жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім
беруде инновациялық технологияларды
қолдану

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны
ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі
ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс
таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке
тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке
дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар
мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға
бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие
жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады.
Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу
қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар
кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы.
-Жобалы-іс шығармашылығы.
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
-Қатынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.
-Ойын технологиясы.
-Триз технологиясы және т.б.
Денсаулық сақтау
технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын
нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене
бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын
қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен
тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен.
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға
жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық:
медбикенің жетекшілігі мен
медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық
құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу
іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру:
бұл балалардың денсаулығын
нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын
жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.
• Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.
• Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен
қатар мәдени кәсіби денсаулық.
• Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау
және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын
қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)
• (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)
• Білім беру:
• Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.
• Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.
• Салауатты өмір салтын үйрету.
Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар,
кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне
массаж жасау).
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын
ендіру.
Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс
құзіреттілігін дамыту.
Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.
Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.
-Шығармашылық.
-Эверистикалық әңгімелер
-қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.
-Бақылау.
-Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)
-Тәжірибелер.
-Қорытындысына баға беру.
Бақылау,тәжірибе,эксперименттер,еңбек іс-шаралары.
«Жүктеу»бояуға,дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.
-табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.
-көркем сөздерді қолдану.
-дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму
жағдайлары.
-еңбек ету
Ақпараттық –қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп
тұрады.
(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)
Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер
қояды:
Міндеттері:
-жаңа заманға қадам басу
-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.
-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.
-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың
құзыреттілігін көтеру.
Бағдарламаны жіктеу
-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
-шет тілінде сөйлейтін сөздік
-қарапайым графикалық редактор
-ойын-саяхаттар.
-оқуды, математиканы үйрету.
Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз
тәсілдерді қолдану.
Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық
қиялын дамыту болып табылады.Мақсатты білім беру және тәрбиелеу жүйесі
қазіргі заман талабына сай баланың бойында дағылар мен іскерлікті
қалыптастыруды көздейді.Сондықтан бірінші орынға балалардың бойында
белсенді ойлау қабілетін жетілдіру мақсаты қойылады.Мектеп жасына
дейінгі балаларының шығармашылық қабілетін жетілдіру жолында
әртүрлі тартымды,еліктіретін әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңызы
ерекше. Осындай әдіс тәсілдердің біріне ТРИЗ тәсілі
жатады.Триз - мектеп жасына дейінгі балаларға білім
беру үрдісінде өнер тапқыштық мәселелерді шешу
теориясы. Шығармашылық тапсырмаларды
орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа
әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің
көріне бастауынығ себебі- балалық кездегі елестету деңгейінің
жоғарлығымен , балалардың ойлауын танымдық бағытынығ дамуымен
түсіндіріледі.Бұл теорияны шығармашылық мәселелерді саналы
түрде шешу үшін пайдаланып, қолдануға
болады.Мектепке дейінгі балалық шаққа
бейімделген ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық
тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық
қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып,
шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашыл ық тапсырмаларды шешуге қолайлы.
ТРИЗ күшті ойлаудың жалпы теориясына жетудің жолындағы бір кезең.Күшті талантты ойлау-бұл ең алдымен жүйелі ойлау: жүйенің өзі-осы шақ, үстілік жүйе- келер шақ, астылық жүйе - өткен шақ.
Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру үрдісінде ТРИЗ әдісінің түрлерін пайдалану мақсатында мынадай ережелерді орындау керек:
1).Бала өз бетінше қажетті материалдарды тандап алатын болу кекрек.Қажетті материалдар:Желім,тас.Осы материалдардың бәрі бала алатындай жерде болу керек күні бойы және сабақта.
2).Материалды баланың таңдап алуына еркіндік беру керек.Ал мүмкін ақ және түсті қағаз мата,түсті түссіз суретпен картон,фанера,фальга,тас,шыны.
