Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы.

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық ауыз әдебиеті халқымыздың ауызекі тарап отыратын мол мұрасы.Халық ауыз әдебиеті талай-талай ғасырлар жемісі.Халық даналығымен туған мақал-мәтелдер,ертегілер,өлеңдер,жұмбақ-жаңылтпаштар,тұрмыс-салт жырлары адамның қандай болу керектігі,жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу көмектесуге даяр тұру, шыншылдық,әділдік,еңбекті сүю, табандылық,кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау,ерлік отаншылдық осы қасиеттер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы.

1 комментарий

Ақтөбе қаласы,   №15 «Жидек» МДҰ
Даярлық тобының тәрбиешісі:
 Көптілеуова Гүлназ Жарасқанқызы

             Халық ауыз әдебиеті халқымыздың ауызекі тарап отыратын мол мұрасы.Халық ауыз әдебиеті талай-талай ғасырлар жемісі.Халық даналығымен туған мақал-мәтелдер,ертегілер,өлеңдер,жұмбақ-жаңылтпаштар,тұрмыс-салт жырлары адамның қандай болу керектігі,жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу көмектесуге даяр тұру, шыншылдық,әділдік,еңбекті сүю, табандылық,кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау,ерлік отаншылдық осы қасиеттер.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- ойын өлеңдері.Тілі шығып,сөйлей бастағаннан,кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан- түрлі ойын ойналған жане олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап,толықтырылып отырған.Алқашқыда балалар үлкендердің көмегімен,кейін біртіндеп тәртібін өзгерте келе,сөздерін өздері шығарып, айта бастаған.Бұл ретте баланың білегін,алақанын,саусақтарын ұстап,түрлі қимылдар жасап,арасында қытықтап отырудың мәні зор.Оларға: « Саусақ санау», «Бес саусақ», « Қуырмаш» т.б ж.

                             Саусақ санау.

Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе мықтап бас.

Мына жерде қой бар
Мына жерде ешкі бар,
Мына жерде сиыр бар
Мына жерде жылқы бар,
Мына жерде күлкі бар

Қытық, Қытық.

Сонымен қатар мектеп алды даярлық топтарында бірнеше суреттерді жинақтай отырып,ол қай әріптен басталғаны жайлы түсіндіріп,сурет арқылы байланыстырса жане өлеңді ұйқастыра білсе, бала түсінігі қалыптаса түседі. Мысалы:

Үлпілдеген үкісі бар,
Үміттін үлбіреген үнін қалай ұмыттың?

Жаңылтпаш-қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады.Оның атқарар қызметі аз емес.Олар көбіне баланың ұғымын,түсінігін,дүниетанымын кеңейте түседі.Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп,оның кекештенбей,тұтықпай,еркін,жатық,асықпай,қысылмай сөйлеуіне көмектеседі.Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі.Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуы тиіс,баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.Мысалы:

 

1.Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

2.Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.

3.Тебіншек ат- шегіншек,

Шегіншек ат- тебіншек.

 

Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы:

1.Тарпаң-тарпаң тарбиған

 

Түрі жаман жарбиған ( бақа )

 

2.Асты тас

Үсті тас,

Ортасында  жанды бас ( тасбақа)

 

3.Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

 

Тағыпты арқасына мың таяқты

 

Ашуланса аяқ-қолын көрсетпейді,

 

Көресің көзің салсаң ғажайыпты ( кірпі шешен)

 

4.Жол үстінде қу азық,

 

Мергеншіге жол азық ( қоян)

 

5. Тұмсығы қашау,

 

Кәсібі ұя жасау

 

Ағаштан қорғап,

 

Зиянкестерді асау (тоқылдақ)

 

6.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,

 

Тұяғы бейне банет алмас пышақ

 

Тұмсығы имен,көрмейді күндіз көзі,

 

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады  (үкі).

 

Қиялдай білу арқылы ой-өрісі,дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа,тілін дамытуда басты құрал болып табылады.Мақал- мәтелдерде халықтың ой-санасы, ақыл өнегесі көрініс тапқан ойдың дәлдігімен, тереңдігімен сипатталуы мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады.Құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді.Тақырыптары да әр алуан.Отан,ерлік,өнер-білім,ер-жер т.б. Мысалы:

 

1.Ақыл жастан,асыл тастан.

 

2.Елін сүйген ер болар

 

3.Отан от басынан басталады.

 

4.Ел іші өнер кеніші

 

5.Білекті бірді жығады,

 

Білімді мыңды жығады.

 

Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, түсіндіру талап етіледі.Мұнда балаға беретін тәрбие тілін дамытатын нәрсе терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, мағынасын ашады.Тоғыз ауыз сөздін тобықтай түйінін жинақтап,қорытып береді.Ертегілер арқылы,оның ішінде қиял-ғажап, тұрмыс-салт, батырлар туралы ертегілердің мағынасы өте зор.

«Ұшқыш кілем», «Қасқыр мен ешкі», «Бауырсақ» сияқты ертегілер қара сөзбен айтылса да, балаларға өте түсінікті, тілмен жазылып, көз алдына елестету арқылы, арасында сұрақ қою арқылы тілдік қорлары дами түседі.

« Туғанда дүние  есігін ашады өлең» деп,ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін,халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойларына қалыптастыра білген.Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады.

 

Запись опубликована 14.11.2011 автором Gulnaz Zhidek в рубрике Мектепке дейінгі ұйым.

Навигация по записям

← «Жақсылық жолымен»Тіл туралы Заң. 9-сынып →

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы.: Один коммента



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі