Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала бала мен балабақша туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мектепке дейінгі білім беру заманауи жүйесінде баланың бойындағы даралығын арттыру, әр балаға жеке даму картасын құрастыру, оның ойлау кеңістігін тереңдету мақсатында педагогикалық ғылымда, тәжірибелі ұстаздардың ортасында, қоғамда туылып жатқан идеялар, көзқарастар сан қилы. Аталған бағытты мектепке дейінгі дамытуда маңызды деп саналады: кіші жасынан бастап балаға жан-жақтан түрлі ақпарат әсер етеді. Бұл ақпараттарды меңгеру дұрыс қолданылған өзінің әрекетін реттеуге, шешім қабылдауға, дұрысын-бұрысын анықтауға негіз болатын баланың зияткерлік дамуы маңызды. Мұның ішінде баланың ой өрісіне арналған зерттеушілік әрекет, Воскобович, шығармашылық ойындар, дьеньш блок технологияларына негізделіп балалармен жұмыстар атқарылады. Зерттеушілік әрекет − білім алып отырған әрбір жеткіншек қоршаған ортаны зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.

Дәстүрлі білім беру жүиесінде оқыту әдіс тәсілдері мектеп алды жасындағы баланың репродуктивті әрекетіне жүгінген. Қазіргі таңда мектепке дейінгі саласына жаңа оқу стандарты іске асырумен байланысты зерттеушілік білім беру мәселесі маңызды орын алуда. Балалардың зерттеулік ізденістеріне қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыруына (проблемаларды анықтаудан ұсынуға дейін және алынған қорытындыларды қорғау), осыған орай балаларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және олардың зерттеу қабілеттерін дамыта білу педогог тәрбиешілерден кәсіби шеберлікті қажет етеді. Балаларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, педогог әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпау керек. Осы тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістерге жеткізуге мүмкіндік туғызады. Зерттеу әрекеті – баланың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет баланың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өндеу қағидаларын атап өткен жөн. Зерттеулік оқыту мектепке дейінгі салада көбінесе айналадағы қоршаған ортамен танысу сабағының әдістмесінде кең қолданады. Зерттеу әрекеті – баланың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет баланың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өндеу қағидаларын атап өткен жөн. Зерттеулік оқыту мектепке дейінгі салада көбінесе айналадағы қоршаған ортамен танысу сабағының әдістмесінде кең қолданады. Кез келген дені сау нәресте алғаш өмірге келгенде өзінің тіршілік әрекетін жаңа жағдайларға бейімдеуге көмегін тигізетін туа біткен танымдық бағдармен келеді. Бірте-бірте осы танымдық бағдар танымдық белсенділікке, баланың өсуіне, дамуына байланысты танымдық белсенділік танымдық әрекетке өтеді. Осы жұмыстар нәтижесінде әр топта зерттеушілік бұрыштары ұйымдастырылған. Тәрбиешінің басқаруымен бала ұстап, сезіп, бөлшектеп зерттеу әрекеттерін атқарады. Олардың нәтижесін көрсете алатын белгілер символдары жүйеленген және балалардың жасына сай әр топта қоршаған ортамен таныстыру тақырыптарына сай тәжірибелер бағдарламасы жүйеленген және тәжірибелер жинағы баспадан шығарылған.

Балалардың оқу-танымдық іс- әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Балалардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, деңгейлерін қамтиды. Баланың ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген ынтасын қызығушылығын арттыру, ол тәрбиешінің басты міндеті және жұмысы. Воскобовичтің дамытушы ойындары − психологиялық және педагогикалық технологиялардың интеграциясы, танымдық дамуын ынталандыратын және анықталған дағды және біліктерін нығайту арқылы іске асырылады.

Дамыту ойындарының алдына қойылған әр түрлі міндеттерді шешу барысында олар әлі де қызықтың бірегей болып қала беруі, бала үшін шығармашылыққа орын қалдыратындығы, ойыннан ойынға қарай өздерінің тартымдылығын жоймауы маңызды. Осы толып жатқан шығармашылық бағыттар, ойындардың арасында, ерекше, өздік ерекшелігі бар, шығармашыл өте мейірімді ойындар тобы Воскобовичтің дамыту ойындары. Осы ойындарының негізіне салынған негізгі қағидалары қызығушылықты, таным, шығармашылық, мейлінше әрекетте болады, өйткені ойын балаға мейірімді өзіндік ерекшелігі, көілді және мұңды ертегі, шым-шытырық, қызықты кейіпкер немесе қызықты сапарларға шақыру тілімен берілген. Инженер-физик Вячеслав Воскобовичтің балалары қайта құру кезеңінде туған, ойын дүкендері жас әкені тығырыққа тіреген. Олар оған біздің әжелеріміздің әжелері ойнаған ойындарды ұсынған. Ал елімізде балама педагогика туралы әңгімелер белсенді жүріп жатты. Сондықтан да Вячеслав Валерьевич Воскобович тәрбие берудің алдыңғы қатарлы әдістеріне өзінің үлесін қосуды жөн көрді. Воскобовичтің алғашқы ойындары 90-шы жылдардың басында пайда болды. «Геоконт», «Ойын шаршысы», «Складушки», «Түс сағаттар» бірден өзіне зейін аударды. Жылдан жылға олар көбейе берді - «Мөлдір шаршы», «Мөлдір цифр», «Домино», «Көбейту планетасы», «Сиқырлы басқатырғыштар», «Математикалық себеттер» сериялары. Воскобович ойындары несімен қызықты? - Конструктивтік элементтерімен; - Көп функционалдылығымен; - Таңғажайып «қоршаудылығымен»; - Бейнелілік және әмбебаптылығымен; - Ойынның көңіл - күй мәдениеттілігімен; - Пайдалану мүмкіндігінің әр түрлілігімен, - Ойын таңдаудағы басымдылығымен қызықты.

Балабақшаның тәжірибесінде кең таралған. Геоконт ойыны, ойын шаршысы әр топ осы құралдармен жабдықталған және баламен әрекет барысында қолданылады. «Дьенеш блогы арқылы балаларды дәлелдеп сөйлеуге үйрету». Кiшi жастағы балалардың ойын дамыту, жаналықтарды жылдам игеру қабiлеттiлiктерiн қалыптастыру балаларды тәрбиелеудегi маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мiндеттердi шешуде мектепке дейiнгi балалардың ойлауын қалыптастыруға арналған мектепке дайындыққа бағытталған мазмұн мен әдiстердi, оның iшiнде математикалық дайындықты жетiлдiру керек. Балаларды математиканы кабылдауға керектi ерте логикалық дайындық үшiн венгер математигi әрi психолог Золтан Дьенеш ойлап тапты. Дьенештің блоктарымен ойын ойнау қол жетімді, олар балаларды көрнекілік негізінде обьектілердің пішінімен, түсімен және өлшемімен, математикалық түсініктермен және информатика туралы бастауыш біліммен таныстырады. Балаларының логикалық және талдамалық ой-өрісін (талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту), шығармашылық қабілетін, сондай-ақ түйсігін, зердесін, зейінін және қиялын дамытқысы келетін ата аналар Дьенештің блоктарын сатып алғаны абзал. Бала Дьенеш блоктарымен ойнай отырып, сан түрлі пәндік әрекеттерді орындайды (белгісі бойынша топтастырады, қатарларды берілген алгоритм бойынша қояды). Дьенештің логикалық блоктары үш жасқа толған және одан асқан балаларға арналған. Дьенештің ойлаған ойы бойынша жиынтықта бірдей фигуралар мүлде жоқ. Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Дьенеш блоктары 48 геометриялық фигура кұрайды:

- төрт пішін (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыштар);

- үш түрлі түс ( қызыл, көк, сары түсті фигуралар);

- екі өлшем (үлкен және шағын фигуралар);

- екі түрлі жуандық (жуан және жіңішке фигуралар).

Әрбір геометриялық фигура төрт белгімен: пішінімен, түсімен, өлшемімен, жуандығымен сипатталады. Балалармен жұмыста бiр топта мектепке дейiнгi балалық шақта бiр-екi көлемдi логикалық блок жиынтығын және 5-8 жазық логикалық фигуралар жинағы қолданылады. Логикалық блоктар ағаштан және түрлi қалыңдықтағы пластикадан жасалады. Логикалық блоктармен катар (түсi, формасы, өлшемi, қалыңдығы) сияқты шартты белгiлерi көрсетiлген (5х5) көлемдегi карточкалар қолданылады. Логикалык блоктар өз алдына геометриялық фигуралардың формаларын көрсеткендiктен (дөнгелек, шаршы, тең қабырғалы үшбұрыш, тiктөртбұрыш) кiшi балаларға ерте жастан бастап заттардың формасы мен геометриялық фигураларды таныстыруда дамыту тапсырмаларын шешу үшiн кеңiнен пайдаланылады. Олардың әрбіреуіне фланель жапсырылады, фланелеграф тақтайында қолдану үшін. Заттық-ойын әрекеттерде тапсырмаларды орындауда карточкаларды колдану арқылы балалар қасиеттердi орналастыру, модельдеу, кодтау, кодтарды шешуге үйренедi. Қасиеттер-карточкалары балалардың бейнелi-көрнектiлiктен көрнектi- сызба ойлауын дамытады, ал шартты белгiлерi жоқ карточкалар сөздiк- логикалык ойлауды дамытады.

Мысалы бала үлкен көгілдір, қалың үшбұрышты таңдаса, онда бұл жағдайда ол фланелеграфқа жапсыратын үшбұрышы бар карточканы алады да ауызша былай айтуға тиіс: - Мен ұшбұрышты таңдағаным, себебі үшбұрыш көгілдір. Тәрбиеші пішінін, сапасын білдіретін белгіні тауып қасына қоюға кеңес береді. Балалар тез арада карточканың қайсысы «үлкен», қайсысы «кішкентай» дегенді білдіргенін түсінеді .«Үлкен» деген мағынаны білдіретін, «жұқа» мағынасы бар карточканың қасына қойылады. Енді бала фланелеграфқа қарап былай жауап береді: Үшбұрыш пішіні-түсі көк, көлемі үлкен және жұқа. Құралда бiртiндеп қиындатылған деңгейдегi 4 топтағы ойындар мен жаттығулар логикалық блоктармен берiлген: - қасиеттердi анықтау және дәлелдеу iскерлiктерiн дамытуға арналған; - заттарды олардың қасиеттерiне байланысты салыстыру iскерлiктерiн дамытуға арналған; - жiктеу және жалпылау iскерлiктерiн дамытуға арналған; - ойлау амалдары мен әрекеттерiн орындау қабiлеттерiн дамытуға арналған. Бұл кейіннен «емес» болымсыздық белгісін енгізуге мүмкіндік берді. Ол суреттік кодта тиісті код суретінің айқастыра сызып тастау түрінде көрсетіледі. Код белгісі мен «емес» болымсыздық сөзінің қатар қолданылуы оны код мәнін ашу қиындығын туғызатын жағдаймен байланысты болады. Бұндай белгіні түсіну үшін оған қарама-қарсы белгіні таңдап қолдану қажет.

Сонымен логикалық ойлау арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет. Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды, дәлелдеп сөйлей алады. Бала ойын дамытуда танымдық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Осы ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойынның ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12