3).Балаларды бейнелеу техникасына сабақтарда сабақтан тыс уақытынша жеке немесе комплексті т.б.қолдарын жетілдіру.
Жапсыру кезінде бір сан алуан материал қолдана алады.Олар:
1) Қағаз,мата,жіп,мақта,түбіт,көбелек.
2) Суретпен жапсырмалау.умаждау.
3) Көлемді жапсырмалау мата,қағаз.
4) Трафарет затты қию.
5) Музыканы тыңдап отырып елестету арқылы жапсыру пейзаж кілем.
6) Күн бауырсақ, алма, қоян,қонжық,қауын.
7) Түкпен жұмыс.
8) Табиғи материалмен жұмыс.
Қазіргі заман талабына сай балабақшаларда балаалардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту мақсатында ТРИЗ элементін пайдаланудың маңызы зор.
«Саусақтық кескіндеме»
Бояулар саусақ және алақан арқылы жағылады.Ол үшін бояуларды жайпақ ыдысқа құйып,қасына бөлек су қояды.Бұл жердегі ереже-әр саусақпен нақты түсті таңдау керек.Сумен жуылған саусақтар бірден сүлгімен сүртілуі қажет.
«Ылғал қағаз бетіне сурет салу»
Қылқаламмен бояу алдында, қағаз беті алдын-ала таза сумен ылғалдырылады. Сонда сурет жаңбырмен шайылған немесе бұлыңғыр сияқты болып шығады.Кішкене бөлшектерді салу үшін қағаз беті сәл кепкенін күту керек немесе қылқаламмен қою бояу керек.
«Шашырату»
Бала қылқаламды бояуға малып алып, кардон үстіне ұрады. Шашыраған бояу қағаз бетіне түседі. Бояуды тіс щеткасымен немесе таяқшамен шашыратуға да болады.Шөпті суреттеуде-құс қауырсынын пайдаланған тиімді. Паролон немесе мақта таяқшаларымен сурет бояуға не болмаса уақ бөлшектерін салуға болады.
«Сия тамшысы графикасы»
Бала бояуды қағаз бетіне қылқалам арқылы тамызады.Содан соң қағазды жан-жаққа айналдырып бұрып беру арқылы бояу тамшысының қандай бейнеге, неге ұқсайтынын қарайды.Бұл тәсілдің басқа түрі бала қылқаламмен қағаз бетіне бояуды тамызып, үстінен басқа қағазбен басады.Сосын қағазды алып, пайда болған бейне затқа ұқсайтынын айтады.
«Матамен бейнелеу»
Қапшыққа керек емес қалған маталарды жинаймыз, осылардың бәрі пайдаға асады. Матадағы суреттер бір сюжетті бейнелеуге көмектеседі, әрі жеңіл.Мысалы: бір матадан гүлдер оны қиып, желіммен жапсырамыз, содан кеін сабағын құмыраға саламыз.Әдемі сюжет пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат
қарастырылған.
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа
сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне
қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл,
жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін
сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін
(жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту.
Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып
айтуға үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы
арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң
дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден
тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті
сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін ,
сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында
ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің
кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде:
Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар,
шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған
,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік,
сұр қоян)
-Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады?
(мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу
-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.
Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер
қолданылады.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: сурет
Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты : Балалардың жемістер туралы білімдерін нығайту. Жемістер суретін сала отырып, түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға , елестетуге, қиялдауға дағдыландыру. Әдемілікке , әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдісі :түсіндіру, сұрақ –жауап, ойын.
|
Әрекет түрі |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Баланың іс - әрекеті |
|
Мотивациялық –қозғаушылық:
Ұйымдастыру –іздену: Рефлексифті түзету: |
Шаттық шеңбері Қуан , шаттан, алақай, Қуанатын күн келді! Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн! Ғажайып сәт: Әуен қойылады. Балалар қане көз алдымызға елестетеміз. Біз жемістер бағында жүрміз. Онда тамаша табиғатымен, жемісімен бізді дем алдырды. Біз жемістерді бағбан аталарға жинауға көмек бердік. Бақшадан сыйлыққа жемістерге тойдық. Балалар бүгін бізде қонақ бар. Ол кім? Ол алыстан келген «қоян».Ал енді қонағымызға сабағымызды көрсетейік. Балалар күз мезгілі 3-ке бөлінеді . Олар Ерте күз, Алтын күз, Қара күз Мен сендерге жұмбақ жасырамын , таба аласыңдарма? Аспай түскен, қайнамай піскен. Өте жақсы қане енді сол жемістер туралы тақпақтар айтып беріңдерші. Ал енді сендер қандай жемістерді білесіңдер? Жемістер суреттерін көрсетемін. Балалар сендер қандай жемістерді жақсы көресіңдер? Ойын: «не жоғалды? Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді. Балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар? Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, соң теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады. Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсіңдер, тамаша! Ал енді осы жемістердің дәмін білесіңдерме? Ендеш «Жемістің дәмін сезу» 3-4баланы шығарып, көздерін байлап, ауыздарына туралған әр-түрлі жемістерден саламын,бала қандай жеміс екенін табады.(ойынды жалғастыруға болады) -Балалар күзде тек жемістер ғана піспейді екен, көкөністер де піседі.(тақтаға көкөністер ілінеді) Көкөністер аттарын атаймыз. Сергіту сәті Қане балалар, сәбізді осы қандай аң жақсы көреді? Ендеше сол қонағымызға арнап жаттығу жасаймыз. Сонда қоян келіп сәбізін алып кетеді. Ұзын құлақ , сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы –қырлы жерлермен, Ытқып –ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Балалар бүгінгі сурет сабағымызда «жемістер» суретін саламыз. Сол үшін екі топқа бөлінеміз. 1-топ «Айгөлек» 2-топ «Балдырған» «Айгөлек» тобы алмұртты субояқпен бояйды, ал «Балдырған» тобы алманы ермексазбен жасайды Музыка қойылады , әуенмен балалар суреттерін салуға кіріседі. Әдемі шыққан суреттерден көрме жасаймыз. Балалар алманың түсі қандай екен? Жапырағының түсі ше? Алмұрттың түсі қандай екен? Жапырағының түсі ше? Ал олардың дәмі қандай екен? Балалар сендер жемістер туралы көп біледі екенсіңдер. Сол үшін бізге алғыс ретінде қоян алма, алмұрт беріп кетіпті. Қане барлығымыз дәмін көрейікші |
Балалар қимылмен орындайды Қөз алдарына жемістерді елестетеді, аталарға көмектесіп жүргендерін елестетеді. қоян .Күзде жемістер, көкөністер піседі. (жеміс) Жүзім пісті бір-бірлеп, Үзіп мәзбіз енді біз. Қоңырауы күмбірлеп, Қыркүйекте күз келді. Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты төмен иемін. Алма, алмұрт, шие, анар, алқоры, қызанақ т.б.с.с. Банан, мандарин, апельсин т.б. Жемістер. Пияз ,сәбіз, қырыққабат, картоп т.с.с Қоян қызыл жасыл сары жасыл дәмді рахмет саған қоян |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Күз мезгілінің түрлерін біледі.
Меңгереді:Жеміс –көкөністердің дәмін, түсін сипаттауды меңгереді.
Игереді:Бояу түстерін ажырата алуды игереді.
Берілген тапсырмаларды
орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға
кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал
жасайды.
Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу
іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да
іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі
байқалып өз нәтижесін көрсетті.
Қорытынды : Мен өзімнің баяндамамды қорытындылай келе «Кез-келген
адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне
көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды» Чарльз
Диккенс деген сөзімен қорытындылаймын. Өзіміз , өз қолымызбен , өз
қиялымызбен жасай білейік. Сіздерге шығармашылық табыс
тілейміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген