400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Мектепке дейінгі мекемеге баланың бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала ата-ананың болашақ үміті ,адамзаттың келешегі.Оның бүгінгі өмірі ертеңгі күннің өлшемі екені анық.Бала тәрбиесі ,оны мәпелеп өсіру бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міндет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабекова Сандуғаш Нургумаровна

№13 «Құралай» құрама үлгідегі

бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

Мектепке дейінгі мекемеге баланың бейімделуі


Бала ата-ананың болашақ үміті ,адамзаттың келешегі.Оның бүгінгі өмірі ертеңгі күннің өлшемі екені анық.Бала тәрбиесі ,оны мәпелеп өсіру бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міндет. Осы міндетті балабақша ұжымы өздерінің ауызбіршілігімен, ізденпаздығымен, шығармашылық еңбектерімен орындауда.Ата- анамен балабақша арсындағы тығыз қарым-қатынас бірлік ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ . Ата-ана баласын балабақшаға орналыстырмас бұрын ондағы оқу мен тәрбие жұмысына ,сәбинің жағдайына алаңдауы заңдылық. Балабақшадағы тәрбиенің ролін, баланы арнаулы педагогикалық білімі бар мамандар тәрбиелейтінін көңіліне медеу етеді.Кімнің пікірімен бөліссек те, бақшаға барған баламан, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.Қай жағынан болмасын, адамдармен қарым-қатынас жасағанда, сөйлеу мәнерлерінде, өз ойларын жеткізе білуде айырмашылықтары бірден байқалады.Ата-ана «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген сөздер де мазалауы мүмкін.Расында балабақшаға барған алғашқы күндерде-ақ бала мазасызданады.Өйткені өзіне жақын адамдардың болмауы жанына батып, 2-3 күн өткен соң ауырып қалатын жағдайларда жиі кездеседі.Бұл жерде тәрбиешілерді кінәлау дұрыс емес.Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек,ғалымдар сәбидің бөтен ортаға үйренуі,үйдегі ата-ананың баласын жаңа ортаға қалай бейімдеуіне байланысты қалыптастынын айтады .Мысалы бағбан ағашты отырғызбас бұрын оның орнын дайындайды,тамырына зиян келмеуіне көңіл бөледі,ерекше күтімге алады.Сол сияқты сәбидің де басқа ортаға бейімделуі оның алғашқы кезеңінін бірі.Таныс емес адамдардың ортасында қалу бала үшін өте ауыр.Ол алғашында мазасызданып жылап тіпті қашып кеткісі келеді. Кейбір ата-ана баланың бұл қылығын түсіне алмай,бала мінезінен оқыс өзгеріске алаңдайды.Сәбидің ұйқысы бұзылады,тамаққа тәбеті болмайды. Үйге қайтқан соң да анасынан айырылмай, ұйықтағанда жиі-жиі оянып, тынымсызданады.Алғашқы үш-төрт күн осылай өтеді.Кейбір сәбидің жаны нәзік болып мұндай өзгерісті көтере алмай, ыстығы көтерілуі мүмкін.Мұндай жағдайда ата-анамен бірге балабақша тәрбиешілері де алаңдайды.Сәбиге қалай көмектесу керек

Бала өзін қоршаған ортадағы ересек адамның көмегіне мұқтаж болады.Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері әрқашанда көмекке әзір.Тәрбиешілер, медбикелер баланың ата-анасымен балабақшадағы күн тәртібін,санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын, баланы шынықтыру әдістерін, тамағының құрамы туралы түрлі кеңестер береді.Ата-ана бұл кеңестерге көңіл бөлуі тиіс.Баланы балабақшаға апарардан бұрын 1-2 ай дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл кезде сәбидің күн режиміне балабақшадағы тәртіпті енгізуге болады.Оның қатаң орындалуы қадағаланса, балабақшаға келген күннен бастап сәби өз тобымен бірге белгілі уақытта тамақ ішіп, ұйықтайтын кезде топтағы басқа балалар сияқты ұйқыға жататын болады.

Дайындық кезеңінде баланың тамақтануына ерекше көңіл бөлген жөн.Құрамында түрлі көкөніс ,сүттен,балықтан жасалған тағам түрлері болса, тіпті жақсы.Балабақшада тамақтың мұндай түрлерінбергенде, оны тәбетпен жейтін болады.Баланың жақсы тамақтануына көңіл бөлу қажетті тәрбиенің негізі болмақ.Сонымен бірге өзі киініп, өзі шешініп, өзі тамақтанатындай дағдыға үйренсе, бала балабақшада өзін еркін ұстайды.Сондықтан үйде балаға бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, балабақшаның күн тәртібіне асықпай үйрету керек.Бұл сәбиге жақсы әсерін тигізеді.Бәрін де өзі істеуге талпынса, топтағы балалармен де үлкендермен де қарым-қатынасы тез орнығады.

Балабақшаға келген кезде сәбиді тәрбиешімен таныстырып, қалай ұйықтайтынын, нені ұнататынын, үйде қалай еркелейтінін айтып қойған дұрыс.Анасымен балабақшаға келген күні сәбиді тәрбиеші жылы жүзбен: «Келгенің жақсы болды, мен өте қуаныштымын» деп қарсы алады.

Алғашқы күні баланы барлық топ көретіндей жерге отырғызып, көпшілікке үйрету қажет.Сәби бірте-бірте тобындағы балалардың қалай тамақтананын, ойнайтынын байқап, қалыптасуға тырысады.

Сәбиді балабақшаға еш дайындықсыз бірден орналастыру баланың көңіл –күйіне, ұйқысына, тамаққа тәбетіне кері әсер тигізеді,сондықтан ата-аналар баламен жалықпай жақсы дағдыға үйретсе,сәбиін балабақшаға еш қиындықсыз бейімдеуге болады.Жалпы балабақшадағы тәлім-тәрбие барлық тәрбиенің бастауы.Өйткені әр балдырған салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуының негізі блабақшада қаланады.

Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесің, ол сол тәрбиеленеді»,-деген екен.Қорыта айтсақ бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі ата-ананың еңбекқорлығы,ұстамдығы, ақыл-ойы,сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.Бала үшін алғашқы тәрбиеші, педпгог ата-анасы.Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкеркешілікпен қарап,жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі