Тақырып бойынша 31 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбесіндегі барлық педагогке үлкен көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі балалардың дамуы және оқытуы

 


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

 

Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.

 

 

 

 Кейбір талант ерте танылады. Мысалы: Австрия композиторы В. А. Моцарттың (1756 – 1791) музыкаға қабілеті 3 жасында көрініс тауып, 7 жасында Европаны таңдандырған. Поляк композиторы Ф. Шопеннің анасы (музыкант) баласының талантын 2 – 3 жасында байқаған. Музыка естісе, көзіне жас келеді екен, оны арнаулы мұғалім оқытып, тәрбиелеген.

 

Кейбір баланың қабілеттілігі өте кеш көрініс табады. Мысалы, неміс халқынын көрнекті географы, геофизигі, гидрографы, табиғат зерттеушісі Вильгелм Гумбольт жас кезінде ойға шорқақ, ағылшынның данышпан физигі, астрономы, математигі, ұлы ғалымы Исаак Ньютонның оқуға қабілеті төмен, ағылшынның ұлы физигі Майкл Фарадейдің есте сақтау қабілетін өте нашар болған.

 

Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты басшылық қажет. Педагог баланың бейімділігінтанып, оған сүйене отырып, қызыушылығының, ынтасының нақты қабілеттілікке айналуына, ан-жақты дамуына жағдай жасайды. Дарынды балаларға жеке әдіс-тәсіл қолдана отырып, дамуы уақытша кешеуілдеген балалардың дамуына толық жағдай тудыру абзал.

 

Қорыта келгенде, тұқым қуалаушылық жолымен ауысқан биологиялық ерекшеліктер адамның дүниеге көзқарасын, сенімін қалыптастыруға ықпал ете алмайды. Айналадағы орта мен мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі әрекетін ұйымдастыру, оған дұрыс басшылық ету ғана бала дамуында шешуші роль атқарады. ...

 


Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму

 

 Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.

 

Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

 

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

 

Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2020
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12