Мектепалды даярлық топтарында кітапқа деген қызығушылықты және оған ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру
Балабақшада мектепке даярлық топтарында балалардың кітапқа деген қызығушылықты және оған ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру одан әрі жалғасады. Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыра отырып, шығарманың идеясын түсініп, жанрын айырып, ертегінің, әңгіменің ерекшеліктерін атауына қол жеткізеді.
6-7 жастағы балаларды кейіпкерлердің іс-әрекетін, автордың көзқарсын және оның өз кейіпкерлеріне қарым-қатынасын түсінуге үйренеді. Балалар кітап қалай дүниеге келеді, ол оқырманға жету үшін қаншама адамдар еңбектенгені жөнінде тереңірек білім алады. Сондай-ақ, тәрбиеші иллюстрацияларды көрсете отырып, жазушылар мен суретшілер, арнайы машиналардың көмегімен кітаптарды басып және оларды қатты мұқабалармен қаптайтын баспахана жұмысшылары жөнінде әңгімелейді. Кітаптарды жасау процесімен танысқаннан кейін, балалар кітаптарды сақтау және оған ұқыпты қарау керектігін, бұл көптеген адамдардың еңбегі екендігін түсіне бастайды.
Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды. Тәрбиеші балалардың көңілін мұнда әртүрлі қызықты кітаптардың көптігіне, олардың үйге алып оқуға болатынына көңіл аударады. Сондай-ақ, балалардың көркем шығармаларды жыртпай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені оны басқа балалар да алып пайдалана алатындай етіп, ұқыптылықпен сақтайтындай атап көрсетеді.
Балабақшадағы мектепалды даярлық тобында кітаптар мүйісін ұйымдастырудың да маңызы ерекше екендігіне көңіл бөлінеді. Мұнда мынадай кітаптар орналасады:
-
"Балбөбек" бағдарламасында көрсетілген кітаптар:
-
мазмұнды ертегілер, әдеби шығармалар, мультфильмдердің тақырыптарына байланысты суреттер жинағы;
-
балалардың тілін дамытатын ойындар: "Ертегіні аяқта", "Кейіпкерді таны", "Суреттерді лайықтап жина;
-
жазушылар мен ақындардың суреттері;
-
сүйікті шығармалар мазмұнына сәйкес балалардың салған суреттері;
-
балалардың өздері даярлаған кітапшалар;
Балалардың әңгімелерінен кітап құрастыруға болады. Мысалы: "Көңілді кітапшалар", "Біздің еліміз туралы кітаптар", "Қазақстан – Республикам менің", атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырудың да маңызы бар. Бұларды дайындауға балалар белсенді түрде араласады. "Менің сүйікті кітабым" атты көрмеге олар үйлерінен өз кітаптарын әкеледі. Балалардың алдына мынандай шарт қойылады: әркім өзі әкелген кітаптардың атын, авторын жақсы біліп, және оны қысқаша мазмұнын айтып бере алатындай болуы керек. Балалар басқа топ балаларына, ата –аналарға өз көрмелерін көрсетіп, сүйікті шығармалары жөнінде әңгімелейді. Тәрбиеші балалармен әңгімені иллюстрациялар көрсету, қайталап оқу, ойын- драматизациялар ұйымдастырумен үйлестірілген жөн. Бұрынғы оқылған кітаптарға қайтып оралған пайдалы, себебі балалар жасы өскен сайын оларды өзгеше қабылдап, саналы түсінеді.
Кітаптардағы кейіпкерлер балалардың суреттерінде, илеулерінде жанданады. Жақсы суреттерден альбомдар жасап, кітап мүйісіне "қол өнері" көрмесін жасаудың үлкен білімдік, тәрбиелік, эстетикалық мәні бар.
Жоғарыды жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың "кітапхана" сюжеттік – рөлдік ойынына қызығушылығы артады. Кітапханашы ролі кітаптардың мазмұнын, авторларын жақсы білетін, қызықты кітапты таңдай алатын балаға жүктеледі.
Сонымен қатар, балалар арасында "Кейіпкерді таны", "Досыңды тап", "Авторы кім?" дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеуге топқа кітап жөндеу шеберханаларының үлкен мәні бар. Қажетті материалдарды (қағаздар –қалыңдығына, түріне, түсіне қарай; желім) балалар өздері даярлайды. Біріккен еңбек барысында кітаптардың мазмұнын еске түсіріп, кейіпкерлері туралы пікір алысады.
Мектепалды даярлық топ балалары сәбилерге кітап жөндеуге көмектеседі. Жазушылар, ақындар (Т.Молдағалиев, Қ.Мырзағалиев, Ә.Сәрсенбаев т.б) шығармаларына арналған тақырыптық кштер, әдеби викториналар балаларға те ұнайды. Оларға ата – аналар, мектеп мұғалімдері шақырылады. Тота жүргізілген жұмыс отбасында өз жалғасын тапқанда ғана пайдалы болады. Ата – аналар жиналысына, конференцияларға мұғалімдері шақырады. Олар болашақ оқушылардың нені оқуы керектігі туралы әңгімелейді. Арнайы папкаларда кітапқа деген ұқыптылықты қалай тәрбиелеуге болатыны жөнінде нұсқаулар беріледі.
Мектепалды даярлық балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу тұрғысындағы жан – жақты үлкен жұмыс тәрбиешілердің тиісті дайындығынсыз мүмкін емес. Әдістемелік кабинетте мынадай сұрақтарға байланысты әдебиеттер беріледі. "Әр жас тобында көркем шығарма жайлы әңгімені өткізу", "Әдеби шығармалар бойынша дидактикалық ойындар", "Әр жас тобындағы кітап бұрышы, оның мазмұны және оны жабдықтау", "Кітап бұрышында балалармен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау" т.б.
Міне, осы бағытта жүйелі жүргізілген жұмыс өз нәтижесін береді. Кітапты түсініп және қадірлеуге үйрету дегеніміз – балаларды ойлауға, сезінуге уйрету деп білеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз