Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепішілік жаңа жыл мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
әзірлеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сиқырлы жаңа жылға саяхат

Уақыты:26.12.2025

Өтетін орны:АКТ залы

Жүргізуші:


Кейіпкерлер:

Жүргізуші

Клоун

Мыстан кемпір

Ақшақар

Аяз ата

Ескі жыл – Жылан жылы

Жаңа жыл – Жылқы жылы


1-НОМЕР (ашылу әні)


Жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Тамсандырып талайын. Жаңа жылмен құттықтап, Көңіл күйді алайын! Қош келдіңіздер, кішкентай достар және ата-аналар! Бүгін біздің мектебімізде нағыз сиқыр орын алмақ!

(Кенеттен «шаң-шұң» еткен дыбыс естіледі. Залға самокатпен немесе сәнді сыпырғышпен Жалмауыз кемпір кіреді. Құлағында наушник, қолында планшет.)


Жалмауыз кемпір: – Ту-у, мына Google карта дұрыс көрсетпейді! «мектеп» дейді, бірақ қайдағы мектеп? Бұл жерде тек… (балаларға қарап) ойбай, кіп-кішкентай тентектер ғой!


Жүргізуші: – Сәлеметсіз бе, әжей! Бұл тентектер емес, бұл біздің ақылды балаларымыз. Біз Жаңа жылды қарсы алып жатырмыз.

Жалмауыз кемпір: – Жаңа жыл? Ха! Қарсы ала алмайсыңдар! Себебі мен Жаңа жылдың «Сиқырлы сағатын» ұрлап кеттім! Сағат тілі соқпаса, Аяз Ата да келмейді, Жаңа жыл да тумайды! (Күледі).


Жүргізуші: – Ой, әжей, олай етпеңізші! Балалар сыйлық күтіп отыр. Сағатты қайтарыңызшы.

Жалмауыз кемпір: – Жайдан-жай бере салмаймын! Менің TikTok-қа салатын видеоларым аз болып тұр. Егер маған өнерлеріңді көрсетіп, көңілімді көтерсеңдер, ойланып көремін!


Жүргізуші: – Балалар, Жаңа жылды құтқаруымыз керек! Жалмауыз кемпірдің көңілін көтерейік пе?


Балалар: – Иә!


2- НОМЕР Би флешмобы


Жалмауыз кемпір: – Ой, жарайсыңдар! Буындарым жазылып қалды ғой. Бірақ бұл аз! Маған ақылды балалар ұнайды. Қане, жұмбақ шеше аласыңдар ма?

2. Жұмбақтар сайысы

1. Жоқ оның қолы, жанарыКөрінбей сурет салады.Тісі жоқ, бірақ баланы бетінен тістеп алады. (Аяз)

2. Аппақ етіп айналаны,Ақ көбелек айналады. (Қар)

3. Қысы-жазы шешпейтiн,

Көйлегi бар жасылдан.

Өзгертпейдi еш кейпiн,

Жаралғандай асылдан. (Шырша)

4. Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (аяз ата)


Жалмауыз кемпір: – Мәссаған! Барлығын біледі екен. Жарайды, сендер жеңдіңдер. Бірақ сағатты мен мұзға қатырып тастадым. Оны еріту үшін ең жылы сөздер мен Аяз Атаның өзі керек!


Жүргізуші: – Балалар, Аяз Атаны шақырайық! Ол сиқырлы таяғымен мұзды ерітіп береді. (Хормен): Аяз ата, аяз ата, аяз ата


Аязата:

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!


Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған? Жолда қатты боран болып менен адасып қалған сияқты.Қане бәріміз бір тамаша өнерімізді көрсетіп жіберейік. Мүмкін сендердің мерекелік кештеріңнің дауысын естіп келіп қалар.


3 - НОМЕР


(музыкамен Ақшақар келеді)

Ақшақар: – Сәлем, достар! Неткен әдемісіңдер! Шыршамыз қандай керемет! Бірақ… неге шамдары жанбаған?


Жүргізуші: – Аяз Ата Ақшақар, Жалмауыз кемпір уақытты тоқтатып, сағатты мұзға қатырып тастады.


Аяз Ата: – Әй, Жалмауыз! Сен әлі жүрсің бе тентектік жасап? (Жалмауыз кемпір ұялып қалады). – Қане, сиқырлы таяғым! Мұз ерісін, күн күлсін, Сағат тілі жүгірсін! Шыршамызға нұр құйып, Жаңа жылым тірілсін! Қуан, шаттан, алақай! Жаншы, шырша, шамдарыңды, балақай!


4- НОМЕР жаңа жылдық ән


Ақшақар: – Міне, керемет! Сиқыр орындалды! Балалар, Аяз Атаға арнаған өнерлеріміз бар ма?


5 – НОМЕР


Жүргізуші: Жарайсың, қандай жақсы өнер көрсеттіңдер! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)


Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы,

Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!


Ойын: Аялдама



Жүргізуші:Мінекей балалар мерекеміз енді жандана түскендей. Солай ма? Айтпақшы біздің мерекелік кешімізге келетін тағы қонақтарымыз бар. Ендігі келіп қалған да болар.


(ортаға ескі жыл жылан, келер жыл жылқы келеді)


Жылан: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің киімдерің қандай әдемі.

Ой, неткен әсем шырша?

Мұнда не болып жатыр?


Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, жылқы жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз.


Жылқы: Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.


Жүргізуші: Төрлетіңіздер. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.


6 – НОМЕР


Жүргізуші: Балалар енді біз жылан жылымен қоштасып, Жылқы жылын қарсы алайық.


Жылқы: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,

Балаларға сыйлық әкеп тараттым!

Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын.


Жүргізуші: Қане, бәріміз жылқы жылының келу құрметіне ән салмаймыз ба?


7 – НОМЕР


Аяз - ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым?



Ақшақар: Иә ата , бәрі әдемі, бәрі көңілді, бір көңіліміз көтеріліп серігіп қалдық.


Мыстан кемпір: Маған да өнерлерің қатты ұнады. Көңілімді көтергендеріңе рахмет. Енді мен де өзгеремін, жақсы боламын. Мен де сыйлық алғым келеді. Қане тағы бір билеп алсақ қайтеді. Менде қосылып билеп сыйлық алайын.


8 – НОМЕР


Аяз – ата: Қандай көңілді би. Балалар біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!


Ақшақар: – Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше, сау болыңдар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2026 - ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12