрсеткіштерін берді: 4 оқушы –36 % жоғары деңгейде, 3 оқушы 27% орташа деңгейде, 4 оқушы –36% төмен деңгейде.Атап айтсақ Адильханқызы Даяна, Скакбеков Шыңғыс, Төлегенов Аққозы,Жұмаханов Ислам толық ,әрі жоғары дәрежеде орындай алды. Төмен дәрежедегі оқушылар жастары толмаған сол себепті берілген тапсырманы толық, уақытында орындай алмады .Балалар өздеріне берілген тапсырманы жас ерекшелігіне байланысты орындады.


Баланы топ алдында жүйелі, орынды, көркем де әсерлі сөйлей алптындай етіп тәрбиелеу үшін тек мектептің емес, ата – ананың да ролі зор.

Ата – анамен бала арасында әңгіме, диалогтар баланың ойын, пікірін ашық, емін – еркін айтуға дағдыландырады.


Қорыта айтсам: бала тәрбиесі өте күүрделі және маңызды іс. Егер ата – ана, мектеп, қоғам бірлесіп жасайтын болсақ, болашақ 1 класты нақты, жетік меңгеретің, яғни жақсы оқушы тәрбиелеп шығаруға әбден болады деп сенім білдіремін

Мектептегі психологиялық қызмет - баланың мектепке дайындығынан бастап, орта буынға бейімделу мәселесі, сондай-ақ оқушының кәсіп таңдауына көмек берумен аяқталады. Менің мақсатым - білім беру кезінде бала дамуына қолайлы жағдай жасау. Анықталған кемшіліктерді түзету жолдарын табу, дарынды балаларды анықтау. Жұмысты оқу жылы басында бекітілген жоспарым бойынша , бекітілген циклограмма бойынша жұмысты атқардым. Жылдың басында бірінші сыныпқа бала қабылдағанда оның мектепке даярлығын анықтаймыз.Баланың мектепке жетілуінің деңгейін анықтаудың нақты бағасын былай білуге болады: мектепке физиологиялық психологиялық, әлеуметтік, дидактикалық дайындығы. Дидактикалық жүйенің қорытындысын салыстыру негізінде баланың мектепке жетілуінің деңгейі анықталады (жоғары,орташа,төмен,өте төмен).Диагностика өткізіп, соның нәтижесімен ата-аналарды таныстыдық. І -жартыжылдықта мектепке қабылданған 1 сынып оқушыларының оқу мотивациясын, мектепке үйренуін зерттедім. Көмек талап ететін балаларға көмегімді тигізуге тырыстым. Жыл бойы ата-аналарға , сынып жетекшісіне кеңес беру жұмыстарын өткіздім.Мектепалды дайындық тобының балалары да психологтің қадағалауында болды. "Ірі қозғалыс", "Ойлау және сөйлеу", "Пиктограмма" әдістері бойынша жұмыс жүргіздім. Жыл бойы психолого-педагогикалық өлшем: "Жаңбыр астындағы адам" 4 сыныпта , "Мектеп мотивациясын анықтау әдістемесі" 2 сыныпта, "Сыныптағы психологиялық атмосфера"(Ситора әдістемесі бойынша) 6-11 сыныптарда, топтық диагностика: 5 сынып оқушыларының ортаңғы буында оқуға бейімделуін бақылау, "Жанұялық қатынастың аймағы" (Э.Г.Эйдермиллер) тақырыбында жұмыстар жүргізілді. Ситора әдістемесі бойынша мұғалімдермен де, әкімшілікпен де "Топтағы психологиялық атмосфера" тестін өткізіп, соның нәтижесінде жеке ұстаздармен жұмыстар жүргіздім.


Психологиялық қызмет

Мектеп психологі

Абуева Гульжан Еркентайқызы 

 

Гульжан Еркентайқызы - № 48 мектеп-лицейінің психологі. Астана қаласындағы «Қайнар» университетінің педагогика-психология факультетін бітірген.

 

Мектеп психологінің қызметі

мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы мен оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.

 

 Лауазымдық міндеттері:

·        оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;

·        болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізеді;

·        оқушылардың жеке басы мен әлеуметтік мәселелеріне арналған педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады;

·        дарынды және үлгермейтін оқушылармен іс-шаралар ұйымдастырады;

·        педагогтердің , ата-аналардың, әлеуметтік педагогтің құзырын жоғарылату үшін, психологияны практикада қолдану мәселелері бойынша педагогтерге кеңес береді;

·        әр түрлі бейінді мақсатта психологиялық диагностика жасайды, ауытқу дәрежесін анықтайды, психо-педагогикалық түзету жасайды.

 

Мектептегі психологиялық қызметтің   модельі

 

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты:

мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару. 

Психологиялық қызметтің міндеттері

§        1. Оқытудың түрлі кезеңдерінде оқушылардың психологиялық даму нәтижелерін бақылап отыру.

§        2. Оқушылардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау.

§        3. Ішкі мектептік білім беру бағдарламасына және технологияларына, олардың сол мектептің оқушыларының индивидуалды және жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру.

§        4. Мектептің білім беру ортасында балалардың оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және ақпараттық психологиялық қолдау көрсету.

 Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс түрлері

 

Педагогтармен жұмыс

§        Тұлғаның психодиагностикасы.

§        Психологиялық ағарту жұмысы.

§        Оқушылардың білім алу мәселесіне бағдарланған жұмыстың түрлі формаларына қатысу (қажет болғанда және өз бастауымен).

§        Оқушылардың оқу, тәрбие және дамуына бағытталған, педагогтармен бірге психологиялық және педагогикалық бағдарламаларды жүзеге асыру.

§        Сынып сағатына, ата-аналар жиналысына психологиялық құралдар таңдауға көмектесу.

§        Жас мамандармен жұмыс: жаңа кәсіби жағдайға және жаңа ұжымға психологиялық бейімделуіне көмек көрсету. 

§        Оқушыларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау.

§        Нақты баламен педагогикалық қарым-қатынас орнатуында қиындығы бар жеке педагогтармен психологиялық-әдістемелік жұмыс

Ата-аналармен жұмыс

 

§        Жанұялық тәрбие стилін анықтау.

§        Балаларды тәрбиелеу және психологиялық дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру.

§        Психологиялық ағарту және профилактика (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну).

§        Түзету және дамыту жұмыстарына қатыстыру.

§ Психологиялық диагностиканы жүргізу қорытындысы бойынша ақпараттандыру.

 

Психологиялық диагностика

Балалармен:

       - балаларды мектепке дейінгі жаста психологиялық зерттеу;

       - балалардың оқуға психологиялық дайындығын диагностикалау (1,5,9 сыныптар);

       - мектепке дезадаптация себебін (әлеуметтік, индивидуалды және т.б.) диагностикалау.

Ата-аналармен:

       - бала және ата-ана қатынасын диагностикалау;

       - сауалнама жүргізу.

Педагогикалық ұжыммен:

       - нақты сұраныс бойынша педагогикалық ұжыммен сауал жүргізу;

       - психологиялық сауалнама жүргізу.

Психологиялық кеңес беру

Балалармен:

       - 7-17 жас оқушыларының мектептік дезадаптация сұрақтары бойынша (оқу және мінез-құлық мәселелері);

       - мектепке дейінгі жаста балалардың психологиялық дамуы бойынша;

       - жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру;

       - отбасылық кеңес беру.

Ата-аналармен:

       - баламен өзара қарым-қатынас сұрақтары және тәрбие (оқыту) сұрақтары бойынша;

Педагогикалық ұжыммен:

       - мектептік және әлеуметтік дезадаптация сұрақтары бойынша;

       - тұлғалық және кәсіби мәселелер бойынша;

 

Түзету-дамыту жұмысы

 

Балалармен:

       - бала, мұғалім, ата-ана сұранысы бойынша жеке психологиялық сабақ жүргізу;

       - модельдеу жобалары бойынша дамытушы сабақтарды жүргізу;

       - 1-сынып оқушыларын оқуға бейімделудің психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;

       - 5-сыныптарда бейімделу-дамыту ортасын қалыптастыру бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;

       - жеткіншектердің өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін белсендендіру бойынша сабақтар жүргізу;

       - бала және ата-ана дамытушы сабақтары.

 

Психологиялық ағарту – психологиялық мәдениетті көтеру

Оқушылар

       – психология сабақтары;

       - сыныптан тыс іс-шаралар.

Ата-аналар

       – жиналыс, семинар.

 

Педагогтармен

       – семинар, конференция, дөңгелек үстел

Психопрофилактика жұмысы

§        Оқу мен демалысты ұйымдастырудың ғылыми негізделген талаптарын түсіндіру;

§        Кикілжің және стрестік жағдайларда, қиын жас кезеңіндегі тәртіп тәсілдерін үйрету;

§        Ішімдік пен нашаның бала психикасына әсері;

§        Гармонияда тұлғаны дамыту;

§        Дамудағы ауытқулардың алдын алу.

Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары

n      Педагогтар және әлеуметтік жұмыскерлердің психологиялық біліктілігін көтеру мақсатында семинарлар (ақпараттық және оқытушылық) жүргізу.

n      Ата-аналардың балалармен психологиялық сауатты қарым-қатынас жасауын жоғарлату.

n      Әдістемелік материалдар даярлау.

n      Ғылыми зерттеулер жүргізу.

n      Ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға қатысу.

n      Жиналыстарға және әдістемелік бірлестіктерге қатысу.

n      Кабинетті жабдықтау және т.б.

Педагогтармен психологиялық жұмыс

Педагогикалық ұжыммен:

- оқушыларға психологиялық-педагогикалық ілесу бағдарламасын жүргізу;

-         психологиялық-педагогикалық консиллиумді жүргізу;

-         Өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша сабақ жүргізу.

Психолог жұмысының іс-қағаздары

1. Бір жылға және әрбір тоқсанға жұмыс жоспарын жасау.

2. Келесі бөлімдер бойынша журнал

-         дамытушы сабақ;

-         кеңес беру (жекелей-бала, ата-ана, педагог);

-         Мамандарға бағыт беру.

3. Дамытушы сабақтар және оқу курстарының бағдарламалары.

4. Психология бойынша оқу курстарының тақырыптық жоспары және журнал.

5. Өткізілген іс-шараға мониторнинг жасаудың қорытындысы бойынша анықтама.

6. Оқушы және сыныптың диагностикалық картасы.

7. Жыл қортындысы бойынша есеп және аналитикалық анықтама.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары

             Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне және оның әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты оқушыларға бірыңғай ұлттық тестілеу қолданылуда. Сондықтан да оқушыларды  бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық  тұрғыда дайындау өзекті мәселе болып отыр.

           Сондықтан да психологтар қауымы   бірыңғай ұлттық тестке дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізуді жоспарлады.

 Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңге    оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін;   

өзін-өзі реттеуін;

өзін-өзі бақылау дағдысын оқытуын;

сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

 Міндеттері:

1.      Стреске қарсы тұруын арттыру

2.      Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру

3.      Эмоциялық ерік сферасын дамыту

4.      Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға    сенім  білдіру.

5.      Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

6.      Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу

7.      Конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.

Көзіңіз шаршаса не істейсіз?

      Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің же

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!