жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке
дейінгі балалардың шығармашылық
қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы
дамыту
Білім
мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан
алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму
бағытында мектепке дейінгі тәрбие
саласы мамандарының алдында жан - жақты
дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны
бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге
қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу
мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің
білімді, білікті, саналы болуында ойынның
алатын орны ерекше.
Н.
К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы
балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар:
олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын -
еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды
түрі. Ойын - баланың алдынан өмірдің
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін,
есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу
мәдениетін дамытады. Ойын - баланың
өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның
түрлері көп, қазақ тілін үйретуде
театрландырылған ойындардың маңызы
зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді
пайдалана отырып баланың ой - өрісін
дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге,
есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша
әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау,
қойылым, сахна туралы түсінік беріп
қызығушылығын оятамыз. Көріністерді
өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,
бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген
сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр
балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды,
оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен
қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке
басының қасиеттері бес жасқа дейін
қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың
жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына
жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу
керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш,
ол өзінің айналасында болып жатқан
өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге
тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке
тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің
дамуын театрландырылған ойындар арқылы
жетілдіруге болады.
Мақсаты:
-
Мектеп жасына дейінгі баланың
шығармашылығын театр түрлері арқылы
дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты
жетілдіру;
-
Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне
тәрбиелеу.
Міндеттері:
•
Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен
дүниетанымын дамыту.
•
Балаларды адамгершілікке баулу.
•
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық
қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі
шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық
іс - әрекетті ертегілерді пайдалана
отырып ойын дамыту.
•
Баланың әлеуметтік және эмоционалдық
дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке
дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін
ескере отырып, өзін қоршаған ортаға,
адамдарға, құрбыларына, өзіне деген
қарым - қатынас мәдениетін
қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже:
Театр,
оның түрлері туралы түсініктері
болады;
Қазақ
тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог
бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін
жетілдіреді.
Театрландырылған
ойындар ойын - қойылымдары болып саналады,
бұл жерде балаларға арналған көркемдік
шығармаларды сахналық қоймаларға
айналдырып, оларды кейіпкер ретінде
қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада
кейіпкер ретінде ойната отырып, оның
жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның
бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге
деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер
сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы
байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп,
жинақы жүруге, үлкендермен және өзге
де балалармен тіл табыса білуге үйренеді.
Жетілген диалог балалардың өз пікірін
жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған
ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді,
балаларды әңгімеге араласуға, спектакль
туралы ата - аналарына, жолдастарына
әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның
бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог
түрінде сөйлеп жеткізуге септігін
тигізеді.
Мектепке
дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту
ісіне байланысты мақсаттарды шешуде
театр ерекше рөл атқарады. Театр әр
балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды,
оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен
қиялын дамытады.
Әдетте
адамның жеке басының қасиеттері бес
жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда
да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін
мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің
бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре
білу керек. Бала әр нәрсеге құмар,
қызыққыш, ол өзінің айналасында болып
жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды
сезінуге тырысады. Оның жан - жақты
дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне,
тілінің дамуын театрландырылған ойындар
арқылы жетілдіруге болады. Ал,
театрландырылған ойындарды балалар
қызықтап ойнайды. Театрландырылған
ойындар желілі рөлдік ойындардан тек
желісі ғана емес, сондай - ақ ойнау іс -
әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні
айқындалған. Театрландырылған ойындар
ойын – қойылымдары болып саналады, бұл
жерде балаларға арналған көркемдік
шығармаларды сахналық қойылымдарға
айналдырып, оларды кейіпкер ретінде
қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада
кейіпкер ретінде ойната отырып, оның
жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның
бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге
деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер
сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы
байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп,
жинақы жүруге, үлкендермен және өзге
де балалармен тіл табыса білуге үйренеді.
Жетілген диалог балалардың өз пікірін
жеткізе білуге жетелейді.
Ойын
барысында ойын ситуациясына бейімделу,
алғашқы да жекелеген элементтерді,
кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы
баланың ой - өрісі, қиялы дамиды. Рөлді
ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына
елестетіп қана қоймай, бала оның
әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.
Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын
байқамаған өмір көріністеріне таң
қалдырып, өз сезімін мимика, ым - ишара,
тағы басқа көріністер арқылы біреуге
үйретеді.
Театрландырылған
ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді,
балаларды әңгімеге араласуға, спектакль
туралы ата - аналарына, жолдастарына
әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның
бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог
түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін
монолог түрінде сөйлеп жеткізуге
септігін тигізеді.
Балабақшадағы
театрландырылған іскерлік бағдарламасы:
5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған
ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз
құрбыластарымен және үлкендермен қарым
- қатынас жасай білуге, кез - келген
жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға,
эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез
құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3 - ке
бөлінеді:
-
дамытушылық
-
әсемділік
-
театрлық.
Ырғақты
иілгішті (ритмопластика)– бұған кешенді
(комплекст) ырғақтылық, музыкалық,
иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді.
Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін
дамытуда, өзінің денесінің сыртқы
қоршаған ортамен байланысқан қарым -
қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық,
психологиялық қабілетін дамытады.
Сөз
мәдениеті және техникасы. Ойындар мен
жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын
дұрыс артикуляциясын меңгере білуге,
сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс
алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге
сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген.
Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту,
шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын
әңгіме және ертегі құрастыра білуге
үйретеді. Жаттығулар 3 - ке бөлінеді:
тыныс алу және артикуляциялық, дикциялы
және интонациялы сөздер мен шығармашылық
ойындар.
Театр
мәдениеті: Балаларға театр өнерінің
шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің
негізгі тақырыптары: театр өнерінің
ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері,
қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі
театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен
жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға
негізделген. Оған кіретін тақырыптар.
-
қойылыммен таныстыру
-
қойылымды мазмұндап, талдау,
кейіпкерлендіру.
-
Қойылымға қажетті құралдар дайындау.
Көріністі безендіру.
-
Дайындық
Қойылымды
сахналау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген