Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепалды қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық сыныптың қоштасу ертеңгілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Ахишева Мулкат Бауыржановна

Қош бол, мектепалды даярлық!

-Қымбатты ата- аналар, қонақтар! Біз бүгін бір жыл мәпелеп, тәрбиеленген, білім алған бүлдіршіндерімізді шығарып салғалы отырмыз.

Қуан, шаттан, алақай

Қуанатын күн бүгін

Даярлықпен балақай

Қоштасатын күн бүгін

Жасымызға жас толып, біріншіге барамыз- дей келе мектепалды даярлықпен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.


Балалар орындыққа отырады.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай Нұрай қызымыздың орындауында ----------әнін қабыл алыңыздар.


Айжан:

Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа да жеттіңдер.

Барамыз біріншіге

Бір белестен өттік біз


Аружан:

Өсті ақыл- ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың


Камилла:

Қуанамыз, сыйлаймыз.

Қуаныштың мың гүлін.

Даярлықты қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.


К. Алина:

Ботақандай бөбек боп,

Еркелеткен ұл – қызын.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін.


Мадина:

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам асыға.


Айман:

Оқушы ертең боламыз,

Оқимыз сауық құрамыз

Жақсы оқып сабақта

Кілең бестік аламыз.


Ербол:

Міне менде үлкен болдым

Жасым толды жетіге

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен


Альбина:

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік.


Алина:

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой – санамыз.

Даярлықпен қоштасып

Біріншіге кетіп барамыз.


Диас:

Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз.

Есептен де қашпаймыз,

Жазуды енді бастаймыз.


Санжар:

Үлкендердей тап- таза

Жазамыз бормен тамаша.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.


Нұрай:

Мектеп біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып, білім аламыз.



Галина:

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Біріншіге барам мен енді

Даярлық топ қош енді.


Хормен:

Ән саламыз бас қоса,

Даярлықпен қоштаса.

Күніміз тұрсын күлімдеп

Жүрейікші достаса.

Көңілді өскен баламыз

Шырқап әнге саламыз

Тойымызға сән беріп,

Ән де айта аламыз.


Ән: «Зеңгір көктем»


Жалқаубек музыка әуенімен кіреді.


-Ой, мында не боп жатыр? Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар, далада қызық боп жатыр, кеттік.


Мұғалім:

-Ау Жалқаубек, сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсіңбе? Сен де биыл мектепке барасың ғой. Қарашы мына балаларға. Қандай бала болғанын,сен де талпынуың керек қой


Жалқаубек:

-Ой, мен оқымаймын, балалар менімен дос, біз мектепке бармаймыз. Анамыз, әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.


Мұғалім:

-Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір. Бүгін мектепалды даярлықпен қоштасып жатыр. Сен жылап сабаққа келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне, отыршы көресің.

-Кәне ендеше ойын ойнайық. Балалар мектепке дайын ба екен.


Ойын: Кім жылдам сөз айтады.

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады. Балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады. Сол әріпке сөз айтады.


-Ал, Жалқаубек қалай екен біздің балалар?

-Олай болса менде ойынды бастағым келіп тұр. «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

-Мектепке біз барамыз ба?

-Кілең бестік аламыз ба?

-Айтқан тілді аламыз ба?

-Нан жеймін деп жылаймыз ба?

-Ақылды бала болмыз ба?

-Таңмен ерте тұрамыз ба?

-Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

-Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

-Екі алғанда жылаймыз ба?

-Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек:

-Ой балалар, апаларың да, аналарың шаршайды ғой. Бармаңдар мектепке. Не керек?

-Әрі қарай қара, Жалқаубек. Мүмкін сенің ойың өзгерер.

-Олай болса ата- аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

-Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

-Сабақ оқып есепке сіз жүйріксіз бе?

-Тамағын уақтылы бересіз бе?

-Сериал көріп , сабағын қарамай жатасыз ба?

-Ұрып – нұқып үйретуге барасыз ба?

-Төзімді әр уақытта боласыз ба?

-Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

-Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

-Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

-Бала үшін асулардан асасызба?


Қорытынды:


-Балалар,біз мектепке не үшін барамыз?

-Талаптарыңа нұр жаусын.жарайсыңдар. Көрдің бе, Жалқаубек, біздің балалар қандай ақылды, өнерлі екенін. Жалқаубек саған көп рахмет. Сен де жалқаулықты тастап, бізбен бірге білім кемесіне аттан. Саған сәттілік тілейміз. Ал, енди, балалар алдағы уақытта сабақтарыңды жақсы оқып, менің үмітімді ақтайды деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12