Материалдар / «Мектепке дейінгі мекемелердегі музыка сабақтарының маңыздылығы және музыка жетекшісінің рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектепке дейінгі мекемелердегі музыка сабақтарының маңыздылығы және музыка жетекшісінің рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды шығармашылыққа баулуда музыка сабағының маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2024
117
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

42 «Айналайын» МДҰ

музыка жетекшісі Муканова Толкын Исламгалиевна

«Мектепке дейінгі мекемелердегі музыка сабақтарының маңыздылығы және музыка жетекшісінің рөлі»


Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының тығыз байланыстылығында. Музыка жетекшісі мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлесіп жоспарлап олардың сол жоспарды орындау барысында түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы қажет. Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы музыка жетекшісінің музыкалық сауаттылық және құзырлығы мәселесі өзектілігін жоймайтыны сөзсіз. Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі болғандықтан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі жас ұрпақты жан- жақты дамытып, тәрбие беріп, оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндет атқарады. Шығармашылық жұмыстың мақсаты: жетекші музыка сабағындағы баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін ашу үшін қажетті жағдайлар туғызу және жеке түлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалыптастыру.
Шығармашылық жұмыстың міндеті:
• Музыка сабағындағы
музыка жетекшісі : үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді ,ойлы болуы керек.
Жетекші музыка сабағында өзінің мінезін, жүріс тұрысын жөнге салып ұйымдастыра білуі керек.
• Арнаулы музыкалық сауаттылық білімін дағдыландырып меңгеруі тиіс.
• Балалармен музыка
тілінде сөйлесе біліп көз қарасымен де, ымымен де өз ойын түсіндіре білуі керек.
Жетекші музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
• Би билеу және ән салу дағдыларын қалыптастыра білу;
Жетекші қарапайым балалар музыкалық аспаптарды тану, музыкалық қабылдауын, есте сақтауын дамыту;
Жетекші күнделікті өмірде музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
• Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту;
Сол себепті, тәрбиеші музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыка сабағында тәрбиешінің әрбір қимылы
, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге тәлім тәрбие берерліктей болуға тиіс.
Баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы отбасынан басталады. Ол теледидардан балаларға арналған
музыкалық фильмдер, мультфилімдер мен музыкалық хабарларды көріп, музыканы тыңдау арқылы эмоционалды әсер алады. Ол музыка тыңдай отырып, ырғағына сайкес қимылдар жасап, әуенін орындап қуанышқа бөленеді. Егерде бала мектепке дейін бала бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылары дамиды.
Жалпы балабақшадағы қойылатын музыканың мақсаты балаларды рухани азығының қажетті бөлігі музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.
Балабақшадағы музыкалық білім берудің басты міндеті – балалардың музыканы тыңдаушылық мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі күннің баласы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін тыңдаушы.
Жетешінің жаңа технологияны игеріп, оны жұмыс барысында пайданалуы музыка сауаттылығының мүмкінідіктерін кеңейтеді . Қазіргі уақытта техникалық құрал жабдықтарды қолдану балалардың шығармашылық дамуына үлкен көмек.
Музыка білімнің құрамына: хормен ән айту, музыканы қабылдау, музыкалық сауат, музыкалы-ырғақтық қимылдар, балаларға арналған музыкалық аспаптарда орындау сияқты әр түрлі іс-әрекеттер кіреді.
Балабақшадағы музыканың басқа пәндерге ұқсастығы мен өнер сабағы ретінде айырмашылығы бар. Оның басқа пәндермен ұқсастығы мынада: оқу жоспарына енгізілген барлық пәндердің негізгі мақсатындағыдай жан-жақты дамыған жеке тұлганы тәрбиелеуінде кез-келген сабақтың жоспарын құрастырудағыдай психологиялық, педагогикалық заңдылықтарга сүйеніп, балалардың жас ерекшеліктеріне тән олардың қабылдауы, ақыл-ойы, қиялы ескерілуінде; оқытудың барлығы жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылуында; музыканың басқа пәндермен байланысында; әртүрлі іс-әрекеттерді мақсатты қолданып, оқытудың негізгі әдістерін қолдануында.
