Мектепішілік "Мұқағали оқулары" (мәнерлеп оқу сайысы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепішілік "Мұқағали оқулары" (мәнерлеп оқу сайысы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Донской орта мектебі








Shape1

«Мұқағали оқулары»








Дайындаған: Бердиял Айсәуле








2015-2016 о.ж.



Мұқағали оқулары



Жүргізуші:

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!

7 А сыныбының қыздары «Жаралылар туралы баллада»

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.
6-7 а сыныптың қыздарының «Қазақ биі»
Бүгінгі мектепішілік Мұқағали оқуларының
басты мақсаты мен міндеттері:
- Мектебіміздің оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
- Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Мұқағали оқуларының шарттары:
1. «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.

2. «Есіңе мені алғайсың?» айдарында үміткер Мұқағали әндерін шырқайды.


3. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» - сұрақ – жауап ойыны.

Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы түлектер барлығыңызға сәттілік тілейміз.

Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
1. Хамитова Қ.Т.
2. Уразбекова Ф.А.

3. Аубакир К.

4. Смағұлова Г.К.


5 а «Көгершіндер маршы» әні


Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін «Менің пірім - Мұқағали» айдарын бастайық. Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп оқып береді.

Мәнерлеп оқуға қатысатын оқушылар өлеңдерін оқиды.

Мұқағали оқуларына қатысушы түлектерді таныстырып өтейін.

  1. Шабаров Алимжан 11 б

  2. Кузьменко Андрей 11 б

  3. Павлова Ирина 11 б

  4. Гудантов Александр 11 б

  5. Жаманкулов И. 5 б

  6. Ардабек К. 6 а

  7. Хавдуали Г. 6 а

  8. Айтхожина А. 5 а

  9. Зейнолла Л. 6 а

  10. Шынарбек Б. 6 а

  11. Мәукен Ж. 6 а

  12. Муканова Н. 7 а

  13. Марат Е. 7 а

  14. Тастанбекова А. 7 а

  15. Төлеужан С. 7 а

  16. Равдин Д. 8 б

  17. Асылбек А. 5 а

  18. Бекхожина С. 5 а

  19. Т.Айдар 5 а

  20. Бейсенбек 4 а

  21. Ақтайлақ Н. 4 а

  22. Төлеухан К. 10 б

  23. Шайкенова З. 10 б

  24. Камидолла М. 10 б

  25. Мухажанова З. 10 б

  26. Төлеген Е. 5 а

  27. Т.Жаңылған 5 а

  28. Жансол Л. 9 а

  29. Мәукен Г. 9а

  30. Ганжа Я. 7 б

  31. Харитонова Г. 7 б

  32. Рысбек А. 10 а

  33. Солтан Н. 10 а

  34. Рахметулина Г. 10 а

  35. Скоп О. 6 б

  36. Шимф Л. 6 б

  37. Гудантова М. 8 б

  38. Шаяхметова А. 8 б



Қарсы алмаса, 
Құрсын, қарсы алмағын, 
Ән салып бер, 
Әніңмен жан сап маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір, 
Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам. 


Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені 
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын, 
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
Оқушылар Мұқағали Мақатаев әндерін айтады.

Ән айтатын оқушылар:

  1. Марат Елік 7 а

  2. Ардабек Күнсұлу 6а

  3. Мәукен Жария 6 а

  4. Айтхожина Альмира 5 а



  5. «Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған»- деп Тұманбай Молдағалиев баға берген.
    Келесі бөлім «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» деп аталады. Мұқағали өмірі
    мен шығармашылығынан он сұрақ қойылып, жауап алынады.

    Жыр додасы өз мәресіне жақындады әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша 5 минутқа үзіліс жариялаймыз.



  1. Б сынып оқушылары «Атамекен» әні
    Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

    Қорытынды:
    Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
    ... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
    Еңбегінің қызығын да көре алмай.
    От боп жанып өтіп кеткен ақынға
    Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына
    . Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы болсын!





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
6085
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі