Материалдар / Мектепалды даярлық топтарына арналған оқу қызметтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепалды даярлық топтарына арналған оқу қызметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар түрі бар технологиялық карталар түрі. Тəрбиешілерге өте тиімді құралдар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2021
294
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Инновациялық технологиялар - сапалы болашақ кепілі"


Бенедикт Спинозаның сөзіне құлақ салсақ :

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси –экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары педагог бола алады. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты соңғы жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өміріне кеңінен енгізу жас балалардың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.

Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану тәрбиеленушінің ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіреді.

Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (балалардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).

Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологияларды айта кететін болсам төмендегідей:

. дамыта отырып оқыту әдістемесі

· тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

· деңгейлеп оқыту технологиясы

· тесттік жүйемен оқыту

· иммитациялық әдіс

· мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

· ойын технологияларын қолдану

· дискуссия сабақтары

· интеграциялық сабақ

· топпен жұмыс

· панорама сабағы

· проект әдісі (жоба)

· рольдік ойындар

· «Миға шабуыл» әдісі

· Экскурсия сабағы

· Ынтымақтастық технологиясы

· Жеке адамға бағдарлы

Қорыта келгенде, инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;

- қазіргі экономикалық мәселелерді зерттей білуге үйрету.

Сонымен қатар жоғарыда аталған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ, болашақта балалар сапалы білім, саналы тәрбие алатынына және мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдімін.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫП, АЙТАРЛЫҚТАЙ НӘТИЖЕ БЕРІП ЖҮРГЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЫНАЛАР:

дамыта отырып оқыту әдістемесі

• оза отырып оқыту

• тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

• деңгейлеп оқыту технологиясы

• тесттік жүйемен оқыту

• иммитациялық әдіс

• мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

• ойын технологияларын қолдану

• дискуссия сабақтары

• интеграциялық сабақ

• топпен жұмыс


• проект әдісі (жоба)

• рольдік ойындар

• критикалық ойлау технологиясы

• «Мозайка» сабақтары

• Проблемалық оқыту әдісі

• «Миға шабуыл» әдісі

• Эвристикалық әңгіме әдісі

• Бинарлы сабақ

• Экскурсия сабағы

• Қашықтықтан оқыту технологиясы

• Ынтымақтастық технологиясы

• Дөңгелек үстел

• Саяхат сабақтары


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!