Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі сабақтастық
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық – басты мәселелердің бірі. Өйткені бала тұлғасының қалыптасуы мен оның танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы кезеңдерде қарқынды жүреді. Балабақшадан бастауыш мектепке көшу – баланың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде бала жаңа ортаға бейімделіп, оқу үрдісіне енеді, жаңа талаптарға үйренеді. Егер осы өтпелі кезеңде дұрыс бағыт-бағдар берілмесе, бала психологиялық, әлеуметтік және академиялық қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы тығыз байланыс, біртұтас білім беру бағдарламасы, оқыту мен тәрбиелеудің бірізді жүйесі қажет. Баланың мектепке психологиялық, әлеуметтік және интеллектуалдық дайындығы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, ол бастауыш сыныпта оқуға жеңіл бейімделіп, білім алу барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Мақсат: Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудің тиімді жолдарын қарастыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және балалардың жаңа білім беру сатысына сәтті бейімделуіне жағдай жасау.
Міндеттер:
-
Баланың мектепке психологиялық, әлеуметтік және интеллектуалдық дайындығын қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін қарастыру.
-
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдары арасындағы өзара әрекеттестікті арттырудың тиімді жолдарын анықтау.
-
Білім беру бағдарламаларындағы сабақтастықты нығайту арқылы баланың оқу процесіне бейімделуін жеңілдету.
-
Ойын және оқу қызметін байланыстыра отырып, танымдық белсенділікті дамыту әдістерін қарастыру.
-
Тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
-
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту мақсатында олармен тығыз қарым-қатынас орнату.
Негізгі бөлім
Баланың мектепке дайындығы – табысты оқудың кепілі. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың маңызды бағыты – баланың мектепке психологиялық, физикалық және интеллектуалдық тұрғыдан дайын болуы. Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан дағдылар бастауыш сыныпта жалғасып, дамып отыруы қажет. Бұл дайындық бірнеше аспектіні қамтиды:
-
Когнитивті даму – баланың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, зейін, логикалық және шығармашылық қабілеттерінің дамуы.
-
Коммуникативтік дағдылар – құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас орнату, өз ойын еркін жеткізе алу.
-
Психологиялық тұрақтылық – жаңа ортаға бейімделу, оқу процесіне дайын болу, өзін-өзі реттей білу.
-
Физикалық дайындық – ұсақ моторика, дене қозғалысы, денсаулық жағдайының мектеп өміріне сәйкес келуі.
Балабақшада баланың осы дағдыларды меңгеруі үшін ойын технологияларын қолдану маңызды. Себебі ойын – баланың негізгі қызметі, ол арқылы танымдық процестері дамиды. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін оқыту әдістері бастауыш сыныптағы оқыту жүйесімен үйлесімді болуы тиіс.
Оқыту мен тәрбиелеудегі сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары. Баланың мектепке бейімделуі үшін мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектеп арасында тығыз байланыс орнату қажет. Бұл сабақтастықты қамтамасыз етудің бірнеше негізгі жолдары бар.
Біртұтас білім беру бағдарламасы. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру бағдарламаларының мазмұны өзара үйлесімді болуы тиіс. Балабақшадағы оқыту мен тәрбие бастауыш сыныпта жалғасын тауып, балалар игерген білімдерін ары қарай дамыта алатындай жағдай жасалуы қажет.
Ойын арқылы оқыту әдістерін қолдану. Балабақша мен бастауыш мектептегі оқыту әдістері арасында өткір айырмашылық болмауы тиіс. Мектепке дейінгі кезеңде ойын арқылы оқыту басым болса, бастауыш сыныпта бұл тәсіл біртіндеп оқытудың басқа формаларымен ауыстырылады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер оқытудың инновациялық әдістерін пайдаланып, балалардың танымдық қызығушылығын арттыруы керек.
Ата-аналармен жұмыс – баланың табысты бейімделуінің кілті. Ата-аналар – баланың ең алғашқы ұстазы. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруда ата-аналармен тығыз байланыс орнату маңызды. Оларды баланың мектепке дайындығының маңыздылығы туралы ақпараттандыру қажет.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары:
-
Психологтар мен педагогтардың ата-аналарға арналған кеңестер өткізуі.
-
Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің білім беру жүйесі туралы ақпараттық буклеттер тарату.
-
Баланың мектепке дайындалуына көмектесетін үй тапсырмалары мен ойын түрлерін ұсыну.
-
Ата-аналарды бірлескен іс-шараларға тарту (ашық сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдер).
Сабақтастықты жүзеге асырудағы педагогтердің рөлі7 Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері балалардың сәтті бейімделуіне жауапты негізгі тұлғалар болып табылады. Олар төмендегі бағыттарда жұмыс жасауы қажет:
-
Балалардың даму деңгейін жүйелі бақылау және мектепке дайындығын бағалау.
-
Бастауыш сынып мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.
-
Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру.
-
Баланың әлеуметтенуіне көмектесетін жағдай жасау.
Қорытынды
Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығы – баланың болашақ білім жолындағы табысты дамуының маңызды шарты. Бұл сабақтастықты қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары – тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар мен психологтар бірлесе жұмыс істеуі қажет.
Баланың мектепке бейімделу үдерісі оның психологиялық, интеллектуалдық және әлеуметтік дайындығына тікелей байланысты. Егер мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектеп арасында бірізді білім беру жүйесі құрылса, онда бала жаңа ортаға тез бейімделіп, оқу бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік алады.
Тәжірибе көрсеткендей, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен бастауыш мектептің ынтымақтастығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған жағдайда, оқушылардың білім сапасы артып, мектепке бейімделу кезеңі айтарлықтай жеңілдейді. Осыған байланысты тәрбиешілер мен мұғалімдер арасындағы өзара тәжірибе алмасуды нығайтып, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға ұмтылу – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі.
Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру арасында тығыз сабақтастық орнату – сапалы білім беру жүйесінің негізі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру арқылы біз баланың болашағына сенімді қадам жасауына жағдай жасай аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз