400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мектепішілік салтанатты жиын

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, мемлекеттік әнұранды жатқа айтуға, өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы

«Ақтоған шағын орталықты орта мектебі»







Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты









Қатысқан сыныптар: 1-5

Өткізілген күні: 13.12.2018


















Көгершін ауылы 2018жыл


І жүргізуші:

Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

Жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

Ұланбасы:

Бірлестік, тік тұр!

І жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны астында мемлекеттік туымыз кіргізілсін! Әнұран орындалсын!

ІІ жүргізуші:

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялайды.

Ұланбасы

Топ басшылары рапорт тапсырсын!

/Ұланбасына келіп:/

(5 А- сынып оқушылары «Жас Ұлан » ұйымына ант беруге дайын.)

Ұланбасы:

Рапорт қабылданды!

Ұланбасы /тәлімгерге келіп/:

Жолдас, аға тәлімгер, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы салтанатты жиынға дайын.

Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің Ұланбасы: Мұратбекова Жансая.

Тәлімгер:

Рапорт қабылданды!

1-жүргізуші Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ұланбасы:

5 «А» сынып ант тапсырыңдар:

ІІ жүргізуші:Құрметті мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

1.МДҚТЖО: Тұрманбетова А.О

2.Мектеп психологы: Смаилова Д.М

3.Өнер мектебінің мұғалімі: Тыныстанова Э.

4.Жастар орталығының маманы: Қуантаев Т.

І жүргізуші:Алғашқы құттықтау сөз МДҚТЖО: Тұрманбетова Аида Оңалбекқызына беріледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

«Жас Ұлан» әнұраны орындалады

І жүргізуші:Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Оқушылар айтады: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

Ұланбасы «Біз ...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

Жансая: - ұранымыз:

Оқушылар: Қазақстан!Нұрсұлтан!Жас Ұлан! 3 рет

Ұланбасы

Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылуға дайын

І жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

ІІ жүргізуші:

Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді

Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды

Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді

Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады

Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады

Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”

І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.


































Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы

1-5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының анықтамасы.



2018 жылдың 13 желтоқсан күні мектебіміздің 1-сыныптан 49-оқушы, «Жас Қыран» ұйымына қабылдасақ, 5-сыныптан 59-оқушыны «Жас Ұлан» ұйымына мүше етіп қабылдадық. Оқушылар өте белсенді қатысып, «Жас Ұлан» ұйымына мүше болу үшін жатқа айтылатын антты еш мүдірместен жатқа айтып берді.

Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастап, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының әнұранымен аяқтадық.

Оқушыларға Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі екендігін айқындайтын галстук пен төсбелгілері тағылып, тарту етілді.

Мақсаты: оқушыларды қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтауға, ата-анасын шынайы сыйлауға, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіруге, өсиеттерін орындауға перзенттік парыз деп түсінуге, туған елін шексіз сүюге, Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағуға және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, мемлекеттік әнұранды жатқа айтуға, өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстауға, қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білуге, дамыта түсуін сақтау үшін ынталы еңбектенуге бағыт-бағдар беріп, жол сілтеу.





Анықтаманы жазған: С.А.Ускенбаева

Өткен күні: 13.12.2018 жыл







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.02.2019
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі