400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеуде инновациялық технологияларды қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтың шығармашылық тақырыбы бойынша мақала.Балабақша тәрбиесінде баланың ынтасын өсіру, ой-өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін көбірек пайдаланып, жаңартып отырса, бала тәрбиесі өз жемісін берері анық. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді жас буынға дәріптеуге оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп отыруға міндеттіміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласы

№33 «Алтын дән» б/б шағын орталығының

жоғары санаттағы тәрбиешісі Б.А.Джалдыгулова


«Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеуде инновациялық технологияларды қолдану»


ҚР Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.

Ақын Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.Ұлттың тілінен қымбат нәрсе болмауы керек» деп кеткен.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінін тіл туралы толғамдарында «Қазақ тілін білу – қазақтың баласына парыз, ал білмеу – ұят және өз еліңді сүймегенмен бірдей» деген.

Қазіргі заманда әлемде түрлі өзгерістер болып жатқан уақытта біз өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударуымыз керек.

Сондықтан балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды, ең алдымен ана тілін құрметтейтін, мақтан тұтатын тұлға тәрбиелеуден бастау керек.

Отанына, еліне, жеріне, тіліне, салт-дәстүріне деген құрметін, сүйіспеншілігін, мақтанышын қалыптастырып, жүрегі елім деп соғатын, ұлттық намысы бар ұрпақты бесіктен тәрбиелеуіміз қажет.

Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің ұлттық тәрбиесін білім бағдарламасына ендіре отырып, әр білім үдірісіне оның тәрбие  көздерінің бірі – салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарын тәрбие мен білімнің бастауы ретінде оқыту жағын негіздеу өте орынды. Мектепке дейінгі мекеме қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт.

Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет.

«Алтын дән» шағын орталық педагогтары жоғарыда аталған ұлттық үрдістерді оқу іс-әрекет барысында, ойын іс-әрекеттерінде үнемі пайдаланып, баланы ұлтжанды етіп тәрбиелеуде өз үлесін қосып келе жатқан бірден-бір мектепке дейінгі мекеме.

Оқу-тәрбие барысында, ертеңгіліктерде қазақтың ұлы адамдары Абай Құнанбаевпен таңыстырып, атамыз «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол...» деп жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге, есте сақтауға өсиет еткенін түсіндіреміз, балалар қызығушылықпен өлеңді жаттап алады.

Балаларды жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы әдетке құштар болуға тәрбиелеу.

Сол сияқты алғаш қазақ мектебін ашқан, қазақ балаларын білім алуға шақырған Ы.Алтынсариннын «Кел, балалар оқылық...» атты өлеңін жатқа біліп қана қоймай, мән-мағынасын біледі.

Қазақ халқының батырлары Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Маметова т.с.с., ғарышкерлер сияқты еліміздің мақтаныштарымен түрлі шараларда таңыстырып, олар жайлы қысқаша мағлұмат беріп отырамыз. Тәрбиеленушілердің арасында жылда патриоттық тақырыпқа мәнерлеп өлең оқу сайысын өткізу үрдіске айналған.

Тіл жаңашыры Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттатып, мағынысын түсіндіріп, тілге деген құрметтерін қалыптастыруға тәрбиелейміз.

Балалар үлгі алсын, соларға ұқсауға тырыссын, мақтан тұтсын деген ниетпен, «Тәуелсіздік- тәңірден келген тәтті сый» атты жас ақын Жамбыл Дүйсеновтың патриоттық тақырыпқа жазылған ана тілі туралы өлеңдері,өмірбаяны мен шығармашылығына арнап кеш өткіздік.

Сонымен қатар қазір бүкіл дүние жүзіне өзінің өнерімен Қазақстанды таңытып жүрген Димаш Құдайбергеновтің шығармашылығына арнап «Әлем таңыған Димаш» деген тақырыпта балалармен жиын өткіздік. Онда балалар интерактивті тақтадан Жамбылдың, Димаштың балалық шағымен таңысып, өлеңдерін тыңдады және сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз айында өткізілетін «Қош келдің, Наурыз, жеріме» атты апталық барысында мектепалды даярлау мен ересек топтар арасында іс шаралар өткізіліп, ұлттық дәстүрді арқау етіп, ата-баба тарихын тереңірек танытып, мұрасын қадір тұту мақсатында «Бесікке салу», «Тұсау кесер» сияқты салт-дәстүрлерді балалар өздері сахналап, оның мәні мен мағынасын түсінуге тырысады. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде ұлттық ойынның алатын орны ерекше. Бала ойын арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, мергендікке, еңбексүйгіштікке үйренеді. Осы мақсатта дене тәрбие сабағының 1 сағатын ұлттық ойындармен таңыстыру, үйрену, ойнауға арнадық.

Біз мектепке дейінгі мекемеде тек ата- аналарға кеңес, ақпараттар берумен шектелмей патриоттық тәрбиеге байланысты іс-шаралар жиі өткізуге тырысамыз. Ата-аналармен «Баланы мектепке қай тілде оқуға берген дұрыс?», «Өз хақыңның қадір-қасиетін ұқ!», «Ұлт патриоты болайық!», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» т.б іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Балабақша тәрбиесінде баланың ынтасын өсіру, ой-өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін көбірек пайдаланып, жаңартып отырса, бала тәрбиесі өз жемісін берері анық. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді жас буынға дәріптеуге оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп отыруға міндеттіміз.







ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. Алматы, 2004 
2. Әбентаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, «Дарын». 2004 
3. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы, 1992 
4. Калиев С., Майғаранова Ш., Иманбаева С., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. Алматы «Рауан», 1999. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі