Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. баяндама І.Кіріспе Мақсат , міндеті. ІІ. Негізгі бөлім Кіріспе.Ойын – ойды өсіреді. Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні. Сөздік қорын дамытуда қолданылатын дидактикалық ойындар ІІІ. Тәжірибелік бөлім ІҮ.Қорытынды. Ү. Қолданылған әдебиеттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы

ойлау қабілеттерін дамыту.

баяндама

І.Кіріспе

Мақсат , міндеті.

ІІ. Негізгі бөлім

Кіріспе.Ойын – ойды өсіреді.

Дидактикалық  ойындардың  тәрбиелік  мәні.

Сөздік қорын дамытуда  қолданылатын  дидактикалық  ойындар

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

ІҮ.Қорытынды.

Ү. Қолданылған әдебиеттер

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту

 Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптасты-рады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою) ерік арқылы байқалады. Түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.

Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыра-тындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сыры егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Мектепалды даярлық тобында балаларға ойын арқылы сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.

Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог-ғалым А.А.Люблинская “Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған

іс-әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады”.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олар-дың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөльде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.

Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай таным-дық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Заттармен ойналатын ойындар

Ғажайып қапшық”, “Қай ағаштың жапырағы?” т.б.

Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: “Суретті құрастыр”, “Қандай затқа ұқсайды”, “ Бір сөзбен ата”, “4 – не артық?”, “Қандай түс”, “Кім тез жинайды”, “Әдемі гүл”, “Бейнені құрастыр” т.б.

Ойындарды қарапайым  математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. “Санамақ”, “Он саусақ” өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсінді-ру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой-жүйелерін қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілік бар.

Олардың қатарына халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда,

Қай қолымда?”, “Қанша тұяқ?”, “Неше жапырақ?” т.б.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең,

ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе

ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге,

ереже-сін сақтауға, ойлануға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады.

Балалардың ой-өрісін дамытатын “Санамақ” ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.

Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім – үкі,

Төрт дегенім – төсек. т.б.

Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындылықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, “Ұйқасын тап” ойындарының әсері мол. Мысалы, “Ұйқасын тап” ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.

1.Өзінше  ноян,

Қорқақ кім? (қоян)

2.Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді… (шымшық)

3.Бата алмас түлкі,

Үсті тікен… (кірпі)

4.Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты… (комбайн).

Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы, “Сақина салу”, “Ақсүйек” т.б. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

Ойынның барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: “Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек.

Осы керек-тердің жолында жұмыс істеу керек” деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар

және оның маңызы.

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада

не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойынбаланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мәнмағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын

арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйреттібаланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Ұсынылып отырған баяндамада балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақынжазушыларының санға байланысты; сергіту сәттері, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңілкүйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:  1) дидактикалық ойындарлогикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту
2)
санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтарбалалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту
3)
математикалық сергіту сәттерікеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Біз жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың топтамаларын ұсынамыз:

І. Дидактикалық ойындар : Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар 
МақсатыБалаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету
КөрнекілікОю-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.  
БарысыБалалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. 
2. «Дәл осындай пішінді тап» 

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.  Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. «Үй құрылысының ретін көрсет» 
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстеріндамыту. 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну. 
«Әдемі кілемшелер» 
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды. «Таныс пішіндер доминосы» 
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды.

Ойын осылай жалғаса береді. 
«Зейінді бол» 

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты,

шеңберді көрсете білу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. 
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды:

Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? 
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. 

«Мынау қай пішін?» 
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. 
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. 
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға

көрсетпей атын атайды. 
«Кім зейінді?» 
Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. 
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер. 
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар 
«Сиқырлы суреттер» 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. 
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. 
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден

сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну. 

«Сиқырлы қапшық» 
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» 
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. 
Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар 
«Кеңістік» 
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. 
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. 
«Жоғарыда-төменде» 
Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. 
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.

«Оң және сол» 
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді.

Ойын осылай жалғаса береді. 
«Суреттерді орналастыр» 
Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше т

апсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға

олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады. 
«Танып ал да, атын ата» 
Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру;

сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға б

ір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе

тақпақ айтып беруді ұсынады. 
«Тәулік бөліктері » 
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік

бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер 
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі

екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 
«Сипаттамасы бойынша тап» 
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар

қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды.

Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы

жұмбақтар құрастырады, : «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады.

Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де,

жұмбақ қайта айтылады. 

Қорытынды: Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі

ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті.

Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде

шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, тапсырмаларды біртіндеп орындау.

Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады.

Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік,

мейірімділік қасиеттерін оятады. Ойын арқылы балаларды

геометриялық пішіндердің

ортақ белгілері (дөңгелектенген, бұрышты) бойынша біріктіру туралы

алғашқы түсініктерін қалыптастырамыз. Уақытты бағдарлауға үйрету

үшін тәулік бөліктері, апта күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамыз.

Бұл арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз.

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский І. Кіріспе бөлімі. Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: -балалардың сөздік қорларын дамыту; -жаңа сөздерді меңгерту; -үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілініңдамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы менқұлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстіндеқалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгіжастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршағанүлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бірәрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялықжаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетінетәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезімәрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау,қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар менқұбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соныңішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзікқимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолыныңептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие

жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.  Ұсақ моториканы дамыту

жұмыстарын

ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне

саусақтағы бас миымен байланысқанактивті нүктелеріне әсер ете

отырып массаж жасау керек.

Ерте жаста жәнемектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпенұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне –өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау,

т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және

 қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың 

яғни, жазу, сызуға үйренудің маңызды сы болып саналады. 

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде?

Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты

да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты-

ата – аналар ға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланықызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап,мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қолқимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың еш бірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші

ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын

ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен

жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде

осының бәрін жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің

дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқару қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес. Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындықболмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту

ойын – жаттығуларын

бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз.Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.

Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпенән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды,

ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмызғой.

 Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. 

Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң 

оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан

алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар. 





Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992. 
2. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991. 
3. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 1996. 
4. Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика. – М., 2008.
 
5. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.
 
6. Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.
 
7. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.
 
8. Новикова В.П. Балабақшадағы математика – М., 2003.
 
9. Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттері. //Бастауыш мектеп. - 2003. №10.
 
10. Отер Е. Білікті жетекшілік қажет //Қазақстан мектебі. -2002.-№3.-36 б.
 
11. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993.
 
12. Сатимбекова М.С., Наурызбаева Ә.Н., Әуелбекова: Математика әдістемелік құрал. –А., «Алматы кітап» ЖШС, 2005.
 

 

 

 

 






















9 орта мектеп

















Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы

ойлау қабілеттерін дамыту.

(баяндама)





Шағын орталық тәрбиешісі: Тажигулова Нургул



















2016-2017ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1989
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12