Музыка сабағының айырмашыл
ығы оның өнер сабағы екендігінде. Музыка өнері - өмір шындығын айрықша бейнелеп, онда көңіл-күй, сезім негізгі қызмет атқарады. Музыка арқылы оқыту процесінде тек ойлау арқылы түсініп қана қоймай, сондай-ақ ақыл мен көңіл-күйдің, сана мен сезімнің бірігуін талап етеді.
Келесі айырмашылығы музыканың балаға комплексті түрде әсер етуінде. Музыкадан әсер алуынан адамның тек әртүрлі сезімдері оянып қана қоймай, адамның организмінде физиологиялық құбылыстардың да болуы мүмкіп. Басқа да өнерлермеп музыканың байланысы адамның сезімдерін тереңдетіп, ақыл-ойын, білімдарлығын кеңейтеді.
әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.
Балаларды музыкалық дамытуда
музыка жетекшісі мен топ тәрбиешісіне үлкен міндет жүктеледі. Музыка сабақтарында тәрбиеші музыка жеткшісіне белсенді көмектеседі: әннің сөзін жаттатқызады, сабақта көрсетілген би-қимылдарды топта қайталатады, қажет болса ойындарға, билерге қатысады және музыка жетекшісімен біріге,музыкамен дербес айналысуын ұйымдастырады, балалар ұжымының күнделікті өміріне музыканы ендіреді. Музыка жетекшісі мен тәрбиеші және ата-ана үш жақтан бірлесе отырып, әрбір баланың музыкаға ықыласы мен қабілетін анықтайды, соның ішінде талантты, өнерге жақын балалардың шығармашылығын дамытуға қажетті жағдайлар жасайды.
Ата –анамен , тәрбиеші және музыка жетекшісі біріккен жағдайда шығармашылық саласының жұмысы жүйелі жүреді.
Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы – оның барысында әрбір балаға жүйелі, мақсатты және жан - жақты тәрбие беретін және олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық сабақтар.
Сабақ түсіндіру қызметтің сан алуан түрін (ән салу, ырғақтық қимылдар, музыка тыңдау, балалар музыка аспаптарында ойнау, музыка сауатының элементтерімен танысу) қамтиды, соның нәтижесінде балалардың музыкалық қабілеттерінің жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сабақ баланың жеке басының көптеген жақсы қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайды. Ол балаларды қуаныш, эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді, жұмыла әрекет етуге баулиды, тәртіп мәдениетіне үйретеді, байыпты көзқарасты, ой еңбегін, шығармашылықты талап етеді. Сонымен қатар сабақ балаларды ұйымдастырудың басқа да формаларына әсерін тигізетіні сөзсіз. Балалардың сабақ барысында алған білімі, іскерлігі, дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де әсерлі болады. Егер балалар сабақтарда үйретілген әндерін, билерін, хороводтарын бейнелі және қысылмай орындаса, мерекелік
шаралар, ойын - сауықтар тартымды, қызғылықты өтеді.
Музыкалық сабақтар
мектепке дейінгі ұйым әдіскерімен бірлесе құрылған оқу қызметінің кестесіне сүйеніп өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. 3 жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады.Үш

жастағы балалармен сабақ әуелі шағын топпен 10 - 15 минут, ал содан кейін жас ерекшелігіне сай 25минут аралығында уақыт белгіленеді.
Ән айту – музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан- жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен атқарылады.
Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен орындалады.
Музыка тыңдауда балалар әртүрлі образдарды музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата біледі.
Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделеді. Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат беретін музыка жетекшісі.
Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білуге музыка жетекшісі мен тәрбиеші үйретеді. Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгереді. Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді. Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамытады.
Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі.
Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады.
Әсемдікті қабылдап сезіну, түсіну, жақсы мен жаманды байқап шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасауға көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін қалыптастырып, дамытып, жетіледі.
Қызметтің бұл түрлерінен қамтылған білімдер программада және балалар бақшасындағы әр түрлі жастағы балдырғандарға музыкалық тәрбие беру міндеттерімен белгіленген.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!