Мектепке дейінгі білім беруде жаңа
инновациялық технологияларды пайдалану
тиімділігі
Маханбетова Света
Беркинбаевна
Түркістан қаласы «Шолпан»
балабақшасының меңгерушісі
«Жас ұрпақтан біз күшті адамдарды жасауымыз
керек,
ал күшті адамдар деп біз
дербес әрі ерікті адамдарды
айтамыз»
Мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға міндетті
біліммен және тәрбиемен қамтамассыз ету өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі мақсаты мен
міндеті қазіргі заманғы қоғамның талаптарына сай жан-жақты дамыған
ұлттық сезімі бар азаматты тәрбиелеу. Алға қойылған міндеттерді
орындаудың тура жолдарынының бірі оқу жүйесі қажет. Оқу тәрбие
жұмысын инновациялық әдістерді ескере отырып,
жоспарлау;
-Көркем әдебиет мазмұны бойынша бөліктерге
бөлінген;
-Тілді дамыту қоршаған әлеммен танысу,экологиялық
тәрбие беру бойынша тапсырмалар мазмұндарына сәйкес
топталған,көркем туындылардың тізімдері
дайындалған;
-Дидактикалық және дамыту ойындарының жинағы
әзірленген;
-Сахналық ойындар әзірленген;
Балабақшада жаңа технологияларды пайдаланудың
басты мақсаты оқыту мен тәрбиелеуге инновациялық ойын
технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді,
құзыретті тұлға тәрбиелеу. Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді.
Саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің
алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің бірі білім
берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және
инновациялық білім технологиясын меңгеру.Жаңа технология бойынша
білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиелеушілерге меңгертіп отырсақ,
балалардың жаңаша көзқарас дамиды.Балабақшада қолдануға тиімді
технологиялар; тәй-тәй технологиясы,монтессори технологиясы,дамыта
оқыту технологиясы т.б технологиялар. Қазіргі таңда білімді ұрпақ
келешек кепілі демекші, міне жаңа технологияның тиімділігі баланың
жан жақты құзыреттілігін дамытып, жан жақты біліммен қаруланған
ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала
толыққанды жетіліп ата-анамен байланысы күшейеді. Жаңа
технологиялар бала бойына білімге әуестік білімге құмарлыққа баулуы
тиіс.Білім беру үрдісіндегі алға қойылған басты мақсат баланың
білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология
бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада жаңа бағытпен
ұйымдастыру. Бала құзыреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан
бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балалардың заман
талабына сай әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар
өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдау тиіс.
Ендеше баланың ойлау қабілетін
жан- жақты дамытумен
шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту
технологиясы педогогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап
етеді.Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамдардың ең
басты шаттығы болып саналатын баланың өсіп,өмір сүретін орны. Әр
баланың қабылдауы әртүрлі болғандықтан оқу қызметтері кезінде
тәрбиеші жаңа технологиялардың түрлерін пайдаланған жөн. Қазіргі
таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптен көңіл
бөлінуде. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол
моторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды
жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту
технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық,
педогогикалық шеберлікті бала дүниетанымын терең танытып, ұғына
білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс тәсілдерін тиімді
пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да талапқа сай
болуы қажет. Жаңа технологиялардың педогогикалық негізгі
қағидалары; бала ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің
бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың
өз бетімен әдістерін меңгерту, баланың танымдылық және шығармашылық
икемділігін дамыту, әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу,
баланың оқу үрдісін сезіну. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің
қызығушылығын қалыптастыруда ақпарат коммуникациялық технология
құралдарын оқу үрдісіне енгізудің бірнеше себептері бар. Біріншіден
бұл әрекет құралымен жоспарлау, ақпарат іздеу ақпараттық модельдеу
құру және әрекетті жабдықтау сияқты дағдылармен біліктердің
жиынтығы болатынын ескере отырып,ойлаудың операциялық стилінің
қалыптасуы өз септігін тигізеді.Екіншіден, мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің интерактивті әдіс арқылы қабылдау дағдыларын
меңгеріп, ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын өзінің
іс әрекеттерінде басты құралы ретінде пайдаланады.Үшіншіден,
сабақты ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолдану
арқылы өткізу ойнға оңай ұласады да, балаларда оқуға деген
эмоциялардың жағымды қатынас пайда болады. Ескеретін жағдайлар
зерттеу негізінде оқыту удерісіне аталған құралдарды яғни
интерактивті оқыту технологиясын сауатты жоспарлаған тәрбиеші
педогогикалық үдерісте мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жас
ерекшелігіне сай, психикасы мен денсаулығына кері әсер болмайтындай
қолдану керек.Жаңа заман баласы ертеңгі – еліміздің болашағы.
Баланы қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның
қыр сырын анықтап,мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай
туғызу қажет.Әрине бұл МДҰ –да балалардың жеке басының
қалыптасуымен дамуында педогогтардың жаңа технологияларды қолдана
білуіне, сауаттылығына да байланысты. Келешек ұрпақтың еркін
дамуына ,жан-жақты білім алуына, белсендң шығармашыл болуына жағдай
жасау –қазіргі таңдағы әрбәр педогогтың міндеті. Қорытындылай келе,
бала өміріне немқұрайлы қарамай ,балаға қазіргі заман талабына сай
мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы
жарқын болмақ. Бала отбасына дқрыс тәрбие алса, тәрбиелеудің
нәтижесі жоғарғы болмақ. Атақты Б.Момышұлы айтқандай «Мен үш
нарседен қорқамын: өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан,
немересіне ертегі айта алмаған ата-әжеден, өз тілін қүрметтемеген
адамнан » деген екен. Міне балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор.
Біздің басты мақсатымыз-отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы
жан-жақты тәрбиелеу. Тәрбиенің нәтижесі – отбасы мен балабақша
тығыз байланысты болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ
тәрбиелей аламыз.Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту
баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының
кепілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі;
1.Беспалько В.П. Слогамые педогогические
технологий . Педогогика, 1989
2. Исаева З.А. Мынбаева А.К. Активные методы
обучения Алматы,2005
3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа технологиялық
технология Тараз, ТарМУ, 2003
4.Мектепалды даярлық бағдарламасы.
Астана-Алматы 1999ж
5. Мектепке дейінгі педогогика . В.И.Ядышко
Алматы 2000
6. С.Ұзақбаева Балаларға эстетикалық тәрбие
беру. Алматы-2002