Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектепке дейінгі мекемедегі денсаулық сақтау жұмыстары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған денсаулық сақтау сауықтыру-шынықтыру шаралары
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДМ-дегі денсаулық сақтау жұмыстары.

МДМ-дегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері

  • Баланың денсаулығын нығайту және сақтау

  • Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру

  • Баланың қиыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру

  • Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу

  • Психологиялық және физиологиялық саулықпен қамту



Осы қойылған міндеттерге, тек қана дене шынықтырудың барлық құралдарын кешенді түрде қолданғанда ғана жетуге болады: Ұтымды күн тәртібі, тамақтану, шынықтыру ( күнделікті, арнаулы шынықтыру шаралар) және қимылдар (ертеңгілік гимнастика, дамыту жаттығулар, спорттық ойындар, дене тәрбие сабағы).

Балабақшада дені сау баланы тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін бірнеше бағыттыр құрастыру керек.

  • Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін жағдайлар жасау

  • Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату

  • Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу

  • Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу



Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін баабақшада арнайы жағдайлар туғызу.

Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залда дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаң болу. Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың тиімділігін арттырады, балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Құрал-жабдықтар: Гимнастикалық саты. матталар, доғалар, көздеп атуға нысана, т.б.)

Балалармен сауықтыру және аурудың алдын алу-емдік жұмыстар жүргізу мақсатында жалпы балабақшада түзету және алдын алу-емдік жұмыстарының жүйесін өңдеу керек:

Мынадай жобалы жұмыс жүйесінін алуға болады:

  1. Уманскийдің әдісі бойынша нүктелі массаж

  2. Сабақ үстінде көзге арналған жаттығулар кешені

  3. Хатха-йога элементтерімен гимнастика

  4. Жалпақ табандақтын алда алу кешені

  5. Сымбаттың бұзылуының алдан алу кешені (жастықсыз және майкасыз ұйқы)

  6. Тыныс алу жаттығулары

  7. Сабақ үстінде ақыл-ой шаршауды жою(релаксациялық үзіліс, сергіту сәттері, құлақ шеттерін уқалау)

  8. Серуендер + динамикалық сағат

  9. Шынықтыру

    • Майкасыз ұйықтау

    • Жалаң аяқ жүру

    • Тіс тазалау және ауыз қуыстарын шаю

    • Кеңінен жуыну

    • Рижский әдісімен шынығу (қылқаны бар кілемшеде, дымқыл, тұз ертіндісінде суланған сүлгінің үстін таптау + шөп тұнбасымен немесе йод-тұз ертіндесімен ауыз қуыстарын шаю)

  10. Күн тәртібінде ұтымды қимылдар

Коррекция (Түзету)

Жалпақ табандықтың алдан алу жаттығулары

Тымау және жұқпалы ауруларының жоғарлау кезіндегі өткізілетін іс-шаралар

  1. Пияз нәрсуы

  2. Пияз, сарымсақ

  3. Серуен алдында ауызды сарымсақ тұнбасымен шаю



Балабақшадағы баланың денсаулығын нығайту және аурудың төмендеуіне мүмкіндік беретін, күн тәртібіндегі шынықтыру процедурасына ерекше назар қою керек.

Шынықтыру процедурасы баланың балабақшадағы болған барлық кезіндегі ағымында қамтамасыз етілгенде ғана тиімді болады.

Сондықтан сақталу керек:

  • Мекемеде жылу және ауа тәртібін нақты ұйымдастыруды

  • Балаларды ұтымды үзіліссіз киіндіруді

  • Жылдың барлық мауысымында серуен тәртібін сақтау

  • Дене тәрбие және ертеңгілік гимнастиканы жалаң аяқ өткізуді



Жұтқыншақты сарымсақ еріндісімен шынықтыру

Мақсаты: Тамақ ауруының кезінде және ауыз қуысының өршікен процесінің алдын алу және сауықтыру.

Дайындау: 1 кішкене тіс сарымсақты 1 стақан суға.

Сарымсақты езу, салқын қайнаған су құю және 1 сағат қою. Ертіндіні дайын болғаннан кейін 2 сағат ішінде қолдану.



Әдістемелік нұсқау:

Дәрі-дәрмек құралы ретінде (Гиппократ кезінен белгілі) қан тазарту, ауру тудыратын микробтарды өлтіреді, ӨТЖИ, ӨТА қарсы құрал ретінде қолданылады.

Тамақты шаю, егер керек болса мұрынға тамызуға болады.

-нші Қазаннан- 30-ншы Сәуір аралығында сабақтан соң серуен алдында қолданылады.

Жас шамалық топ бойынша сауықтыру іс-шараларының кешені

Сәбилер тобы

  1. Балаларды қабылдағанда міндетті тексеру, қызуын өлшеу және ата-аналармен баланың көңіл-күйі жөнінде сөйлесу.

