Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәжірибе мәселесінің даму тенденциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәжірибе мәселесінің даму тенденциялары Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардің негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Бүгінгі таңда тәрбиешілер өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәжірибе мәселесінің даму тенденциялары

Автор: БМ-18-3-11 тобының студенті Кариева А.Е.

Жетекшісі: Жексенова Б.О.


Түйінсөздер: жаңа технологиялар, педагогикалық инновация, кәсіби даму, балалардың психологиясы.


Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардің негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Бүгінгі таңда тәрбиешілер өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда.

Педагогикалықтехнологиялар мен инновациялық құралдарды балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Қазіргі жас ұрпақтың сапалы тәрбие мен білім алуының бірден-біршарты–тәрбие мен оқыту процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір педагогтың негізгі міндеті. Әдістемелік инновациялардың көпшілігіинтерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған. Инновациялықәдіс-тәсілдердіақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылықолдану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті қызықты, эмоционалды байытылған, ашық, көрнекі өткізуге тиімді.

Дәстүрлі жұмыстан кетуге мүмкіндік береді, білім берудің жекелік мүмкіндігін береді, оқытуға ынтасын арттырады, күрделі процестер динамикасын көрсетуге, зерттеулер мен жобаларды орындауға ықпал етеді. Сол себептен шынайы білім беру практикасына инновациялық бағдарламалар мен технологияларды кезеңді енгізу, танымдық процесті жетілдіруде білім сапасы артады, баланың жалпы дамуы өседі, қиындықтарды жеңуге көмектеседі, баланың өміріне қуаныш әкеледі, педагог пен тәрбиеленуші арасында өзара қарым-қатынасты жақсартады, олардың оқу процесінде ынтымақтастығына қолайлы жағдайлар қалыптасады, интернет-ресурстар арқылы бірыңғай ақпараттық орта құру процесіне ата-аналарды тартуға ықпал етеді, тәрбие жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдану арқылы әдістемелік материалдар жинағын құрады.

Баланың білімге ізденісі, құштарлығы артады, оның бойында шығармашылдық, еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиеттер қалыптасабастайды.

Қазіргі заман инновациялық қызметі - балабақша балалармен жұмыс істеуде инновациялық технологиялар, әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда, балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады. Жаңа технология үрдісінің талабы балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту. Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге, педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуының арқасында балалардың дамуына да үлкен үлес қосылды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыружаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз.

Мектепке дейінгі білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бағытында жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже педагогтың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістіккке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай болуы, кадрлық әлеуметтің біліктілігі маңызды рөл атқарады.

Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс-шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да жас ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері сай өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек екенін тәрбиеші ешқашан ұмытпауы тиіс. Қоғам талабы –заман талабы, өйткені «Әр адам -өз заманының баласы», сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарыныңкәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр.

Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл –дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады.

Мектепке дейінгі жас үшін маңызды іс-әрекеттердің бірі –бұл қарым-қатынас. Ол тұлғаның дамуының қажетті шарты. Сондықтан педагог пен тәрбиешінің міндеті –осы іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру, оның ішінде ынтымақтастық атмосферасын құру, балалардың бір-бірімен, балалар мен ересектің өзара сенімділігін жасау. Міндеттің шешімі педагог пен тәрбиешінің интерактивті әдістерін қолдану болып табылады. Интерактивті –бір нәрсемен (қосалқы техникалық құралдармен) және біреумен диалог, әңгімелесу тәртібінде болу немесе өзара әрекет ету қабілеттілігін білдіреді. Тәрбиеші оқыту үдерісінің ұйымдастырушысы, топ көшбасшысы, мектеп жасына дейінгі балалардың бастамасы үшін жағдай жасаушы рөлін атқарады. Интерактивті оқыту негізіне жататын білім беру үдерісі -барлық балалар таным үдерісіне тартылатындай, олар нені біледі және нені ойлайтындығы бойынша ұғыну және ойлау мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтижеге жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін.

Инновациялық технологиялар педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеген білім берудің прогрессивті технологиялар мен стереотиптік элементтерін үйлестіреді.

Модельдеу, жобалық-зерттеу, интеллектуалдық-ойын тәсілдері негізінде құрылған интеллектуалдық технологиялар айрықша қызығушылық тудырады.

Олар зияткер балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға жан-жақты дамытуға бағыттайды. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың зияткерлік сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.

ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Балабақшада берілетін тәрбие –барлық тәрбиенің бастауы, әрі жан-жақты тәрбие мендамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Сондықтан Мамандардың басты мақсаты –баланы даму әлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.



















ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан –2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -Алматы. «Білім баспасы», 1998

  2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. -Алматы, 2002

  3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану – Алматы. 2005

  4. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. 1997

  5. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары. Республикалық ғылыми- әдістемелік конференция –Алматы, 2011

  6. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений -Семипалатинск, 2006

  7. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

  8. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006, 19-бет

  1. 9.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу-Алматы-1992

  1. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2002

  2. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991

  3. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология, 2004

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.08.2021
811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12