400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесін өткізудегі өзекті мәселелер Баяндама.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесін өткізудегі өзекті мәселелер

Баяндама.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады. Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты. Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.

Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.

Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:

- физкультура сабақтары;

- физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);

- балалардың дене тәрбиесі жөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).

Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:

- физкультура сабақтары;

- физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);

- балалардың дене тәрбиесі жөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).

Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.

Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).

Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.

Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі.

Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл – қозғалдыс кезіндегі бірте – бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады. Балаларды таза ауадағы қимыл –қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.

Ертеңгілік гинастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін нерв жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады

Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсертете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.

Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігін жеткізеді.

Физкультминутка (қысқа мерзімді дене жатттығулары) – естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі.

Физкультминутканың маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.

Физкультминутка зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.

Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.

Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі әр түрлі мекемелерде және отбасында балалармен дене тәрбиесі жұмысын ұымдастырудың ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалармен жұмыстың басым көпшілігі мәдени және демалыс парктерінде, стадиондарда, сондай-ақ балалар паркінде, балалар қалашықтарында жүргізіледі. Балаларға арналған алаңдағы жабдықтарды, физкультура құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Бассейндерде балалармен сабақ өткізу үшін топтар ұйымдастырылады, олардың басты міндеті – жалпы дене дайындығын жақсарту, сондай-ақ балаларды жүзуге үйреті.

Скверлерде, үйлердің алаңдарында мектеп жасына дейінгі балалар үшін физкультура алаңдары жасалынады, мұнда текпешектер, шағын дуалдар, өрмелеуге арналған сатылар, тербелмелер, әткеншектер, шығырлар, аяқпен, шанамен сырғанауға арналған шағын таулар орнатылады, қимыл-қозғалысы ойындарын өткізуге, велосипед тебуге, шаңғымен қозғалуға арналған орындар бөлінеді, сырғанақтар құйылады.

Қазіргі таңда дене тәрбиесін өткізуде бірнеше мәселелер бар.

Оларға Рустам Гүлжанат тоқталып өтті: ең бірінші білікті мамандар жетіспейді. Көп балалабақшаларда дене тәрбиесін жүргізетін тренер немесе бұл саладан хабары жоқ мамандар жүргізеді. Дене тәрбиесін жүргізу үшін практика кезінен және студент кезінде методиканы үйретіп қана қоймай практикамен ұштастыра алатындай болуы тиіс. Мысалы ретінде біз өзімізді білікті маман деп айта алмаймын. Себебі бізге толық білетін мамандардың өзі жетіспейді. Шешімі ретінде біз дене шынықтырудың маманын Ресейдің педагогикалық университетінен білікті маманды шақыртып, бізге кеңес немес тренинг ұйымдастырып немесе бандама-лекция оқып берсе, біз ары қарай алып кетуші едік.





Қорытынды.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде денсаулықтың ірге тасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттрі дами бастайды, сапалы қасиеттірі көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда балаланың қалай тәрбиеленуі – оның болашақтағы оқуына, жеке азамат болып қалыптасыуна негіз болады. Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі – дене тәрбиесі болып табылады.Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Қозғалыс ықпалымен жүре-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсарады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп, зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі дербестігі, үлгерімі, ұжымшылдығы дамиды.

Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие болады. Мидың үлкен жарты шеңбер белсенділігін арттырып,тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын кеңейтуге мүмкіндік туғызады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі