Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің

«№27 сәбилер бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Әдіскер: Молдажанова Айжан Тлеубергеновна



Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту


Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Бұл міндеттерді шешу үшін, мектепке дейінгі ұжымдардың, әр тәрбиешінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Мен 20  29 ақпан аралағында «Өрлеу» ҰО ББЖҚБАРИ ұйымдастырған «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытужәне бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбына арналған біліктілікті арттыру курсынан алған білімім өз тәжірибеме сын көзбен қарауға түрткі болды. Бұл курстың ерекшелігі өзге курстарға мүлдем ұқсамайтындылығы. Курстың басты мақсаты мектепалды тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, инновациялық технологиялар, тиімді әдіс-тәсілдерді менгеру жәнежан-жақты педагогтың өздігінен білім алуына, ойын ортаға салуына ықпал жасау. Осы курстың жетекшісі Тайтанова Нұржамал Қамбылқызының өз-өзін ұстауы және әрдайым көмектесуге дайын тұратыны, сабақ беру шеберлігі маған ерекше ұнады. Сабақ барысында әр түрлі тапсырма арқылы ойландыра отырып, күнделікті ізденіс арқылы, бізді сыни ойлауға итермеледі. Пікірді ашық айтуға, өзін – өзі бағалауға, жетекші айтқан ақпарат пен әріптестердің пікірлері өзіміздің пікірге ұласа отырып, біраз мәліметтерді өз тәжірибемізге жинақтадық.

Балабақшамыздың алдындағы басты мақсат - ол балаларды жан-жақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзіретті тұлға тәрбиелеу болғандықтан курс барысында менің тандап алған өзіндік жұмыс тақырыбым: «Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту» болды.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін.  Логика  (грек тілінен алынған logic-сөз, ой, ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Мектепке дейінгібалалардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы – логикалық ойлауға қарай дамиды. Логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай - ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

  Баланың жас ерекшелігін ескере отырып сабақта түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады.

«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да тәрбиешібалаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. 

Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорлары мен қатар логикасын дамытады. Мысалы: заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өткізіп. «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, асық, ребус, суреттер құрастыру қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

 

 Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше, сондықтан,мен өзімнің тәжірибемде балалардың қиялын, ойлау,таным қабілеттерін жетілдіріп, логикалық ойлауын дамыту үшіңәр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолданамын.


Әдебиеттер:

  1. Логикалықойлауқабілетіндамыту №11, 2008, 53-54 бет

  2. Мектептегі психология.  №1-2,  2009 ж.

  3. Сейдахметова А. Даярлықсыныпоқушыларыныңлогикалықойларындамытужолдары. Бастауышмектеп, 2000ж. №8,9.

  4. Сағатбекова К. Баланыңлогикалықойлауындамыту. Отбасыжәнебалабақша 2008ж  №5

  5. Шегебаева Б. Бала логикасындамыту. //Отбасыжәне балабақша.-2008-№4.

  6. Шиназбаева Д. Логикалықойлаудыдамытужолдары. Отбасыжәнебалабақша. 1999ж №1-2.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12