  2. Ертеңгілік гимнастика

  3. Ойын түрінде нүктелі массаж

  4. Ауыз шаюға біртіндеп үйрету

  5. Серуен: Күндізгі 10.00-11.10; Кешкі 17.30-.18.30

  6. Ұтымды қимыл тәртібі

  7. Серуен алдында сарымсақ тұнбасымен (1кіші қасық ішу) шаю

  8. «Сарымсақ» киндерлері (Қазаннан-Сәуір)

  9. Фитонцидтар (Пияз, Сарымсақ)

  10. Тамақтану кезінде Сарымсақ нәрсуы

  11. Жастықсыз және майкасыз ұйқы

  12. Ұйқыдан кейін тыныс алу жаттығулар

  13. Шынықтыру: Қылқанымен кілемшеде, қабырғалы тақтайшамен, түймелі кілемшеде, жалпақ табандылықтың алдын алу элементерін жалаң аяқ еденде жүру.



Ортаңғы топ

  1. Балаларды таза ауада қабылдау (-15 жоғары температурада)

  2. Ертеңгілік гимнастика

  3. Таңғы асқа дейін немесе кейін Уманскийдің әдісімен нүктелі массаж

  4. Таңғы, түскі, кешкі астан кейін ауызды шаю. Біртіндеп тіс ысуға үйрету.

  5. Сабақ үстінде сергіту сәттері, көз ауруының алдын алу

  6. Дене тәрбиесі + аптасына 1 рет серуенде динамикалық сағат

  7. Серуен алдында мұрында сарамсық тұнбасымен шаю (Қазаннан-Сәуірге дейін)

  8. «Сарымсақ» киндерлері

  9. Фитонцидтер (Пияз, сарымсақ)

  10. Түскі астың алдында Пияз шырыны

  11. Серуен: Күндізгі 10.30-11.50; Кешкі 17.45-18.30

  12. Өтымды қимылдық тәртіп

  13. Жастықсыз және майкасыз ұйқы

  14. Керуетте тыныс алу жаттығуы

  15. Жалпақ табандықтың алдын-алу жаттығулары+жалпақ табандық бойынша жеке-дара түзету жұмыстары(3 тоқсаннан)

  16. Шынықтыру: рижстік әдіспен шынықтыру

  17. Кеңінен жуыну элементтері

  18. Бесін асынан кейін ауызду шөп қайнатылымымен шаю



Ересек тобы

  1. Балаларды таза ауада қабылдау (-15 температурада)

  2. Ертеңгілік гинастика (Мамырдан-Қазанға дейін – Таза ауада, Қазаннан-Сәуірге дейін – залда кесте бойынша)

  3. Нүктелі массаж – «Жұлдызша» (Звездочка) бальзамымен таңғы астан кейін Уманскийдің тәсілімен.

  4. Таңғы астан кейін тісті тазалау және түскі астан кейін ауызды шаю

  5. Дене тәрбиесі + серуенде динамикалық сағат аптасына 1 рет.

  6. Ұйымдастырылған оқу-әрекеті кезінде көзге арналған сергіту сәтті

  7. Серуеннің алдында ауызда сарымсақ тұнбасымен шаю (Қазаннан – Сәуір)

  8. Сарымсақ «киндері»

  9. Фитонцидтер (пияз, сарымсақ)

  10. Түскі ас үстінде пияз нәрсуы

  11. Серуен: күндізгі 10.15-12.15; кешкі 17.30-18.30

  12. Ұтымды қимыл тәртібі

  13. Жастықсыз және майкасыз ұйқы

  14. Керуетте тыныс алу жаттығуы

  15. Шынықтыру: рижский әдісі

  16. Кеңінен жуыну, жалаң аяқ жүру

  17. Жалпақ табандықтың алдын алу жаттығулары+алпақ табандықты түзету бойынша жеке-дара жұмыс

  18. Бесін асынан кейін ауызда шөп тұнбасымен шаю



Мектепалды даярлық тобы

  1. Балаларды таза ауада қабылдау (-15-18 температурада)

  2. Ертеңгілік гинастика (Мамырдан-Қазанға дейін – таза ауада, Қазаннан-Сәуірге дейін – залда кесте бойынша)

  3. Нүктелі массаж – «Жұлдызша» (Звездочка) бальзамымен таңғы астан кейін Уманскийдің тәсілімен.

  4. Таңғы астан кейін тісті тазалау және түскі астан кейін ауызды шаю

  5. Дене тәрбиесі + серуенде динамикалық сағат аптасына 1 рет

  6. Ұйымдастырылған оқу-әрекеті кезінде көзге арналған сергіту сәтті , құлақ шетіне массаж

  7. Серуеннің алдында ауызда сарымсақ тұнбасымен шаю (Қазаннан – Сәуір)

  8. Сарымсақ «киндері»

  9. Фитонцидтер (пияз, сарымсақ)

  10. Түскі ас үстінде пияз нәрсуы

  11. Серуен:таңертеңгі -7.00-8.00; күндізгі 10.15-12.15; кешкі 17.30-18.30

  12. Ұтымды қимыл тәртібі

  13. Жастықсыз және майкасыз ұйқы

  14. Керуетте тыныс алу жаттығуы

  15. Шынықтыру: рижский әдісі

  16. Кеңінен жуыну, жалаң аяқ жүру

  17. Жалпақ табандықтың алдын алу жаттығулары+алпақ табандықты түзету бойынша жеке-дара жұмыс

  18. Бесін асынан кейін ауызда шөп тұнбасымен шаю



Рижский әдіспен шынықтыру

10 % тұзды суға малынған (бір шелекке 1кг тұз) тікенекті резинкалы кілемшеде, тыс кигізілген, бала жалаң аяқ, бір орында жүреді (5-7 секунттан бастап, 16 секунтқа дейін). Сосын бала таза суды матаның үстінде бір орында жүреді, сосын құғақ матада 15 сак. Басады. Сосын ағынды суда қолын, мойнын, бетін сулайды.

Ортаңғы топтан бастап, тұзды-йодты ертіндімен аузын шаю(1 лирт суға 1 ас қасық тұз және 3-4 тамшы йод). Су бөлме температурасындай.

Бұл әдіс түскі ұйқыдан немесе таң. гимнастикадан кейін өткізу ұсынылады.



Шынықтырудың кейбір тәсілдері

  1. Кеңінен жуыну.

Бала:

    • Суды ашып, оң алақанын сулау және онымен сол қолының саусақ ұшынан шынтаққа дейін жүргізу, «бір»-деу; Осыны сол қолмен де жасау.

    • Екі алақанды сулап, алақанды желкеге қойып және бір мезгілде иекке жүргізу. «бір»-деу.

    • Оң алақанды сулау және кеуденің үстінгі жағында айналдыру, «бір»-деу.Екі алақанды сулау және бетін жуу.

    • Қолдарын шаю, «сығу», құрғата сүрту.



Ескертпелер:.

Біраз уақыттан кейін процедура уақыты ұзарады, нақты: Әр қолды, сонымен бірге мойынды және кеудені бала «бір, екі»-деп, екі реттен жуады.



Майкасыз ұйықтау.

Жыл бойы өткізіледі. Жылу берілмеген кезде немесе салқын күндері жылы шұлық пен екінші көрпе дайын балуы керек. Ұйықтайтын бөлменің көрсеткіш температурасы +14-тен төмен болмауы жөн.



Балалармен шынықтыру өткізу кезінде негізгі мына ережелерді сақтау керек:

  • Шынықтыруды сау баламен ғана жүргізу

  • Шынықтыру баланың теріс эмоциясын тудырса(ұрей, жылау, мазасыздық), онда жүргізбеу

  • Шынықтыру процедураның қарқындығы біртіндеп үдеуі керек және өткізу мерзімі де біртіндеп ұзартылады

  • Шынықтыру (бір жағдайдан екінші жағдайға дейін емес) үнемі және жүйелі өткізілу

Тіпті шынықтыру дәптері болу керек, онда тәрбиешілер дәрігердің ұсынысын қолданып (мед. бұру)баланың шынығу есебін жүргізеді.

Әлбетте, баланың сау баланың денсаулығы мен қимылын дамытуда дене тәрбие сабағында ерекше орын алады.

Баланың жас шамалық ерекшелікке қарай дене тәрбие сабағының бағытарыда әртүрлі болады:



  • Сәби балаларына ол- рақаттанушылық туғызу, кеңістікте бағдарлай білу, құрал-жабдықпен дұрыс жұмыс істеу, сақтану тәсілдерінің элементтерін үйрету керек.

  • Ортаңғы жаста – Физиологиялық сапаны дамыту(ең бастысы төзімділік пен күш)

  • Ересек топтарында – Қимылдың сұранысын қалыптастыру, қимыл және дербестік қабілеттерін дамыту және т.б.



Сондықтан сіздерге дене тәрбиесінің әртүрлі вариаттарын қолдануды ұсынамыз:

  • Дәстүрлі сұлба бойынша сабақ

  • Сабақ, өсімталдығы үлкен, орташа және баяу қимылды ойындар жиынтығынан құралған

  • Негізгі қимыл түрлерін уйрететін сабақ

  • Ырғақты гимнастика

  • Жарысу сабағ, балалар екі топқа бөлініп әртүрлі жарыс арқылы жеңімпаздарды айқындайды

  • Сынақ-сабағы, балалар дене тәрбие мөлшерін тапсырады

  • Мазмұнды-ойын немесе дәстүрден тыс сабақ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12