Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепалды "Зияткерлік" даярлық сыныптарының курс бағдарламалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлықтың зияткерлік сыныптарына арналған курс бағдарламасы даярлық сынып тәрбиелеушісіне арналған.Зияткерлік курс бағдарлама түрлері , олардың ерекшеліктері ажыратылып айтылған. Зияткерлік мектепалды даярлық сыныптарында жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді жақтары айқындалған.Бағдарламаның мақсат-міндеттері, психолог жұмысы, ата-анамен жүргізілетін жұмыстар тілге тиек етілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды «Зияткерлік» сыныптарының курс бағдарламаларын тиімді жүргізу жолдары.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне , қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтарды ,патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын арттыру.

Міндеттері:

---Баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін дамытушы ортаны құру.

--- Мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету.

---Балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау. ---Жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту. ---Рухани –адамгершілік құндылықтарды , отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру. ---Балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру. ---Білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамшылықты дамыту. ---Балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту. ---Білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарлама балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан жақты дамытуға бағытталған келесі білім беру салалары арқылы жүзеге асады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».


Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.


Бағдарлама:

  • оқытуды ұйымдастырудағы тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады;

  • мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді;


  • балаларда басты жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі;

  • 5-6 жастағы балалардың зияткерлік және дене дамуы үшін жағдай жасайды;


  • күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік міндеттерді шешуде балалардың оларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері ретінде төрт тілдік дағдылардың: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымның қалыптасуына және дамуына көмектеседі;


Зияткерлік сыныптарға психолог тарапынан әртүрлі тапсырмалардан тест алынып, тест қорытындысы бойынша оқушылар қабылданады.

Барлық оқушыға психологиялық паспорт ашылып, зияткерлік сыныбына арналып ойын залы, кабинет талапқа сай жабдықталған болу керек. Балалардың толықтай эмоционалды, когнитивтік және әрекеттік қызыға қатысуы арқылы, топтағы тұлғааралық өзара әрекеттің ұйымдастырылған кеңістігіне баланың табиғи бейімділігін ынталандырады және дамытады; ата-аналармен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ басқа да мамандармен және қоғамдастықтармен өзара тығыз әреттеседі.Ата анамен жүйелі жұмыс орнатылды.Ата аналарға ай сайын жиналыс ашылып, оқушы білімі жайлы сараптама жасалу жайы да ескеріледі. Анкета таратылып та ата аналар пікірімен санасуды талап етеді.Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру барысында мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру басты мақсатымыз болып табылады. Балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Тілашар» курс бағдарламасы бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы , «Құрастыру» курс бағдарламасына, «Мен әлемді танимын» курс бағдарламасына арналған тапсырмалар жинағымен, әртүрлі зейінді тұрақтандыру, қоршаған ортаға көзқарасты қалыптастыру, тіл дамытуға байланысты тапсырмалар жинағымен толықтырылса. «Ертегілер елінде» , «Кітапхана», «Ойын» бұрыштары, стол ойындары(дойбы, домино шахмат), ойлау дағдыларын дамытуға арналған түрлі құрастыру бөлшектері оқушыларға арналған «Ойын залында» жүзеге асырылады.

Осы 4 курс бағдарламасының орындалуы, мақсаты мен ерекшелігі төмендегідей. 1.Тілашар курс бағдарламасы. Мақсаты:Қарым-қатынас тәсілдері мен ауызша , жазбаша сөйлеу тәсілдерін арттыру жолдары. Сөз, сөйлем ұғымын, сөздердің буынға бөлінуін, дыбысталуын, дыбыс түрлерін ажырату дағдыларын қалыптастыру.Оқушылардың зейінін тұрақтандыра отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін арттыру.Сызба бойынша да сөйлем құрау. Оқушылар бірнеше сергіту жаттығуларын, өлең жолдарын, мақал –мәтелдерді жатқа айтуға машықтану қажет. 2.Мен әлемді танимын курс бағдарламасы. Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасты арттыру, жанды, жансыз табиғатты ажырату, олардың ерекшеліктері, физикалық құбылыстар жайы, табиғат құбылыстары, тірі табиғат жайлы білім қалыптастыру. Дүниетанымын кеңейту. Жанды, жансыз заттарды ажыратып, олардың пайдасы мен айырмашылығын ажырату дағдысын арттыру. Су мен ауа жайлы түсінік қалыптастырып, табиғат құбылыстарын анықтай біледі. 3.Құрастыру курс бағдарламасы. Мақсаты: Құрастырудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, құрастыру дағдыларын арттыру.Құрастыру кезінде бөлшектерді біріктіру, бір-бірімен дұрыс бекіту, үлгі бойынша, тақырып бойынша құрастыру, ойланып ерекше заттар құрау дағдыларын арттыру. Оқушыларға үлгі бойынша үй, геометриялық фигуралар , пирамидалар, кубиктер, «Маған ұнайтын көлік түрлері» тақырыбында құрастыру жұмыстарын жасатуға болады. Барлық оқушылардың құрастыру қабілеттері түрліше дамуы мүмкін.. 4.Психологиялық әліппе» курс бағдарламасы оқушылардың бір-біріне адамгершілік көзқараспен қарап, бір-біріне, айналасындағыларға, мектепке деген дұрыс көзқарас қалыптастыра отырып , зейінін шоғырландыру мақсатында мектеп психологтарымен жұмыс жүргізуі арқылы жүзеге асырылды. Әр тәрбиеленушіге мониторингтер жүргізіліп, жұмыс жүйелі атқарылса «Зияткерлік» мектепалды даярлық сыныбының көші ілгері болары анық. Сондай-ақ білімнің сара жолында болашаққа бастау алары сөзсіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
836
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12