400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі 4К моделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі 4К моделі. Сын тұрғысынан балаларды командаға бөліп оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қ «Нұрбөбек» шағын орталығының

әдіскері А.М.Егемқұлова

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі 4К моделі

Білім беру мазмұнының жаңаруына орай, заманауи қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында,  баланың креативті тұрғыда ойлауын, өзінше дербес шешім қабылдауға бейімді тұлға етіп тәрбиелеу – балабақшаның міндеті  болып отыр.

4 К моделіндегі технологиялар    балабақшалардың тәрбиелеу және білім беру үрдісінде үздіксіз, үнемі қолданылатын әдістер. Әрине, ол педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Солардың бірқатарына тоқтала кетейік.

Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы (ТРИЗ)». Мақсаты – баланың ойлау стилін жетілдіру, оны басқара алу, ереже қылу. Яғни, баланың өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Осы теорияның әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік, қарым- қатынас құзіреттіліктері, шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жетіледі.

М.Монтессори әдісінің элементтерін пайдалану, балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауға, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер беріп, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала, «Мен» деген ұғым қалыптасады.

Топтық  жұмыс – оқытудың  өте ықпалды  тәсілдерінің  бірі.  Ол көбінесе ересек топтарда қолданылады. Бұл  тәсіл жаңашыл көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға, топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара ойластыруды анықтауға, топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды жүктеуге, бірлесе отырып өзара келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады.

Балабақшаларда ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс, бос уақытта балаларға түрлі дидактикалық ойындар, логикасын дамыту  тақырыптарындағы ойындар, заттардың түрі, пішіні, қасиетіне қарай топтастыру, қоршаған ортамен танысу өтпелі тақырыптар бойынша кластерлер құрастыру, сурет бойынша жаттау, жаңылтпаштарды қайталау, ертегінің желісін өз ойынан құрастыру, өз ойынан туындаған ертегінің кейіпкерін сомдау не болмаса мүсіндеу нәтижесінде баланың талдау, қорытынды жасай алуы,  креативтік қабілеті, дүниетанымы  дамиды.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бағытында да 4 К моделін пайдалануды атап өту маңызды. Балабақшада, әсіресе мерекелік шараларды атап өтуде ата-аналар арасында қолдан жасалған бұйымдарды әзірлеу бойынша түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Онда да бала мен ата-ананың креативтілігі, шығармашылық қабілеті байқалады. Сонымен қатар, ата-аналар жиналыстарында 4 К моделінің элементтерін пайдалану бойынша презентациялар, кеңес беру, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту да балабақша жұмысының басты бөлігі.  Бұл орайда да, балабақшалар жаңашыл технологияларды қолдану арқылы гигиеналық шараларды ұстана білуге үйретуді, шынықтыру жұмыстарын (күн, су, ауа), дем алу, сергіту жаттығуларын жүйелі түрде   жүргізудің нәтижесінде баланың  салауатты өмір салты қалыптасады.

Педагогтардың жаңашыл технологияларды, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, өз алдына, білім сапасын арттыратыны сөзсіз.

Мысалы: өз тәжірбиемнен айта кетсем

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

Мақсаты: 3-ке дейін тура және кері санайды. Геометриялық фигуралардың

атаулары туралы білімін пысықтайды.

Күтілетін нәтиже: Балалар, бүгін геометриялық пішіндерді ажыратады. Сандарды

тура және кері санайды.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс.

Құрал-жабдықтар: геометриялық пішіндер, сандар, магнит тақтайшалары.

Мотивациялық-қозғаушылық-Сәлеметсіздер ме балалар! Саламатсыз ба! (үш тілде)

Жылулық шеңбер: Қане, балалар орнымыздан тұрайық

Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Армысың жер ана!

Армысың достарым!

Шаттық шеңбер айтып болған соң балаларды түстер арқылы 4 топқа бөлдім.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. –Балалар, біз бүгін математика әлеміне

саяхатқа барамыз. Ол үшін бірінші геометриялық пішіндерден зымыран

құрастырамыз. –Балалар құрастырып болсақ зымырандарымызға отырып ұшайық.

Балалар математика әлеміне қош келдіңдер! Қараңдаршы қандай керемет табиғат. Ой қараңдар қалпақ тұр. Жәй қалпақ емес сиқырлы сияқты. Ішінде не бар екен көрейік. Ол үшін бірінші тапсырманы орындайық.

  1. Тапсырма: Қалпақтың ішінде неше аң жасырынып тұр.

-жарайсыңдар балалар. Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Мына аңдарды қараңдаршы бізден бір нәрсені жасырып тұрған сияқты. Аңдардың не жасырып тұрғанын сиқырлы лупа арқылы көреміз.

2. Тапсырма: Жасырынған санды тап.

Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын. «Сан мен затты сәйкестір»

Сергіту сәті: Қане қолды созайық

Ғарышқа біз ұшайық

Ұшып, ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Қорытынды: Бағдаршам әдісімен қорыту

Осы оқу қызметінің барысында балалар тапсырманы командамен ақылдаса отырып, бір-бірлеріне ұсыныстар айту арқылы орындалады. Балалар арасында ұйымшылдық, өз ойларымен бөлісіп, бір-бірімен бәсекелестік байқалды. Топарасынан лидер топ өзімен өзі іріктеліп шықты. Бұл жерде педагог тек бағыт бағдарлаушы ғана педагог миға шабуылды интербелсенді тақта арқылы жасап балаларды ойлануға жағдай жасайды.

Қорыта келгенде жоғарыда айтылған жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын іс-жүзінде жүзеге асыра отырып тұтас бала бейнесін қалыптастырамыз.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі